Поздравляем с Новым Годом!
   
Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: CLXV Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 25 мая 2023 г.)

Наука: Медицина

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Серік Н.Б. МЕДИЦИНА СТУДЕНТТЕРІНІҢ АЛАҢДАУШЫЛЫҒЫНЫҢ АЙҚЫН КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ // Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ: сб. ст. по мат. CLXV междунар. студ. науч.-практ. конф. № 10(164). URL: https://sibac.info/archive/meghdis/10(164).pdf (дата обращения: 26.12.2024)
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

МЕДИЦИНА СТУДЕНТТЕРІНІҢ АЛАҢДАУШЫЛЫҒЫНЫҢ АЙҚЫН КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Серік Назерке Болатқызы

студент, Қарағанды медицина университеті,

Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы

Жунусова Гульзат Туякбаевна

научный руководитель,

Ғылыми жетекші, педагогика ғылымдарының магистрі, Қарағанды медицина университеті,

Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы

RESEARCH ON THE SEVERITY OF ANXIETY IN MEDICAL STUDENTS

 

Nazerke Serik

Student, Karaganda medical university,

Republic of Kazakhstan, Karaganda

Gulzat Zhunussova

Scientific supervisor, master of pedagogical sciences Karaganda medical university,

Republic of Kazakhstan, Karaganda

 

АННОТАЦИЯ

Мақалада жалпы медицина және фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандықтарының студенттерін психологиялық тестілеу нәтижелері талқыланды. Екі факультеттің медицина студенттерінің алаңдаушылықтың ауырлығы университеттегі пәндерді меңгеру мен білім алудың табысты болуына әсер ететін факторлар ретінде бағаланды.

ABSTRACT

The article discussed the results of psychological testing of students of general medicine and pharmaceutical production technology specialties. The severity of anxiety among medical students of two faculties was evaluated as factors influencing the success of university subjects and education.

 

Кілт сөздер: психологиялық тестілеу, алаңдаушылық, оқу үлгерімі, тұлғалық алаңдаушылық, жағдайлық алаңдаушылық,  алаңдаушылықтың маңыздылығы.

Keywords: psychological testing, anxiety, academic performance, personality anxiety, situational anxiety, importance of anxiety.

 

Адамның қазіргі өмір сүру жағдайлары одан әлеуметтік белсенділіктің және адаптацияның жоғары деңгейін, эмоционалдық күйдің белгілі бір тұрақтылығын талап ететін жоғары динамикамен сипатталады.

Әрбір жас буын  үшін ЖОО-ға түсу- жаңа білім беру жүйесіне , жаңа әлеуметтік ортаға өту  студентке эмоционалды-психологиялық жүктеменің артуымен қатар жүреді, жеке тұлғалық  ерекшеліктері арқылы ол іс-әрекетінің барлық түрлеріне тұтастай алғанда әсер етеді.

Студенттердің оқу іс-әрекетінің табысты болуына әсер ететін факторларды қарастыратын әртүрлі зерттеулер бар. Олардың кейбіреулері жетістік жету мотивациясы мен сәтсіздіктен аулақ болу мотивациясын ажыратады. Әртүрлі зерттеулер университетте оқудың табыстылығын анықтайтын сыртқы және ішкі факторлардың мәселелерін зерттейді, мысалы, мамандыққа қызығушылық, оқу процесіне бейімделу және т.б.

Жоғары медициналық оқу орындарында оқу процесінде студенттерге жоғары талаптар қойылады, бұл студенттердің психоэмоционалдық дайындығына сәйкес келе бермейді [3,б.110]. Алдыңғы зерттеулер [1, 2] медицина студенттері арасында алаңдаушылықтың жоғары деңгейін көрсетті.

Қобалжу  және алаңдаушылық ұғымдарын ажырата білу керек. Қобалжу- бұл белгісіз қауіптілігі бар жағдайларда және жағдайдың жағымсыз дамуының көрінісінде  пайда болатын психологиялық күй. Қобалжу - ең көп таралған біртүрлі эмоционалдық бұзылулар және популяцияның 30%-да байқалады.

Алаңдаушылық-бұл жеке психологиялық ерекшелік, аздаған себептерге қатысты қатты қобалжуды бастан кешіретін адамның бейімділігінің көрінісі. Кейбір жағдайларда алаңдаушылық тұлғаның қолайсыздығының субьективті көрінісі болып табылады.

Қазіргі заманғы зерттеулер нақты сыртқы жағдайға байланысты жағдайлық алаңдаушылықты  және тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатын жеке алаңдаушылықты ажырата білуге бағытталған.

Бұл жұмыстың мақсаты-университетте оқудың табыстылығына, оқу пәндерін меңгеру сапасына және емтихандарды тапсыру нәтижелеріне әсер ететін әртүрлі курстардың медициналық студенттерінің алаңдаушылықтың ауырлық көрсеткіштерін зерттеу болды.

Алаңдаушылықты  көбінесе стресспен байланысты жағымсыз күй ретінде қарастырады. Алаңдаушылық  күйінің интенсивтілігі бойынша әр түрлі болуы мүмкін және уақыт өте келе тұлға ұшырайтын стресс деңгейіне байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ алаңдаушылық тәжірибесі адекватты жағдайдағы кез келген адамға тән [4, б.72].

Көптеген авторлар (Ю. Л. Ханин, Ч. Д. Спилбергер, А. М. Прихожан, т.б.)

«алаңдаушылық» түсінігін тұлғаның осы жағдайды бастан кешіруге бейімділігіндегі жеке айырмашылықтарға тұрақтылығын салыстырмалы түрде белгілеу үшін қолданады.

Бұл қасиет іс-әрекет кезінде тікелей көрінбейді, бірақ оның деңгейін адамның алаңдаушылық күйінің қаншалықты жиі және қаншалықты қарқынды болатынына байланысты анықтауға болады. Алаңдаушылығы басым адам  өзін қоршаған әлемді алаңдаушылық деңгейі төмен адамға қарағанда әлдеқайда көп қауіп бар деп қабылдауға бейім [4, б. 61].

В.М.Астаповтың пікірінше, алаңдаушылық – бұл жеке адамның 

эмоционалды күй болып табылатын мазасыздыққа деген бейімділігін, қысымның  субъективті  сезімін, уайымын, мұңды болжамдарын  сипаттайтын, ал физиология тұрғысынан - вегетативті жүйке жүйесін белсенділігін көрсетеді. Бұл стресстік жағдай кезіндегі  эмоционалды реакция ретінде пайда болады және қарқындылығы мен динамикасы бойынша әртүрлі болуы мүмкін [1, б.256].

Әдіснамасы

Біз өз жұмысымызда студенттердің алаңдаушылық деңгейін анықтау үшін Ч.Спилбергер – Ю.Ханиннің (1976) жағдайлық және тұлғалық алаңдаушылық деңгейін бағалау шкаласы пайдаланылды, ол алаңдаушылықты тұлғалық қасиет  және күй ретінде дифференциалды түрде өлшеуге мүмкіндік береді. Бұл тест 40 сұрақтан құралған, оның ішінде жағдайлық (1-20 сұрақтар) және тұлғалық (21-40 сұрақтар) алаңдаушылықты бөлек бағалайтын 2 бөліктен тұрады. Алаңдаушылық деңгейі келесідей бағаланды: 30 баллға дейін – төмен алаңдаушылық; 31-45 – орташа, 46 және одан жоғары балл – жоғары алаңдаушылық.

Зерттеу  1 және 3 курстың 106 студенттерінің қатысуымен өткізілді, оның ішінде жалпы медицина мектебінің 58 студенті, ал 1 курстың фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығы бойынша  48 студенті қатысты. Алынған мәліметтерді статистикалық өңдеу Microsoft Excel және Statistica 10.0 бағдарламалары арқылы жүзеге асырылды.

Тест нәтижелерін Ч.Спилбергер мен Л.Ханин шкаласы бойынша бағалау кезінде 1 және  3 курс студенттері келесі нәтижелері анықталды(1-кесте).

1-кесте.

1 және 3 курс студенттерінің жағдайлық және тұлғалық алаңдаушылықтың тарамдалуы.

Курс

Жағдайлық алаңдаушылық, %

Тұлғалық алаңдаушылық, %

төмен

орташа

жоғары

төмен

орташа

жоғары

1 курс

30%

62%

8%

10%

52%

38%

3 курс

14%

46%

40%

2%

38%

60%

                 
 

Нәтижелерге сәйкес (1-кесте), 1 курс студенттерінің 30%-да жағдайлық алаңдаушылықтың төменгі деңгейін, ал  62%-да орташа деңгейін, сонымен қатар, зерттелушілердің 8%-да жоғары деңгейін көрсетті. Егер тұлғалық алаңдаушылықты қарайтын болсақ, 10%-да төмен,  52%-да орташа және 38%-да жоғары деңгейі анықталды.

Медицина мектебінің жағдайлық және тұлғалық алаңдаушылық деңгейін 1 және 3 курс студенттері арасында салыстырғанда алаңдаушылық  бұзылыстарының ең жоғары пайызы 1 курс студенттерінде анықталды (1-сурет). Сонымен қатар 3 курста жоғары тұлғалық алаңдаушылық бар студенттер саны 1 курс студенттеріне қарағанда айтарлықтай жоғары (p<0,05).

 

1-сурет. I және III курс студенттерінің жағдайлық алаңдаушылық деңгейінің сандық талдауы

 

2-сурет. I және III курс студенттерінің тұлғалық алаңдаушылық деңгейінің сандық талдауы

 

Өте жоғары алаңдаушылық (>46) невротикалық қақтығыстар, эмоционалдық бұзылулар және психосоматикалық аурулардың болуымен тікелей байланысты болуы мүмкін.

Төмен алаңдаушылықты (<12), керісінше депрессиялық, белсенді емес, мотивация деңгейі төмен жағдай ретінде сипаттайды. Кейде тест көрсеткіштеріндегі өте төмен алаңдаушылық өзін «ең жақсы жағынан көрсету» мақсатындағы жоғары қобалжуы бар тұлғаның белсенділігінің нәтижесі болып табылады.

Нәтижелерді талдау

Осылайша, зерттеу нәтижелеріне сәйкес, университеттегі студенттердің ең көбі алаңдаушылықтың жоғары деңгейінде  екені анықталды. Мұны медицина студенттерінің оқу процесіне қойылатын жоғары талаптардың болуымен түсіндіре аламыз.

  1. 1 және 3 курс студенттерімен салыстырғанда 1 курс студенттерінде алаңдаушылық бұзылыстарының жоғары пайызы анықталды, бұл бейімделу кезеңінің өмір салтын өзгертуге реакциясымен, психикалық, эмоционалдық және физикалық белсенділіктің жоғарылауымен түсіндіріледі. 1 курс студенттерінің тұлғалық алаңдаушылықтың жоғары деңгейі тұлғаның қалыптасу үрдісінің жүріп жатқандығымен тығыз байланысты болуы мүмкін.
  2. Бірінші курс студенттерінің 8%-да ғана жағдайлық алаңдаушылықтың жоғары деңгейі байқалды. Алаңдаушылық деңгейі жоғары адамдар өздерінің өзін-өзі бағалауы мен өмірлік белсенділігіне қауіп төндіретінін қабылдауға бейім, олар деңгейі төмен адамдарға қарағанда өте айқын алаңдаушылық күйімен сипатталады.
  3. Алаңдаушылық деңгейін диагностикалау нәтижелері бойынша үшінші курста жағдайлық алаңдаушылық деңгейі төмен студенттер саны бірінші курсқа қарағанда 50%-ға аз; алаңдаушылық деңгейі жоғары оқушылар 32%-ға көп. Бұл үшінші курс студенттерінің университетте оқу кезінде сәтті бейімделгенін және осы бейімделу процесінің студент тұлғасының эмоционалды-еріктік саласына айтарлықтай әсерінің барын көрсетеді.

Алаңдаушылықтың пайда болуына ықпал ететін факторлары: студенттердің өз уақытын және күш-жігерін дұрыс бөле алмауы, үлкен ақпаратпен жұмыс істеуге, мұғалімдердің сұраныстарын орындауға, өз бетімен  білім алуға құлықсыздығын айтуға болады [5, б. 3]

Алаңдаушылықтың белгілі бір деңгейі- белсенді тұлғаның табиғи және міндетті ерекшелігі. Әрбір адамда өзінің оңтайлы алаңдаушылық деңгейі бар болады. Осыған байланысты, адамның өз жағдайын бағалауы оның өзін-өзі бақылау және өзін-өзі тәрбиелеудегі маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Тұлғалық алаңдаушылық адамның алаңдауға деген бейімділігін, әрбір жағдайға белгілі бір реакциямен жауап бере отырып,  сол жағдайларды қауіп төндіретіндей сезінетін түсінік ретінде қарастырылады. Тұлғалық алаңдаушылық өзін-өзі бағалау және құрметтеудегі қауіпті стимул ретінде қабылдау кезінде белсендіріледі.

Жоғары алаңдаушылығы бар адамдар өзің-өзі бағалау кезінде, өмірлік белсенділігіне қауіп деп қабылдайды және алаңдаушылықтың айқын күйімен жауап беруге бейім келеді. Егер психологиялық тест зерттеушінің тұлғалық алаңдаушылығын жоғары деңгейін көрсетсе, әр түрлі жағдайларда,оның ішінде,  әсіресе адамның құзыреттілігі мен беделін бағалауға  кезінде алаңдаушылығы пайда болатынын негіздейді.

Жоғары алаңдаушылығы бар студенттерге сенімділік пен сәттілік сезімдерін қалыптастыру қажет. Оларға міндеттерді қоюдағы талапшылдық, категориялық, маңыздылығы  жоғары іс-әрекетті мағыналы түрде түсінуге және үлкен тапсырмаларды кішігірім іс-әрекеттерге бөліп орындауды үйрену қажет.

Ал алаңдаушылықтың төмен дейгейі бар студенттерге керісінше, белгілі бір міндеттерді шешу барысында белсенділікті ояту, іс-әрекеттің мотивациялық компоненттеріне аса назар аудару, қызығушылықты арттыру, жауапкершілік сезімін қалыптастыру қажет.

Қорытындылар

Медицина студенттерінің алаңдаушылығының жоғары деңгейін ескере отырып, тәжірибелік сабақтарды өткізу барысында көрнекі материалдарға (кестелер, диаграммалар, презентациялар) көбірек көңіл бөлу, дайындалуға уақыт беру және студенттерге сұраққа жауап беру кезінде уақытқа шектеу қоймау, ауызша емес, жазбаша сұрауға аса мән беру ұсынылады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Астапов В. М. Тревога и тревожность / В. М. Астапов. – СПб. : Питер, 2001. –256 с.
  2. Божович Л. И. Проблемы формирования личности / Л. И. Божович ; под ред.Д. И. Фельдштейна. – М. : Воронеж, 2005. – 352 с.
  3. Леонтьев Д. А. Экзистенциальная тревога и как с ней не бороться // Моск. психотерапевт. журн. – 2003. – № 2 – С. 107–119.
  4. Степанский В. И. Влияние мотивации достижения успеха и избегания неудачи на регуляцию деятельности // Вопр. психологии. – 1981. – № 6. – С. 59–74.
  5. Горшков, Е. А. Исследование эмоциональной тревожности студентов на разных этапах обучения в педагогическом вузе / Е. А. Горшков, Л. Д. Коротина. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 23.2 (103.2). — С. 46-51. — URL: https://moluch.ru/archive/103/24325/ (дата обращения: 16.11.2022).
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий