Поздравляем с 1 мая!
   
Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: CLXXIII Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 21 сентября 2023 г.)

Наука: Философия

Секция: Религиоведение

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Бейсенбай А.Қ. ИСЛАМДАҒЫ ИСТИХАЛЕ МӘСЕЛЕСІ // Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ: сб. ст. по мат. CLXXIII междунар. студ. науч.-практ. конф. № 18(172). URL: https://sibac.info/archive/meghdis/18(172).pdf (дата обращения: 30.04.2024)
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ИСЛАМДАҒЫ ИСТИХАЛЕ МӘСЕЛЕСІ

Бейсенбай Аружан Қуанышқызы

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің теология факультетінің магистранты,

Қазақстан, Түркістан қ

ISSUE OF ISTIKHALE IN ISLAM

 

Aruzhan Beisenbay

Master of the faculty theology of the International Kazakh-Turkish University named after Khoja Ahmet Yasawi,

Kazakhstan, Turkestan

 

ИСТИХАЛЕ В ИСЛАМЕ

Бейсенбай Аружан

магистрант факультета теологии Международного казахско-турецкого университета имени К.А. Ясави,

Казахстан, г. Туркестан

 

АҢДАТПА

Ислам дінінде халал мен харам үлкен маңызға ие ұғымдардың  бірі болып саналады, сондықтан күнделікті өмірде бұл атаулар мұсылман адамы үшін басты мәселелердің бірі. Бұл мәселелердің басында тамақ, сусындар, дәрі-дәрмек, косметика және тазалау материалдары тұр. Өйткені қазіргі таңда тамақ өнеркәсібінде қолданылатын тағамдық қоспалар ислам діні тұрғысынан халал/харам және таза/нәжіс болған шикізаттардан алынады. Белгілі болғандай, бүгінде тамақ, фармацевтика, косметика және тазалау өнеркәсібінде алкоголь, өлі жануарлар, доңыз өнімдері және ислам діні бойынша кейбір нәжіс қоспалары да әртүрлі мақсаттарда әртүрлі тәсілдермен қолданылады. Осыған байланыстыислам фақихтарының бұл қоспалардың үкімін анықтаудағы негізгі бастама классикалық фақихтардың истихале және тұтыну мәселелеріне қатысты келтірген шешімдері болып табылады. Осы мәселемен айналысатын ислам заңгерлерінің бір бөлігібұл жағдаяттықиындатса, басқалары жеңілдетеді. Бір ізді қорытынды болмаған жерде мұсылмандардың мұндай мәселелерде екі ұшты болуына себеп болады. Сондықтан халал мен харамға байланысты мәзһабтардың әдіс-тәсілдік көзқарасы мен ұқсас мәселелерге әкелген шешімдеріне, яғни мектеп жүйесіне сәйкес әрекет етіп, баға беруді дұрыс деп санаймыз. Сол себепті Ханафи, Малики, Шафии және Ханбали мәзһабтарының истихале және тұтынудың табиғаты туралы теориялық түсініктерін және олар көрсеткен мысалдарды ашқаннан кейін осы екі әрекеттің фиқһтағы нәжіс заттардың үкіміне әсерін қарастырамыз.

ABSTRACT

In the Islamic religion, halal and haram are considered one of the most important concepts, so these names are one of the main issues for a Muslim in everyday life. At the top of these problems are food, beverages, medicines, cosmetics and cleaning materials. Because food additives used in the food industry today are obtained from raw materials that are halal/haram and clean/impure from the point of view of Islam. As it is known, today alcohol, dead animals, pig products and some faecal impurities are used in different ways for different purposes in the food, pharmaceutical, cosmetic and cleaning industries. In this regard, the main starting point for Islamic jurists in determining the ruling of these mixtures is the rulings given by classical jurists regarding the issues of istikhale and consumption.

Some of the Islamic jurists who deal with this issue complicate the situation, while others make it easier. In the absence of a coherent conclusion, it is the reason why Muslims are ambivalent about such issues. Therefore, we believe that it is correct to act and evaluate according to the methodical approach and solutions of the madhhabs related to halal and haram, which led to similar problems, that is, the school system. Therefore, after revealing the theoretical concepts of the Hanafi, Maliki, Shafi'i and Hanbali schools about the nature of istikhale and consumption and the examples they show, we will consider the impact of these two actions on the ruling of impure things in fiqh.

АННОТАЦИЯ

В исламе халяль и харам считаются одними из важнейших понятий, поэтому эти названия являются одним из главных вопросов в повседневной жизни мусульманина. На вершине этих проблем находятся продукты питания, напитки, лекарства, косметика и чистящие средства. Потому что пищевые добавки, используемые в настоящее время в пищевой промышленности, получают из халяльного/харамного и чистого/нечистого сырья с точки зрения ислама. Как известно, в настоящее время в пищевой, фармацевтической, косметической и клининговой промышленности по-разному используют спирт, трупы животных, продукты свиноводства и некоторые смеси экскрементов. В этом отношении основной отправной точкой исламских юристов в определении правил этих смесей являются решения, данные классическими юристами по вопросам истихала и потребления.

Некоторые исламские юристы, занимающиеся этим вопросом, усложняют ситуацию, а другие облегчают ее. Вот почему мусульмане двойственно относятся к таким вопросам, потому что нет единого вывода. Поэтому мы считаем правильным действовать и оценивать в соответствии с методическим подходом и решением мазхабов, связанных с подобными проблемами, т.е. халяль и харам, доведенными до школьной системы. Поэтому после раскрытия теоретических утверждений ханафитской, маликитской, шафиитской и ханбалитской школ о природе истихали и потребления и примеров, которые они показывают, мы рассмотрим влияние этих двух действий на управление нечистыми вещами в фикхе.

 

Кілт сөздер: Тағамдық қоспалар, тұтыну, истихале, истихлак, халал, харам.

Keywords: Food additives, consumption, istikhale, istikhlak, halal, haram.

Ключевые слова: пищевые добавки, потребление, истихале, истихлак, халяль, харам.

 

Кіріспе

Қазіргі таңда халықтың салауатты тамақтану туралы хабардар болуының арқасында әлемде және елімізде халал тағамға сұраныс артып келеді. Тағам халал ретінде анықталуы үшін: шикізат, қоспалар, көмекші материалдар, өңдеу жағдайлары және қолданылатын орау материалдары ислам ережелеріне сәйкес келуі керек. Халал тағамның ережелері Құрандағы кейбір аяттарға және Пайғамбарымыздың сүннетіне және хадистеріне негізделген. Құран мен хадистерде айтылған тыйым салынған тағамдардан басқасы Алланың берген нығметтерінің ішіндегі халалы болып саналады.[1]

Дүние жүзіндегі адамдарұстанатын дініне қарай тұтынатын тағамдарына мән береді. Мысалы, мұсылман халқы тағамдарының құрамы халал екеніне көз жеткізіп барып тұтынады.

Мұсылмандар саны қазіргі уақытта ең үлкен діни топ болып табылатын христиан халқынан асып түседі деп болжануда. 2015 жылы 1,8 миллиард болған және әлем халқының 24,1 пайызын құрайтын мұсылмандар саны 2060 жылы 70 пайыз өсіммен 3 миллиардқа жетеді деген болжам бар. Бұл көрсеткіште басқа діни топтармен салыстырғанда, мұсылмандар ең жылдам дамып келе жатқан діни топ ретінде атап өтіледі. [1] Бұл да халал тағамды тұтынудың арта түсетінінің белгісі.

Жоғарғы да айтылғандай, тағамды тұтыну әдеттеріне әсер ететін ең үлкен факторлар; діни сенім, мәдени, әлеуметтік және дәстүрлі өмір. Зерттеулер көрсеткендей, белгілі бір топтағы адамдардың 76%-ы халал тағам туралы түсінікке ие болса, олардың 55%-ы ислам қағидалары бойынша дайындалған өнімдерді қалайды. Бұл дегенімізхалал өнімдерді бағасының қымбат болғанына қарамастан халықтың сатып алуға дайын екенін көрсетеді.[1]

Қазіргі таңда кейбір тағамдардың, тазалағыш заттар мен дәрілердің құрамында ислам тұрғысынан нәжіс қоспалары болатыны баршаға белгілі жәнебұл мәселе өз елімізде болсын, басқа елдерде болсын, барша мұсылмандарды толғандыратын мәселе. Өйткені жаһанданған шағын ауылда (әлемде) барлық адамдар бірге тұрады және әлемнің бір шетінде өндірілген кез келген өнім екінші шетіндегі халыққа бір уақытта жеткізілуі мүмкін. Тағамдық қоспалар доңыз етінен, исламдық әдіспен сойылмаған малдардан, алкоголь сияқты харам/нәжіс заттардан, өлі малдардан, яғни ислам діні бойынша пайдалануға рұқсат етілмеген өнімдерден алынса, мұсылмандар жасалған өнімдерді пайдалана ала ма? қоспалар қандай көздерден алынды?Мақалада осы сұрақтар қойылып және олардың жауабы беріледі. Ескеретін жағдай сұрақтарға жауап іздегенде, тағамдық қоспалар араласқан өнімдердің өзгеретінін немесе бастапқы қалпын жоғалатынын білу маңызды. Бұл тұрғыда истихала және истихлак ұғымдарын қолданамыз. [2]

Сөздіктегі истихале сөзінің тілдік мағынасы.

Истихале бір нәрсенің бастапқы күйінен екінші күйге өзгеруі, түрленуі немесе бір нәрсенің сипатын да, сапасын да өзгерту дегенді білдіреді.

Құқық тілінде истихале сөзінің мағынасы.

Истихале дегеніміз кез келген заттың құрылымы (ақиқаты) мен сипаттары өзгерген кезде өзінен мүлде басқа затқа айналуы, ол заттың истихаледе химиялық өзгеріске ұшырайтынын атап көрсетеді. Мысалы, отпен жануда нәтижесінде мал тезегін алатын болсақ өзінің табиғаты мен белгілері жағынан өзінен мүлде басқа нәрсеге, яғни күлге айналады.[3] Яғни истихале процесінде зат өзінің табиғаты мен қасиетін жоғалтып, басқа затқа айналады. Қарастырылып отырған мысалдағыдай, енді малдың тезегі емес, оның орнына күл бар. Осы тұрғыдан алғанда истихәлдің көрсеткіші истихәл деп айтылған заттың ақиқатының, атауларының және сипаттарының өзгеруі деп айтуға болады. Негізінде, Мәлики фақиһтарының бірі Хаттабтың қарақұйрықтан алынған мисктің (әтір) таза  болуының себебі истихаланың сипатын ашады. Дәлірек айтсақ, миск қаннан алынғанымен, истихал нәтижесінде қан ақиқат пен сипаттарынан айырылып, басқа сипаттарға ие болып, өзіне ғана тән жаңа миск (әтір) есіммен аталып, осы түрлену арқылы тазарады. [4]

Истихале нәтижесінде пайда болған жаңа зат сапасы жағынан бұрынғысынан ерекшеленеді. Осы тұрғыдан истихәлені жүзеге асыру үшін екі шарт алға тартылады:

1. Ислам тұрғысынан нәжіс затты элементтік немесе химиялық түбірлерге бөлу керек.

2. Жаңа зат өзінің сипаттары жағынан бұрынғыдан мүлде өзгеше болуы керек.[3]

Осы мәліметтерге сүйене отырып, истихәлені химиялық түрлендіру деп айтуға болады. Өйткені мұндағы негізгі мәселе – заттардың түрленуі. Материя өз табиғатының өзгеруі арқылы түрленеді. Мысалы, сірке суына айналған шарап, өзінің табиғатын өзгертіп, басқа затқа, яғни сірке суына айналды. Ал екінші жағынан, ірімшікке айналған сүттің, ұнға айналған бидайдың немесе нанға айналған ұнды алсақ табиғаты өзгерген жоқ. Материя болмысты өзгертпей, яғни атрибуттардың түрленуімен өзінің ақиқатын жоғалтпайды.

Истихаланың жүзеге асу формалары

Жану: Истихала отқа жағу арқылы да болады. Мысалы нәжіс мал көңінің отқа жағылғанда күлге айналуы осы жағдайға мысал бола алады. Өйткені мұнда таза емес зат түрленеді;

Төңкеріс және ұзақ уақыттың өтуі: Өлген жануардың жерге араласып, ұзақ уақыт өткеннен кейін жерге түсуі де истихаланың мысалы. Өйткені топырақ оған қосылатын заттардың құрылымын өзгертіп, топырақ етеді.

Химиялық жолмен истихәле: белгілі бір химиялық процестерден кейін өлген жануардың сүйегінен жақпа алуы мысал ретінде көрсетілген.

Ал кейбір өзгерістер истихала болып көрінгенімен, нәжісті тазартатындай заңды мағынада истихала болып саналмайды. Мысалы қуыру, ұнтақтау, бөлшектеу, заттың пішінін өзгерту немесе орнын өзгерту шариғат тұрғысынан истихала емес.[4]  Демек, бастапқы атауы мен қасиеті жағынан шикізаттың айырмашылығы болмаса, олар шариғи истихала болып саналмайды. Өйткені фиқһ деректерінде истихәле үшін келтірілген мысалдарда заттың құрылымында өзгеріс болуы керек екенін түсіндіреді. Сол себепті ислам фақиһтары нәжіс заттардың химиялық түрленуі туралы мәселеде  мамандармен кеңесу керектігін және егер бұл мамандар шын истихала болғаны туралы мәлімет берсе, истихала деп айтуға болатынын айтады.[4]

Халал, Харам және күдікті тағамдар.

Бүгінгі таңда халал азық-түлік өнімдерінің әлемдік нарықтағы коммерциялық құны 600 миллиард АҚШ долларына жетті және жыл сайын 20%-дан 30%-ға дейін өсу қарқынымен өсуін жалғастыруда. Индонезия, Үндістан, Пәкістан және кейбір Таяу Шығыс елдері әлемдік халал азық-түлік нарығында ең үлкен үлеске ие болса, Африка, Малайзия және Солтүстік Америка өздерінің үлкен және өсіп келе жатқан мұсылман халқымен бұл нарықтан айтарлықтай үлес алу мүмкіндігіне ие.[5] Дегенмен, халал өнімдердің қолжетімділігі өсіп келе жатқан мұсылман халқының санымен салыстырғанда шектеулі, өкінішке орай, ислам елдеріндегі тұтынушылардың халал азық-түлікке деген сұранысын негізінен мұсылман емес елдер қанағаттандырады. Таяу Шығыс елдерінде Бразилия мен Австралия сияқты елдерден сұранысқа ие халал ет жеткізілімі осы жағдайдың мысалы болып табылады (Soesilowati, 2010). Халал тағамды тек мұсылмандар ғана емес, сонымен қатар жоғары сапалы және таза деп санайтын көптеген мұсылман емес тұтынушылар да таңдайды. Сондықтан халал азық-түлік нарығы Еуропа, Оңтүстік Америка және Азия-Тынық мұхиты елдері сияқты мұсылман емес елдерде айтарлықтай прогреске қол жеткізді (Talib et al., 2016).[5] Халал тағам деп даладан дастарханымызға дейінгі келетін жолдарының барлық кезеңінде исламдық әдістермен дайындалған тағамды айтады. Неғұрлым егжей-тегжейлі анықтама берсек: Халал тағам - бұл Алла Тағала адамдарға таза әрі пайдалы еткен тағамы яғни өсімдік, жануар немесе микробтық текті шикізат пен қоспалардың өндіріс кезеңдері, өндіріс орны және пайдаланылатын қаптамасы Ислам ережелеріне сәйкес келетін тағам. Ал «Харам» бұл Алла Тағала адамдарға жаман (лас) және  зиянды  деп таныған тағамдары.[6] Осы екі анықтамаға қатысты Алла Тағала Құран Кәрімнің аятында (2/168): "Әй, адам баласы! Жер бетіндегі болған халал,таза нәрседен жеңдер..." болса, екінші аятта (2/173): "Шынайы түрде сендерге өлексені, арам өлген малды, қанды, доңыз етін Алладан басқаның атымен сойылғанды  арам қылды...».

Халал - діни тұрғыдан заңды, рұқсат етілген және лицензияланған дегенді білдіреді. Харам - керісінше діни түрде тыйым салынған, заңсыз немесе жарамсыз дегенді білдіреді.[6]

Бүгінгі таңда тұтынушылардың денсаулыққа деген алаңдаушылығынан құрамы таза, салауатты және гигиеналық талапқа сай, халал тағамға сұраныстары артуда. Бұл жағдай азық-түліктің жаһандық деңгейде қабылдануына ықпал етті.Халал тағам пайдалы тағаммен байланысты, өйткені оның құрамында әртүрлі сапа жүйелері бар.Салауатты тамақтану – теңгерімді және теңдестірілген тамақтану тәсілі Алланың жаратқан табиғатын сақтайды. Ал, шамадан тыс тамақ жеу –адам бойында қарсылық білдіретін мінез-құлықты қалыптастырады және Алла Тағаланың адамзатқа аманат еткен өмірін қатерге тігеді бұл дінімізде дұрыс емес.Әр бір адамсаналы түрде өзіне аманат етілген психикалық және физикалық денсаулығын қорғауға міндетті. Аллаһ Тағала Құран аяттарында мұсылмандардың ішіп-жеу әдеттерін өсиеттерге сай реттеуін қалайды. Сонымен қатар, мұсылмандарға Құранда Алланың халал еткен жақсы және көркем нәрселерге тыйым салынбауы ескертілген: «Әй, мүміндер! Алланың сендерге халал еткен жақсы нәрселерді арам етіп шектен аспаңдар. Шынында Алла шектен шығушыларды жақсы көрмейді» (Мәида/87).Өйткені халал мен харам ету құзіреті тек Аллаға ғана ие және бұл билік оның рұқсатымен пайғамбарларға берілген (Араф/157). Бұдан бұрын да айтылғандай, кейбір аяттарда Алла Тағала: Өлік, қан, доңыз етін және біреудің атымен сойылған мал етін тыйып (Нахл/115; Бақара/173) Алланың атымен сойылған малдың етін ғана жеуге бұйырды (Әнәм/118 және). 121). [5] Тағы да Алланың берген құзырымен пайғамбарымыз азу тістері бар тырнақты жыртқыштарды, лас нәрселерді жейтін жануарларды, жиіркенішті жәндіктерді жеуге тыйым салған (Бұхари,29; Муслим Сайд, 12-16). Демек, доңыз, мысық, ит, маймыл, кірпі сияқты құрлық жануарларын және арыстан, жолбарыс, қасқыр, гиена, түлкі сияқты жабайы жануарларды тұтынуға ислам дінінде тыйым салынған. Сонымен қатар, бақа, шаян, жылан, тышқан, шегіртке сияқты қаны жоқ немесе жиіркенішті жәндіктер, шыбын-шіркей, кене сияқты таза емес деп саналатын жануарлардан басқа жәндіктердің барлық түрлерін жеуге тыйым салынады.

Алланың атымен сойылмаған малдың етінен, өлексенің, қанның және доңыздың етінен, суға батып өлген немесе соғылып өлген малдың етінен, жыртқыш құстар немесе жыртқыштар кесіп алған мал етінен басқа да мүйізденіп өлгендерге Құран аяттарында  тыйым салынған. Бұл тыйымдардың адам өміріне қаншалықты маңызды екеніне дәлелдер бар. Мысалға Малдың өлекселері мен өлі еттері ыдырау кезінде түзілетін химиялық заттардың адам денсаулығына зиянын тигізетіндіктен тұтынуға жарамсыз. Тағы да малдың қанына қатысты сойылғаннан кейін төгілген қанның құрамында организмде реакциядан кейін пайда болған кейбір паразиттер мен токсиндер болғандықтан, оны тұтыну адам денсаулығына зиян келтіреді. Сонымен қатар, доңыз майына тиым салынуы, доңыз майының қышқылдық құрамы адамның майына және биохимиялық жүйесіне сәйкес келмейтіні және оны тұтыну адам денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін екендігі айтылады. [6]

Шараптың сірке суына айналудағы үкімі.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, истихале дегеніміз заттың өз табиғаты бойынша өзгеріске ұшырап, басқа субстанцияға айналуын білдіреді. Алайда истихалға ұшыраған нәжіс нәрсенің таза (тахир) болуы ғұламалар арасында даулы мәселелердің бірі. Мұнда классикалық кезең еңбектеріндегі истихәле мысалдары және осы мысалдарға қоса берілген ережелер қарастырылады.

Шарапты сірке суына айналдыру мәселесі классикалық фиқһ еңбектерінде екі тұрғыдан қарастырылады, атап айтқанда шараптың сірке суына өздігінен айналуы және оның сыртқы араласу арқылы түрленуі. Шарап өздігінен сірке суына айналса, төрт мәзһабтың бірлестігімен таза болады.[11] Сонымен қатар, адамдардың араласуымен түрленсе,бұл Ханафи және Малики мәзһабтары бойынша таза болады.Шарап сірке суына айналған соңқолдануға рұқсат етілген. Өйткені, шараптың сірке суына айналуы – таза күйге өзгеруі. Сірке суына айналған шарап бастапқы сусын ретіндегі күйін жоғалтады.

Доңыз өнімдерінен алынатын дәрілік заттарды тұтыну үкімі.

Құрамында доңыз майы бар дәрілердің қажеттілік болса қолдануға рұқсат етілгендігі туралы мәселенi айтатын болсақ. Мысалы, қант диабетімен ауыратын адамдарды емдеуде қолданылатын доңыздың ұйқы безінен алынатын инсулин инъекциясының таза ма, жоқ па деген мәселе ислам фақиһтары арасында даулы мәселе. Кейбір ғалымдар доңыздың ұйқы безінен инсулин инъекциясын алу кезіндегі химиялық әрекеттерден кейін, оның ақиқатының әртүрлі қасиеттері мен атаулары бар жаңа затқа айналғанын ескеріп оны қажет болса қолдануға болатынын айтады.Өйткені емделу – аштықпен бірдей. Аса аш адам доңыз етін шамасы келгенше жей алады, сол сияқты қант диабетімен ауыратын науқас тақұрамында доңыз өнімдері бар препараттарды қолдана алады.[8]

Материалдарда доңыз жүнін қолданудың үкімі.

Тағы бір талқыланатын мәселе – материалдарда доңыз жүнін қолданудың діни үкімі. Қырыну және әктеу щеткаларында кездесетін қылшықтардың бір бөлігі доңыз қылшықтары екені және мұсылмандардың көпшілігінің бұл щеткаларды пайдаланатыны айтылады. Олардың пайымдауын классикалық ғалымдардың көзқарастарынан алуға болады. Төрт мәзһаб бойынша доңыз еті нажіс болғандықтан оның еті мен майы сияқты сүйектері мен басқа бөліктері де харам болып табылады. Алайда шаштың үкіміне қатысты ғалымдар арасында келіспеушіліктер бар. Әбу Ханифа доңыздың жүнінен тек аяқ киім тігу үшін ғана қолдануға болады дейді. Алайда, доңыз жүнін тазалауға қатысты Әбу Ханифадан екі риуаят бар, олриуаят бірінде доңыздың жүні таза.  Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммедтің де осы пікірде болғаны хабарланады. Басқа бір риуаятта нәжіс, бірақ қажеттілікке байланысты етік тігуде қолдануға рұқсат етілген.Оны басқа жұмыстарға пайдаланудың зияны жоқ екені айтылады.[8]Ал, Шафиғи мәзһабы бойынша пайдалануға тыйым салынған. Ахмет  Ханбалдан жеткен екі риуаяттың бірі доңыз жүнімен аяқ киім тігуге рұқсат етілсе, екінші риуаят бойынша мәкрүһ. Осы көзқарастарға сүйене отырып, доңыз жүнінен қылқалам жасауда пайдалану туралы мәзһабтардың жалпы түсінігі бойынша, доңыздың жүнін қажеттіліктен қылқалам жасауға болады. Малики мәзһабы бойынша оны кез келген жағдайда және әр салада қолданудың зияны жоқ. Шафийлердің көзқарасы бойынша, қажет болған жағдайдан басқа жағдайда пайдалану харам. Ханбали мәзһабының түсінігі бойынша оны қолдану жаиз немесе мәкрүһ.[10]

Нәжіс суымен суарылған немесе жануарлардың көңімен өсірілген өнімдердің үкімі.

Тақырыбымызға байланысты тағы бір назар аударуды қажет ететін мәселе – нәжіс суы немесе мал көңімен өсірілген дақылдарға қатысты фиқһ ережесі. Ханафи мәзһабында нәжіс сумен суарылған ауылшаруашылық өнімдерін пайдалану харам емес екені айтылған. Негізінде, фуқаһалардың көпшілігі бойынша бұл өнімдерді пайдалану тіпті мәкрүһ емес.[11] Екінші жағынан, ғалым Бедреддин әл-Айни ауыл шаруашылығы өнімдері мен нәжіспен өсірілген жемістерді пайдаланудың харам, тіпті мәкрүһ емес екенін айтады. Алайда фуқаһалардың көпшілігі нәжіс суымен суарылған егіннің мәні таза болатындығын, оның сыртқы беті, керісінше, жуу арқылы таза болатыны айтады. Сонымен қатар, бұл өнімдер нәжіс сумен суарылғаннан кейін таза сумен суарылса, таза болады. Бірақ имам Мәликтен нәжіспен өсірілген өсімдіктерді жеудің мәкрүһ екендігі риуаят етілген.[10]

Шафиғи ғалымдарының айтуынша, нәжіс суымен суарылған немесе малдың көңімен өсірілген егіншілік өнімдері таза. Сондықтан сыртқы беттері де жуу арқылы таза болады. АлХанбали фақиһтары арам сумен суарылған немесе мал тезегімен ұрықтандырылған ауыл шаруашылығы өнімдері мен жемістерді харам деп есептейді. Бұл дақылдар нәжіс материалдармен өсірілгендіктен, бұл материалдардың бөліктері егіннің ішінде болады деген үкімдi ұстанады. Бұл мәзһаб бойынша истихала тазарту амалдарының бірі болып саналмайды. Бірақ бұл мәзһаб бойынша өнімдер лас сумен суарылғаннан кейін таза сумен суарылса, таза болады. Ал, осы мазһабтың фақиһтарының бірі Ибн Акил нәжіс суымен суарылған немесе көңмен тыңайтылған өнімдердің харамға қарағанда мәкрүһ болуы ықтимал дейді. Өйткені малдың қаны етке, одан сүтке айналғаны сияқты, ондағы нәжәсеттер де өзгеріп, истихаламен тазаланады.[12] Қазіргі Ислам фақиһтарының бірі Ясин Насир ауылшаруашылық өнімдері мен арам сумен суарылған немесе мал көңі сияқты нәжіс көңмен ұрықтандырылған ағаштардың таза екенін айтады. Қорыта айтқанда, Әбу Юсуфтан басқа Ханафи ғалымдары истихаланы Мәлики, Шафии және Ханбали мәзһабтарына қарағанда тиімдірек пайдаланады және осылайша заттар үшін тазарту және лас болу қасиеттері күмән тудырады. Негізінде Ханафи мәзһабындағы жалпы көзқарас нәжіс заттарды тазартудың бір жолы ретінде истихәлені санау болып табылады. Осыған сәйкес лас пен тазалықтың қасиеттері де өзгереді. Өйткені дүниедегі заттар бір-бірінен әртүрлі болмыстары мен сипаттарымен ерекшеленеді. Негізінде, оларға жасалған анықтамалар осы сипаттардан тұрады. Өйткені заттар өз атауын табиғаты мен қасиеттеріне байланысты алады. Мысалы шараптың, судың табиғаты мен атрибуттары. Сонымен қатар истихала нәжісті таза, харамды халал, таза затты нәжіске, халалды харамға айналдыруы мүмкін. Мысалы, жүзім шырыны таза әрі халал. Бірақ шарапқа айналғанда нәжіс әрі харам болады. Екінші жағынан, осылайша алынған шарап сірке суына айналғанда таза әрі халал болады.[14]

Истихлак пен истихала ұғымдары.

Истихлак пен истихале ұғымдарының екі түрлі ақиқатты білдіретіні айтылғанымен, бір-бірімен астасып жатқан, мысалдары бір-біріне ұқсас екі ұғым.[11]

Фукаха әсіресе «таһарет» әңгімесінде сумен араласқан сыртқы элементтердің қайсысы суды ластап, қайсысы судың тазарту қасиетін жоғалтпағанын түсіндірді. Бұл жерде харам немесе нәжіс заттардың тұтынылуы нәтижесінде халал және таза болатыны зерттеледі.Таза суға араласқан нәжіс заттың тұтынылуы немесе тұтынылмауына, судың аз немесе көп болуына және сұйық немесе тоқырау күйінде болуына байланысты шариғи үкім өзгереді.

Сондықтан судың мөлшері көп, ал нәжіс заттың мөлшері төмен болса, аз деп есептелетінін айту керек. Алайда, судың ағып жатқаны немесе тоқтап тұрғаны туралы мәселе бүгінде талқыланбайды, өйткені оның құрамында нәжіс қоспалары бар заттарды тазалауға әсері жоқ.Төрт мәзһаб арасында судың қаншалықты көп немесе аз есептелуі жөнінде келіспеушіліктер бар.

Ханафи мәзһабы бойынша судың беті 10х10 зира (шамамен 50 м2) болса және суы ұстаған кезде түбі көрінбейтіндей терең болса, тым көп болып саналады, сондықтан нәжіспен араласпаса. осы мөлшердегі суды, бірақ дәмін, түсін және иісін өзгертпесе, су таза болады және дәрет сияқты заңды тазалаудың орнына әкелуге болады. Ал судың мөлшері осыдан аз болса, лас араласқанда дәм, түс және иіс ерекшеліктерінің өзгеруі немесе өзгермеуі нәжіс болып саналады. [9]

Қорытынды

Қазіргі таңда өндірілетін заттардың қайсысы таза, қайсысы нәжіс екендігі жөнінде белгісіздік бар. Бұл екіұштылықтардың жойылуы  истихале және истихлак ұғымдарының нақтылануына байланысты. Осы ұғымдар нақтыланғаннан кейін тағамдық қоспалар немесе нәжіс өнімдерден алынған нәжіс қоспалары қолданылатын тамақ, сусын, тазалау, дәрі-дәрмек, т.б. материалдар бойынша үкім нақты ұсынылуы мүмкін.

Сондықтан истихала және тұтынудың нәжіс немесе харам заттардың үкіміне әсері зерттелетін жерлерде ең алдымен истихала және истихлак ұғымдарының табиғаты толық ашылып, олардың шеңбері нақтылануы керек.

Ханафи мәзһабында истихалға ұшыраған нәрселер таза болып саналады. Соңғы өнім заңды болып саналуы үшін бастапқы күйінен толық өзгеріс болуы керек. Ғалымдардың айтуынша, доңыздың еті ғана емес, барлық мүшелері таза емес. Құранда былай делінген: «(Мұхаммедке) айт: «Маған уахи етілгенде өлексені жеудің, қан төгудің, доңыздың етін харам деп көремін, өйткені ол арам». Ал егер кімде-кім күнә жасауды және шектен шығуды қаламай [жоғарыда айтылғандарды] жеуге мәжбүр болса, расында, Раббың Кешірімді, Мейірімді».

Коллагеннің желатинге айналуын трансформация ретінде қарастыра аламыз ба?Шындығында, коллагенмен болатын нәрсе оның химиялық және физикалық қасиеттерінің трансформациясы емес, тек осы жерде кейбір өзгерістер орын алады және бұл жерде «Истихал» принципіне қол жеткізілмейді. Бастапқы зат - коллаген және соңғы - желатиннің химиялық құрылымы біреу, ол ақуыз молекуласы.Желатин көбінесе йогурттар мен қаймақтарды, жұмсақ ірімшіктерді, кілегейлі ірімшіктерді, сығымдалған сүзбелерді, сүзбе массасын, сүтті желелерді, пудингтерді, тәтті қаймақтарды және балмұздақтарды өндіруде қолданылады. Мұсылмандар жеуге рұқсат етілген және Алланың атымен сойылған малдың сүйегінен, етінен немесе терісінен жасалған желатинді Ислам заңдары бойынша пайдалануға рұқсат етілген. Дегенмен, доңыз етінен немесе өлекседен жасалған желатиннің рұқсат етілгеніне қатысты ғалымдардың пікірі екіге бөлінеді.Кейбіреулер мұндай өнімдерге, сондай-ақ олар жасалған шикізатқа тыйым салынғанын айтады.Ал келесі бір топ, кез келген желатинді қолайлы деп санайды, өйткені ол «истихал процесіне ұшыраған» деп есептейді.

Истихаля – бір заттың екінші затқа айналу процесі, бұл кезде оның бастапқы қасиеттерінің жоғалуы орын алады және бұл зат өзінің бастапқы түріне қайтарылмайды.Осы тұрғыдан алғанда, желатин заңды болу үшін толық трансформациядан өтуі керек және оның бұрынғы күйіне ешқандай қатысы болмауы керек. Мысалы, доңыз еті «Истихал процесіне» ұшыраса, жаңа затта доңыз етінен ештеңе қалмауы керек. Желатин көбінесе коллаген құрылымын ішінара өзгерту арқылы жасалады. Бұл жағдайда өнім толық өңделмегендіктен, мұсылмандар үшін өнімнің бұл түрін пайдалануға рұқсат етілмейді (егер желатин мұсылмандар үшін тыйым салынған жануардан алынған болса). Өкінішке орай, қарапайым тұтынушы «Истихал процесінің» орындалған-өтпегенін сенімді түрде біле алмайды. Сондықтан мұсылманның Ислам рұқсат еткен жануардан жасалған өнім түрін пайдаланғаны абзал.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. «Адал ас» Юксел Чайыроғлу. Аударған: Нұрбол Қалдыбеков. Алматы, Көкжиек баспасы, 2020ж
  2. «Нажис қоспалары бар тағам, дәрі-дәрмек, косметика және тазартқыш заттардың Ислам шариғаты бойынша истихала мен тұтынудың үкіміне әсері»  Әлеуметтік зерттеулердің халықаралық журналы. Том:9, шығарылым:43. Сәуір 2016жыл.
  3. Мехмет Эрдоған, «fıkıh ve hukuku hukuki terimleri sözlüğü» Энсар Нешриат, Стамбул, 2005ж
  4. Murat ŞİMŞEKhelal gida araştirmalarinda günümüz fikih problemi olarak istihâle ve istihlâk,  cilt 1, sayı 1, 1 - 17, 12.11.2019
  5. «Business Opportunites for Halal prosucts in the Global Market: Muslim Consumer Behaviour and Halal food consumption»Endang S Soesilowati Center for economic Research Indonesian Institute of Sciences, January 2011
  6. Ибн Һумам, «Фатху ал-Қадир», 1-том
  7. «Yiyecek ve İçeceklerimizde Helal Haram Ölçüleri Hanefi Mezhebinde Yiyecek Ve İçeceklerde Helallik ve Haramlık Ölçüleri» Dr. Mustafa Boran,Ravza Yayinlari, 26.07.2019
  8. İslam Hukuku Açısından Karışımlarda İstihlak", 2. Uluslararası Helal ve Sağlıklı Gıda Kongresi Bildiriler Kitabı
  9. «Gıda katkı maddelerınde helallik ve haramlik ölçüleri» criteria for permıssıbılıty and ımpermıssıbılıty in food additives.  Mustafa Boran. Ислам құқығы бөлімі, кандидаттық диссертация, Том: 9-шығарылым: 42, Чанаккале, Түркия, ақпан 2016ж.
  10. «Құрамында тыйым салынған заттар бар өнімдерді ұсынуға тұтынудың әсері». Джумхуриет университеті, теология факультетінің журналы, 2018 ж., том: XXII
  11. Чекер Орхан, «Истихале», 1.ulusal helal ve sağlıklı gıda Kongresi. Редактор: Фатих Гултекин, Анкара, 2011, 18-23беттер.
  12. «İslam hukukuna göre istihâle ve istihlâkin necis katki maddesi içeren gida, ilaç, kozmetik vetemizlik malzemelerinin hükmüne etkisi, Әлеуметтік зерттеулердің халықаралық журналы, 9бөлім, 43-шығарылым. 04.2016ж
  13. «Бүгінгі халал тағам». Қазіргі заманғы діни мәселелер бойынша консультативтік кездесу – IV, 26-28 қараша 2011.
  14. «Helal ve güvenilir gida» Selman Türker,  Халал және этикалық зерттеулер журналы, Станбул, Заим университеті, 10.08.2020ж.
Удалить статью(вывести сообщение вместо статьи): 
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.