Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: LV Международной научно-практической конференции «Культурология, филология, искусствоведение: актуальные проблемы современной науки» (Россия, г. Новосибирск, 07 февраля 2022 г.)

Наука: Филология

Секция: Языки народов зарубежных стран Европы, Азии, Африки, аборигенов Америки и Австралии

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Раманова А.А., Амандаулетова А.К. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ СОМАТИКАЛЫҚ ЛЕКСИКА // Культурология, филология, искусствоведение: актуальные проблемы современной науки: сб. ст. по матер. LV междунар. науч.-практ. конф. № 2(47). – Новосибирск: СибАК, 2022. – С. 80-85.
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ СОМАТИКАЛЫҚ ЛЕКСИКА

Раманова Айгул Абибуллаевна

филология ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті,

Қазақстан, Орал қ.

Амандаулетова Актолкын Кайрхановна

магистрант, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті,

Қазақстан, Орал қ.

СЛЕНГОВАЯ ЛЕКСИКА В СОВРЕМЕННОМ МОЛОДЕЖНОМ ДИСКУРСЕ

 

Раманова Айгул Абибуллаевна

канд. филол. наук, Западно-Казахстанский инновационно-технологический университет,

Республика Казахстан, г. Уральск

Амандаулетова Актолкын Кайрхановна

магистрант, Западно-Казахстанский инновационно-технологический университет,

Республика Казахстан, г. Уральск

 

АННОТАЦИЯ

В статье говорится о соматической лексике в составе фразеологизмов казахского языка. Также приводится количество и дается описание значений фразеологических сочетаний, образованных посредством соматической лексики казахского языка

ABSTRACT

The article talks about somatic vocabulary as part of the phraseological units of the Kazakh language. The number and description of the meanings of phraseological combinations formed by the somatic vocabulary of the Kazakh language is also given.

 

Ключевые слова: молодежный сленг, сленговая лексика, сленговые слова, студенческий сленг.  

Keywords: somatism, somatic name, somatic vocabulary, somatic phraseological unit, phraseological combination.

 

Тілдің фразеологиялық қоры халықтың мәдени ерекшелігін танытады, тілдің даму тарихын, халықтың тұрмыс-тіршілігінен хабар береді.

Фразеологизмдер – белгілі бір тілге ғана тән сөздердің тұрақты тіркесімі. Фразеологиялық бірліктердің мағынасы оны құрайтын сөздердің жеке алынған мағыналарынан туындамайды.

Кез келген тілдің фразеологиясында ерекше орынды соматикалық фразеологизмдер алады, яғни адам дене мүшелерінің атауларын қамтитын фразеологиялық тіркестер. Мәдениеттің соматикалық коды әлемнің тілдік бейнесінің құрамдас бөлігі бола отырып, тұрақты тіркес құрамына бекітіледі де, адамның сыртқы және ішкі әлемін, оның тіршілік ету ортасын тұжырымдай отырып, халықтың әмбебап және ұлттық ерекшеліктерін анықтауға ықпал етеді.

Соматизм (гр. Soma – дене) – шығу тегі мен типологиясына тəуелсіз барлық тілдерге тəн адамның дене мүшелерін анықтайтын сөздер тобы. Ғалымдар пікіріне сүйенсек, соматикалық лексиканы 6 топқа бөліп қарастыруға болады:

  1. Сономикалық лексика (адамның дене мүшелері);
  2. Ангионимикалық лексика (тамыр жүйесі);
  3. Остеонимикалық лексика (дене сүйектері);
  4. Ауру атауларын белгілеуге арналған лексика;
  5. Спланхнонимикалық лексика (ішкі органдар);
  6. Сенсонимикалық лексика (сезім органдары) [1, б. 72].

Соматизмдер тілдің сөздік қорының негізгі құрамы болып табылады, ал бұл олардың фразеологиялық бірліктерде кеңінен қолданылуын түсіндіреді. Соматизмдер фразеологиялық бірліктердің үлкен әлеуетіне ие, қолданудың тұрақтылығы мен жоғары жиілігімен сипатталады. Сонымен қатар, соматикалық лексика кеңінен қолданылады, дамыған семантикалық құрылымы және жоғары экспрессивтілігі бар. Осылайша, соматизмдер фразеологиялық бірліктердің қалыптасуына және олардың мағынасын қалыптастыруға белсенді қатысады.

Сөздік жасаушы ғалымдардың пікірінше, кез келген тілдің фразеологиялық қорының 30%-ын соматикалық тіркестер құрайды. І.Кеңесбаев сөздігінде 630-дан аса соматикалық фраземалар тіркелген. Тіл білімінде фразеологизмдер тұрақты сөз тіркесінің жасалуына ұйытқы болып тұрған сөздеріне қарап бірнеше түрге бөлінеді. Атап айтсақ, соматикалық фразеологизмдер, эмотивті фразеологизмдер, зоофразеологизмдер, сандық ұғымдардың қатысумен жасалған фразеологизмдер т.б. [2, б. 59]. Біз өз зерттеуімізде соматикалық фразеологизмдерді қарастыруды мақсат етіп отырмыз. Соматикалық фразеологизмдерге тән белгілер мен түрлерін анықтап, тілдік мысалдар дәлелдеп көрсетеміз. Фразеологиялық қордың басым көпшілігі болып саналатын соматикалық фразеологизмдердің саны түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде аз емес.

Ә.Болғанбаев: «Анатомиялық атаулар негізгі сөздік қорға жататындықтан, көп мағыналы, туынды жаңа сөз жасауға соншама бейімділігімен ғана сипатталмайды, сонымен бірге тұрақты тіркестер жасаудағы белсенді қызметімен де айрықша көзге түседі», – деп, соматизмдердің фразеология жасаудағы маңызын көрсетеді [2, б. 60].

Соматикалық фразеологиялық бірліктер адамның ақыл-ой және сөйлеу әрекетін, оның психикалық және физикалық жағдайын, сондай-ақ жалпы, адамдар арасындағы қарым-қатынасты көрсетеді. Сонымен қатар, соматизм кеңістіктік номинацияларды құруда ерекше рөл атқарады. Кеңістіктік семантикасы бар тұрақты тіркестердің құрамында соматикалық лексиканың болуы – бұл антропоцентризмнің әмбебап қағидасының санада және кеңістіктік қатынастарды белгілеудегі көрінісі. Мысалы, «алыс, қиыр шет» кеңістіктік тұжырымдамасы «көз жетпес», «көз көрмес, құлақ естімес жер», ал «жақын жер, таяу төңірек» ұғымы «аяқ жетер жерде», «көзжетер жер», «көзкөрім жер», «қолсозым жер» сияқты фразеологиялық бірліктерде жүзеге асырылады. «Қол» соматизмі өзінің негізгі мағынасынан басқа, тұрақты тіркестер құрамында келу арқылы белгілі бір заттың физикалық қол жетімділігі сияқты тұжырымдамалық белгіні қамтиды. Бұл фразеологизмдерде бір нәрсенің жақындығының баламалық ассоциациялары немесе созылған қолмен қол жеткізу шекаралары айқын көрінеді.

Фразеологиялық тіркестердің құрамында жиі кездесетін соматикалық лексикаға мыналарды жатқызамыз: ауыз, бас, бет, көз, қол, тіл. Біріншіден, бұл соматизмдердің тілдегі қолданылу жиілігіне, сонымен қатар аталған сөздердің семантикалық құралымына байланысты. Мысалы, ауыз, бас, бет, көз, қол, тіл соматизмдері жалпыламалық сипатымен ерекшеленеді, олар өмірлік процестермен, адамдардың сезімімен, физикалық және ақыл-ой еңбектерімен байланысты қолданылады және осылайша фразеологиялық тіркестердің қалыптасуына белсенді түрде қатысады.

«Фразеологиялық сөздікке» сүйене отырып [3], тіліміздегі соматикалық лексикамен келген фразеологиялық тіркестердің санын анықтауға тырыстық. Сөздік бойынша, «ауыз» соматизмімен – 117; «аяқ» соматизмімен – 62; «бас» соматизмімен – 169; «бауыр» соматизмімен – 25; «бел» соматизмімен – 28; «бет» соматизмімен – 87; «бүйрек» соматизмімен – 7; «жүрек» соматизмімен – 57; «көз» соматизмімен – 218; «қабақ» соматизмімен – 30; «қол» соматизмімен – 94; «құлақ» соматизмімен – 46; «маңдай» соматизмімен – 26; «мойын» соматизмімен – 35; «мұрын» соматизмімен – 14; «өкпе» соматизмімен – 10; «өкше» соматизмімен – 9; «тіл» соматизмімен – 92; «тіс» соматизмімен – 21; «ішек» соматизмімен – 8 фразеологиялық тіркес қалыптасқан. Қарап отырсақ, фразеологиялық тіркестердің құрамында өнімді түрде көз, ауыз, бас, бет, тіл, қол сияқты соматикалық атаулардың қолданылатынын көріп отырмыз.

Тіліміздегі жиі кездесетін «ауыз» соматикалық лексикасымен келген фразеологиялық тіркестерді төмендегіше мағыналарға топтастырдық:

  1. Айран-сүт ішті: аузы [ерні] аққа тиді;
  2. Алғыс сөздер: Аузыңа май, астыңа тай!
  3. Алданып қалу: аузы аппақ болды; аузын аңқайтып кетті; аузын жиде жегендей қылды;
  4. Ауызша таралу: ауыз хабар;
  5. Ашқарақтану: аузын арандай ашты;
  6. Байқап сөйлеу: аузын бақты;
  7. Барды жоқ қылу: аузын қу шөппен сүрту;
  8. Барынан айрылу: ауыздағы ас кетер;
  9. Бейпіл сөйлеу: аузын қайыстай керді;
  10. Ел арасына тарау: ауыздан ауызға көшті;
  11.  Елді билеу турасында: аузымен құс ұстап отыр;
  12.  Есінен шығармау: аузынан бір елі тастамады; аузынан түсірмейді;
  13.  Дінмен байланысты: аузы тәубеден кетпеді;
  14.  Жас адам мағынасында: аузынан мәйегі шыққан;
  15.  Жақтасу: ауыз жаласты;  
  16.  Жетімсіз: ауыз жарымады;  
  17.  Жүйрік, ұшқыр: аузымен құс тістеген; аузымен құс ілген;
  18. Кәрілік турасында: аузында ақ тісі жоқ;
  19. Кедейлік турасында: аузын ашса, ішек-қарны көрінген;
  20. Көмек беру, күту: аузына су тамызды;
  21. Көңілі толу: аузы тұщыды; ауызтұщырлық;
  22. Көп сөйлейтін адам туралы: аузы жаман; аузынан ақ ит кіріп, қара ит шығады; аузынан қағынды; аузының дауасы жоқ; аузың желдей еседі; аузын жаппады;
  23. Күлдіру: аузын жиғызбады;
  24. Қарғыс мәнді: Аузың аққа тимегір! Аузыма қан толсын! Аузыңа қара қан толғыр! Аузыңнан қара қаның келгір! Аузың қарылғыр!
  25. Қолы жету, қатарға қосылу: аузы асқа, ауы атқа жетті; аузы асқа, ауы атқа жарыды; аузына қолы жетті;
  26. Қорқыту: аузын бақадай аштырды;
  27. Құдай жолындағы адам: аузынан тәубесі кетпеген;
  28. Лезде, тез: аузын жиғанша;
  29. Лық толды: аузы-мұрнынан келді;
  30. Мақтаншақтық: ауызбен айды алады; қолымен қосаяқ соғады; ауыз байлық жасады;
  31. Мәпелеп өсіру: аузын үріп, аяғын сыпырып, табанын қырып өсірген;
  32. Мінезді адам туралы: аузы жеңіл;
  33. Олжаға кенелді: аузы майға тиді; аузы майланды; аузынан ақ май ағызды;
  34. Оразаға байланысты: аузы ашық; аузы берік; аузы ораза;
  35. Өзгеден аямау: аузындағыны жырып беру;
  36. Сақтық туралы: аузы күйген үріп ішеді; аузы пісіп отыр;   
  37. Сәуегей адам туралы: аузы дуалы;  
  38. Сөйлей алмайтын кісі турасында: аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскен; аузынан сөз түскен; аузына шайнап салды;
  39. Сұлулық турасында: ауызға үріп салғандай;
  40. Сый-сияпат көрсету: аузын майлады;
  41. Сырқаттанған адамға қатысты: аузы темір татиды; аузы ақау татиды;
  42. Сыр сақтағыш: аузы ауыр; аузына берік;
  43. Сыр сақтай алмайтын: аузы ашық;
  44. Таң қалу, құмарту: аузынан суы ақты; аузынан сілекейі шұбырды; аузын ашып, көзін жұмды; аузын ашып қалды; аузының суы құрыды;
  45. Тартып әкету: аузынан жырып әкетті;
  46. Таяқ жеу: аузы-басы қан болды;
  47. Тез сөйлеу: аузы-аузына жұқпады;
  48. Тиісу: ауыз салды;
  49. Тоймады, жарымады: аузы аққа жарымады;
  50. Тоя жеу мағынасында: аузы-мұрнынан шыққанша,
  51. Тілдесу, сөйлесу: ауызекі сөйлесті; ауызба-ауыз айтты;
  52. Тіс жармау, сөйлемеу: аузына тас салды, аузына тас салғандай, аузын буған өгіздей, ауыз жапты, аузын тас қып жапты, аузына құм құйылды,
  53. Тыйым салу: аузына қақпақ болды; аузын қақты; ауызды ашар-ашпастан;
  54. Түк көрмеген: аузы жарымаған;
  55. Ұйымшылдық, бірлік: ауыздарына түкіріп қойғандай;
  56. Ұқсастық туралы: аузынан түскендей; аузынан түсе қалғандай;
  57. Ұрып-соғу: аузын шиедей қылды; аузы-мұрнын шиедей қылды; 
  58. Ұятсыздық туралы: аузы-мұрны қисаймай;
  59. Шешен адам туралы: аузы епті; аузынан дүр шашты; аузының даруы бар; аузының желі бар; ауыздыға сөз, аттыға жол бермейді; аттыға сөз, жаяуға жол бермейді;  
  60. Ызасын келтіру: аузын қышытты;
  61. Ызғарлы, қаһарлы: аузы алты қарыс; аузынан жалын атып тұр; аузынан от бүріккен қанды балақ.

Қорыта келсек, соматикалық фразеологизмдер тілде жиі қолданылады және фразеологиялық қордың негізгі бөлігін құраушылар болып табылады.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Лиджиева А.С., Сусеева Д.А. Функционирование соматических фразеологизмов в русском языке // Вестник Калмыцкого университета, №4 (16), 2012, С. 71-74.
  2. Таласпаева Ж.С., Ерсаинова А.Б. Б.Мұқайдың «Өмірзая» романындағы соматикалық фразеологизмдердің қолданысы // А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы, №4, 2017, Б. 59-64.
  3. Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. Алматы: «Арыс» баспасы, 2007.
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.