Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: CCXII Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 15 мая 2025 г.)

Наука: Математика

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Амангельдина Г.С. ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КЕЙБІР ТӘСІЛДЕРДІ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ // Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ: сб. ст. по мат. CCXII междунар. студ. науч.-практ. конф. № 9(211). URL: https://sibac.info/archive/meghdis/9(211).pdf (дата обращения: 18.05.2025)
Проголосовать за статью
Готовится к изданию
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КЕЙБІР ТӘСІЛДЕРДІ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ

Амангельдина Гульдана Сериковна

студент, алгебра және геометрия кафедрасы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ,

Қазақстан, Астана қ.

Бургумбаева Сауле Каирбековна

научный руководитель,

Ғылыми жетекшісі, философия докторы(PhD), доцент м.а, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ,

Қазақстан, Астана қ.

EFFECTIVE USE OF SOME METHODS IN TEACHING MATHEMATICS TO LOW-PERFORMING STUDENTS

 

Guldana Amangeldina

student, Department of Algebra and Geometry, L.N. Gumilev state University,

Kazakhstan, Astana

Saule Burgumbaeva

scientific supervisor, PhD, associate professor, L.N. Gumilev state University,

Kazakhstan, Astana

 

АННОТАЦИЯ

Бұл жұмыста үлгерімі төмен оқушыларға математика пәнін оқытуда тиімді әдістер мен тәсілдерді қолдану қарастырылады. Негізгі назар оқытуды жекелендіруге, көрнекі құралдарды пайдалануға, математикалық ұғымдарды кезең-кезеңімен түсіндіруге және ойын технологияларын енгізуге аударылған. Бұл әдістер пәнге деген қызығушылықты арттыруға, логикалық ойлауды дамытуға және оқушылардың үлгерімін жақсартуға ықпал ететіні көрсетілген. Мотивациялық қолдауға және қолайлы оқу ортасын қалыптастыруға ерекше мән беріледі. Зерттеу нәтижелері аталған тәсілдерді бастауыш және орта мектептерде математика пәнін оқытуда жүйелі қолданудың тиімділігін растайды.

ABSTRACT

This paper explores effective methods and approaches for teaching mathematics to students with low academic performance. The focus is on individualized instruction, the use of visual aids, step-by-step explanation of mathematical concepts, and the integration of game-based learning technologies. These methods have been shown to increase interest in the subject, develop logical thinking, and improve students’ academic results. Special attention is given to motivational support and the creation of a positive learning environment. The results of the study confirm the effectiveness of systematically applying these techniques in the teaching of mathematics in primary and secondary schools.

 

Кілтті сөздер: оқыту, бақылау, белгі, баға, қате, математика, үлгерімі төмен оқушылар, тиімді әдістер, оқытуды жекелендіру, көрнекі құралдар, ойын технологиялары, мотивация.

Keywords: teach, control, marking, assessment, mistake, mathematics, low-performing students, effective methods, individualized learning, visual aids, game-based learning, motivation.

 

Біздің республикамыздың білім беру стандартындағы әмбебап оқу іс-әрекеттерін қалыптастырудың негіздері заманауи білімнің құндылығын көрсетеді – мектеп жастарды белсенді азаматтық ұстанымды қабылдауға шақыруы керек. Қазіргі қоғамда балалық шақта қалыптасатын білім ала алу қабілетінің маңыздылығы күн санап артуда. Бұл қабілеттің маңызды көрсеткіші болып мектептегі оқушының үлгерімі саналады, мектептегі оқушылардың белгілі бір тобының үлгерімі қажетті минималды деңгейге жетпейді. Үлгермеушілік – күрделі құбылыс екенін тәжірибе көрсетеді. Үлгермеушілік болған жағдайда білім өз функциясын орындамайды. Мұғалім оқушыларға жай ғана білім беріп қана қоймай, ең алдымен осы білімді игеру және пайдалану қабілетін қалыптастыруы керек.

Қазіргі мектептің оқу бағдарламалары "орташа" деңгейдегі оқушыға арналған, ал сыныпта, әдетте, оқу іс-әрекетіне әр түрлі деңгейдегі балалар кездеседі. Барлық оқушылар әртүрлі мүмкіндіктері мен оқу қабілеттерімен ерекшеленеді, сондықтан олардың әрқайсысымен жеке жұмыс жасау қажет болуы мүмкін, өйткені қойылатын талаптар жеке балалардың қажеттіліктеріне сәйкес келмейді, олар өз дамуында немесе мектеп бағдарламасын меңгеруде басқа оқушылардан озып кетеді немесе жиі кездесетін жағдай олардан артта қалады. Мұндай балалар, әдетте, сабақтарда өздерін пассивті, білім алуға құлқысыз ұстайды. Бұл әлемді өзгеше көретін, ерекше ойлау қабілеті бар балалар. Оқудағы қиындықтардың алдын алу осындай балалар тобына  бағытталуы керек. Мұғалімдер мен психологтардың, ғалымдар мен практиктердің мектептегі үлгермеушілік мәселесіне мұқият назар аударғанына қарамастан, оқуда қиындықтарға тап болған оқушылар саны күн санап өсіп келеді.

Оқушының математика пәнін жақсы меңгеруі тікелей 5-6 сынып математикасынан бастау алады. Себебі, алтыншы сынып математика бағдарламасында кездесетін барлық тақырыптар жоғары сынып математикасында  кездесетін тақырыптардың бастауы болып табылады. Яғни, егерде оқушы алтыншы сынып математикасын түсінбесе, алтыншы сынып математика бағдарламасын түсінуде қиындықтары туындаса, алтыншы сынып математикасын толықтай меңгермесе, онда жоғары сыныптарда математикаға қызығушылығы төмендейді немесе периодты түрде үлгерімі төмен болады. Сол себепті оқушылардың басым көпшілігінде математика пәніне деген қызығушылығын ояту, орта буын кезінде математика пәні бойынша мықты база қалыптастыру қазіргі қоғамның өзекті мәселесі болып саналады.

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс барысында есте сақтау керек басты мәселе бұл: оқушылардың математика пәнін оқу қызығушылығын арттыру болып табылады. Егер үлгерімі төмен оқушыда математика пәнін оқуға деген қызығушылық пайда болса, онда содан кейінгі жасалатын жұмыстың нәтижесі бар болады. Сол себепті үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс барысында қызығушылықты арттыру мәселесі жиі көтеріледі.

Қазіргі уақытта үлгерімі төмен сынып оқушыларына арналған математиканы оқыту әдістемесінің жалпы оқушылармен жұмыс жасау барысындағы әдістемеден айырмашылығы жоқ. Яғни, қосымша сабақтар өткізу, қосымша сағаттар қосу, қосымша тапсырмалар беру алдыға қойылған мақсатқа (үлгерімі төмен оқушылардың деңгейін көтеру) әрдайым жеткізе бермейді, сондықтан үлгерімі төмен  сынып оқушыларына математиканы оқытуда кейбір тәсілдерді тиімді қолдану арқылы жетілдірілген математика оқыту әдістемесін құрастырып, оны үлгерімі төмен сынып оқушыларымен жұмыс жасау барысында қолдану оқушылардың үлгерім деңгейін жоғарылату пайызын арттыруға мүмкіндік береді.

Енді, теория мен педагогикалық практикада "үлгермеушілік" ұғымының мәнін қарастырайық. Үлгермеушілік деп – оқушылардың оқу нәтижелері мектептің тәрбиелік және дидактикалық талаптарына сәйкес келмейтін жағдайды айтады. Үлгермеушілік оқушының оқу, санау дағдыларының әлсіздігімен, талдаудың, жалпылаудың және т.б. зияткерлік дағдыларының нашар деңгейде болуымен көрінеді. Жүйелі түрде үлгермеу педагогикалық немқұрайлылыққа әкеледі, бұл мектеп пен қоғамның талаптарына қайшы келетін жеке тұлғаның жағымсыз қасиеттерінің кешенін білдіреді. Бұл құбылыс моральдық, әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан өте жағымсыз және қауіпті. Педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалар көбінесе мектепті тастап, қауіп-қатер топтарын толықтырады.

Кесте -1.

А.М.Гельмонттың және Н.И.Мурачковский ұсынған мектептегі үлгермеушіліктің туындау себептері

Үлгермеушілік деңгейлері (түрлері)

Туындау себептері

Толықтай артта қалу (көптеген немесе барлық пәндер бойынша ұзақ уақыт бойы)

  • дайындықтың болмауы;
  • қолайсыз жағдайлар (ауруға шалдығу, отбасылық жағдайлар);
  • немқұрайлылық, жалқаулық;
  • танымдық дамудың жеткіліксіз деңгейі

Ішінаралық, бірақ тұрақты үлгермеушілік (бір немесе бірнеше қиын пәндер бойынша)

  • оқытудың кемшіліктері;
  • алдыңғы сынып бағдарламалары толық меңгерілмеуі;
  • оқуға қызығушылығының, оқудың маңыздылығын түсінудің болмауы

Эпизодтық үлгермеушілік (біресе бір пәннен, біресе басқа пәннен)

  • оқытудың кемшіліктері;
  • мектепке тұрақсыз келуі
 

 

Оқушының белгілі бір оқу пәнін игерудегі артта қалуын келесі белгілер арқылы анықтауға болады:

1. Ақыл-ой дамуының төмен деңгейі;

2. Оқу дағдыларының қалыптаспауы;

3. Гиперактивтіліктің кесірінен  назарының басқа заттарға ауысып отыруы;

4. Танымдық қызығушылықтың болмауы;

5. Еркін сфераның қалыптаспауы;

6. Жанжалды қатынастар;

7. Танымдық қызығушылықтың төмендігі;

8. Ауызша-логикалық ойлаудың төмен деңгейі;

9. Есеп шығару өнімділігінің төмен деңгейі.

«Үлгерімі төмен» оқушылармен жұмыс барысында мына ережелерді сақтау қажет:

  1. Үлгерімі төмен оқушыға күтпеген жерден сұрақ қоймаңыз, тез жауап беруін талап етпеңіз, оқушыға ойлануға және ойын қорытындылауға жеткілікті уақыт беріңіз;
  2. Жауап ауызша емес, жазбаша түрде болғаны жөнірек;
  3. Үлкен, алуан түрлі, күрделі материалды игеруді кішігірім уақыт аралығына беруге болмайды, оқушы ондай материалды игеру үшін оны жеке ақпараттық бөліктерге бөлуге тырысу керек және оларды игеру деңгейіне қарай біртіндеп беріп отыру қажет;
  4. Мұндай оқушыларды жаңа, жаңадан үйренген материал бойынша сұрақтарға жауап беруге мәжбүрлемеу керек, оқушыларға жаңа тақырыпты үйде қайталауға, қосымша оқуға мүмкіндік беріп, сұрақтарыңызды келесі сабақта қойғаныңыз дұрыс болады;
  5. Сауалнамалар мен ынталандырудың дұрыс тактикасы арқылы (бағалау арқылы ғана емес, сонымен қатар "өте жақсы", "жақсы", "ақылды" және т.б. сияқты ескертулермен) мұндай оқушылардың өз қабілеттеріне, білімдеріне, оқу мүмкіндігіне деген сенімін қалыптастыру қажет. Бұл сенімділік оқушыға емтихан тапсыру, тест жазу және т. б. стресстік жағдайларда көмектеседі.
  6. Оқушының сәтсіздіктерін мұқият бағалау керек, өйткені ол оларға өте ауыр әсер тигізеді;
  7. Оқушы жауапты дайындау кезінде оған жазып алған жауабын тексеруге және түзетуге уақыт беру қажет;
  8. Оқушының назарын минималды түрде бұзу қажет, оның назарын аудармауға тырысу керек, тыныш, стрессті емес жағдай жасау керек.

«Үлгерімі төмен» оқушылармен жұмыс әдістерінің бірнеше түрі бар (жеке оқушымен де, топпен де жұмыс қатарына жатады):

Бірінші және ең маңызды әдіс - визуалды көмекшілерді және басқа да графикалық құралдарды пайдалану. Көптеген балалар тақырыпты, есептерді сөздер мен формулалар арқылы түсіне алмайды, сондықтан әртүрлі процестер мен алгоритмдердің қалай жұмыс істейтінін көру үшін визуалды кескіндерді пайдалану керек. Мұғалімдер балаларға әртүрлі математикалық ұғымдармен қалай жұмыс істеу керектігін көрнекі түрде көрсету үшін сурет және диаграмма тақталарын пайдалана алады.Тиімді болуы мүмкін екінші әдіс - ойынға негізделген оқыту әдістері. Ойындар балалардың назарын аударуға және математиканы үйрену процесін жеңілдетуге көмектеседі. Оқытушылар оқушылардың жасына және білім деңгейіне сәйкес келетін ойындар әзірлеуі керек. Сонымен қатар, ойындар тек қызықты ғана емес, математикалық ұғымдарды үйрену үшін де пайдалы болуы керек. Жұмбақтар мен басқатырғыштар жиынтығы математиканы оқытуда пайдалы болуы мүмкін. Балалар жұмбақ шешкен сайын немесе басқатырғыш ойнаған сайын ол ойындардың математикамен байланысын байқайды. Бұл балалардың білімін жақсартуға және олардың назарын аударуға көмектеседі. Үшінші әдіс - практикалық мысалдарды қолдану. Балалардың көпшілігі математикалық ұғымдардың нақты өмірде қолданылуын көрмейді, сондықтан олар көбінесе математиканы оқуға деген қызығушылықтарын жоғалтады. Мұғалім балаларға математикалық ұғымдарды күнделікті өмірде қалай қолдануға болатындығын көрсету үшін практикалық мысалдарды қолдануы керек. Және де ең соңғысы, оқытушылар үлгермеген балаларға көмектесу үшін компьютерлік бағдарламаларды және басқа прогрессивті оқыту әдістерін қолдануы керек. Телефондағы әртүрлі сайттар мен қолданбалар балаларға математикалық ұғымдарды оңай түсінуге, сабаққа қызығушылық танытуға және математика дағдыларын жақсартуға көмектеседі.

Қазіргі уақытта, заманауи технологиялар біздің өміріміздің әртүрлі салаларында, соның ішінде білім саласына да жиі кездеседі, әрі өз септігін тигізеді. Әр оқушының ерекшеліктерін және олардың оқуға деген жеке көзқарасын ескере отырып, математиканы оқытуды жақсартуға көмектесетін көптеген жаңа технологиялар бар.

Бірінші технология – бұл онлайн курстар. Олар қай жерде болсаңыз да, кез келген уақытта білім алуға және оқу қарқынын өзіңе сай таңдауға мүмкіндік береді. Оқушылар өздеріне қажетті тақырыптарды таңдай алады, сонымен қатар оларды толықтай игермейінше қайталай алады. Онлайн курстар сонымен қатар балалар сыйақы алатын квесттері бар ойын платформасы түрінде болуы мүмкін.

Екінші технология - сынып бөлмесінде интербелсенді тақтаны пайдалану. Бұл тақталар мұғалімдерге сабақты қызықты етіп қткізуге мүмкіндік береді. Интербелсенді тақталар мұғалімдерге оқушылардың қиялын ынталандыруға мүмкіндік береді, бұл оларға математика ұғымдарын жақсы түсінуге көмектеседі. Бұл әдіс сонымен қатар рефлексия ала алатын және оқушылардың сұрақтарына жауап бере алатын мұғалімнің кері байланысын қамтамасыз етеді.

Үшінші технология - бұл математиканы оқытуда бейне материалдарды қолдану. Қазіргі уақыттағы әлеуметтік желілердің қарқынды дамуына байланысты көптеген оқушылар үшін сыныптағы дәстүрлі сабақты түсіндіру тәсіліне қарағанда бейнероликті қарап, түсіну жеңілірек, әрі қызықтырақ  көрінеді. Сондай-ақ, бейнероликтегі материалды оқушы үйіне жеткеннен кейінде, шексіз рет қолдана алады, бұл оқушыға қажет болған жағдайда материалды қайталауға мүмкіндік береді.

Төртінші технология - математика есептерін шешу үшін компьютерлік бағдарламаларды қолдану. Олар компьютерлік бағдарламалар арқылы тапсырмаларды тезірек шығара алады, бұл қолмен есептеуге кететін уақытты азайтады. Сондай-ақ, бұл бағдарламалар математикадағы ұғымдарды түсінуді жақсартатын дұрыс шешім туралы егжей-тегжейлі түсініктеме бере алады.

Бесінші технология - бұл математиканы оқытуда мобильді қосымшалар-бағдарламаларды қолдану. Бұл қосымшалар-бағдарламалар оқушыларды кез-келген уақытта және кез-келген жерде, мысалы, мектепке барар жолда әртүрлі математикалық есептерді шешуде кедергі келтірмейді. Қолданбалар сонымен қатар түрлі-түсті, интерактивті және әртүрлі болуы мүмкін, бұл оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Осылайша, жаңа технологияларды қолдану математиканы оқытуды айтарлықтай әртараптандырып, осы процестің тиімділігін арттыра алады. Олар мұғалімдер мен оқушыларға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалануға мүмкіндік береді және оқуды балалар үшін қызықты етеді. Оқытушы және оқушының шығармашылық жұмыстарының ғылыми деңгейін қалыптастыруда, жаңа құндылықтар, ізденістер жасау ұстаздың білімін ұштай түседі.  Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану. Өйткені, баланың, оқушының сапалы білім алуы ұстаз еңбегінің жарқын көрінісі. Себебі, бүгінгі оқушы ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын білікті маман, азамат болмақ. Жақсы маман болу үшін оқушының дамуына әсер етуші әлеуметтік фактор оқушы, оқытушы, ата-ана және басқа пән мұғалімдері ынтымақтасуы қажет. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші – оқытушылар және жауапты ата-ана. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттерді жүктейді. Оқыту интербелсенді тақтамен жүргізілсе, яғни ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ қоюға мүмкіндік алса, берілген ақпаратты тез меңгереді және алған білімдерін толықтай бекітуге мүмкіндік береді. Алған білімдерін бекіте отырып, өз-өзіне деген сенімділіктері артады, сонымен қатар мінез-құлық дағдылары да қалыптасады.

Математиканы оқытуды тренинг сабақтар, «Ойға шабуыл» әдіс шағын топтармен жұмыс арқылы Рөлдік ойындар да Бейнефильмдерді Диагностика да тақырыпты меңгертуге қосымша материал ретінде пайдалануға да болады.

Сауалнама мен есеп шығаруларының және бақылаудың нәтижесінде эксперименталдық топта үлгерімі төмен 7 оқушы, бақылау тобында 6 оқушы анықталды. Олардың сүйікті пәндері негізінен дене шынықтыру, музыка, яғни. көп ойлауды қажет етпейтін және олар үшін оңай пәндер болып табылады. "Сіз оқуды ұнатасыз ба" деген сұраққа олар "жоқ" және "онша емес" деп жауап берді, бұл төмен мотивацияны көрсетеді. Кейбір оқушыларда мұғалімдер оларды ұнатпайды деген сезім бар, қалғандары мұғалімдер оларға жақсы қарайды деп санайды. Оқушылар сабақтан кейін шаршайды, бұл оқу режимі мен мектеп жүктемесінің олардың дамуымен сәйкес еместігін көрсетеді. "Тақырыпты зерттеуде қиындықтар бар ма" деген сұраққа оқушылар оң жауап берді, өйткені оларда зейін жеткіліксіз дамыған, оқуға ынтасы жоқ. Олар өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмаларды нашар орындайды.

Осылайша, жүргізілген диагностика мектептегі үлгермеушіліктің ең көп тараған себептері мотивацияның төмендігі, мұғалімдермен жанжалды қарым-қатынас екенін растады. Үлгермеушілікті диагностикалаудың ең тиімді әдісі-мұғалім жүргізетін тестілеу, сауалнама жүргізу, мектеп құжаттамасын талдау, бақылау. Диагностика оқу процесінің өзінде жүргізілуі керек және жүйелі түрде жүргізілуі керек.

Сабақтарда артта қалған оқушылармен төмендегідей жұмыс істеу әдістері қолданылды:

  • карточкалардағы жеке жұмыс;
  • жеке сауалнама (тақтада).

Анықталған қиындықтарды жеңуде келесі әдістер қолданылды:

  • зейіннің шоғырлануы мен тұрақтылығын дамыту әдістемесі;
  • логикалық және механикалық есте сақтауды дамыту әдістемесі;
  • "графикалық диктант" әдістемесі;
  • зейінді ауыстыруды зерттеу әдістемесі;
  • "аяқталмаған ұсыныстар» әдістемесі;
  • өзін-өзі бағалауды дамыту әдістемесі.

Үлгерімі төмен оқушылармен олардың оқудағы жетістіктері, оқуға деген көзқарасы, отбасындағы атмосфера, мотивация туралы бірқатар әңгімелер өткізілді. Оқушылар жақсы оқуға не кедергі деп ойлайтынын, қандай кемшіліктері бар және қандай тілектері бар екенін ықыласпен айтты. Сондай – ақ, үлгермеген оқушылардың ата-аналарымен "Мотивация-жақсы үлгерімнің кілті ретінде", "балалардағы еңбекқорлықты тәрбиелеу" тақырыптарында әңгімелер өткізілді.

Қорытындылай келе, математика мұғалімдері үлгермеген балаларға осы пән бойынша білімдері мен дағдыларын жақсартуға көмектесу үшін әртүрлі әдістерді қолдануы керек. Көрнекі бейнелер, оқытудың ойын әдістері, практикалық мысалдарды қолдану, компьютерлік бағдарламалар және басқа прогрессивті әдістер – бұл математиканы оқытуға және балаларға білімдерін жетілдіруге көмектесетін өте пайдалы құралдар. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыста педагогикалық әдістерді және визуализация әдістерін тиімді пайдалану жоспарланып отыр.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Үйде оқытылатын балаларды жалпы білім беру мектебінің оқу бағдарламаларымен оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар.– Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2017. – 108 б.
  2. «Қазіргі ғылымдағы өзекті мәселелер – 2020» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдар жинағы. – Нұр-Сұлтан: «Bilim Innovations Group» орталығы, 2020. – 404 б.
  3. 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан қ.: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2020. – 422 б.
  4. Воронин А.С. Словарь терминов по общей и социальной педагогике, 2006 г. – 51 б.
  5. Әдістемелік ұсынымдарда педагогтерге үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс бойынша әдістемелік ұсыныстар берілген. – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2022. – 352 б.
  6. Цетлин, В.С. Неуспеваемость школьников и ее предупреждение / В.С. Цетлин. - М.: Педагогика, 1977. – 243 б.
  7. Гельмонт, А.М. О причинах неуспеваемости и путях ее преодоления / А.М. Гельмонт. - М.: Просвещение, 2004. – 326 б.
Проголосовать за статью
Готовится к изданию
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий