Поздравляем с Новым Годом!
   
Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: CXVI Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 06 мая 2021 г.)

Наука: Филология

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Нысамбаева П.Е. ҚОСТАНАЙ ӨҢІРІНІҢ КИЕЛІ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АТАУЛАРЫНЫҢ ЭТИМОЛОГИЯСЫ // Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ: сб. ст. по мат. CXVI междунар. студ. науч.-практ. конф. № 9(116). URL: https://sibac.info/archive/meghdis/9(116).pdf (дата обращения: 27.12.2024)
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ҚОСТАНАЙ ӨҢІРІНІҢ КИЕЛІ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АТАУЛАРЫНЫҢ ЭТИМОЛОГИЯСЫ

Нысамбаева Перизат Ерболовна

магистрант, тіл және әдебиет теориясы кафедрасы, филология факультеті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті,

Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы

Досова Алма Тюлюгеновна

научный руководитель,

ilmiy rahbar, филология ғылымдарының кандидаты, тіл және әдебиет теориясы кафедрасының доценті А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы

АННОТАЦИЯ

Мақсатымыз: Қазақстанның сакралды географиялық атауларының ғылыми және халықтық этимологиясын қарастыру (Қостанай өңірі негізінде). Талдау, жинақтау, жүйелеу әдіс-тәсілдері қолданды. Нәтижесінде Қостанай өңірінің сакралды географиясы атауларының сипаттамасы ғана емес, сонымен қатар этимологиясы жинақталды. Қорытындылай келгенде, Қостанай өңірінің сакралды географиялық атауларының этимологиясының өзі біздің рухани байлығымыз. Осы тақырып төңірегінде зерттеуіміз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының жүзеге асуына үлесі бар.

АННОТАЦИЯ

Цель: рассмотреть научную и народную этимологию сакральных географических названий Казахстана (на основе Костанайского региона). Использованы методы анализа, обобщения, систематизации. В результате было обобщено не только описание названий сакральной географии Костанайского региона, но и этимология. В заключение, этимология сакральных географических названий Костанайского региона-это наше духовное богатство. Наши исследования по данной теме вносят вклад в реализацию программы «Рухани жаңғыру», проекта «Сакральная география Казахстана».

 

Ключевые слова: Сакральная география, родная земля, наследие, памятник, Костанайский регион.

Түйінді сөздер: сакралды география, туған жер, мұра, ескерткіш, Қостанай өңірі.

 

2017 жылдан бастап елімізде көптеген ұлттық ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Оның дәлелі – «Рухани жаңғыру» атты бағдарлама. Осы бағдарламаның қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерінің қатарында айрықша орын алған жобалар бар: «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы».

Тұңғыш елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы», дей келе елдің алдында тұрған бірнеше міндеттерді қамтиды, ол: бірінші жағынан рухани құндылықтарымызды жаңғыртуын, екінші жағынан бәсекеге қабілеттілігімізді нығаюын, үшінші жағынан ономастика саласының тиянақталуын барынша ашық, анық айтылған.

Осыған орай жоғарыда айтылған міндеттердің орындалуына киелі географиялық атауларға этимологиялық тұрғыда зерттеп, өз үлесімізді қосудың алғашқы қадамдарын бастық. Зерттеу жұмысының нысаны – Қостанай өңірінің киелі географиялық атаулары. Осы нысан бойынша ғылыми және халықтық этимологиялық зерттеу жүргізу – зерттеудің басты мақсаты.

Қостанай облысының аумағында мыңнан астам тарихи-мәдени ата-бабамыздан қалған мұра, нысандар бар. Зерттеу жұмысымның екінші тарауы «Киелі географиялық атауларға сипаттама» және «Қостанай өңірінің киелі географиясының этимологиясы» атты тараушалардан тұрады. «Қазақстанның киелі жерлерінің картасына» сәйкес Қостанай облысынан жалпыұлттық маңыздағы енгізілген 10 нысанның, ал жергілікті маңыздағы енгізілген 28 ескерткіштер мен тарихи орындардың сипаттамасы беріліп, екінші тараушасында киелі географиялық атауларға ғылыми және халықтық этимологиясын жинақтап, жүйелеуге тырыстық. Бірнешеуін алдарыңызға ұсынсақ:

Торғай геоглифтері (Үштоғай төрттағаны, Торғай трикветрі). Нысан мерзімі: қола дәуірі - орта ғасыр. Нысанның орналасқан жері: Амангелді ауданы, Үштоғай ауылынан шығысқа қарай 15 шақырым жерде; Амангелді ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым жерде. Жалпыұлттық маңыздағы қасиетті нысанның бірі.

Бүкіл әлемдік ғалымдар назарын жұмбақ Торғай геоглифтері – ұшар биіктен ғана көрінетін жербетіндегі бедерлі геометриялық және пішінді өрнектер өзіне тартты. Қостанай облысының аумағында 200-ге жуық осындай бедерлер белгілі. Нысандар туралы алғашқы ақпарат 1909 жылы Орынбор ғылыми архив комиссиясының жиналысында айтылған. 2007 жылы қолжетімді Google Earth бағдарламасындағы ғарыштан түсірілген суреттерге зерттеу жүргізген Дмитрий нысандар қатарын тапты. Қостанай университетінің археологиялық зертханасының қызметкерлері Андрей Логвиннің жетекшілігімен зерттеулер жүргізді. Археолог ғалымдардың болжамы бойынша геоглифтердің ғұрыптық маңызы болған. «Үштоғай төрттағаны» геоглифінің белгіленген диагональдар ұзындығы 406 м. Диаметрі 10-12 м, биіктігі 1 м. болатын жүз бір үйіндіден тұрады. Эзотериялық ілімді ұстанғандар геоглифті «күш беретін орын», адам мен ғарыштың энергетикалық байланыс жолы деп есептейді. «Торғай трикветрі» геоглифі үш сәулелі свастика түрінде үйінді тәрізді жасалған. Әрбір сәуле ұштары иілген ирек тәрізді пішінмен аяқталады[1, 3 б].

Үштоғай ауыл. Амангелді ауылының солтүстігінде 95 км жерде, Амангелді ауданында. Бұрынғы атауы Октябрь а. Тұрғыны 0,29 мың адам. «Біріне бірі жақын жатқан үш тоғайлы жер» мәніндегі атау. [2, 521 бет].

Торғай – тарихи атау, өзен, ауыл аттары ретінде Қостанай, Қарағанды, Алматы облыстарында бар. Қостанай облысындағы Торғай өзенінің ұзындығы 827 км, басс алабы 157 мың км2.  Атаудың шығу төркіні туралы әртүрлі пікір айтылған. Көптеген зерттеушілер оны кәдімгідейкішкентай торғай, құс деп қарамай, басқаша түсіндіреді. Е.Қойшыбаев: «Көне тілдерге тән (тор, дала жүйелес: сай, терең тар шат, ойпат) + кішірейткіш –ғай(-кай) аффиксінің қосындысынан қалыптасқан атау. Атаудың көнелігін Омбы олбысындағы Чулым татарлары мекені Торғай поселкісінің аты растай түседі», - десе [3], А.П. Дульзон да сол Торғай елді мекенінде Чулым татарлары тұратынын растаған. С.Нұрханов  болса: «Орыс жылнамаларында кездесетін торык тайпасын түрік-монғол тілдес торыктармен қатар қояды да, торғай сөзі торык және ай деген тайпалардың атынан жасалған. Ал ай тайпасының аты Ай, Айкыз, Аягөз, Айрык, Айтағы деген гидронимдердің құрамында кездеседі. Адай, Қызай, Керей, Өтей деген этнонимдердің құрамдарындағы ай, ей бөліктері де осы Ай тайпасының атына қатысты болса керек» [4], - деп пайымдайды. А.Әбдірахманов: «Торык этнонимі тер + дат сөздерінен қысқарып жасалады» [5], - деген пікірге келеді. В.Н.Попова болса, атаудың бірінші сыңарын жалпы түркі тілдеріндегі тор, дор, дара, - «ой, ойпан», «тау арасындағы қыспақ» [6], -гай(-кай) аффикс деп қарайды.

Батыр Маңдай Байдәулетұлының жерленген жері. Нысан мерзімі: ХIХ ғасыр. Нысанның орналасқан жері: Мендіқара ауданы, Алқауауылы.Маңдай батыр екі иығына екі адам мінердей қапсағай денелі, қарулы, екі алақанықос күректей жалпақ жанболған. Ол салт жүруді, қоянқолтық ұрыста қаруды шебер меңгере білген. Маңдай батыр дарынды қолбасшы, жоңғар шапқыншылығына қарсы тұрған ержүрек батыр ретінде халық жадында қалған. Абылай ханның туы астында Маңдай әскері барлық ірі шайқастарға қатысып, біршама уақыт Абылай ханның жеке жасағына басшылық еткен. Өмірінің соңына дейін туған жерін қалмақтар мен башқұрттардың шабуылынан қорғаған. Маңдайдың бекеттері Тоғызақ, Шадықсай, Екеншілік, Былғашы, Талды, Қайрақ ауылдарында тұрған, ал оның ордасы Маңдай ауылында орналасқан. Аңыздар бойынша, батыр өмірден өтерден үш-төрт жыл бұрын жас буын «Осы батырдысынайық» деп батырдың он екі қанат киіз үйінің есігін қыл арқанмен шандып, дауылпаз қағып: «Жау, жау шапты!» деп аттан салады. Есікті он шақты жігіт итеріп тұрыпты. Сонда батыр атып тұрып, есікті етігімен бір тепкенде есік бытшыт ұшып кетеді де, әлгі жігіттер қалпақтай түседі. Батыр атына мініп «Жау қайда?» десе, жігіттер тым-тырақай қаша жөнеліпті. Батыр қуып жүріп сыбағаларын берген екен», - дейді. Батыр 93 жасқа қараған шағында дүние салған және ұзын-қыпшақтар зиратында жерленген.

Батыр Маңдай Байдәулетұлының жерленген жері, Меңдіқара ауданы, Алқау ауылы. Алқау – ауыл. Боровской кентінің оңтүстік-батысында 30 км жерде, Меңдіқара ауданында. Тұрғыны 0,16 мың адам. «Жазық тегіс» мәніндегі атау. Сол жердің бедеріне сай қойылған[2, 477 бет].

Ескерте кететін бір жайт – бұл атау осы кезге дейін жер-су атауын зерттеушілердің біреуінің де қаламына ілікпеген. Сондай-ақ, осы атауға негіз боларлық, қазақ тілінде дәл мұндай дыбыстық құрамда сөз де кездеспейді. Алайда, дыбыстық қрамы әрі мағынасы жағынан «Алқауға» жақын деп, жағыстырарлық сөзді басқа түркі тілдері деректерінен табуға болады.

Біріншіден, В.В.Радлов сөздігінде «ады-ко» немесе «ады-кои» тұлғалы сөздердің түрік тіліндегі мағынасы – «бөгеу», «кідірту». Екіншіден, түркі тілдерінің бірі – тофаларда «алһығ» - қазақ тіліндегі «жазық, кеңістік» мағыналарын меншіктесе, ертедегеі түркі тілдері сөздігінде дәл осында түсінікті «алқығ» сөзі бере алған. Үшіншіден, түркі тілдерімен туыстас монғол тіліндегі «алгуу» дыбыстық құрамдағы тұлға «жай, баяу» дейтін мағына береді.

Көрсетілген тілдік деректерді ескере келіп, біз мындай тұспалға тоқтауды мақұл көрдік. Жоғарыда келтірілген үш тұлғаның қай-қайсысы да тек дыбыстық құрам жағынан ғана емес, мағыналары жағынан да бірінен-бірі өрбіген. Мағына жағынан бұлардың алғашқысы – көне түркі тілдері сөздігінде кездесіп отырған «жазық, кеңістік» түсінігін беретін – «алһығ» сөзі және ол кейбір түркі тілдеріде сақталғанын да  тофаларда көріп отырсыздар. Ал түрік тілі мен монғол тіліндегі осы тұлғалас сөздердің мағынасын туынды деп санаймыз. Өйткені жазық, тегіс жерден ағып өтетін өзен суы (бұл жерде Торғай өзені) В. В. Радлов көрсеткендей – «бөгеле», «кідіре» ағатыны немесе монғол іліндегідей – «жай, баяу» жылжитыны да әркімге аян.

Қорыта айтқанда, әңгіме болып отырған «жер атауы - Алқау» сөзінің тұңғыш мағынасы «жазық», «тегіс» дегенді білдірген. Бұл ойымызды сол жердің бедері де анықтағандай [7, 5 бет].

Зерттеу жұмысы қазіргі қоғамымыздағы рухани жаңғыру саясатын жүзеге асырушы бағыттарының бірі болып есептелетін киелі жерлерді этимологиялық талдауға арналады. Қазақстанның киелі жерлері – еліміздің біртұтас ұлт болу үшін,ұлттық сананы жаңғырту үшін қызмет ететін феномен. Алдағы уақытта әлі де зерттеуді қажет ететін тақырыптың бірі.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қостанай облысының қасиетті нысандары. Құр.авторлар: Омарова К.Н., Алшимова Э.Е., Нұрсаитова Б.А.. Қостанай, 2020. – 64 бет
  2. Жеріңнің аты – Еліңнің хаты. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd»ЖШС, 2006. – 808 б.
  3. Е.Қойшыбаев, Қазақстан жер-су аттары сөздігі. 1985, 223-б.)
  4. С.Нұрханов. Этнолингвистикалық этюд / Қазақстан мектебі . 1967, №1, 75б.
  5. А. Әбдірахманов. Топонимика және этимология. 1975, 178 бет)
  6. В.Н. Попова. Словарь географических названий Казахстана. Павлодарская обл. М.,Ч. ІІ. 1994, с. 392
  7. Нұрмағамбетұлы Ә. Жер-судың аты – тарихтың хаты: Орта мектептің оқушыларын арналған. – Алматы: Балауса, 1994. – 64 б.
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий