Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: CLXXXVI Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 08 апреля 2024 г.)

Наука: Биология

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Балмакаева С.С. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДА ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ // Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ: сб. ст. по мат. CLXXXVI междунар. студ. науч.-практ. конф. № 7(185). URL: https://sibac.info/archive/meghdis/7(185).pdf (дата обращения: 23.12.2024)
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДА ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Балмакаева Сабина Санатовна

магистранты, Қарағанды университеті Е.А. Бокетова,

Қазақстан, Қарағанды

Картбаева Гулназ Толымбетовна

научный руководитель,

ғылыми жетекші, ғылым бакалавры, Қарағанды университеті Е.А. Бокетова,

Қазақстан, Қарағанды

Қазіргі өзекті мәселелердің бірі білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін дамыту болып табылады. Зерттеу құзыреттілігі – бұл тиімді оқу-зерттеу және ғылыми зерттеу жұмысына, тәжірибелік жұмыстар жасау арқылы білім алушының өзін-өзі жетілдіруге дайындық.  Бүгінгі таңда әрбір білім алушыға зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру қажет. Қазіргі заман талабына сай жоғары технологиялық инновациялар мен әзірлемелер біздің өміріміздің барлық салаларын өзгертіп жатыр. Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде  «STEM» жобасы аясында гидропоника зертханасы жұмыс жасауда. STEM – білім-беру - инженерлік шығармашылық пен математика, жаратылыстану ғылымдары мен технологияларының кіріктірілуі негізінде жоба және пәнаралық амалдарды байланыстыратын жаңаша ойлау және жаңа технологияларға бағытталған ғылымдардың бірігуі. Бұл жобада оқушылар өсімдіктерді топырақсыз жасанды ортада өсіру әдісімен, яғни гидропоникамен танысады. Гидропоникалық жүйені өздігінен жасайды, жасанды қоректік ортаға қосады және өсімдіктерді өсіреді. Эксперименттік жұмыстар биология сабағынан тыс факультатив сабақтарында жүзеге асырылады. Яғни, биология сабағында оқушының алған теориялық білімін іс-жүзінде тәжірибеде қолдану дағдыларын дамытады. Жұмыс барысында эксперимент, бақылау, салыстыру, талдау әдістерін қолдана отырып, гидропоника мен тамшылап суару арқылы өсімдіктер өсірілді. Эксперимент жасау барысында арнайы күнделік басталып, барлық ақпараттар жазылып отырылды. Эксперименттік жұмыстарды жүргізудің мақсаты - оқушылардың білу және істей алу қабілеттерін өнертапқыш шешімдер, зерттеушілік қызметтер және тәжірибелік форматта көрсету[1,2]. Зерттеу нәтижесінде гидропоника арқылы өсімдікті өсірудің тамшылап суаруға қарағанда артықшылықтары байқалды. Бір қалыпты минералды қоректену мүмкіндігі бар екендігі, уақытты үнемдеуге тиімді, сонымен қатар өсімдіктер ауруды қоздыратын зиянкестерден зардап шекпейтіні анықталды.

Факультатив сабақтар биологияның практикалық құндылығын көрсетеді, оқу іс-әрекетін жандандыруға мүмкіндік береді. Эксперименттік оқыту кезеңінде тәжірибелік жұмыстарды жасау бесінші сынып оқушыларының оқуға деген көзқарасына оң әсер еткені анықталды (1-кесте). Бірінші жылы 8%-ға артқандығын, ал екінші жылы 15%-ға артқандығын байқаймыз.

 

1-сурет. 2022-2023 және 2023-2024 оқу жылдарындағы білім Сапасы

 

Осы жоба аясында білім алушылардың сыни тұрғыдан ойлауы, белсенді қарым-қатынас құру және командамен жұмыс жасап, биология пәніне қызығушылықтары артып, жобаларға креативті және жаңашыл көзқарас таныта бастады. Зерттеу жұмыстармыен айналысқан дарынды оқушылар түрлі облыстық, республикалық, халықаралық жоба сайыстарынан жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар оқушылардың функционалдық сауаттылықтары, олардың өмірлік және кәсіби перспективалары, өз күштеріне деген сенімділіктері арта түсті. Оқушылардың іліміне оң көзқарас деңгейі, білім сапасы артты. Зерттеушілік құзырет – оқу процесінде де, ересек өмірге шығу кезінде де қажет.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Давыдов Ю.Ю., Козина К.С., Зайцева О.А., Рагимов Р.Г. Формирование исследовательских компетенций школьников в условиях дополнительного биологического образования. - 2022. - №1. – С. 28-33
  2. Букреева, И.А. Учебно-исследовательская деятельность школьников как один из методов формирования ключевых компетенций. / И.А. Букреева, Н.А. Евченко // Молодой ученый. – 2012. – 135 с.
Удалить статью(вывести сообщение вместо статьи): 
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.