Поздравляем с 9 мая!
   
Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: CLXXXIV Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 07 марта 2024 г.)

Наука: Педагогика

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Қанатқызы А. ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ “4К” ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ДАМЫТУ // Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ: сб. ст. по мат. CLXXXIV междунар. студ. науч.-практ. конф. № 5(183). URL: https://sibac.info/archive/meghdis/5(183).pdf (дата обращения: 09.05.2024)
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ “4К” ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ДАМЫТУ

Қанатқызы Айсәуле

магистрант, педагогика және психология кафедрасы, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті,

Қазақстан, Алматы қаласы

АННОТАЦИЯ

XXI ғасыр басқа ғасырлардан популяция санынымен және әртүрлі салалардығы ауқымды өзгерістерімен ерекшеленеді. Және бұл экономика, политика, технология, білім саласындағы енген өзгерістерімен де ерекшеленеді. Осының ішінді білім беру саласы XXI ғасырдағы салалардың ішінде осы ғасырға сай ұрпақ тәрбиелеудегі жауапкершілікпен маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, білім беру саласы жас өркеннің сандық технологияны меңгеруге қажетті қабілеттер мен дағдыларды да үйренуіне жауапты болуы тиіс. Білім саласындағы ғалымдардың пайымдауынша, білім беру жүйесі XXI ғасыр үйренушілерінің қажеттіліктеріне сай білім, дағды, қабілетті қамтитындай қайта өңдеуден өтуі керек. Бұл оқушылардың заман талабына сай өздерінің “soft skills”- ын дамытуына түрткі болады.

ABSTRACT

The 21st century differs from other centuries in terms of population size and large-scale changes in various industries. And it differs from the changes in the field of economy, politics, technology, and education. Within this, the field of education plays an important role among the fields of the 21st century with the responsibility of educating the generation for this century. In addition, the field of education should be responsible for learning the abilities and skills necessary for mastering digital technology. According to scientists in the field of education, the educational system should be reworked to include knowledge, skills, and abilities in accordance with the needs of students of the 21st century. This will motivate students to develop their "soft skills" in accordance with modern requirements.

 

Кілт сөздер: сыни ойлау, шығармашылық ойлау, коммуникация, коллаборация, “4К” құзыреттілік.

Keywords: critical thinking, creative thinking, communication, collaboration, “4C” competence.

 

Қазіргі таңдағы жылдам өзгерістер әр адамның жаңа қиындықтарға дайын болуын талап етеді. Кең ауқымды глоболизация мен технологиялық қолданыстардың енуі адамдардың қалай мәселелерді шешуіне, адамдармен жұмыс істеуіне, коммуникациялық қабілеттерін қолдануына өз әсерін тигізуде. Білім беру саласы бұл жаһандану үдерісінде маңыздылыққа ие, себебі, оқушылардың осы қиындықтарды еңсеруіне және өз саласында табысты болуға қажетті қабілеттерді бойына сіңіре алады. Бұл мәселеде ескерер жайт- бүгін үйренген дағды ертеңгі өмірге керек болмай қалу ықтималдылығы, және ақпараттық сүзгінің болуы болып табылады [1, б. 150].

XXI ғасырдағы өзгерістерге икемделу үшін ең қажетті дағдылардың жиынтығы анықталды. Оларды The Partnership for 21st Century Learning's (2009) үш категорияға бөлді: (1) өмірлік және кәсіптік, (2) үйрену және инновациялық, (3) информациялық және медиа, технологиялық дағдылар. Бұлардың барлығы XXI ғасыр үшін ең маңызды қабілеттер болып табылады.

XXI ғасыр табысты болу үшін арнайы дағдылар мен тәжірибе және сауаттылық, білімді қажет етеді. Ледвард пен Хиратаның айтуынша, технологиялық сауаттылықтан бөлек, сыни ойлау, ұжымдастық, проблемаларды шеше алу, коммуникациядағы біліктілікті де қамтиды. Бұл дағдылар адамға ақпаратты меңгеруге және талдау жасап, оны жеткізе білуге, әртүрлілікпен ұжымдасуға және шиеленген  мәселені шешуге, әртүрлі жаңа  инновациялық технологияларды қолдана отырып жаңа білім алуға және беруге мүмкіндік береді [2, б. 10].

Partnership for 21st-century learning 2001 жылы Вашингтонда негізі қаланған ұлттық ұжым және бұл ұжымның мақсаты XXI ғасырдағы үйренушілердің заман талабына сай өмірлеріне қажетті  білім алуына, оқушылар, ата-аналар, білімберушілер мен үкіметпен бірлесе жұмыс атқару арқылы қадағалау. Бұл ұжым үйренушілерге жаңа заманға керекті негізгі 18 дағдыны анықтаған еді, уақыт өте келе бұл тым көп деп есептелініп, негізгі 4 дағды: сыни ойлау, шығармашылық ойлау, коммуникация және коллаборация қалдырылды. Және ағылшын тілінде бұл дағдылар “С” әріпінен басталатындықтан “4С” дағдысы,яғни “4К” болып аталды [3, б. 231].

Бірнеше зерттеушілердің XXI ғасыр дағдыларының эффективтілігін дәлелдеу мақсатында жасалған тәжірибелер туралы жазылған еңбектер де бар. Солардың бірі ағылшын тілін оқудаlistening  және speaking  қабілеттеріндегі эффективтілігін сынау бағытында болды. Тәжірибе жоғарғы сынып оқушыларына жасалған. Және барлығы 55 қатысушыдан тұратын бақылау және эксперименттік сыныптарға бөлінген. Нәтижесінде, “4К” дағдысының оқу үдерісіне оң әсері тигені туралы айтылған [4 б. 35].

Зерттеу нәтижелері. “4К” құзыреттілігін химия сабағын оқытуда дамыту мақсатында 2024 жылы зерттеу жүргізілді. Зерттеуге жалпы 48 оқушыдан тұратын жоғарғы сынып оқушылары қатысты.Оқушыларды бақылау және эксперименттік сыныпқа бөліп,диагностикалық сауалнама алғаннан кейін, оқу үдерісіне “4К” дағдыларын шыңдауға арналған сингапурлық “Tic-tac-toe”, “Corners”, “Table Round”, “Quiz-quiz-trade” атты әдістермен жалпы 2 сабақты қамтыған тапсырмалар орындатылды. Соңында, қайтадан “4К” құзыреттіліктерінің деңгейін анықтауға арналған сауалнама алынды. Қорытындылай келе, бақылау сыныбындағы оқушылар 1,4% прогресс жасаса, экспериментік сынып 8,4% прогресс жасады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Алисмайл Х.А XXI ғасыр стандарттары мен оқу бағдарламасы: Ағымдағы зерттеулер және тәжірибе: Білім және тәжірибе журналы, №23., 2015.–150-154 б.
  2. Амалия С.Р Оқушылардың XXI ғасыр дағдыларын жүзеге асыруға деген көзқарасы: Шет тілін оқытудағы американдық кеңес, №13., 2011.– 10-12 б.
  3. Бедир Х. Мұғалімдердің XXI ғасырдағы оқуға деген сенімдері мен түсініктері және инновациялық дағдылар (4С). Тіл және лингвистикалық зерттеулер журналы,  №15., 2019.–231 -246 б.
  4. Хамид А., Фатем А және Мансур Х. XXI ғасыр дағдыларын оқытуға кіріктіру. Ағылшын тілі: Оның тыңдау және сөйлеу дағдыларына әсерін зерттеу. Ағылшын тілін оқытудағы I- Manager журналы, №7., 2017.–35 б.
Удалить статью(вывести сообщение вместо статьи): 
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.