Поздравляем с Новым Годом!
   
Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 18(230)

Рубрика журнала: Филология

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7, скачать журнал часть 8, скачать журнал часть 9, скачать журнал часть 10

Библиографическое описание:
Әбілқасым З.Қ. МАҚАЛ МӘТЕЛДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ НЕГЕ ТАРЫЛЫП КЕТТІ?! // Студенческий: электрон. научн. журн. 2023. № 18(230). URL: https://sibac.info/journal/student/230/288961 (дата обращения: 26.12.2024).

МАҚАЛ МӘТЕЛДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ НЕГЕ ТАРЫЛЫП КЕТТІ?!

Әбілқасым Зарина Қайратқызы

«Журналистика және аударма ісі» кафедрасының 1-курс студенті, Тұран университеті,

ҚР,Алматы қаласы

Қаршығаева Айнұр Аралбекқызы

научный руководитель,

Ғылыми жетекші «Журналистика және аударма ісі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, Тұран университеті,

ҚР,Алматы қаласы

АҢДАТПА

Мақалада бүгінгі таңда мақал-мәтелдерді ауызекі сөйлеу тілінде қолданылмай бара жатқаны, қолданылса да мақалдың нақты мағынасын  түсінбей қате қолданып жүргені жайлы жазылған. Сондай-ақ мақалдардың тіл мәдениетіне қатысы мен жастардың сөйлеу мәдениеті мәселесі көтерілген.

 

Әлем әдебиетінде халық әдебиетінің мол мұрасы бар, сондықтан да әр елдің ақын-жазушылары оның алтын қорынан рухани бай қазыналар шығарып, жемісінің елеуіштерін толтырады.

Бүгінгі мақаламда халық ауыз әдебиетінің түрлерінің ішінде мақал-мәтелдерге тоқталамын. Қай халықтың ауыз әдебиеті болмасын, мақал-мәтелдердің тілі көркем, мағыналы, шағын. Мақал-мәтелдер ғасырлар бойы халықпен бірге жасалып, кейбіреулері ескіріп, өзектілігін жоғалтса, екіншілері, керісінше, жаңарып, қайта пайда болады. Мақал-мәтелдер де халық өнерінің басқа түрлері сияқты әуел бастан өзгелерден естіп, жаттап, жаңартып, түрлендіріп, түрлендіріп жасаған. Бірте-бірте олар ортақ мұраның халық шығармаларына айналды. Демек, мақалды адамдардың өмірден алшақтауы деп түйіндеуге болады.

Мақал-мәтелдер – халық даналығының қоймасы. Бұл ғасырлар бойы қалыптасқан, мәңгілік адамдармен бірге жасалған дүние. Сондықтан да адамдар оны жадында сақтап, күнделікті өмірінде, қарым-қатынасында пайдалануы тиіс. Біз қазақтар мақал-мәтелге бай халықпыз.

Мақал-мәтелдер – сөздің, ойдың сөз тіркесінің қысқа және нұсқалы көрінісі. Мақал-мәтелдер бір ғасырдан астам уақыттың туындысы. Олардың алғашқы үлгілері есте қалған жоқ, қалыптасу, даму, өсу барысында түрлі әлеуметтік, таптық тілектерге сай өзгеріп, жаңарып отырды. Мақал-мәтелдерде айтылмаған өмір саласы жоқ.

Өкінішке орай , ғылым мен техниканың дамыған заманына қарай дайын құндылықтарға үйреніп қалдық, мақал-мәтелдеріміздің шеңберін тарылтады. Әсіресе жаһандық интернет өнімдері, электронды өнімдер, заманауи құрылғылар және т.б. Осының барлығы бүгінгі күні нағыз, шынайы адами құндылықтарды алмастырды. Бұл құндылықтардың да өмірде маңызды орын алатыны сөзсіз. Бірақ адамдар арасындағы «тірі» қарым-қатынас жеткіліксіз. Жасыратыны жоқ, өміріміздің жартысы интернетте өтіп жатқандықтан көпшілікке сөйлеу мәдениеті, сөздік қор және жатық, ойлы сөйлеу жетіспейді.

Мақал-мәтелдерді оқуда жан-жақты білім алуға мүмкіндік мол екенін, мақал-мәтелдерде қаншама тағылым бар екенін ұмытылып жатыр. Мақал-мәтелдер ақылдылыққа, шеберлікке, шығармашылыққа тәрбиелейді, көркем сөздің табиғатына жетелейді және тез, сүйіспеншілікпен, ойлы, бейнелі, әдемі сөйлеуге баулиды, сөйлеу мәдениетін дамытады, сөздік қорын молайтады. Сонымен қатар, тіл үйренуге, сауатты жазуға, ойды әдемі де көркем жеткізуге және тіл сауаттылығын үйретуге мақал-мәтелдер ең тиімді де құнды құрал болып табылады.

Мақал-мәтелдер – ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі.

Бұл –халқымыздың ғасырлар бойы ұқыптылықпен сақтаған тәжірибесі, ой түйіні аңсаған асыл армандарының арнасы мен атадан балаға мирас болып келе жатқан мұрасы. Мақал-мәтелдер арқылы туған әдебиетіміздің мәдениетін, адами қасиеттерін қалыптастыратын әсерлі де есте қаларлық нақыл сөздерді, ақыл-кеңестер мен нұсқауларды кездестіруге болатынына сенімдімін. Жоғарыда айтып өткенімдей, игі істердегі таптырмас көмекшіміз– халық даналығы. Ал біздің халқымыз дана ұстаз. Ендеше, қазіргі ғұламаларымыз бен данышпандарымыздың бізге қалдырған интеллектуалдық мұрасы даңғыл жол іспетті! Халқымыздың ауызекі нақыл сөздері сыйластыққа имандылыққа, ар-намысқа, адалдыққа, еңбексүйгіштікке, ел сүйгіштікке тәрбиелейді. «Мақал – сөздің атасы» демекші, мақал-мәтелдің өмірде қажеттігін ұғыну керек, өйткені біз мақал-мәтелге сусындап  өссек жемісіміз мол әрі көңілге қонымды болады.

Қазақ халқының арыдан келе жатқан тұрмыс-тіршілігі мен көзқарасын көрсететін орамды сөздің бірі — мақал-мәтелдер. Мұны мақал-мәтелді зерттейтін паремиология ғылымынан аңғарамыз. Қазақ әдебиетіне көз жүгіртсек мақал-мәтелдер фольклордың бөлігі. Яғни, ауыздан-ауызға тарала келе тек қана XIX ғасырда ғана қағазға түскен. Мақал-мәтел жайлы сөз қозғаған кезде тек қана әдебиет жағынан емес, лингвистика ғылымы тұрғысынан, дискурс, сөз мәдениеті тұрғысынан қарастырамыз.

Ал, бүгінгі күні сол ауыздан ауызға таралып жеткен тіліміздің ұлы мұрасы, тек қана жазба әдебиетінде ғана қолданылып қалды. Ауызекі сөйлеу стилінде жас тұрмақ, үлкендердің өзі мақалды сирек қолданатын болып жүр.

Тіпті, қолданса да мақалдың мағынасын, астарлы ойды тереңінен түсініп айтып жүргендері шамалы.

Тіл – тірі құбылыс болғандықтан үнемі өзгеру үстінде болатыны сөзсіз. Бірақ кез келген ұлтты жер бетінде ерекшелеп, ұлт ретінде ұстап тұрған алтын діңгек ол — тіл. Тілдің бай болуы ұлт мәртебесін асқақтатыны анық. Ал бұл тұста, тіл мәдениеті аса зор рөл атқарады. Мақал-мәтелдің тіл мәдениетіне не қатысы бар дерсіз. Бұл туралы Нұргелді Уәлиев "Тіл мәдениеті – айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық", – дейді [1]. Яғни, мақал-мәтелдің сөйлеу кезінде тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін, сөзді дәл, сыпайы айтуға қосар үлесі зор.

Ендеше неге қазір мақал-мәтелдер тек қана көркем шығармада, баспасөз бетінде ғана қолданылып жүр?! Неге тек қана тіл мамандары мен тілшілердің арасында ғана қолданыста?! Кезінде кез келген қазақ көркем сөйлейді деп В. В. Радловтың таңқалған ауызекі стильдегі тіл мәдениетіміз қайда қалды?!

Бүгінгі таңда жастардың ауызекі сөйлеу тілінде сленг, жаргон сөздердің қолданылуының белең алуы тіл мәдениетінің төмендеуіне әкелуде. Мәселен, "құлақтан тепті, құлаққа лапша ілді" деген сөздердің орнына "мұзға отырғызып кетті" деген тұрақты тіркесті, "потеря болу" сөзінің орнына "сасқан үйрек артымен жүзеді демекші" деген мәтелді қолданса қандай әдемі сөз оралымы болатын еді. Тіліміз жоғалған болса елімізді де жоқ деуге болады.

Осы орайда қазіргі «Қазақ» тіліміз дің жоғалып бара жатқаны да ең үлкен себеп болып табылады. Қазіргі таңда үлкен, жас көбіне орыс тілімен сөйлейді. Қазақ тілі жоғалатын болса қалғанына не дейміз? Қазақ тілін емес орыс тілін білмегенге ұялады. Қазақтар өз араларында орысша сөйлейді, жасы үлкен кісілер істегенді жас ұрпақта қайталап жатыр. Орыс тілін білген әрине де жөн, орыс тілі ұлтаралық тіл білгеніміз артықшылық етпейді,  бірақ орыс тілінде сөйлеудің де орыны бар ғой. Өзге тілдерді білген жөн өз тілімізді ұмытпағанымыз абзал.

Көнеден келе жатқан қазақтың таза сөздерін білетіндерді кездестіре бермейміз. Қазақ тілі басқа да тілдермен алып қарағанда сөздік қорға бай болып келеді. Енді неге соны қолданбасқа, өз тілімізді неге дамытпаймыз? Ескіріп қалған қазақша сөздерді қайта алып, ұмытылған мақал мәтелдерді қолданып тілімізді одан әрмен байыту қажет. Тіліміз жоғалған жағдайда өзімізді де жоғалды деуге болады.

Қазіргі таңда жастардан бөлек үлкендердің өзі мақалды қате қолданып жүр. Мысалы "Түстік өмірің болса, кештік мал жина" деген мақалға мән берелік. Үлкендер мұны еңбекке баулу мақсатында айтып жүр. Ал негізі мақалға тереңінен үңілсек, түстік өмір дегенің аз ғана уақыт, яғни осы өмір. Ал кештік өмірің дегені келесі өмір екенін аңғаратын едік. Бұл жерде мақал еңбекке қатысты емес, келесі дүниеде пайда әкелетін іс-әрекеттер мен амалды айтып тұр. Яғни, мына өмірде жақсылық жасап, сауап жина дегені. Осындай қате түсінікте айтып жүрген мақалдардың бірі "Ораза, намаз –тоқтықта,  Иман кетер жоқтықта." Бұл мақалды кей жандар ораза кезінде ораза ұстамауына ақталу ретінде пайдаланып жүр. Ал енді мақалға былай қарайықшы:  бұл жердегі тоқтық, материалдық тұрғыдан тоқ болуды емес, рухани тұрғыдан тоқ болуды айтып тұр. Ал жоқтық, рухани тұрғыдан жұтаң болуды меңзесе керек. Яғни рухани тоқ адам, ораза намазын түгендейді. Рухани жұтаң адамның нәпсі қалауына еріп құлдырайтыны көрініп тұр.

Қазіргі уақытта ене мен келін дауы бітер емес. Осындай ене мен келіннің арасындағы дау-жанжалды көргендер "Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды" деп жатады. Қазақ халқы әр сөзді астарлап, бағамдап қолданған десек, екі адамның жан-жалына осындай сөз айтты деу қисынға келмейді . Сондай ақ, арба да сынбайтын, өгіз де өлмейтін шешімін тауып, бір үйде тату-тәтті тұрып жатқан жандар бола тұра, бәрінің басы бір қазанға сыймайды деу қаншалықты дұрыс?! Енді ойланайықшы, екі қошқардың да салынуы мүмкін және екеуі де бір қазанға сыймайтын ол қандай қазан?! Бұл жердегі қазан материялық зат емес, дерексіз нәрсені теңеу мағынасында болған. Яғни, әр адамның көңілін қазан десек, адам бір уақытта бір-біріне қарама қарсы екі әрекетті істей алмайды ғой. Яғни, бірде нәпсіге ерсе, бірде рухына ереді. Бұл жердегі екі қошқар дегені нәпсі мен рух, жақсылық пен жамандық. Ал бұл екеуі бір қазанға шынымен де сыймайды. Біз адам баласы түпкі ниетіміз арқылы екеуінің біреуіне ғана ереміз. Сондай ақ ол екеуі алмасып отырады.

Тіл-тірі құбылыс дедім жоғарыда. Яғни тілімізде кей сөздердің қолдану аясы тарылып отырады, кейбір сөздің қолдану аясы кеңіп отырады. Ал мақал-мәтелдерімізді қолдану тіпті азайып бара жатыр. Мақалдың түп-төркініне бойламай қолданып жатамыз.

Қазақ аталы сөзге тоқтаған. Дүйім елді аузына қаратып, ұйытып тыңдата алмаған адамның беделі болмаған. Себебі, Дандай Ысқақ "Мақал-мәтел тіл майданындағы басты қару. Халықтың қазынасы" дейді [2]. Сондықтан, тіліміздің бас қаруын, сөзіміздің мәйегін өзіміз тереңінен түсініп, саналы түрде ой-елегінен өткізіп сөйлегеніміз абзал. Ауызекі сөйлеуде тек қана жаргон-сленгт сөздерді қолдана беру бірте-бірте ойланбай сөйлеуге алып келеді. Ал ойланбау көп мәселенің бастауы.

Мақал-мәтелдер қазірде көп жағдайды қамтыған екені белгілі. Әрбір айтылған мақалдарға мысалы еңбек, білім тағы басқа осылар арқылы халықтың оған деген көзқарастарын байқауға болады. Жаңа айта кеткендей ХІХ ғасырда туындаған мақал мәтелдер көбіне егіншілік, татулық, ынтымақтастық туралы айтылып кеткен. Мақал-мәтелдер арқылы көп нәрсені байқауға болады мысалы; елімізді, жерімізді қорғау туралы мақалдардан халықтың патриотизм сезімін байқаймыз.

Кезінде қазақтың би шешендері үлкен іс туғанда біліктілігімен қатар  шешендік танытқан. Баршаны өзіне сөзі арқылы қаратып сөйлеу білмейтін шешеннің беделі болмаған. Қазіргі таңда мұндай шешендік қасиеті бар кісілерді кездестіру қиын болып кеткен. Мақал-мәтелдердің қолдану аясынан жоғалуының бірден-бір себебі осы деп болып табылады. Айта кеткендей қазақ мақал-мәтелдерінің тарихында би-шешендердің маңызды рөл атқарғанын аңғарамыз, ал қазіргі таңда жасы үлкен кісілерден де мақал-мәтел айтып не болмаса қолданғанын естіп те байқап та жатқан жоқпыз.

Мақал-мәтелдер – ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі. Бұл – халқымыздың ғасырлар бойы ұқыптылықпен сақтаған тәжірибесі, ой түйіні, аңсаған асыл армандарының арнасы мен атадан балаға мирас болып келе жатқан мұрасы. Мен тәжірибесі аз студентпін. Туған әдебиетімізден құрбыларым мен достарымның мәдениетін, адами қасиеттерін қалыптастыратын әсерлі де есте қаларлық нақыл сөздерді, ақыл-кеңестер мен нұсқауларды кездестіруге болатынына сенімдімін. Қоғамның қамын ойлайтын азамат болып өсуіміз керек деп ойлаймын. Жоғарыда айтып өткенімдей, игі істердегі таптырмас көмекшіміз – халық даналығы деп ойлаймын. Ал біздің халқымыз дана ұстаз. Ендеше, қазіргі ғұламаларымыз бен данышпандарымыздың бізге қалдырған интеллектуалдық мұрасы даңғыл жол іспетті! Халқымыздың ауызекі нақыл сөздері сыйластыққа, имандылыққа, ар-намысқа, адалдыққа, еңбексүйгіштікке, ел сүйгіштікке тәрбиелейді. «Мақал – сөздің атасы» демекші, мақал-мәтелдің өмірде қажеттігін ұғынуымыз керек, өйткені біз мақал-мәтелге сусындап өссек, жемісіміз мол әрі көңілге қонымды болады.

Сөз соңын Қажым Жұмалиевтің ”Тілімізде жаман сөз жоқ, кінә – сөзді орнына қолдана білмейтіндердің өздерінде” деген сөзімен аяқтайын [1,2]. Себебі мақал-мәтелдер қолданыстан шығып кеткен жоқ, не болмаса жоғалып, ұмытылып кеткен жоқ. Кінә сөйлеушінің өзінде. Абай атамыздың " Айтушы мен тыңдаушы көбі надан, Бұл жұрттың сөз танымас-бір парасы" деген сөзі осындайда айтылса керек. Себебі, мақал-сөздің мәйегі, тілімәздің асыл мұрасы. Онда халықтың өмір сүру салтынан бастап, көзқарасына дейін дәл айтылған. Сондықтан мақал-мәтел жоғалмайды.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту [Мәтін] / М. Б. Балақаев ; [ред. Н. Сапарбекова]... – Алматы : Мектеп, 1989. – 94 б.
  2. Ысқақұлы, Д. Сөз - адам [Мәтін] / Д. Ысқақұлы // Үркер. - 2022. - № 4. - 28-36 б.
  3. Қазақ мақал- мәтелдері = Казахские пословицы и поговорки [Мәтін] / ; құраст. және ауд. М. Аққозин ; сур.: Н. Бубэ, И. Ақанай... – Астана : Алматыкітап, 2012. - 272 бет.
  4. Диваев Ә Қазақ мақалалары
  5. Тұрманжанов Ө. Қазақ мақал-мәтелдері ,1927
  6. Ақмұнжанова Б. Қазақ мақал-мәтелдері
  7. Әуезов М. Шығармалар жинағы. ХІХ том
  8. Сейфуллин С. Шығармалары. ІV том, Алматы,1964
  9. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы,1948
  10. Абай. қара сөздер. Поэмалар .Алматы; Ел,1993
  11. Әлімбаев М. Халық -ғажап тәлімгер. Алматы ;Рауан,1994
  12. Омарова Р. Халық тәлімі -тәрбие бастауы
  13. Қалиев С. Тамыры -ұлттық, танымы -ғылыми тәрбие
  14. Ғабдуллин М. Қазақ халқының  ауыз әдебиеті ,Алматы 1958
  15. Нұрышев С. Қазақтың халық мақалдарының даму тарихы.

Комментарии (1)

# Стамбаева Эльмира Мукановна 10.10.2023 16:00
жақсы жазылған

Оставить комментарий