Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 41(169)
Рубрика журнала: Педагогика
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
ЭФФЕКТИВНЫЕ МЕТОДЫ ИНКЛЮЗИВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ НА УРОКАХ АНГЛИЙСКОГО ЯЗЫКА В НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЕ
Ташметова Дилафруз Махмуджанкызы
магистрант, кафедра «Педагогические иностранные языки», Международный казахско-турецкий университет имени Ахмеда Ясави,
РК, г.Туркестан
ТҮЙІНДЕМЕ
Мүмкіндігі шектеулі оқушылармен қолданылатын әдіс-тәсілдер туралы қарастырған кезде оқушылардың қабылдау деңгейі мен қатар дара ерекшеліктер ескеру қажеттігі де туындайтыны белгілі, осы орайда мақалада жас және жеке ерекшеліктеріне байланысты мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс барысында тиімді әдістердің рөлі қаншалықты екенін көруімізге болады. Соңғы жылдары мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға деген оң өзгеріс байқалып, оларды оқыта отырып, емдеуге, бейімдеуге ерекше мән беріліп жатыр. Зерттеуіміздің нысаны қазақстандық тәжірибеде инклюзивті білім беруді іске асыру бағытында ағылшын тілін үйрету, оны іске асыруға ықпал ететін немесе тежейтін факторларды анықтап, назар аударту. Интеграциялық оқуға педогогтардың дайындығы сауалнама форматында сұралды. Алынған ақпараттар мен зерттеу нәтижелері негізінде мәселені оң шешудің ағымдағы жағдайы анықталып, жаңартылған білім мазмұнына сай ағылшын тілін оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар жасалды.Алынған мәліметтер инклюзивті оқытуды жүзеге асыру мен сапасын одан әрі арттыру құралы ретінде қарастырылуы ықтимал екендігін көрсетті.
АННОТАЦИЯ
В настоящее время актуальной проблемой в работе с детьми с ограниченными возможностями в развитии на уроках английского языка является инклюзивное образование. Известно, что при рассмотрении методов и приемов, применяемых учащимися с ограниченными возможностями, необходимо учитывать как уровень восприятия учащихся, так и индивидуальные особенности, в связи с чем в статье можно увидеть, какова роль эффективных методов в работе с учащимися с ограниченными возможностями в силу возрастных и индивидуальных особенностей. В последние годы наблюдается положительная динамика в обучении детей с ограниченными возможностями, особое внимание уделяется их обучению, лечению, адаптации. Объектом нашего исследования является изучение английского языка в направлении реализации инклюзивного образования в казахстанской практике, выявление и привлечение внимания к факторам, способствующим или сдерживающим его реализации. Готовность педагогов к интеграционному обучению была запрошена в формате опроса. На основе полученной информации и результатов исследований определены текущие условия положительного решения проблемы, разработаны методические рекомендации по организации обучения английскому языку в соответствии с обновленным содержанием образования.Полученные данные показали, что инклюзивное обучение можно рассматривать как инструмент дальнейшего повышения качества и реализации.
Кілт сөздер:инклюзивті білім беру, мүмкіндігі шектеулі оқушылар, ағылшын , кіріктіре оқыту, адаптация.
Ключевые слова: inclusive education, children with disabilities, английский язык, интегрированное обучение, адаптация.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалықфизиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі жатады («Білім туралы» ҚР Заңының, 3-бабының, 1, 2-тармақтары). Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады. Ол балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдениэтникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейді [1].
Педогогика ғылымдарының докторы Николай Николаеич Малофеев инклюзивті білім беруді зерттеу еңбектерінде аталған оқыту жүйесі денсаулығында кемістігі бар балаларды оқшаулап оқытудан басталғанын айтады. Н.Н. Малофеев арнайы білім берудің ұлттық жүйесінің қалыптастыру мақсатында барлық елдерге ортақ негізгі үш сатыны былай бөледі:
0 – базалық бастаманың және құырылым алғышарттарының қалыптасуы;
І – ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беру ұйымдарының аясын кеңйту, заң жүзінде рәсімдеу;
ІІ – жүйені үздіксіз дамыту және күтілетін нәтижелерді саралау;
ІІІ – теориялық негізді ұсынатын ұйымдарды қысқарту арқылы арнайы практикалық білім беретін ұйымдарды көбейту[2].
Инклюзивті білім беру қажеттілігі бар балаларға ағылшын тілін үйретуге арнайы жас бекітілмейді. Мұндай қажеттілігі бар балаларға ағылшын тілін үйрету қоршаған ортаны танып, өз ана тілін меңгергенде ғана басталатын процесс. Себебі, аталған критерийлерді меңгермеген ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға ағылшын тілін үйренуде ассосация қабілеті жетіспеушілігі байқалады. Яғни, табиғи ортаны танып, ана тіліндегі сөздердің этимологиялық мағынасын білмейтін бала ағылшын тіліндегі сөздердің аудармасын жаттағанда визуалиция жасай алмау қаупі жоғарылайды. Мәселен, apple сөзін тыңдалым арқылы жаттағанымен физикалық – заттық ерекшеліктерін, яғни, оның дәмінің тәтті, түсі қызыл, сары, формасы дөңгелек екенін елестете алмаса, сөзді түсінуі қиынға соғады. Бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқытуда оқушылардың қызығушылығын ояту – басты шарт. Ана тілінде тілі жетік дамымаған балаға ағылшын тілін үйретуде біршама қиындықтар кездеседі. Ағылшын тілін мұндай қиындықтарсыз меңгеру үшін пәнге деген ынтасын арттыру керек[3].
Мүмкіндігі шектеулі балаларға ағылшын тілін меңгерту процесі индивидуальді түрде жүргізілсе стандартты сыныппен оқытуға қарағанда әлдеқайда нәтижелі болады. Пән мұғалімі әр баланың физио-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, стратегиялық сабақ жоспарын дайындайды. Сәйкесінше, аптадағы ағылшын тілін өту жиілігі де олардың денсаулық жағдайына байланысты 1-2 сағаттан аспау керек. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ағылшын тілін үйретуде жеңілден-күрделіге методикасы басшылыққа алынады. Мәселен, ағылшын әліпбиін меңгерту барысында алдымен әріптің бейнесін фото арқылы түрлі түсті карточкалармен бірнеше рет көрсетіп, қайталату керек. Одан кейін, әріптің оқылуын дәл осы әдіс арқылы көрсетіп, бала жаңа білімді меңгергеннен кейін ғана әріпті үйретудің келесі сатысына көшуге болады. Яғни, аудио-нұсқада әріптің айтылуын тыңдату. Ерекше білім қажеттілігі бар оқушы тыңдалым дағдысын игергеннен кейін әріпті жаздыруға болады. Оқытудың осы сатыларынан өткеннен кейін ағылшын әрпін өзіне айтқызып, сөйлеуге дағдыландыру үрдісімен жалғасады. Сонда ғана, осы типтегі шәкірттер жазылым дағдысында не жазғанын, қалай оқылатынын, айтылатынын толықтай түсінеді.Жеңілден күрделіге қарай ойысу мүмкіндігі шектеулі баланың бір орынында тұрып қалмай дамуына септеседі. Үлгерімі ортадан жоғары инклюзиті оқытуды қажет ететін балаларға ағылшы тілі сабағында мынадай жаттығу орындатуды ұсынамыз. Мәселен ағылшын тілі сабағында «F f» әрпін үйрету барысында f -*ish – балық, f -*acе – адамның беті, f -*act – дәлел деген секілді f әріпінің сөз басындакелу мысалдарын жасыру немесе f - о**ice, f - co**ee cөздеріндегідей сөз ортасында келуін жасыру арқылы оқушы жаңа тақырыпта қай әріпті үйренетінін әбден бойға сіңіреді. Одан кейін оқушылар өз бетінше «F f» әрпінің түрлі позицияда келу мысалдарын тауып қағазға түсіруі тиіс. Осы орайда, сабақ барысын сын тұрғысынан ойлау техникасымен сабақтастыру мақсатында «F f» әрпінен басталатын f -*ish сөзін алып, өздері білетін балық аттарын айттырып, қандай өзен-көлде тіршілік ететін ұстазбен бірлесе анықтап, географиялық картадан табу арқылы пәнаралық байланыс жасауға болады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға ағылшын тілін үйрету барысында стандартты сыныптарға қолданылатын көрнекі құралдар мен жаңа инновациялық технологияларды тең дәрежеде пайдаланудың маңызы зор. Өйткені, эстетикалық көзге тартымды көрнекілік құралдары баланың сабаққа ынтасын ашу мен қатар қоршаған ортасын тануға қызықтырады. Қарапайым тұрғыда түсіндіретін болсақ, педогогтың құрал-саймандарын қайда, қалай қолданғанын көріп өмір сүруге дағдыланады. Үйде оқытылатын балалар үшін де мұның маңызы зор.
Бастауыш сыныптарға ағылшын тілі сабақтарында ерекше білімді қажет ететін балалардың білім-біліктілік танымдық, коммуникативтік қабілетін шыңдау үшін жеңіл ойын элементтерін қолданудың маңызы зор. Ойындар маңызды әдістемелік тапсырмаларды оңай меңгеруге мүмкіндік береді:
- Аталған әдіс балалардың сабаққа ынтасын оятып, белсенділігін арттырады;
- Жылдам іс-қимыл жасауға дағдыландырады; Тез шешім шығаруға баулиды;
- Өз пікірін қорытып айтуға дағдыландырады.
Сонымен бірге, бастауыш сыныптарда ағылшын тілін үйрету барысында музыканың оң ықпалы бар. Ән тілдік қарым-қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оңай есте сақтауға ықпал жасайды. Әнді бірнеше қайтара тыңдау арқылы ағылшын сөздерінің қалай айтылатындығын құлағына сіңіреді. Әнмен жұмыс барысында оқушының көңіл-күйі көтеріліп, тілге деген қызығушылығы артады. Алайда, сабақ барысында тыңдалатын ән тақырыпқа сай, мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекшелігін ескере отырып таңдалады[4].
1-кесте
Инклюзивті білім беруде ағылшын тілі сабақтарындағы педогог пен оқушының іс-әрекеті.
Мұғалімнің әдістері |
Ерекше білім қажеттіліг бар оқушының іс-әрекеті |
Фото-карточка көрсету арқылы жаңа тақырыпты түсіндіреді |
Ұстаздың айтқанын қайталайды |
Тақырыпқа қызығушылығын оятып, жаңа әдіс қолданады |
Жаңа мәтінді меңгеру үшін бірнеше рет оқиды |
Мәтінге арқау болған ой мен тірек сөздерді анықтауға бағыт бередіі |
Жазылым дағдысымен жұмыс жасайды |
Ойын арқылы сабақтың күрделі кульминациясын меңгертеді |
Педогопен бірлесе ойын ойнап, сұраққа жауап беруге ұмтылады |
Тақырыпқа қатысты ән тыңдатады |
Тақырып барысында естіген сөзін қайталайды |
Сабаққа арқап болған маңызды сөзді жазуға бағыттайды |
Оқушы тірек сөзді тауып, жазады |
Сабақты қорытындылау мақсатында қайталауға жүгінеді |
Оқушы бүгінгі сабақта не үйренгенін айтып береді |
Төменде естуінде қиындықтары бар оқушыларға арналған әдіс тәсілдерді және бірқатар ойындарды талдауға және салыстыруға тырыстық :
Дыбыстарды тыңдаңыз! Мақсаты: есту қабілетін дамыту; табиғат дыбыстарын есту арқылы қабылдау - жануарлар мен құстардың дауыстары. Ойын барысы: ойын серуенде өткізіледі. Парктегі ойын алаңында серуендеп, баланың назарын табиғаттың дыбыстарына аударыңыз-жел мен жаңбыр, жапырақтардың дауысы, судың күңкілдеуі, найзағай кезінде күн күркіреуі және т.б. сондай — ақ, баланың назарын қалада тұратын жануарлар мен құстардың дыбыстарына-иттер мен мысықтарға, қарғаларға, көгершіндерге, торғайларға, үйректерге аударыңыз. Бала көру қабілетіне сүйене отырып, осы дыбыстарды жақсы ажырата білуді үйренгеннен кейін (бір уақытта естиді және көреді), көздері жабық дыбыстың көзін анықтауға кеңес беріңіз (тек есту арқылы):
Кімнің дыбысы? Мақсаты: есту қабілетін дамыту; жануарлар мен құстардың дыбыстарын есту арқылы қабылдау. Ойын барысы: ойын жазда қалада немесе ауылда өтеді. Баламен бірге үй жануарлары мен құстармен танысыңыз, баланы жануарлар жасаған дыбыстарды ажырата білуге және белгілі бір жануардың (жылқы, сиыр, ешкі немесе құс (үйрек, қаз, тауық, короз, тауық, күркетауық) дыбысын айтуға үйретіңіз. Тапсырманы қиындата отырып, баланы көздерін жұмып (немесе үйден шықпай) кімнің дыбысы екенін анықтауға шақырыңыз.
Кішкентай музыкант. Мақсаты: Есту қабілетін дамыту; балалардың музыкалық аспаптары шығаратын дыбыстарды есту арқылы қабылдау. Құрал-жабдықтар: балалардың музыкалық аспаптары: барабан, дап, металлофон, фортепиано, құбыр, аккордеон. Ойын барысы: алдымен баланы музыкалық аспаптардан дыбыстар шығаруға үйретіңіз, содан кейін оларды есту арқылы нақты ажыратуға үйрету керек. Баланың дыбыстарды қабылдау деңгейін тексеру үшін экранды қолданыңыз (балалар үстелінің төңкерілген жағын қолдануға болады) немесе баланың артына бұрылуын сұрауға болады. Мұғалім әр түрлі аспаптардан дыбыстарды кезекпен шығарады, ал бала не ойнағанын есту арқылы анықтайды. Жауап ретінде бала бұрылып, қажетті құралды көрсете алады, осы құралдың суреті бар суретті таңдап, көрсете алады немесе сөйлеу мүмкіндіктері жеткілікті дәрежеде болса, құралды сөзбен атай алады.
Сөйлеуінде кемістігі бар бастауыш сынып оқушыларымен ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын әдіс-тәсілдер және ойындарды айта кетсек:
Кім шақырды? Мақсаты: сөйлеу есту қабілетін дамыту-таныс адамдардың дауыстарын есту арқылы ажырату. Ойын барысы: ойын топта өткізіледі. Бала ойынның қалған қатысушыларын көрмеу мақсатында артқа қарап тұрады. (оқушы көзін жұмып тұрады). Ойыншылар кезекпен баланың атын атайды, ал бала мұқият тыңдап, оны кім шақыратынын білуге тырысуы керек. Ойынның кейбір талаптарын өзгертіп, оқушылардың дара ерекшеліктеріне сәйкестендіруге болады. [5].
«Бастауыш мектепте ағылшын тілі сабақтарында инклюзивті білім берудегі тиімді әдіс-тәсілдер» атты тақырып аясында ағылшын тілі мамандарының қатысуымен анонимді түрде сауалнама жүргізілді. Сауалнама зерттеу жұмысын толықтай зерттеп, талдау мақсатында алынды. Сауалнамаға жалпы 32 респондент қатысты, респонденттер анонимді түрде сауалнамадағы пікірлерге өз ойын білдірді. Төмендегі кестелерде респонденттердің пікірі талданған.
2-кесте.
Сауалнама қатысушыларының жынысы туралы мәлімет
|
Жиілік |
Пайыз |
Жарамды пайыз |
Жиынтық пайыз |
||||||
жарамды |
әйел |
28 |
87,5 |
87,5 |
87,5 |
|||||
ер |
4 |
12,5 |
12,5 |
100,0 |
||||||
Барлығы |
32 |
100,0 |
100,0 |
|
Жоғарыда 2-кестеде көрсетілген мәліметтерде сауалнамаға жалпы 32 респондент қатысқаны және олардың 28-і әйел, 4-і ер кісі екендігі айтылған. Бұл дегеніміз пайыздық көрсеткішпен қатысушылардың 87,5 пайызы әйел, 12,5 пайызы ер кісі дегенді білдіреді.
3-кесте.
Сауалнама қатысушыларының жасы туралы мәлімет
|
Жиілік |
Пайыз |
Жарамды пайыз |
Жиынтық пайыз |
|||||
жарамды |
18-30 |
22 |
68,8 |
68,8 |
68,8 |
||||
31-40 |
3 |
9,4 |
9,4 |
78,1 |
|||||
41-50 |
5 |
15,6 |
15,6 |
93,8 |
|||||
51+ |
2 |
6,3 |
6,3 |
100,0 |
|||||
Барлығы |
32 |
100,0 |
100,0 |
|
Жоғарыда 3-кестеде көрсетілген мәліметтерде сауалнамаға жалпы 32 респондент қатысқаны және олардың ішінде 18-30 жас аралығындағы респонденттер саны-22, 31-40 жас аралығындағылар саны-3, 41-50 жастағылар-5, ал 51 жастан асқан респонденттер-2. Пайыздық көрсеткішпен есептейтін болсақ, сауалнамаға қатысушы респонденттердің 68,8 пайызы-18-30 жас аралығындағылар, 9,4 пайызы -31-40 жастағылар, 15,6 пайызы-41-50 жастағылар, 2 пайызы-51 жастан асқандар.
4-кесте.
Сауалнама қатысушыларының білімі туралы ақпарат
|
Жиілік |
Пайыз |
Жарамды пайыз |
Жиынтық пайыз |
|
жарамды |
жоғары |
18 |
56,3 |
56,3 |
56,3 |
магистратура |
14 |
43,8 |
43,8 |
100,0 |
|
Барлығы |
32 |
100,0 |
100,0 |
|
4-кестеде берілген мәліметтерді талдайтын болсақ, сауалнама қатысушыларының 18-і жоғары білімді, 14-і магистрант екендігі нақтыланды. Пайыздық көрсеткішпен талдар болсақ, 56,3 пайызы жоғары білімді, 43,8 пайызы магистрант.
1-сурет. Сауалнама нәтижесін талдау
1) 16 педогог инклюзивті оқытуға тас-түйін дайын екенін жеткізді. Оларды оқытуға арналған сабақ жоспары мен электронды оқулықтың барын айтты.
2) 8 маман педогогикалық тұрғыдан дайын болғанымен материалдық-базалық түрде дайындықтың жеткіліксіздігін айтты.
3) 5 мұғалім мұндай оқыту форматына дайын еместігімен бөлісті.
4) 3 ұстаз мүмкіндігі шектеулі жандардың әзірге үйде оқыту тиімді деген пікір білдірді.
Қорытындылай келе, инклюзивті білім берудің қоғамда алатын орны ерекше екндігіне және ағылшын тілі сабақтарында мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс жасағанда, яғни қолданған әдіс-тәсілдеріміз және олармен жасаған қарым-қатынасымыздың оларға оң әсерін тигізу үшін мұғалім барынша шебер болуы керектігіне көз жеткіздік. Сонымен қатар тек қана мұғалімдер емес мүмкіндігі шектеулі оқушылармен араласатын достары, сыныптастары да олармен қарым-қатынас жасағанда барынша сыпайылық танытқаны жөн.
Әдебиеттер тізімі:
- Панабекова М.Б., Амантурлина А.Д. Инклюзивті білім беру- өмір қажеттілігі.// Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің Хабаршысы. 2018. -№4. 1-4б.
- Малофеев Н.Н. Инклюзитік білім беру мәселелері және денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтарын қорғау// Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің Хабаршысы. -2011. -№4. 56-58б.
- Беленкова Л. Ю. Инновационные подходы к образованию детей с ограниченными возможностями здоровья: от интеграции к инклюзии // ИТС. – 2011. – № 1. – С. 59–64.
- Коркунов В.В. Модель педагогической поддержки обучения, воспитания, развития и социальной адаптации детей с особыми образовательными потребностями // Вестник Казахско-Русского Международного университета.-2016. -№7. 65-68б.
- Ж.Н. Кдыргужина. Приемы формирования слухового внимания, восприятия и памяти у детей раннего возраста на логопедических занятиях// «Арнайы педагогика» сериясы. -2017 - №3. -С 82-89.
Оставить комментарий