Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: CLXII Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 06 апреля 2023 г.)

Наука: Педагогика

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Кыркбаева М.Э. ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА ШЕҢБЕРІНДЕГІ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ТӘСІЛДЕРІ // Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ: сб. ст. по мат. CLXII междунар. студ. науч.-практ. конф. № 7(161). URL: https://sibac.info/archive/meghdis/7(161).pdf (дата обращения: 25.12.2024)
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА ШЕҢБЕРІНДЕГІ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ТӘСІЛДЕРІ

Кыркбаева Мерей Эрмекбайкизи

Студент, шет тілі және аударма ісі кафедрасы, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті,

Қазақстан Республикасы, Өскемен қ

ENGLISH LANGUAGE AND LEARNING APPROACHES IN THE FRAMEWORK OF THE UPDATED PROGRAM

 

Merey Kyrkbayeva

Student, department of foreign language and translation, Sarsen Amanzholov East Kazakhstan University,

Republic of Kazakhstan, Ust-Kamenogorsk

 

АНДАТПА

Бұл мақала жаңартылған бағдарлама шеңберінде ағылшын тілі сабағында ауызекі сөйлеу  дағдысын дамыту құралы ретінде пайдалануға арналған және диалогтық оқыту оқушылардың қызығушылықтарын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне де үлес қосатындығын көрсетеді. Шет тілін оқытудың маңызы және оның ерекшеліктеріне, тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдістеріне тоқталғанмын. Оқушыларды ағылшын тілінде сөйлету үшін түрлі әдістер арқылы ықпал ету жолдары; тілдік жаттығулар арқылы оқушылардың лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, тұрғыда дами түсетіндігі туралы; шет тілі пәніне деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру жолдары.

ABSTRACT

This article is devoted to the study of dialogue as an effective tool for the development of speaking skills in English lessons in the framework of the updated program of educational content and shows that Dialogic learning helps to increase the interest of students, as well as increase their level of knowledge. I focused on the importance of teaching a foreign language and its features, methods of effective language development. Ways to influence students to speak English through various methods; The fact that students develop lexically, grammatically, phonetically through language exercises;  Ways to increase students' interest in foreign language subjects.

 

Тірек сөздер: жаңартылған бағдарлама, диалогтық оқыту, жаңа тәсілдер, лексикалық тәсіл.

Keywords: updated curriculum, dialogic teaching, new approaches, lexical approach.

 

Жаңа заман талабы білікті азамат, білімі жоғары, шет мемлекеттердің білім стандартына бәсеке бола алатын маман даярлап шығару, сол себепті елімізде шет тілін меңгеру жоғары деңгейде қарқындап отыр. Жаһандану дәуірінде көштен қалмай үзеңгілес келе жатқан еліміз әлеуметтік-экономикалық және мәдени жаңарулар мектептегі пән ретіндегі оқытылып отырған ағылшын тілі пәнінің өрісін кеңейтті. Жылдан жылға ағылшын тіліне ықыласы артқан адамдар саны көбейе түсуде. Мектептерде ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.

Бүгінгі таңда мектептерде жаңартылған бағдарлама бойынша ағылшын тілі 1-ші сыныптарда оқытылуда. Негізінен ағылшын тілін ерте жастан оқыту оқушыларға сол тілде емін-еркін қарым-қатынас жасауына және даму біліктілігін арттырып, олардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Ағылшын тілі пәні мектепте білім, тәрбие берумен қатар жасөспірімдердің жеке бас қасиеттерін тұлға ретінде жетілдіруге, қоғамда өз орнын табуға айрықша септігін тигізеді.

Мен өзімді болашақ тіл маманы ретінде оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбие беруді міндетім деп санаймын. Мұғалім қандай болса, мектеп, пән сондай болмақ. Яғни мектепке керегі – білімді, методикадан хабары бар, тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушыға сапалы білім бере алатын мұғалім.

Оқушының білім алуға деген құштарлығын ояту үшін мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы керек. Оқушының білім сапасы оның сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасына байланысты. Сол себепті мұғалім оқушыларының ағылшын тілін меңгеруге деген ынтасын арттырып, сабақты оларға мейлінше  қызықты әрі түсінікті етіп өткізуге тырысып бағуы қажет.

Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде.

Кез келген елдің тілін үйрену барысында алғашқы қадам қызық және оңай болып көрінеді, өйткені тілдің құрылысы бірінші дыбыстық жүйеден құрылады бірақ, сол дыбыстық жүйені игеру дұрыс сөйлеудің алғышарты болып табылады. Әр пәннің өзіне тән қиындығы болады. Осыған мысал: ағылшын тілінің оқылуы мен жазылуы екі түрлі. Сол үшін фонетикалық аспектілерге тоқталып, оны дұрыс меңгерген жөн. Тілді үйрену кезінде оқушылардың тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту сабақ барысында үздіксіз жүзеге асып отыруы тиіс. Және олардың сөйлеуіне көбірек назар аударған жөн. Бастауыш сынып кезінде ата-аналардың көмегі де өте маңызды деп ойлаймын. Өйткені олар сабақта үйренген сөздерін күнделікті үйде қайталап отырса, жадыларында жақсы сақталады. Сосын үйренген сөздерін еркін қолданып, келесі сабақта жақсы нәтиже көрсетіп, мұғалімдерін қуантады.

Ағылшын тілін меңгеру кезінде сөздік қордың бай болуы аса маңызға ие. Ол үшін мұғалім оқушыға әр сабақ сайын жаңа сөздерді үйретіп отыруы тиіс. Сосын оларға қысқа өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды жаттатып отырған жөн.  Және оқушынының сөздік қорын дамыту жолында: әңгімелесу, сөйлеу, сұрақ-жауап, аударма, түсінік, мәтінмен жұмыс, музыка, тапсырма, ойын, көрнекілік т.б секілді әдіс-тәсілдерін қолдануға болады.

Мәтінмен жұмыс барысында қойылатын талаптар – берілген материалды түсініп оқу. Себебі оқушы оқып тұрған әрбір сөздің, әрбір сөз тіркесінің беретін мағынасын, грамматикалық тұлғасын түсінбейінше сөйлемдегі айтылар ойды қабылдай алмайды. Сондықтан мұғалім алғашқы сабақтардан бастап оқушыларға ағылшын тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтқыза отырып, әрбір оқылған сөзді, сөз тіркесін, сөйлемдерді, мәтінді түсініп оқуға баулу қажет.

Оқушылардың ағылшын тілінде музыка тыңдап және онымен бірге қосылып ән шырқауы- ойлауды дамытады, көңіл-күйді көтереді, шаршағандарын басады, материал тез жатталады. Әндерді орындау мынандай қабілеттерді арттырады:

  • Сөйлеу дағдыларын жетілдіреді және ырғақ артикуляциясындағы нақтылықты жетілдіруге мүмкіндік береді, шет тілі бойынша сөздік қорды байытады,
  • тыңдалым дағдысын арттырады,
  • монологтық, диалогтік айтылуларды қалыптастырады.

Ойын – бала тілінің дамуына зор ықпал етіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Оқушылардың білуге, сөйлеуге деген құштарлығы ойын үстінде қалыптасады деген пікірмен келіспесек қателескен боламыз, себебі кез келген бала ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі ойынмен тікелей байланысты. Ойын арқылы оқушылар заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратып, танып білуге үйренеді. Осы орайда бір ойын түрін ұсынбақшымын.

What's in the bag?

Мұғалім алдымен балаларға бір сөмке алып келеді. Балалардан сұрайды. Балалар сөмкеде не бар? Балалар ішінде дәптер, қалам, кітап бар деп айта бастайды. Мұғалім бұл ойынды сабақ соңында қолданса болады. Әсіресе жаңа сөздерді еске түсіру үшін қолдануға болады. Мұғалім сөмкенің ішіндегі заттармен таныстырады. Оқушылардан What's this? сұрағымен заттарды көрсету арқылы сұрайды. Мысалы: Pen, copybook, ruller, pencil, rubber деп көрсетеді. Оқушыларға сөздерді ұмытпау үшін жеке жеке қайталатады. Сосын сөмке ішіндегі заттарды таратып, оқушылардан who has a pencil? who has a ruller? сұрақтарын қою арқылы да заттарды сұрауға болады. Олар сол заттың кімде екенін табу керек. Егер тапқан жағдайда Ansar has a pencil деп айту керек. Бұл ойын арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, сөздік қорлары молайып, есте сақтау қабілеті артады.

Оқыушы кез келген бір тапсырма орындаған кезде өз міндетіне жауапкершілікпен қарап, нәтижеге қол жеткізуге талпынады және топпен бірігіп жұмыс істеуге үйренеді. Мұғалім оқушыларға тапсырма берген кезде олардың жас ерекшелігіне, деңгейіне, қабілетіне сай етіп беруі қажет.

Лексикалық ойындар.

Бұл ойын оқушылардың зейінін лексикалық материалға аударып, сөздік қорларын молайтып, қарым-қатынас кезінде сөздерді қолдануды суреттеп, жаттықтыруға бағытталған. Ойын түріндегі бұл жаттығулар оқушылардың зейінін, танымдық қызығушылығын дамытуға ықпал етеді.

Мұғалім сабақтың әр минутын дұрыс және тиімді пайдаланғанда ғана көздеген нәтижеге жетеді. Сабақты оқушының ойын осы сабаққа аударатындай тиімді әдісті қолдана отырып бастау қажет. Ол әдістің бірі – диалог. Бұл әдіс біріншіден оқушының тілін шетел тілінде ссөйлеуге жаттықтыруға, екіншіден диалог арқылы оқушымен тікелей сөйлесуге ықпал етеді. Бұл әдісті үлгерімі орташа оқушылар үшін пайдалануға болады. Тілді жақсы білетін оқушылар үшін белгілі бір сөйлемнің құрамындағы сөздерді синонимдермен алмастыруды тапсыруға болады.

Диалогтық оқыту тәсілі.

Шетел тілін оқытудың басты мақсаты – оқытушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту.

Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне де үлес қосатындығын атап көрсетеді. Меніңше дұрыс бағытта орындалған диалогтық жұмыстың кез-келген түрі оқушының сабақ барысындағы әрекетіне және оның сыныптағы оңды өзгерісіне едәуір ықпал етеді. Ағылшын тілі сабағында диалогтың түрлерін жақсы деңгейде қолдана білу мұғалімнің кәсіби құзыреті мен шеберлігін көрсетеді.

Сабақтың өтілу барысы үш бөлімнен тұруы қажет. Олар:

  1. Мұғалім өзінің оқытып отырған материалының маңыздылығын оқушыларға мейлінше ұғындыра білуі керек
  2. Жаттығулардың сабаққа қойылған мақсат пен міндеттерге сай болғаны жөн
  3. Оқушылар сабақты түсініп, оны өз тілімен бір біріне жеткізе білуі тиіс

Осы үшінші міндеттің іске асуына едәуір ықпал етуші – диалогтық оқыту болып табылады.

Қорытындылай келе, егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ол өркениетке жетуде жан- жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан- жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып отыр. Балаға күштеп білім беруден гөрі, оны ізденушілікке баулып, білімге деген құштарлығын ояту үшін мұғалім білікті, жан жақты дамыған болуы қажет және түрлі әдіс-тәсілдер арқылы балаға түсінікті де сапалы білім бере алуы тиіс. Тіл дамыту жолдарын дұрыс ұйымдастыру оқушылардың ойлау қабілетін, сауаттылығын арттырады. Пәннің негізгі мақсаты мектеп оқушыларын шетел тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу. Осы жолда мұғалімнің шығармашылық белсенділігі, іскерлігі үлкен көрініс табады.

Шет тілінің қызметі – оқушыларды өздері үйреніп жатқан тілде сөйлейтін халықпен түсіністік, ортақ көзқарас орнатуға дайындап, тәрбие, білім беріп әрі жеке басын, өмірге көзқарасын жан – жақты дамыту.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай "Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс."

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». Астана, 28-сәуір. – 2007 жыл.
  2. «Қазақстан мектебі» журналы. № 9 2009 жыл, №11-12 2007 жыл
  3. Н.С.Сарсенова «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруда оқытудың жаңа технологиясын енгізудің тиімді жолдары» Алматы 2006жыл
  4. Бочарова Л.П. 1996; -27б. «Игры на уроках английского языка в младших классах для развития речевых навыков и умений»
  5. Мұғалімге Арналған Нұсқаулық Үшінші (базалық) Деңгей, 2012 ж. «Сыныптағы диалогтің маңызы», 39-бет.
  6. Mercer, N., Words and Minds:how we use language to think together.2000
  7. Alexander, R., Towards dialogic teaching: rethinking classroom talk. [Диалогтік сөйлесуді оқыту: сыныптағы әңгімелесулерді қайта түсіну.] Cambridge: Dialogos UK, 2004.
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий