Статья опубликована в рамках: CCX Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 14 апреля 2025 г.)
Наука: Технические науки
Секция: Технологии
Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции
дипломов
АВТОНОМДЫ КӨЛІКТЕРДІҢ ДАМУЫ МЕН БОЛАШАҒЫ
DEVELOPMENT AND FUTURE OF AUTONOMOUS VEHICLES
Kuanysh Baidullaev
student, educational program 6B06104 “Information Systems”, Sh. Ualikhanov Kokshetau University,
Kazakhstan, Kokshetau
Sayat Kuandyev
student, educational program 6B06104 “Information Systems”, Sh. Ualikhanov Kokshetau University,
Kazakhstan, Kokshetau
Ali Bazarov
student, educational program 6B06104 “Information Systems”, Sh. Ualikhanov Kokshetau University,
Kazakhstan, Kokshetau
Toty Seitova
Scientific supervisor, Sh. Ualikhanov Kokshetau University,
Kazakhstan, Kokshetau
АҢДАТПА
Мақалада автономды көліктердің даму тарихы, жұмыс істеу принциптері мен болашағы қарастырылады. Сондай-ақ олардың қоғамға ықпалы, заңдық және техникалық мәселелері сарапталады.
ABSTRACT
This article explores the development, operating principles, and future of autonomous vehicles. It also examines their impact on society, as well as legal and technical challenges.
Кілт сөздер: автономды көлік; жасанды интеллект; қауіпсіздік; технология; болашақ.
Keywords: autonomous vehicle; artificial intelligence; safety; technology; future.
Автономды көліктер – бұл адам қатысуынсыз, арнайы бағдарламалар мен сенсорлар арқылы басқарылатын көлік құралдары. Соңғы жылдары бұл салада елеулі жетістіктерге қол жеткізілді, әсіресе Tesla, Waymo сияқты компаниялар белсенділік танытуда [1]. Жұмыс істеу принциптеріне ерекше көңіл бөледі яғни көліктер, камералар, лидарлар, радарлар осы GPS жүйелерінің көмегімен айналаны бақылайды. Жасанды интеллект пен нейрондық желілер арқылы шешім қабылданып, қозғалыс жүзеге асады [2, б. 4]. Артықшылықтарын қарастырайық: Жол-көлік апаттарының азаюы, Энергияны тиімді пайдалану, Қозғалысты оңтайландыру, Әлеуметтік қолжетімділік (мүгедектер үшін). Қиындықтары мен мәселелеріне көз түйсек: Заңнамалық реттеудің жетілмегендігі, Этикалық дилеммалар (мысалы, апат кезіндегі таңдау), Киберқауіпсіздік мәселелері, Жол және ауа райы жағдайларына тәуелділік [2, б. 10]. Болашағы сарапшылардың айтуынша, 2030 жылға қарай көптеген елдерде автономды көліктер қоғамдық көлік ретінде кеңінен қолданылуы мүмкін. Алайда толық интеграция үшін инфрақұрылымдық және заңнамалық өзгерістер қажет. Қазіргі уақытта автономды көліктердің дамуы тек техникалық жетістіктермен шектелмейді. Бұл технология көлік логистикасын, сақтандыру жүйелерін, заңнамалық құрылымдарды және тіпті қалалық жоспарлауды да өзгертуде. Көлік саласының сарапшылары бұл өзгерістерге ертерек бейімделу қажеттігін атап өтеді. Сонымен қатар, автономды көліктердің енгізілуі жаңа жұмыс орындарын туындатып, кейбір ескі мамандықтардың өзектілігін жоғалтуы мүмкін. Бұл әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан да маңызды фактор. Мысалы, жүргізушілер, сақтандыру агенттері және автосервис қызметкерлері жаңа жағдайға бейімделуге мәжбүр болады. Жол қозғалысын басқару тұрғысынан алғанда, автономды жүйелер көлік ағынын автоматты түрде үйлестіре алады. Бұл қала ішінде кептелістерді азайтып, уақыт пен жанармай шығынын едәуір қысқартады. Мұндай көліктер бір-бірімен байланыс орнатып, «ұжымдық интеллект» негізінде әрекет етуі де мүмкін. Технология дамыған сайын автономды көліктердің деңгейі де арта түсуде. Қазіргі кезде SAE (Society of Automotive Engineers) жіктемесіне сәйкес 5 деңгейлі автоматтандыру бар. Бүгінгі таңда көптеген көлік өндірушілері 2-3 деңгейдегі көліктерді жасап шығаруда, ал 4-5 деңгейдегі жүйелер сынақ кезеңінде тұр. Дегенмен, технологиялық прогреске қарамастан, автономды көліктердің адам өміріне деген сенімділігі қоғамдық пікірмен тығыз байланысты. Пайдаланушылардың сенімі тек жүйенің техникалық дәлдігімен емес, сондай-ақ этикалық шешім қабылдай алу қабілетімен де анықталады.
Автономды көліктер – бұл көлік саласындағы төңкеріс. Дегенмен, оның қоғамға сәтті енуі көп қырлы дайындықты талап етеді. Болашақта бұл технология көлік жүйесінің қауіпсіз әрі тиімді болуына септігін тигізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Anderson J. Autonomous Vehicle Technology: A Guide for Policymakers. RAND Corporation, 2016. [Электронный ресурс] — Режим доступа. — URL:https://www.rand.org/pubs/research_reports/RR443-2.html
- Litman T. Autonomous Vehicle Implementation Predictions. Victoria Transport Policy Institute, 2022. [Электронный ресурс] — Режим доступа. — URL: https://www.vtpi.org/avip.pdf
- KPMG. Autonomous Vehicles Readiness Index. 2023.
дипломов
Оставить комментарий