Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: LXXXI Международной научно-практической конференции «Современная психология и педагогика: проблемы и решения» (Россия, г. Новосибирск, 15 апреля 2024 г.)

Наука: Педагогика

Секция: Инклюзивное образование: актуальные вопросы отечественной теории и практики

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Ербосынова Г.М., Денисова И.А. КҮРДЕЛІ СӨЙЛЕУ ТІЛІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕПТІҢ 3-4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНДА МӘТІНДІ ЕСЕПТІ ШЫҒАРУ КЕЗІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН ҚИЫНДЫҚТАР // Современная психология и педагогика: проблемы и решения: сб. ст. по матер. LXXXI междунар. науч.-практ. конф. № 4(78). – Новосибирск: СибАК, 2024. – С. 167-173.
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

КҮРДЕЛІ СӨЙЛЕУ ТІЛІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕПТІҢ 3-4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНДА МӘТІНДІ ЕСЕПТІ ШЫҒАРУ КЕЗІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН ҚИЫНДЫҚТАР

Ербосынова Гүлнара Маратқызы

магистрант, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті,

Қазақстан, Алматы

Денисова Ирина Александровна

педагогика ғылымдарының кандидаты, арнайы педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессорының м.а. Қазақ Ұлттық Қыздар университеті

Қазақстан, Алматы

ТРУДНОСТИ, СВЯЗАННЫЕ С УЧАЩИМИСЯМИ 3-4 КЛАССОВ ШКОЛЫ ДЛЯ ДЕТЕЙ С ТЯЖЕЛЫМИ НАРУШЕНИЯМИ РЕЧИ ПРИ РЕШЕНИИ ТЕКСТОВЫХ ЗАДАЧ

 

Ербосынова Гульнара

магистрант, Казахский национальный женский университет

Казахстан, г. Алматы

Денисова Ирина Александровна

канд. пед. наук, Казахский национальный женский университет,

Казахстан, г. Алматы

 

DIFFICULTIES ASSOCIATED WITH STUDENTS OF 3-4 CLASSES OF A SCHOOL FOR CHILDREN WITH SEVERE SPEECH IMPAIRMENTS WHEN SOLVING TEXT PROBLEMS

 

Gulnara Yerbossynova

Master’s student, Kazakh National Women’s University

Kazakhstan, Almaty

Irina Denisova

Candidate of pedagogical Sciences, Kazakh National Women’s University,

Kazakhstan, Almaty

 

АҢДАТПА

Мақсаты: күрделі тіл кемістіктері бар балалардың  мәтінді есептерді түсінуге үйрету жұмысының әдістемелік шарттарын, кезеңдері мен мазмұнын анықтау. Күрделі сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған №9 мектеп-интернатында жүргізілген диагностикалық зерттеу жұмысының көрсеткіштері көрсетілген. Мәтінді есептерді шығару барысында кездесетін қиындықтар, оларды шешу жолдары анықталды. Оқушылармен бақылау жұмысы жүргізіліп, мәтінді есептердің компоненттері яғни, шарты, сұрағы, шешуі, жауабын қаншалықты дұрыс жазу деңгейіне қарай бағаланды, пайыздық көрсеткіштері дөңгелек диаграмма түрінде көрсетілді.

АННОТАЦИЯ

В данной статье приведены показатели констатирующего эксперимента, проведенного в школе-интернате № 9 для детей с тяжелыми нарушениями речи. Определены трудности, возникающие при решение текстовых задачи, и пути их решения. С учащимися проводилась контрольная работа, компоненты текстовых задач оценивались по уровню правильного написания, процентные показатели отображались в виде круговой диаграммы.

ABSTRACT

This article presents the indicators of the ascertaining experiment conducted at boarding school No. 9 for children with severe speech impairments. The difficulties that arise when solving word problems and ways to solve them are identified. A test was carried out with students, the components of word problems were assessed according to the level of correct spelling, and the percentages were displayed in the form of a pie chart.

 

Түйін сөздер: математика, мәтінді есептер, мәтінді есептің компоненттері, күрделі сөйлеу тілі бұзылған бастауыш сынып оқушысы, әдістемелік материалдар, оқулықтар

Ключевые слова: математика, текстовые задачи, компоненты текстовых задач, школьник начального класса со сложным нарушением речи, учебно-методический комплекс, учебники.

Keywords: mathematics, word problems, word problem components, elementary school student with complex speech disorder, educational and methodological complex, textbooks.

 

Кіріспе. Елімізде мүмкіндігі шектеулі балалардың саны жыл сайын артып келеді. Соның ішінде 70% -ын күрделі тіл кемістіктері, жалпы сөйлеу дамуының тежелуі, фонетико-фонематикалық дамымай қалған балалар құрайды [1, с. 22].

Күрделі тіл кемістігі бар оқушылардың ана тілін меңгеруі ұзаққа созылады, балалардың лексикалық мағынадағы сөздерді игеруі нақты емес. Көбінесе сөз мағыналарын өзара кең түрде ауыстырады, абстрактілі лексиканы меңгеру кезінде қателер кездеседі [5, с. 23].

Мәселен Н.С.Жукованың зерттеулерінде тіл дизонтогенезі кезіндегі сөздердің морфологиялық түсініксіздігі көрсетіледі. Онда өзара грамматикалық байланыстағы сөздердің байланысы көрінбейді. Грамматикалық мағынасы жағынан дұрыс және бұрыс құрастырылған сөйлемдер ұзақ уақыт бойы сөздік қорда сақталып қалады [5, с. 25].

Р. Е. Левина, Г. В. Гуровец, И. Т. Власиленко, Е. М. Мастюкова балаларда кездесетін күрделі сөйлеу кемістігінің психологиялық және педагогикалық процесін зерттеумен айналысты. Авторлардың берген анықтамасы бойынша, күрделі тіл кемістіктері — бұл дамуында ауытқушылығы бар бас миының органикалық зақымдалуының салдарынан, есту арқылы қабылдауы бұзылған, психикалық үрдісінің қалыптасуына әсер ететін айтарлықтай сөйлеу ақаулары бар балалардың ерекше санаты. Күрделі тіл кемістіктері бар балалардың сөздік қоры аз, физиологиялық жағынан түрлі кемістіктері болғандықтан сөйлеу қабіеттері шектеледі. Сөйлеу тілінің ауыр бұзылуына байланысты, тілдің дыбыстық, сондай-ақ лексикалық, грамматикалық жақтарын толық қалыптаспағандығы көрінеді. Осының салдарынан осы санаттағы балалардың көпшілігінде ойлау, сөйлеу жалпылауының шектеулілігі, оқу мен жазудағы қиындықтар кездеседі. Балаларда эмоционалды-ерік саласында да ауытқулар байқалады. Оларға қызығушылықтың тұрақсыздығы, төмен байқаушылық, тұйықтылық өзіне сенімсіздік, жоғары тітіркенгіштік, агрессивтілік, реніштік, айналасындағылармен қарым-қатынаста, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасауда қиындықтар тән. Осы санаттағы балаларға алалия, афазия, тұтықпа, ринолалия және дизартрияның түрлері жатады [4,с.88].

Бастауыш сынып математикасында күрделі тақырыптардың бірі – мәтінді есептер болып табылады (Т. В. Ахутина, Г. М. Капустина, Ю. А. Костенкова, Е. В. Рыжова, т.б.), өйткені олармен жұмыс істеу оқушылардан есептің шартын түсініп, белгілі мен ізделінді зат арасындағы байланысты анықтап, есептің шешуін арифметикалық амалдардың көмегімен шығаруды  қажет етеді [1,с. 16].

Американдық ғалым, математик Д.Пойа мәтінді есептердің математикадағы рөлін қарастыра отырып, математиканы меңгеру тек стандартты емес, сонымен қатар ойлаудың белгілі бір дербестігін, парасаттылықты, тапқырлықты талап ететін есептерді шешу қабілетін білдіреді деп жазды [3, с. 22].

Г.П.Бевзу мәтінді есептердің математикадағы алатын орнын, маңыздылығын былайша тұжырымдады:

1) есептерді шығару барысында оқушылар өздерінің алған теориялық білімдерін практикада қолданып үйренеді;

2) есептерді шығару барысында оқушыларда сыни тұрғысынан ойлау және кеңістікті бағдарлау дағдылары қалыптасады;

3) есептерді шығару барысында оқушылардың ерік-жігері, шыдамдылығы шыңдалады;

4) есептерді шығару барысында оқушылардың ойлау қабілеті артып, шығармашылық дағдылары дамиды.

Математика оқулықтарының авторы  А.Е.Абылкасымованың  пікірі бойынша мәтінді есептер білім беру, тәрбиелеу, дамыту функцияларын атқарады. Мәтінді есептер білім беру функциясын атқарады, себебі математика оқулығындағы кез келген есепті шешу барысында оқушыда математикалық ұғым мен білім жинағы қалыптасады.Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында әзірленген  оқулықтағы мәтінді есептердің кез келгені оқушы бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып, патриоттық сезімдерін ояту арқылы тәрбиелік функцияны атқарады. Сонымен қатар мәтінді есептерді шығару барысында оқушыда сөйлеу мәдениеті, логикалық ойлауы, шыдамдылық, істі соңына дейін жеткізу дағдылары дамиды.

Күрделі тіл кемістіктері бар бастауыш сынып оқушылары сөздерді, сөйлемдерді, сөйлемдер арасындағы байланысты анықтауда  қиналады, бұл математикада мәтінді есептердің мағыналық құрылымын түсінуде үлкен кедергі тудырады (Н. Ю. Борякова, Г. И. Жаренкова, Е. Ф. Соботович, Е. В. Мальцева, Е. С. Слепович. , R. D. Triger және т.б.). Қалыпты дамып келе жатқан балалармен салыстырғанда күрделі тіл кемістіктері бар балалардың тапсырманы ауызша тұжырымдауы соғұрлым күрделі және әдеттен тыс болады .

Балалардың бұл оқудағы ерекшеліктерін ескеретін әдістемелік құралдардың жеткіліксіз әзірленуі, арнайы дидактикалық материалдардың, оқулықтардың болмауы мәтінді есептерді шығарту барысында қиындық тудырады. Сондықтан бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі – тіл кемістіктері бар балалардың  мәтінді есептерді түсінуге үйрету жұмысының әдістемелік шарттарын, кезеңдері мен мазмұнын анықтауда жатыр.

Материалдар мен әдістер. Зерттеудің әдіснамалық негізі: оқыту мен дамудың өзара байланысы туралы ұстаным, Л.С.Выготскийдің сенсетивті кезең туралы ұстанымы; нейролингвистикалық зерттеулер (А. Р. Лурия); дамуында кемістігі бар балалардың білім беру қажеттіліктерін арнайы білім беру арқылы жүзеге асыру туралы ережелер (Л. И. Аксенова, В. И. Любовский, П. Н. Малофеев, В. М. Мозговой, Н. М. Назарова, М. С. Певзнер, Л. М. Шипицына және т.б.); психикалық әрекеттердің біртіндеп қалыптасу тұжырымдамасы (П. Я. Гальперин) , арифметикалық есептермен жұмыс істеу жүйесі (А. П. Антропов, М. А. Бантова, Л. Б. Баряева, Г. В. Белтюкова, М. И. Моро, Г. М. Капустина, М. Н. Перова, Л. П. Фридман, А. А. Хилько, т.б.), әмбебап оқу әрекеттерінің тұжырымдамасы (А. Г. Асмолов). [8, с. 14]. Гипотезаны тексеру және қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін келесі зерттеу әдістері қолданылды: зерттеу мәселесі бойынша жалпы, арнайы психологиялық-педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; медициналық-педагогикалық құжаттаманы талдау; педагогикалық эксперимент, оның ішінде бақылау және диагностика жүргізу, математикалық статистика әдістерін пайдалана отырып алынған мәліметтерді сапалық және сандық талдау. Нәтижелер және талдау. Диагностикалық тәжірбие Алматы қаласы, № 9 күрделі сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттың 3 , 4 -сынып оқушыларына  жүргізілді. Жалпы зерттеуге 3-сыныптан 10 оқушы, 4-сыныптан 10 оқушы қатысты. Барлығы – 20 оқушы. Мәтінді есепті шығару барысында кездесетін қиындықтарды анықтау мақсатында бақылау жұмысы алынды. Бақылау жұмысының жалпы нәтижелері мәтінді есептің компоненттерін  яғни, шартын, сұрағын, шешуін, жауабын қаншалықты дұрыс жазу деңгейіне қарай бағаланды.

Бағалау көрсеткіштері:

толық жазу - 2 балл

жартылай жазу -1 балл,

мүлдем жазбау - 0 балл

Кесте 1

Диагностикалық тәжірбиенің бағалау көрсеткіштері

 

Есептің шартын құру бойынша:

2 балл – 10 %

1 балл – 55 %

0 балл – 35%

Есептің сұрағын құру бойынша:

2 балл – 50%

1 балл – 25%

0 балл – 25%

Есептің шешуін жазу бойынша:

2 балл – 25 %

1 балл – 50 %

0 балл – 25%

Есептің жауабын жазу бойынша:

2 балл – 25%

1 балл -50 %

0 балл – 25%

Сурет 1

Мәтінді есепті шығару деңгейінің пайыздық көрсеткіштері

 

Зерттеу барысында күрделі сөйлеу тілі бұзылған оқушылардың мәтінді есептерді шығару кезінде кездесетін негізгі қиындықтар анықталды:

-мәтінді есептің логикалық, грамматикалық құрылымын дұрыс түсінбеу;

-есептің шарты бойынша белгілі және белгісіз ұғым арасындағы байланысты ажыра алмау;

-мәтіннің мазмұны бойынша дұрыс арифметикалық амал таңдап, шешуін таба алмау.

Қорытынды. Күрделі сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатта диагностикалық зерттеу өткізу арқылы математика пәнінде мәтінді есептерді шығару кезінде бірнеше қиындықтар бар екенін анықтадым. Осы категорияға жататын балалардың психологиялық ерекшеліктеріне, мәтінді есептерді шығару дағдысына мониторинг жүргіздім. Қиындықтарды жою мақсатында мына жұмыстар іске асырылды:

- 3-4 сынып мәтінді есептерді шығару бойынша әдістемелік нұсқаулық әзірленді;

- Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева, М.Ж.Мыңжасарова, Т.ВЛихобабенко “Математика” 3, 4-сынып оқулығы бойынша мәтінді есептерге иллюстрациялық материалдар дайындалды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. А.В.Белошистая «Методические основы обучения решению математических задач в школе».- Алматы 2018
  2. Скира, Е.В. Система работы над простой арифметической задачей с учащимися, имеющими интеллектуальные нарушения / Е.В. Скира // Проблемы современного педагогического образования. – 2017. – Вып.57. – Ч. 12. – С. 287 – 294. (0,6 п.л.).
  3. Скира, Е.В. Состояние умений младших школьников с интеллектуальными нарушениями решать простые арифметические задачи / И.М. Яковлева, 25 Е.В. Скира // Проблемы современного педагогического образования. – 2018. – Вып. 58. – Ч. 4. – С. 296 – 299. (0,5 п.л./0,3 п.л.).
  4. Е.В. Скира // Журнал педагогических исследований. – 2019. – №1. – Т.4 – С. 52 – 56. (0,2 п.л.) – URL: https://naukaru.ru/ru/nauka/article/27860/view https://bilim-all.kz/article/13181-Balalardyn-til-kemistiginin-turleri-zhane-ony-tuzetu-zholdary - 2020
  5. Левина Р.Е., Никашина Н.А. Общее недоразвитие речи // Основы теории и практики логопедии / Под ред. Левиной Р.Е. – М., 1968. – С. 67-165.
  6. Спирова Л.Ф. Особенности речевого развития учащихся с тяжелыми нарушениями речи. – М., 1980, – С. 128-139.
  7. Воробьева В. К. Особенности связной речи школьников с моторной алалией // Нарушения речи и голоса у детей и взрослых / Сб. науч. трудов МГПИ им. В.И. Ленина. – М., 1975.
Удалить статью(вывести сообщение вместо статьи): 
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.