Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: LXIX Международной научно-практической конференции «Современная психология и педагогика: проблемы и решения» (Россия, г. Новосибирск, 17 апреля 2023 г.)

Наука: Педагогика

Секция: Информационные технологии в образовании

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Серік М., Нысанов Е.А., Баумуратова Д.Б. БҰЛТТЫҚ ШЕШІМДЕРДІ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ОҚУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ // Современная психология и педагогика: проблемы и решения: сб. ст. по матер. LXIX междунар. науч.-практ. конф. № 4(66). – Новосибирск: СибАК, 2023. – С. 155-162.
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

БҰЛТТЫҚ ШЕШІМДЕРДІ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ОҚУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ

Серік Меруерт

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің п.ғ.д., профессоры,

Қазақстан, Астана қ.

Нысанов Ерназар Айдарович

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ф-м.ғ.к., профессоры,

Қазақстан, Шымкент қ.

Баумуратова Диларам Бекбулатовна

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің PhD доктаранты,

Қазақстан, Шымкент қ.

АННОТАЦИЯ

Мақалада колледж студенттерінің ақпараттық технологиялар арқылы білімдерін зерттеу әдістеріне байланысты жазылған ғылыми еңбектерге шолу жасалған.

АННОТАЦИЯ

Обзор научных работ, связанных с методами изучения знаний студентов колледжа с помощью информационных технологий.

 

Тірек сөздер: техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі; колледждегі оқу үрдісі; оқу үрдісіндегі бұлттық шешімдер; бұлттық технологиялар.

 

«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 727 қаулысының 3-жалпыұлттық басымдық «Сапалы білім: Білім беру сапасындағы алшақтықтардан – сапалы білім алуға қолжетімділікті теңестіруге 2-міндет. Оқыту үшін қолайлы жағдайлар мен орта жасау. Сонымен қатар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және цифрлық саланы дамыту Цифрландыру арқылы экономикалық бәсекелестікті дамудың маңызды элементі болып қалыптасуда екендігі аталған [1].

Білімнің жаһандану мен қоғамның индустрияландырылуы жағдайында болашақ мамандарды даярлауды жақсарту мемлекеттің саясатындағы негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Өндіріс саласы үшін дамыған елдерде болашақ мамандарды даярлаудың негізгі провайдері – ол техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі болып саналады. Бұл мәселеге ЮНЕСКО шеңберінде назар аударылады. Бүкіләлемдік Ұлттық Ұйымдар (БҰҰ) декларациясында аталған жүйе мыңжылдық даму мақсатына жатқызылған.

Білім беруді ақпараттандыру мәселелерімен шетелдік және отандық ғылымдардың еңбектерін атап өтуге болады. Білім беруді ақпараттандыру бойынша шетелдік ғылыми зерттеулері Ваграменко Я.А., Яламов Г.Ю. [2], Грирортев С.Г., Гришкун В.В. [3], Qiang Liu [4], Gorokhova N.V. [5] және т.б адамдарды атауға болады. Отандық ғылыми зерттеулері Бидайбеков Е.Ы., Гриншкун В.В., Камалова Г.Б., Исабаева Д.Н., Бостанов Б.Ғ. [6] еңбектерінен көруге болады.

«Білім беруді ақпараттандыру – бұл ғылыми-практикалық жинау, сақтау үшін компьютерлік технологияларды қолдануға бағытталған қызмет, қолда барын жүйелеуді қамтамасыз ететін ақпаратты өңдеу және тарату психологиялық педагогикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін білім беру саласында жаңа білімді қалыптастыру оқыту, тәрбиелеу және дамыту» - делінген [7].

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында цифрлық үрдістер мен халықаралық талаптар ескерілген, онда колледждің бағдарламаларын жаңартуға, баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беруді жүзеге асыруға көңіл бөлінген. Оған мысал, 2011 жылы құрылған «Кәсіпқор «Холдингі» коммерциялық емес акционарлік қоғамы (КеАҚ) (қазіргі таңда «Talap» КеАҚ) орта білім бойынша Назарбаев зияткерлік мектептері мен жоғары білім бойынша Назарбаев Университет сияқты оқу орындарының, колледждердің тәжірибесін, сонымен қатар басқа әлемдік озық тәжірибелерді барлық колледждерге, кәсіптік-техникалық білім беру жүйелеріне таратуды көздейді» – делінген [8].

Колледждің оқу процесінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларға, техника-технологиялық, жаратылыстану салалары бойынша жүргізілген ғылыми зерттеулерге талдаулар жасасақ, мынадай диссертациялық жұмыстардың оқу процесіне ендірілгенін байқаймыз.

Колледж студенттерінің білімдерінің жаңа ақпараттық технологиялар арқылы интеграциялаудың педагогикалық негіздерімен Қасымова А.Х. [9].

Техникалық бағыттағы колледж студенттерінің кәсіби танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру туралы Бекболғанов Е.Ж. [10], заманауи ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары арқылы колледж студенттерінің білім сапасын арттыру  туралы Исаева Г.Б. [11], колледжде компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану жағдайында ақпараттық-логикалық модельдеудің әдістемесін қарастыруда Алдешов С.Е. [12], ақпараттық-коммуникациялық технологияларды колледжде математиканы оқыту әдістемесін арттыру туралы Бекболғанова А.Қ. [13] диссертациялық жұмыстарында атап өтеді.

Колледждің ақпараттық – білім беру ортасының және информатика пәнін оқытудағы білім беру компоненттерін дамытуда ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың рөлі туралы Байғанова А.М. [14], оқу процесінде оқушылардың техникалық шығармашылығын қалыптастыру туралы Құрғамбеков М.С. [15] еңбектерінде атап өткен.

Сонымен бірге, Сманқұлова Ж.Е. [16] Қазақстан Республикасындағы кәсіби лицейлер мен колледждердің 1970-2000 жылдардағы Қазақстан Республикасының кәсіби-техникалық оқу орындары және Сманқұлова Ж.Е. [17] 1991-2008 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы кәсіби лицейлер мен колледждердің қалыптасу және даму тарихын, яғни Қазақстан мемлекетінің бүкіл құрылымы түбірімен қайта құрылған кезеңдегі бәсекеге қабілетті жұмысшылар мен орта білімді мамандар дайындау ісін зерттеуге арнаса, Абуова Н.А. [18] 1991-2005 жылдар аралығындағы Қазақстандағы индустриалды-педагогикалық колледждердің дамуы туралы ғылыми еңбегінде аталған уақыт аралығындағы тарихи-педагогикалық қалыптасуы, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің маңызды формалары мен әдістері, модульді оқыту бағдарламасы негізінде дамытуы қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына 5- қосымшасының 7- тарауында [19] «Кәсіптік модульдер/арнайы пәндер экологиялық және/немесе өнеркәсіптік қауіпсіздікке қойылатын қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, біліктілік бойынша еңбек функциялары мен кәсіби міндеттердің мазмұнын көздейді. Кәсіптік модульдерді (пәндерді) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы дербес айқындайды. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының қалауы бойынша біліктілікті меңгерудің практикалық тәжірибесін кеңейту мақсатында кәсіптік модульдер шеңберінде жобалау жұмысы арқылы білім алушының жеке компоненті іске асырылады» - делінген. Сондықтанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жаңа пәндерді білім мазмұнына ендіру арқылы болашақ мамандардың білімі, білігі мен дағдысын жетілдіру қажетті процес.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына 5- қосымшасының 5- тарауында [19] «Білім беру бағдарламаларын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жұмыс берушілердің қатысуымен осы МЖБС, кәсіптік стандарттар (бар болса), WorldSkills кәсіптік стандарттар (бар болса) талаптарының негізінде дербес әзірлейді» - деп айтылған. Осыған сәйкес кәсіпорындар мен жұмыс берушілер болашақ жұмысшы мамандарға жаңаша талаптарын қоюда. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім беру бағдарламаларын жұмыс берушінің сұранысына сәйкес жетілдіру және жаңарту студенттердің кәсіби қызметтеріндегі құзыреттіліктерін арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі заман талабына сай ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және ресурстарды іске асыру бойынша студенттерді оқыту арқылы ақпараттық құзіреттілік қабілетін, теориялық және практикалық дағдысын қалыптастыруға және дамытуға болады.

Зерттеу жұмысымызда бұлттық шешімдер технологияларын білім беру ұйымдарда оқыту және білім мазмұнында жүзеге асыру бойынша осыған дейін жарияланған бірқатар шетелдік және отандық ғылымдардың еңбектерін атап өтуге болады. Бұлттық шешімдер технологиялары бойынша шетелдік ғылыми зерттеулері Songkram N. [20], Hu HF, Zheng JH. [21], Oleksyuk V.P. [22], Hu Chuanfu [23], Shyshkina M.P.; Kohut U.P. [24], Ramananda M.K., Dhas C.S.G. [25], Jia Y. [26], Guo F. [27], Justice C., Mc Farland N. [28], Guo J. [29], Li Z. [30], Yang H. [31] еңбектерінен көруге болады. Сонымен бірге, бұлттық шешімдер технологияларды қолдану қажеттілігі де көптеген еңбектерінде жарық көрді, атап айтсақ: Serik M., Muhambetova M., Yeskermessuly A. [32], Serik M., Nursaule K., Sadvakassova A., Sarzhanova G.B. [33], Sadvakassova A.K., Serik M. [34] зерттеулерінде қарастырған.

Сонымен қатар, зерттеу жұмысымызда бұлттық шешімдер технологиясын техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім мазмұнында жүзеге асыру үшін дидактикалық негіздердің қажетті шарттарын әзірлеу және қолдану көзделеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 727 қаулысы // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000727
  2. Ваграменко Я.А., Яламов Г.Ю. Формирование информационно-образовательной среды колледжа с использования современных информационных систем. Методические рекомендации // в журнале Сетевое издание «Управление образованием: теория и практика», 2017 № 4, с. 25-39
  3. Грирортев С.Г., Гришкун В.В. Информатизация образования Фундаментальные основы // учебник для студентов педагогических вузов и слушателей системы повышения квалификации педагогов - Москва: МГПУ, 2005. – 241 с.
  4. Qiang Liu. Analyze the Relationship between Education Informatization and Informatization Education under the Education Information System Based on Big Data// Journal of Physics: Conference Series - 1648 (2020) 032009 doi:10.1088/1742-6596/1648/3/032009
  5. Gorokhova N.V. Informatization of education // Revista ESPACIOS. ISSN 0798 1015 Vol. 39 (Nº 20) Year – 2018 https://www.revistaespacios.com/a18v39n20/ a18v39n20p06.pdf
  6.  Бидайбеков Е.Ы., Гриншкун В.В., Камалова Г.Б., Исабаева Д.Н., Бостанов Б.Ғ. Білімді ақпараттандыру жəне оқыту мəселелері // оқулық Алматы -2014ж.
  7. Зверева, Ю. С. Информатизация образования [Электронный ресурс] / Ю.С. Зверева // Молодой ученый. — 2016. — № 6.3 (110.3). — С. 23­26. — Режим доступа : https://moluch.ru/archive/110/27234/ (дата обращения: 08.07.2020).
  8. Аршабеков Н. Білім және білік: Кәсіптік білім беру жүйесі жетілдірілуде.  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының ресми сайты. 2018 жылғы 27 маусым // https://egemen.kz/article/171051-bilim-dgane-bilik-kasiptik-bilim-beru-dguyesi-dgetildirilude
  9. Қасымова А.Х. Колледж оқушылары  білімдерін жаңа ақпараттық технологиялар арқылы интеграциялаудың педагогикалық шарттары: пед. ғыл. канд. ... дис.автореф. - Атырау, 2007. - 25б.
  10. Бекболғанов Е.Ж. техникалық бағыттағы колледж студенттерінің кәсіби танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру: пед.ғыл.канд. ...дис.автореф. - Алматы: Ы.Алтынсарин атын. Казақтың білім академиясы,2007. - 30б.
  11. Исаева Г. Б. Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы колледж оқушыларының дайындық сапасын арттыру (физика және астрономия пәндерi негiзiнде): пед.ғыл.канд. ... дисс.автореф. - Алматы, 2010. - 30б.
  12. Алдешов С.Е. Колледжде компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану жағдайында ақпараттық-логикалық модельдеудің әдістемесі: пед.ғыл.канд. ...дисс.автореф. - Алматы, 2010. - 31б.
  13. Бекболғанова А.Қ. Ақпараттық-қатынастық технологияны пайдаланып, техникалық колледжде математиканы оқытудың қолданбалы бағытын арттырудың әдістемесі: пед.ғыл.канд. ...дисс.автореф. - Алматы, 2009. - 30б.
  14. Байғанова А.М. Колледждің ақпараттық білім ортасы жағдайында оқушыларға информатиканы оқыту әдістемесін жетілдіру: пед.ғыл.канд. ... дисс.автореф. - Астана: Қазақ білім академиясы, 2008. - 23б.
  15. Құрғамбеков М.С. Оқу үрдісінде оқушылардың техникалық шығармашылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары: пед.ғыл.канд. ... дисс.автореф. - Атырау, 2008. - 26б.
  16. Сманқұлова Ж.Е. Қазақстан Республикасының кәсіби-техникалық оқу орындары (1970-2000жж.): тарих ғыл.канд. ... дисс. - Алматы, 2004. - 160б.
  17. Сманқұлова Ж.Е. Қазақстан Республикасындағы кәсіби лицейлер мен колледждердің қалыптасуы мен даму тарихы (1991-2008жж.): тарих ғыл.докт. ... дисс. автореф. - Алматы, 2010. - 46б.
  18. Абуова Н.А. Қазақстандағы индустриалды-педагогикалық колледждердің дамуы (1991-2005жж.): пед.ғыл.канд. ... дисс.автореф. - Алматы, 2005. - 31б.
  19. 1«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығының 5- қосымшасы // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029031#z958
  20. Songkram N. The use of virtual learning environment and virtual technology for problem solving and team learning abilities in Thailand college classroom //10th International Conference on Society and Information Technologies, ICSIT 2019; Orlando; United States; 12 March 2019 till 15 March 2019, Pages 94-99.
  21. Hu HF, Zheng JH. Application of Teaching Quality Assessment Based on Parallel Genetic Support Vector Algorithm in the Cloud Computing Teaching System // International journal of Emerging Technologies in Learning. Volume: 11. Issue: 8. – 2016. Pages: 16-21. DOI: 10.3991/ijet.v11i08.6040.
  22. Oleksyuk V.P. Designing of University Cloud Infrastructure Based on Apache Cloudstack //Information Technologies and Learning Tools.  Volume: 54.   Issue: 4.   2016. pp.: 153-164.  
  23. Hu Chuanfu. Application of E-Learning Assessment Based on AHP-BP Algorithm in the Cloud Computing Teaching Platform. //International Journal of Emerging Technologies in Learning.    Volume: 11. Issue: 8.   2016. pp.: 27-32. 
  24. Shyshkina M.P.; Kohut U.P.The use of the Cloud-Based Learning Component with the maxima System for Teaching Operations Research. // Information Technologies and Learning Tools.Volume: 57.Issue: 1.2017. pp.: 154-172.
  25. Ramananda M.K., Dhas C.S.G. Secure learning in the mobile cloud. //  IEEE International Conference on Advances in Computer Applications, ICACA 2016. 7887936, pp., 125-130.
  26. Jia Y. Construction and Application of Intelligent Campus in Colleges and Universities Under the Background of Big Data.//  Advances in Intelligent Systems and Computing. Volume 929, 2019, Pages 866-872.
  27. Guo F. Development and application of college innovation and entrepreneurship cloud platform based on big data. // International Conference on Virtual Reality and Intelligent Systems, ICVRIS 2018; Changsha; China. Pages 106-110.
  28. Justice C., Mc Farland N. Secure cloud computing infrastructure for K-12 education // (Conference Paper) ASEE Annual Conference and Exposition, Conference Proceedings. Volume 2017-June, 24 June 2017124th ASEE Annual Conference and Exposition; Columbus; United States; 25 June 2017 till 28 June 2017; Code 129594. Purdue School of Engineering and Technology, IUPUI, Indianapolis, IN, United States. ISSN: 21535965
  29. Guo J. Big Data Security and Privacy Protection in Colleges and Universities. // Advances in Intelligent Systems and ComputingVolume 929, 2019, Pages 727-735.
  30. Li Z. Research on data center system design of server virtual machine based on cloud computing// International Conference on Communications, Information System and Computer Engineering. CISCE. 2019. 8805961, Pages 103-105.
  31. Yang H. Use of Cloud Computing Technology and Neural Network in College Students’ Psychological Testing.// Advances in Intelligent Systems and Computing. Volume 929, 2019, Pages 9-14.
  32. Serik M., Muhambetova M., Yeskermessuly A. Improving the Content of a Client-server Technology Training Course: Set up and Collaborative Implementation of Local and Cloud-based Remote Servers// International Journal: Emerging Technologies in Learning. Vol. 14. No 21, 2019. P. 191-204. ISSN 1863-0383. DOI: 10.3991/ijet.v14i21.10643
  33. Serik M., Nursaule K., Sadvakassova A., Sarzhanova G.B.  Improvement of students’ training in parallel and cloud computing.// Journal Espacios. ISSN 0798 1015. 03.09.2017. Vol. 38 (No60). Page 3.
  34. Sadvakassova A.K., Serik M. Cloud technologies in educational system of republic of Kazakhstan. //Journal of Theoretical and Information Technology. ISSN:1992-8645. E-ISSN: 1817-3195. 15 june 2017. Vol.95.No11. 2434-2441.
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.