Поздравляем с Новым Годом!
   
Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: LXVII Международной научно-практической конференции «Современная психология и педагогика: проблемы и решения» (Россия, г. Новосибирск, 15 февраля 2023 г.)

Наука: Педагогика

Секция: Педагогика высшей профессиональной школы

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Мершенова Г.Ж., Дильдабекова А.С., Косыбаева М.Е. [и др.] «ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША БАКАЛАВРИАТ ТҮЛЕКТЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ // Современная психология и педагогика: проблемы и решения: сб. ст. по матер. LXVII междунар. науч.-практ. конф. № 2(64). – Новосибирск: СибАК, 2023. – С. 129-133.
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

«ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША БАКАЛАВРИАТ ТҮЛЕКТЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ

Мершенова Гульжан Жумагалиевна

м.ғ.к.,отбасылық медицина кафедрасының профессоры КЕАҚ «Қарағанды медицина университеті»,

 Қазақстан, Қарағанды

Дильдабекова Айнур Смадияровна

PhD, отбасылық медицина кафедрасының ассистенті КЕАҚ «Қарағанды медицина университеті»,

Қазақстан, Қарағанды

Косыбаева Меруерт Ержановна

медиицна магистры, отбасылық медицина кафедрасының профессор ассистенті КЕАҚ «Қарағанды медицина университеті»,

Қазақстан, Қарағанды

Мырзашова Назым Боранбаевна

отбасылық медицина кафедрасының профессор ассистенті КЕАҚ «Қарағанды медицина университеті»,

Қазақстан, Қарағанды

Түйінді сөздер: білім, өндірістік тәжірибе, студент, маман, медицина.

 

Соңғы жылдары жоғары медициналық оқу орындарының жас мамандарын даярлауға қойылатын талаптар айтарлықтай күшейтілді. Бакалавриат түлектері интернатурада оқуын жалғастырып, кейін жұмысқа орналасады немесе резидентураға түседі.

Түлектерді даярлайтын бағдарлама мақсаты: интернатура бағдарламасы бойынша оқуға түсуге және үздіксіз білімін жетілдіруге, қазіргі тез өзгеретін уақытта дәрігерлік тәжірибемен айналысуға қабілетті құзыретті және ғылыми білімді клиникалық дәрігерді даярлау. Жеке азаматтар мен қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес медицина саласында жұмыс істей алатын ғылыми-ақпараттандырылған және әлеуметтік жауапты маман ретінде түлекті дамытуға баса назар аударылады.

Жалпы тәжірибе дәрігерінің көмекшісі өндірістік тәжірибесін өту кезіндегі міндетті пререквизиттері: ішкі аурулар, балалар аурулары, хирургиялық аурулар, акушерлік іс және гинекология. Қосымша пререквизиттер: амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымның құрылымын, мақсаттарын, міндеттері мен қызметтерін білу; біріншілік медико-санитарлық көмек менеджменті негіздерін; сақтандыру медицинасының негіздерін; жалпы тәжірибе дәрігерінің функционалдық міндеттерін білу; медициналық есепке алу құжаттамасын рәсімдей білу, денсаулық сақтауда пайдаланылатын қолданбалы ақпараттық бағдарламаларда жұмыс істей білу;  дәрі-дәрмектерге рецепт жазып беру, науқастарды емдеуге жатқызу үшін көрсеткіштерді анықтау.

Оқыту барысында студенттер келесі түсініктермен таныс болады: жалпы дәрігерлік тәжірибе туралы түсінік, жалпы тәжірибе дәрігерінің (ЖТД) жұмысын ұйымдастыру, әлеуметтік маңызды ауруларды ерте диагностикалау және алдын-алу принциптері, дәлелді медицинаның заманауи қағидаттарына сәйкес ЖТД тәжірибесінде науқастарды жүргізу тактикасы, отбасын жоспарлау, отбасындағы қарым-қатынас мәселелері бойынша кеңес беру. Халықтың нысаналы топтарының (артериялық гипертензия, ЖИА, СД, глаукома, жатыр мойны обыры, тік ішек обыры, сүт безі обыры) ерте анықтауға арналған скринингтермен танысу, қатерлі обыр ауруларының алдын алу және оңалту, емдеу хаттамалары және тактикасы, жіктеу, ажыратпалы диагностика, ауруларды диагностикалау алгоритмдерімен танысу және оларды қолдану халық арасында аурулардың алғашқы, екінші және үшінші профилактикасы мәселелері, ЖТД-ның балалар тұрғындарымен жұмысымен танысу: неонаталдық скрининг, дені сау балалар мен созылмалы аурулары бар балаларды диспансерлеу, біріншілік медикосанитарлы көмек деңгейінде жүкті әйелдер мен ерте жастағы балаларға патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделі, отбасылық дәрігер тәжірибесіндегі қарым-қатынас дағдылары, ҚР Ұлттық күнтізбесіне сәйкес профилактикалық егулер жоспарын құру, балаларды вакцинациялау алдында тексеру, уақытша және тұрақты қарсы көрсеткіштерді анықтау дағдыларын игеру, салауатты өмір салты қағидаттарын қалыптастыруға және науқастарды кешенді күтімнің құрамдас бөлігі ретінде оқытуға бағытталған іс-шараларды өткізу, ең көп таралған шұғыл жағдайлардың екінші және үшінші профилактикасын жүргізу, аурулардың алдын алу бойынша әңгімелер өткізу.

Академиялық адалдықты қамтамасыз ету саясаты академиялық адалдық оқу процесін ұйымдастырудың негізі болып табылады. Университеттің академиялық саясатымен және нақты силлабуспен анықталған, әділ және объективті стандарттармен қамтамасыз етіледі. Академиялық адалдықты ілгерілету және қорғау білім алушылар мен оқытушылардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесі болып табылады. Пән аясында барлық жазбаша жұмыстар, олардың сипатына, мазмұнына және көлеміне қарамастан, плагиатқа тексерудің автоматтандырылған жүйелері арқылы өзіндік ерекшелігіне тексеріледі. Плагиат, университетте қабылданған өзгелерден және өз жұмыстарынан дәйексөз алу ережелерін бұзу, сондай-ақ академиялық адалдық кодексінде көзделген академиялық адалдықты бұзу анықталған жағдайда тиісті шаралар қолданылатын болады.

Құзыретті маманды дайындау үшін оған оқуды бітіргеннен кейін табысты жұмыс табуға көмектесетін білім мен дағдылар кешенін беру қажет, яғни бұл кешен жұмыс берушілердің белгілі бір талаптарына жауап беруі керек: кәсіби құзыреттілік; коммуникативтік құзыреттілік; өз мамандығына деген оң көзқарас; кәсіби мәселелерді шешуге шығармашылық көзқарас; белсенді өмірлік ұстаным.

Осы қасиеттерді меңгеру үшін біз тұрақты білім мен дағдыларды қалыптастыруға жағдай жасауымыз керек. Білім, білік, дағдыны ұштастыру үшін тәжірибеден өту, студенттің алған білімін меңгеруіне және қолдануына көмектесу, есептерді өз бетінше шешім қабылдауды үйрену, заманауи жағдайларға бейімделуі қажет. Оқу үрдісінің табысты өтуі үшін әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану қажет. Оқыту студенттердің ЖТД-мен жұмыс істеуін және біріншілік медико-санитарлық көмек теориялық білімдерін тәжірибеде дамытуды қарастырады.

Студент дәрігерлік қабылдау кестесіне сәйкес уақытылы келуі, өзімен бірге медициналық киімі мен жабдықтарын алып жүруі тиіс; жалпы тәжірибе дәрігерлерімен қабылдау кезінде және үйде емделушілерге  барған кезде бірлесіп жұмыс істеуге белсенді қатысуы, диагноз қою үшін ақпараттандырылған қажетті зертханалық және аспаптық зерттеулердің мөлшерін анықтауы тиіс; зерттеу нәтижелерін талдау және қорытындысын науқасқа түсіндіруі; еңбекке уақытша жарамсыздықтың себебін, еңбекке қабілеттілікті қалпына келтіру және қалпына келтіру мерзімін анықтау; клиникалық талдауларға қатысу, сондай-ақ тәжірибелік дағдыларды (есептік-тіркеу медициналық құжаттамаларды толтыру) және коммуникативтік дағдыларды (науқас пен дәрігер арасында сенімді атмосфера құру) меңгеру, нормативтік базаны (қызметті ұйымдастыру бойынша бұйрықтар) білу, командада жұмыс істеуді оқыту барысында меңгеруі тиіс.

Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру үшін әртүрлі жағдайлық есептерді шешу қолданылады. Студенттер жағдайлық есептерді шығаруды меңгергеннен кейін, жинақталған тәжірибені пайдалана отырып, өз бетінше ұқсас есептерді құрастырады.

Өндірістік тәжірибені болашақтағы мамандар әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысанындағы біріншілік медикосанитарлы көмек мекемелерінде өтеді: "№1 емхана", "№3 емхана", "№5 емхана" , "№8 емхана" , "№15 емхана" , БМСК, "Мирас" клиникасы. Сонымен қатар студенттер өздерінің тұрғылықты мекен-жайлары бойынша немесе университетті аяқтаған соң орналасатын мекемелерде өндірістік тәжірибені: Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облысы, Көкшетау, Қостанай, Павлодар облыстарының тұрғындарына медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарында өте алады.  

Психология мен қарым-қатынас техникасын білу, кәсіби топты немесе ұжымды басқару дағдылары іскерлік ойындар арқылы жүзеге асады. Олар оқытушы мен студент арасындағы жағымды қарым-қатынасқа қол жеткізеді. Жоғарыда аталғандардың барлығы коммуникативті құзыреттілікті қалыптастырады. Клиникалық ойлау дағдыларын меңгеру білімді жүйелеуге және тереңдетуге ықпал ететін өндірістік тәжірибелік жұмыстарды орындау арқылы жүзеге асады. Кәсіби мәселелерді шешуге шығармашылық көзқарас, «миға шабуыл» және жағдайлық есептер арқылы, кейстермен жұмыс жасау арқылы жүзеге асады. Кейстер – нақты оқиғаға еліктеу оқу үрдісі. Кейспен жұмыс жасаудың  нәтижесі тек білім ғана емес, сонымен қатар тәжірибелік дағдылар, кәсіби ұстаным және көзқарас болып табылады.

Тәжірибе аяқталғаннан кейін әрбір студент қорытынды бақылаудан өтеді. Қорытынды бақылау сараланған сынақ түрінде жүзеге асырылады.  Қорытынды бақылауға жіберу үшін білім алушының: күнделікті бөлім меңгерушісі немесе тәжірибе жетекшісінің қолы қойылған тәжірибе күнделігі, тәжірибе жетекшісі мен бөлім меңгерушісі қол қойған мінездемесі болуы қажет.

Тәжірибелік дағдыларды бағалау балдық-әріптік жүйе бойынша жүзеге асырылады. Төрт балдық жүйе бойынша сандық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың төрт сандық  жүйесі бойынша  Platonus білім беру порталына қойылады.

Белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру – бұл мамандарды даярлаудағы өте күрделі кезең, ол адамның қоғамдағы орны мен маңызын анықтау дағдыларын дамытуға бағытталған.

Бұл тәсіл кәсіптік білім беру жүйесі түлектерінің біліктілігін қазіргі еңбек нарығының талаптарына барынша жақындату арқылы кәсіптік білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Байденко В.И., Оскарссон Б. Базовые навыки  (ключевые компетенции) как интегрирующий фактор образовательного процесса. // Профессиональное образование и формирование личности специалиста. М., 2012, с. 3 - 9.
  2. Болотов В.А., Сериков В.В. Компетентностная модель: от идеи к образовательной программе. // Педагогика, 2010, №10, с. 8 – 14.
  3. Зеер Э. Ф. Психология профессионального образования: учебное пособие для студентов высших учебных заведений / Зеер Э. Ф., 2013. - 480 с.
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий