Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: CXXXVI Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 07 марта 2022 г.)

Наука: Педагогика

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Бердібек Т.Н. ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ // Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ: сб. ст. по мат. CXXXVI междунар. студ. науч.-практ. конф. № 5(136). URL: https://sibac.info/archive/meghdis/5(136).pdf (дата обращения: 25.04.2024)
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

Бердібек Торғын Нұрғазықызы

студент М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті,

Қазақстан, Тараз

Дүйсенова Назым Тұрсынбайқызы

научный руководитель,

ғылыми жетекші, аға оқытушы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті,

Қазақстан, Тараз

АННОТАЦИЯ

Мақалада ақпараттық ресурс ретінде танылып отырған әлеуметтік желілерді шет тілін оқыту практикасында қолданудың маңызы сөз болады. Шет тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін арттырумен қатар ақпараттық құзыреттілігін арттыруға да ықпал етуші коммуникативтік-ақпараттық, білім алу функцияларына ие және сол мақсатта жиі қолданылатын әлеуметтік желілер білім беру процесінің актерлері -  мұғалімдер мен оқушылар арасында жүргізілген сауалнама негізінде сарапталады. Әлеуметтік желілерді тұтыну тәжірибесіне мұғалімдер де, оқушылар да ие, ал осы мүмкіндікті шет тілін оқытуда сөйлеу қызметтерін дамытуда қолданудың дидактикалық маңызы зор екені анық. Ұсынылып отырған мақала мектеп мұғалімдері, педагогикалық мамандық студенттері үшін пайдалы болады деп сенеміз.

 

Ключевые слова: шет тілін оқыту әдістемесі, ақпараттық құзыреттілік, әлеуметтік желілер.

 

Интернет үлкен ақпараттық ресурстар мен мүмкіндіктерге толы. Қазіргі шет тілі сабағында Интернетті қолдану дидактикалық міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асырудың бірден бір құралы және де Интернет әртүрлі мазмұн мен тақырыптағы ақпараттың түпсіз қоймасы деуге болады. Бүгінгі таңда интернет-ресурстар әртүрлі қолданушылар контингенті үшін ең танымал ақпарат көзі болып отыр [1]. Оқу процесін тартымды ету үшін Интернет ресурстарды (сайттар, қосымшалар, форумдар және т. б.) пайдалану білім алушылардың қызығушылығын арттырады. Ғаламдық желінің ресурстарын қолданудың педагогикалық орындылығы, сондай-ақ оны пайдалану қарқындылығы шет тіліндегі белгілі бір сабақтың мақсаттары мен міндеттерімен анықталады және мұндай интеграцияның әдістемелік негіздемесін талап етеді [2].

Шет тілі мұғалімінің алдында өз интелектуалдық және шығармашылық әлеуетін қолдау және дамытып отыру үшін ақпараттық-коммуникативтік технологияларды тиімді қолдану міндеті тұр. Шет тілін оқытуға байланысты бұл міндет оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігімен қатар ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру мен арттырудың маңыздылығын білдіреді. Бүгінде шет тілін оқыту әдістемесінде осы екі құзыреттіліктің синтезінен тұратын шет тіліндегі ақпараттық құзыреттілік туралы айтылып жүр. Бұл терминді  Л.Раицкая қолданысқа енгізіп отыр. Бұл құзыреттілік оқушылардың ақпараттық ортада шет тіліндегі ақпаратпен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін білім, іскерлік пен дағдыларды меңгеру дегенді білдіреді [3].

Л.Раицкая шет тіліндегі ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру шарттары ретінде келесілерді атайды:

1. Шет тілін жоғары деңгейде меңгеру.

2. Келесі іскерліктер мен дағдыларды дамыту:

- ақпараттар мен ақпараттық ресурстардың алуан түрлерінің бар екенін білу.

- Интернет желісінде ұсынылатын шет тіліндегі ақпараттар легінің ішінен маңызды ақпаратты таба білу,

- коммуникативтік ситуацияға сәйкес ақпаратты шет тілінде жеткізе білу,

- шет тіліндегі әртүрлі жазу стилдерінің ерекшеліктерін білу,

- шет тіліндегі онлайн ресурстармен (сөздік, кітапхана, каталог)  жұмыс істей алу [3].

Практика жүзінде осы құзыреттілікті дамыту амалдарының бірі – әлеуметтік желілер деуге болады. Әлеуметтік желілер оқу ресурсы емес, олар қатысым үшін құрылған. «Әлеуметтік желі» деген терминді алғаш 1954 жылы Д.Барнс әлеуметтану саласында қолданысқа енгізді.

Әлеуметтік желілердің түрі көп. оларды негізінен екі топқа біріктіруге болады: жалпылама қол жетімді әлеуметтік желілер және арнайы желілер немесе желілік қауымдастықтар. Бірінші сала үшін қолданушының кәсібі, мамандығы, жынысы, жасы маңызды емес. Мысалы, Facebook*, Instagram*, VKontakte, Telegram, Tik-Tok. Арнайы желілер немесе желілік қауымдастықтар, олар белгілі бір сипаттамалары бойынша топтастырылған қатысушыларға арнап құрылады. Әдетте оларға шақыру бойынша кіреді, яғни олар жабық желілік қауымдастықтар.

Мұғалімдер арасында әлеуметтік желіліерде оқу практикасында қолдануға байланысты пікір әрқилы.

Осы орайда өзіміз практикадан өткен мектепте жұмыс істейтін ағылшын тілі пәні мұғалімдері арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі, барлық мұғалімдердің әлеуметтік желілерде аккаунттары бар екенін анықтадық.

Демек, мұғалімдер әлеуметтік желілердің жұмысымен, оның мүмкіндіктерімен жақсы таныс. Ал олар оны оқу процесінде қолдану тәжірибесі аса қуанарлықтай көрсеткіш берген жоқ. Мұнда мұғалімдер аса сақ: оқу процесінде әлеуметтік желілерді қолдану мұғалім тарапынан үлкен дайындықты талап етеді және оқу процесінде әлеуметтік желілерді жұмыс істеудің негізделген әрі ойластырыылған әдістемесі қажет деген пікір айтады.

Жалпылама қол жетімді әлеуметтік желілерді қолдана отырып шет тілін оқу процесін моделдеуде олардың техникалық тұрғыдан қолдану ыңғайлылығы мен оқыту тұрғысынан пайдалылығын бағалау қажет деп санаймыз.

Зерттеуімізге кірісуден алдын біз мұғалімдер мен оқушылар арасында олардың әлеуметтік желілерді қолдану тәжірибесін, әлеуметтік желілерді шет тілін оқыту практикасында қолдану тәжірибесіне байланысты пікірлері мен не күтетіндерін анықтау мақсатында сауалнама алдық.

Алдымен оқушылар арасында жүргізілген сауалнамаға тоқталайық. Бірінші сұрақтың мақсаты оқушылар арасында ең көп қолданылатын әлеуметтік желіні анықтау болды. Сауалнама нәтижесі, барлық оқушылардың бірнеше әлеуметтік желіде аккаунттары бар екені анықталды. Бірінші орында -  Instagram, екінші орында – WhatsApp, Telegramm, Tik-Tok, үшінші орында – YouTube (Диаграмма 1).

 

Диаграмма 1. Оқушылар арасында жиі қолданылатын әлеуметтік желілер

 

Мұнда ұлдар мен қыздардың әлеуметтік желілерін таңдау нәтижесі әрқилы болып тұр. Ұлдар арасында Instagram* (75%), екінші орында – WhatsApp, Telegramm, Tik-Tok (67%), үшінші орында – YouTube (58%), 4-орында -ВКонтакте (42%) басымдылыққа ие болса, қыздар арасында бірінші орынға WhatsApp (73%) жайғасты. Екінші орында Instagram мен WhatsApp (46,7%), үшінші орында Telegramm (40%). Дегенмен оқушылар арасында әлеуметтік желілердің басымдылық реттілігі болмаса негізінен қолданысқа ие виртуалды желілер  бірдей болып тұр.

Әлеуметтік желілерді пайдаланудағы мақсатты анықтауға байланысты сұраққа оқушылар негізінен коммуникация функциясын (50%), екіншіден, бос уақытты ұйымдастыру функциясын (30%), оқу-танымдық функциясын (16% ) қолданатынын айтады (Диаграмма 2):

 

Диаграмма 2. Әлеуметтік желілерді қолдану мақсаты

 

Алынған жауаптар әлеуметтік желілердің оқушылар арасында танымал екенін көрсетеді. Сондай-ақ олар әлеуметтік желілердің оқу мақсатында қолданылу әлеуетін білмейтіні айқындалды. Бұл соңғы кезде ғалымдар арасында көп айтылып жүрген пікірді растай түседі. Бүгінгі оқушылар «цифрлы ұрпақ» деп аталғанымен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды оқу үшін қалай қолдану керегін мүлдем білмейді [4].

Әлеуметтік желілерді шет тілін оқыту процесінде қолдану мүмкіндігі туралы сұраққа оқушылардың басым бөлігі «Ия» (93%) деп жауап берген. Қарсы болғандар - 7%. Алынған нәтиже оқушылар шет тілін оқу практикасында әлеуметтік желілерді қолдануға дайын әрі қызығушылық танытып отырғаны байқалады.

Әлеуметтік желілерді сөйлеу қызметі түрлерін дамытуда қолданудың тиімділігіне байланысты оқушылардың жауабын сараптау келесідей нәтиже берді:

– 35% оқылымды дамыту;

– 32% – жазылым;

– 18% – тыңдалым;

– 15% – сөйленім.

Сонымен, оқушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі әлеуметтік желілердің оқушылар арасында кең қолданысқа ие екенін көрсетті. Оқушылардың басым бөліні шет тілін оқытуда әлеуметтік желілерді қолдануды және оны оқылым мен жазылымда қолдану аса тиімді болады деп санайды.

Шет тілі мұғалімдері арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде мұғалімдердің бәрінің дерлік әлеуметтік желілерде аккаунты бары анықталды. Мұғалімдер арасында көп қолданылатын әлеуметтік желі - Instagram* (92%), екінші орында -Telegram (71%) мен Youtube (71%), үшінші орында - Facebook* (28%). Бұл көрсеткіш еуропалық (Facebook)  және ресейлік (ВКонтакте) мұғалімдерден өзгеше.

Мұғалімдердің басым бөлігі әлеуметтік желілерді дем алу үшін (43,8%); әріптестермен қатысым үшін (34,4%); ақпарат алу үшін (18,6%); оқушылармен қатысым үшін 3,2% пайдаланады. Мұғалімдердің 1/5  әлеуметтік желілерді оқу процесінде қолдану тәжірибесіне ие (Диаграмма 3).

 

Диаграмма 3. Әлеуметтік желілерді оқу процесінде қолдану тәжірибесі

 

Әлеуметтік желілерді шет тілін оқытуда қолдану идеясын мұғалімдердің 73% қолдаса, ал 27  % қарсы болды. Әлеуметтік желілерді тілдік қызмет түрлерін дамыту тиімділігіне байланысты келесідей пікір білдірілді:

– жазылым дағдысын дамыту (37%);

– оқылым (35%);

– тыңдалым 14%;

– сөйленім 14%.

Мұнда бірінші орынға жазылым мен оқылымның шығуы әлеуметтік желілерде коммуникация негізінен жазбаша сипатта жүзеге асырылуымен түсіндіріледі.

Мұғалімдердің берге жауаптарына сүйене отырып, әлеуметтік желілер коммуникативтік құзыреттілікті дамыту мүмкіндігімен қатар, бірқатар оқыту міндеттерін шешу жолдарын ұсынатын платформа деген қорытынды жасауға болады. Сонымен,

  1. Оқу процесін басқару. Әлеуметтік желілер мұғалім мен оқушыларға ұдайы байланыста тұрға мүмкіндік беретін аса тиімді құрал. Әлеуметтік желідегі топта әртүрлі хабарландырулар жариялауға, конференциялар өткізуге болады.
  2. Оқу процесін дараландыру. Әлеуметтік желілер оқушыға тапсырмаларды кез келген уақытта және Интернет бар кез келген жерде орындауға мүмкіндік береді. Ал мұғалім оқушылардың қызығушылықтары туралы көбірек біле алады және оны оқу процесін жоспарлауда қолдана алады.
  3. Оқу процесін ұйымдастыру. Сабақта басталып, аяқталмай қалған талқылауды әлеуметтік желіде жалғастыруға болады, оқушыларға арнап тапсырмалар жүктеуге болады.
  4. Виртуалды желіде ұялшақ, томаға тұйық оқушыларды көбірек белсендіруге болады.
  5. Шет тілін оқуға деген ынтаны арттыру. Әлеуметтік желілерді жобаларды ұйымдастырып өткізуге, викториналар мен жарыстар өткізу, сауалнама өткізу платформасы ретінде пайдалануға болады  [5].

Шет тілдерін оқыту практикасында әлеуметтік желі қандай дидактикалық мәселелерді шешу қажеттігін және де қандай ресурстар мен қызметтер пайдалы болуы мүмкін екендігін алдын ала шешіп алу қажет.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, мұғалімдер мен оқушылардың әлеуметтік желілерде тіркелген болуы жаңа интерфейсті қолдануда қиындық деңгейін азайтады. Өйткені мұғалімдер де оқушылар да әлеуметтік желіні коммуникативті кеңістік ретінде қолдану тәжірибесіне ие. Сондай-ақ әлеуметтік желілерді шет тілін оқыту процесінде қолдану тиімді болады деп санаймыз, өйткені даралап оқыту, саралап оқытуды жүзеге асыруға, шет тілін оқу мотивациясын арттыруға ықпал етеді.

Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, оқушы жастар арасында қолданысқа ие әлеуметтік желілерді: YouTube платформасын, Instagram әлеуметтік желісі мен мессенджерін, TikTok пен Snapchat оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқу мақсатында қолдануға болады. Әлеуметтік желілер көп функциялы және шет тілін үйретудің тиімді құралы бола алатын жұмыс түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Төмендегі кестеде студенттердің шет тіліндегі коммуникативті құзіреттілігін дамыту үшін қолдануға болатын әлеуметтік медиа функциялары көрсетілген.

*(социальная сеть, запрещенная на территории РФ, как продукт организации Meta, признанной экстремистской – прим.ред.)

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Plekhanova Yu.V., Stepanova M.A. Intertexuality in Cyberspace Media Discourse: Patching Cultural Gaps in Translation // Humanities and Social Sciences: Novations, Problems, Prospects (HSSNPP 2019). Atlantis Press. Р. 2352–5398. URL: https://doi.org/10.2991/hssnpp-19.2019.52 (Қаралған күні: 15.02.2022).
  2. Калугина Е.В., Челпанова Е.В. Использование ресурсов сети Интернет для развития учебно-познавательной компетенции при обучении английскому языку // Вестник Челябинского государственного педагогического университета. 2017. №6. С. 79–84.
  3. Раицкая Л. К. Сущность и формирование иноязычной информационной компетенции в высшей школе // Вестник Московского университета. Серия 20. Педагогическое образование. 2010. № 2. С. 28-35.
  4. McBride K. Social-Networking Sites in Foreign Language Classes: Opportunities for Re-creation [Электронный ресурс]. URL: http://www.slu.edu/~kmcbrid8/McBride09_SNS.pdf (Қаралған күні: 06.01.2022).
  5. Наволочная Ю.В. Применение социальных сетей в практике обучения иностранному языку. Филологические науки. Вопросы теории и практики. Тамбов: Грамота, 2019. Том 12. Выпуск 2. C. 267-272. https://doi.org/10.30853/filnauki.2019.2.58.
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.