Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 40(336)
Рубрика журнала: Искусствоведение
Секция: Музыка
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7
ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙДЫҢ ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУ
СРАВНИТЕЛЬНОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ НАЦИОНАЛЬНЫХ МУЗЫКАЛЬНЫХ ИНСТРУМЕНТОВ КАЗАХСТАНА И КИТАЯ
Талдау Серпін
магистрант, Казахский национальный педагогический университет имени Абая,
Казахстан, Алматы
АҢДАТПА
Бұл зерттеу жұмысының мақсаты – Қазақстан мен Қытайдың ұлттық музыкалық аспаптарын зерттеу нысаны ретінде алып, оларды жүйелі түрде салыстырмалы талдау арқылы екі елдің ұлттық музыка мәдениетінің даму тарихы мен көркемдік ерекшеліктерін тереңірек зерделеу болып табылады. Географиялық тұрғыдан бір-біріне жақын орналасқан және тарихи-мәдени байланыстары ежелден үзілмеген көрші мемлекеттер ретінде, Қазақстан мен Қытайдың ұлттық музыкалық аспаптары құрылымдық тұрғыдан (оның ішінде шертпелі, үрмелі, ұрмалы және ішекті аспаптар сияқты негізгі түрлері), орындаушылық әдіс-тәсілдері, үн бояуы мен мәдени қызметі жағынан мәдени өзара ықпалдастыққа негізделген ұқсастықтарымен қатар, аймақтық ерекшелік пен тарихи дамуға байланысты айқын айырмашылықтарға да ие.
Осы өлшемдер бойынша жан-жақты талдау мен салыстыру жүргізу арқылы зерттеу екі елдің музыкалық өнеріндегі тарихи сабақтастықты, өңірлік мәдени ықпал мен эстетикалық көзқарастардың қалыптасуындағы ортақ және дара сипаттарды айқындап қана қоймай, сонымен қатар екі халықтың ұлттық мәдениеттерінің терең байланысы мен өзіндік болмысын музыка тұрғысынан түсінуге мүмкіндік береді және Қазақстан мен Қытай арасындағы музыкалық-мәдени алмасуды дамытуға өз үлесін қосады.
АННОТАЦИЯ
Цель данного исследования — рассмотреть национальные музыкальные инструменты Казахстана и Китая в качестве объекта анализа и посредством системного сравнительного подхода более глубоко изучить историческое развитие и художественные особенности музыкальных культур двух стран. Казахстан и Китай, являясь соседними государствами, географически близкими и имеющими многовековые историко-культурные связи, демонстрируют как сходства, так и различия в структуре национальных музыкальных инструментов (включая основные типы — щипковые, духовые, ударные и струнные), в исполнительских техниках, тембровом звучании и культурных функциях.
Проведённый всесторонний анализ и сравнение по указанным критериям позволяют выявить не только общие и уникальные черты музыкального искусства двух стран в аспектах исторической преемственности, регионального культурного влияния и формирования эстетических представлений, но и глубже понять взаимосвязь и самобытность национальных культур Казахстана и Китая через музыкальную призму. Кроме того, исследование способствует развитию музыкально-культурного обмена между двумя странами.
Тірек сөздер: Қазақстан, Қытай, ұлттық музыкалық аспаптар, салыстырмалы зерттеу
Ключевые слова: национальные музыкальные инструменты Казахстана и Китая; сравнительное исследование музыкальных инструментов.
КІРІСПЕ
Музыка – адамзаттың сезімді білдіруі мен мәдениетті жеткізудің маңызды тәсілі ретінде әрбір халықтың тарихи жадын және рухани мәнін бойына сіңірген өнер түрі. Ал ұлттық музыкалық аспаптар, сөзсіз, сол музыкалық мәдениеттің негізгі өзегі болып табылады. Олар өздерінің ерекше үн бояуы, пішіні мен орындау тәсілдері арқылы әрбір халықтың тарихын, болмысын және тағдырын әңгімелейді.
Географиялық тұрғыдан бір-біріне жақын орналасқан және тарихи-мәдени байланыстары терең елдер – Қытай мен Қазақстанның ұлттық музыкалық аспаптары да өзіне тән тартымдылығымен ерекшеленеді. Қазақстан мен Қытайдың ұлттық музыкалық аспаптарын салыстырмалы тұрғыдан зерттеу тек екі елдің музыкалық мәдениетінің даралығын терең талдауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар олардың өзара байланысы мен ықпалдастығын ашып көрсетеді. Бұл зерттеу ұзақ тарихи даму барысында сауда қатынастары мен мәдени алмасулар нәтижесінде аспаптық өнер саласында қалыптасқан ортақ белгілер мен өзара әсердің іздерін анықтауға мүмкіндік береді.
Мұндай зерттеу музыкатану саласындағы ғалымдарға екі елдің музыкасының даму жолын жаңа қырынан зерделеуге көмектеседі, ал өнер сүйер қауымға көпұлтты мәдениеттің сұлулығын тереңірек түсінуге жол ашады. Ұлттық аспаптардың әуендері арқылы шекарадан асып жатқан мәдени үндестікті сезініп, мәдениеттердің өзара байланысы мен бірігуін дамытуға жаңа идеялар мен көзқарастар ұсынуға септігін тигізеді.
Әдебиеттерге шолу: Қытай — мыңдаған жылдық өркениет тарихы бар ежелгі ел, ол өз ішінде аса бай мәдени дәстүрлерді қалыптастырған. Солардың ішінде музыкалық мәдениет ерекше орын алады. Ұлттық музыкалық аспаптар — осы мәдениеттің маңызды көрінісі болып, әр дәуірдегі халықтың эстетикалық талғамы мен рухани ізденісін бейнелейді. Ежелгі, орта және кейінгі дәуірлерден бастап Қытайдың музыкалық аспаптары үздіксіз дамып, алуан түрлі әрі бірегей жүйе қалыптастырды.[1] Қытайдың Чжоу дәуірінде жазылған «Чжоу ли • Чунгуань • Дашы» еңбегінде былай деп көрсетілген: Адамдар музыкалық аспаптарды орындау үшін «алтын, тас, топырақ, тері, жібек, ағаш, асқабақ, бамбук» деп аталатын «сегіз дыбысты» пайдаланған. Бұл сегіз ұғымның тарихы бүгінгі күнге дейін үш мың жылдан аса уақытты қамтиды және ол әлемдегі музыкалық аспаптарды жіктеудің ең көне жүйесі ретінде мойындалған.[1] «Лю Вэньжун» Юлинь үңгірлері Ганьсу провинциясы, Гуачжоу уезінің оңтүстігінде, Юлинь өзенінің екі жағасындағы жартастарда орналасқан. Ол Солтүстік әулеттерден бастап, Тан, Бес әулет, Сун, Батыс Ся және Юань дәуірлерінде жасалған. Қазіргі уақытта 42 үңгір бар: батыс жағалауда 11, шығыс жағалауда 31. Үңгір түрлері — үлкен мүсіндер үңгірі, орталық бағанды үңгір және будда тақтасы үңгірі. Юлинь үңгірлері — Дуньхуан үңгірлерінің маңызды бөлігі, Могаоку кешенінен кейінгі ең үлкен топ. Мұнда 260-тан аса мүсін және 2500 шаршы метрден көп қабырға суреттері сақталған. [2]
Қытайдың хан халқының ұлттық аспаптары Чжоу дәуіріндегі «Сегіз үн» классификациясына сай: алтын, тас, жібек, бамбук, асқабақ, топырақ, тері, ағаш түрлеріне бөлінеді. Алтын: қоңырау — мәртебе мен биліктің белгісі. Тас: цинь — тас немесе нефриттен жасалған. Жібек: гуцин, гуҗжэн, пипа — ең көне және ең кең тараған шертпелі аспаптар. Бамбук: флейта, сяо — бамбуктан жасалған үрмелі аспаптар. Асқабақ: шэн — ерте еркін тілшелі аспаптардың бірі. Тері: барабан — атмосфераны күшейтетін ұрмалы аспап. Ағаш: юй, чжу — музыкалық шығарманың басталуын немесе аяқталуын білдіреді. [3]
Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары халқы-мыздың тұрмысы мен тіршілік қам-қарекетіндегі, салт-дәстүрі мен дүниетанымындағы, тарихы мен өнеріндегі бірегей заттық мұрасы, рухани-мәдени байлығы болып табылады. [2] Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптарының тарихы көне тас ғасыры (б.з.д. ХІ-Х мыңжылдық-тар), неолит жаңа тас ғасыры (б.з.д. IV-III мыңжыл-дықтар), қола дәуірі (б.з.д. VII-V мыңжылдықтар), көне түрік дәуірі (б.з.V-VIII ғ.ғ.), көне қыпшақ дәуірі (б.з. ІХ-ХІІ ғ.ғ.), орта ғасыр (XV-XVIII ғ.ғ.) кезеңдерін қамтиды. [4]
Өз еңбектерінде XVIII ғасырдың ғалымдары үш ішекті домбыраны қалай тартатындары жайлы көргендерін жазады және осыған орай садақ түріндегі шертпелі көне В аспаптан қылқобыздың пайда болуы мүмкін дегенді айтады. [4]
Қазақ аспаптану ғылымының нақты зерттеу ны-санасы, дереккөзі саналатын дәстүрлі музыкалык аспаптарымызды зерттеп-білу, орнықтыру ісі ұлы ғұлама Әбу-Насыр әл-Фарабиден (870-950) бастау алатыны белгілі [5]
Қазақ халқының музыкалық аспаптары – сан ғасырдан бері ұрпақтан ұрпаққа жетіп, мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған құнды мұра. Бұл аспаптардың әрқайсысының өзіндік тембрі, әуендік бояуы бар, сонымен қатар оларды орындаудың дара дәстүрлері қалыптасқан.
Ертеде музыкалық аспаптар тек өнерде ғана емес, тұрмыста да маңызды қызмет атқарған. Мысалы, жаугершілік дәуірінде халыққа қауіп-қатерді хабарлау үшін дабыл, дауылпаз, керней, ұран сияқты үрмелі аспаптар қолданылса; бақсылық дәстүрде ем-дом, сарнау кезінде даңғара, асатаяқ, шаңқобыз пайдаланылған. Ал әнші-күйшілердің жыр толғағанда, терме орындағанда, күй шерткенде домбыра, сыбызғы, сырнай, қылқобыз сияқты шекті аспаптар негізгі орын алған.
Музыкалық аспаптарды жасау үшін табиғи материалдар пайдаланылған: құрғақ қайың, шырша, емен секілді ағаш түрлері, қамыс, сазбалшық, сондай-ақ малдың терісі, сүйегі, қылы мен мүйізі аспаптың бөліктерін жасауға негіз болған. [5]
Зерттеудің нәтижелері. Қазақстан мен Қытайдың ұлттық музыкалық аспаптары – екі елдің тарихи-мәдени болмысын, эстетикалық талғамын және дүниетанымын айқын бейнелейтін құндылықтар. Олар ұлттық өнердің ажырамас бөлігі ретінде әр халықтың музыкалық идеяларын, эстетикалық өлшемдерін бойына сіңіріп, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұраны сақтайды.
Бұл мақалада екі елдің шертпелі, ұрмалы және үрмелі аспаптарының құрылымдық ерекшеліктері, дыбыстық сипаты мен орындаушылық тәсілдері терең салыстырмалы тұрғыда қарастырылып, олардың бай мәдени әрі көркемдік құндылықтары айқындалмақ. [6]
1. Шертпелі аспаптар
Қазақстанда домбыра негізгі ұлттық шертпелі аспап ретінде кең тараған. Домбыра дәстүрлі түрде шырша немесе қайың ағашынан жасалады; ішектері дәстүрлі түрде қой ішегінен алынса, қазіргі таңда нейлон немесе металл ішектер қолданылады. Домбыраның акустикалық қасиеті дала кеңістігінің әуендік сипатын айқын бейнелейді. Қытайда шертпелі аспаптарға пипа, гучжэн және жуан жатады. Олар қызыл ағаш, хуа-ли немесе самырсыннан жасалып, орындаушылық техникасы күрделі, көпқырлы болыпкеледі. Пипаның дыбысы эмоционалды және экспрессивті, гучжэн нәзік әрі әсем тембрімен ерекшеленеді. [7]
Ысқылы ішекті аспаптар әр халықтың музыкалық дәстүрінде ерекше орын алады. Қазақтың қобызы мен қытайдың эрхуы – осы топтың көрнекті өкілдері болып саналады. Екі аспаптың да ішегі аз, құрылымы ықшам болғанымен, дыбыстық мүмкіндігі кең әрі эмоционалды сипатқа бай.
Кесте 1.
Ысқылы ішекті аспаптарды салыстыру
|
Салыстыру өлшемдері |
Домбыра (Қазақстан) |
Пипа (Қытай) |
|
Материалы |
Толық ағаштан жасалады; ішегі – жылқы қылы немесе нейлон |
Груш ағашынан жасалады; ішегі – жібек немесе нейлон |
|
Ішектер саны |
2 ішек |
4 ішек |
|
Лад жүйесі |
Көбіне тұрақты лад болмайды; еркін күй жүйесі |
20–30 лад, күрделі орналастырылған |
|
Ойнау әдістері |
Саусақпен шерту, іліп ойнау, қағыс түрлері өте көп |
Тырнақпен немесе медиатормен ойнау, тремоло, глиссандо, күрделі техника |
|
Дыбыс ерекшелігі |
Жұмсақ, қоңыр, таза, қазақы әуезді |
Бай, қуатты, нәзік немесе әсерлі әуен бере алады |
|
Негізгі репертуары |
«Адай»,«Балбырауын», «Ерке сылқым», халық күйлері |
«Он жақтан қоршау», «Ерлік әуені», «Батырдың түсі» |
|
Музыкадағы рөлі |
Қазақ халқының басты ұлттық аспабы; күй өнерінің негізі |
Қытай классикалық музыкасының маңызды аспабы; тарихи оқиғаларды жеткізуде қолданылады |
Домбыра – ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ халқының рухани жауһары. Сан ғасырдың сынынан өтсе де, өз нұрлы болмысын жоғалтпай, әлі күнге дейін халықтың жүрегінде жарқырап тұр. Екі-ақ ішегі болса да, домбыра адам жүрегінің терең қылын шертіп, шексіз сезімдерді, даланың кең тынысын, халықтың қуанышы мен мұңын әуезге қосып айта алады. Оның сырт көзге қарапайым көрінетін құрылысының артында терең философия, шеберлік және нәзік орындаушылық мәдениеті сақталған. Домбыра – «күй» арқылы тарихты сөйлететін, ұлттық өнердің жүрегі саналған ең киелі аспаптардың бірі. [8]
Ал пипа – Қытайдың ең танымал және ерекшелігі мол шертпелі аспаптарының бірі болғанымен, оның күрделі құрылымы мен әсем дыбысы домбырадағыдай бүкіл халықтың жан дүниесін табиғи күйінде жеткізе алмайды. Пипаның әуені әсерлі, көркем болғанымен, ол даладай кең, терең де сабырлы үнді толық бере алмайды. Қазақ даласының үні мен халық рухының айнасы – тек домбыраның қоңыр да қанық әуені арқылы ғана айқын ашылады.
2. Ішекті аспаптар
Әр түрлі халықтардың музыкалық мәдениетінде ысқылы ішекті аспаптар айрықша маңызды орын алады. Қазақ халқының қобызы мен қытайдың ерһуы – осы топтағы ең көрнекті аспаптардың бірі. Құрылымы ықшам, ішегі аз болғанына қарамастан, бұл екі аспаптың дыбыстық өрнегі аса бай, орындаушылық мүмкіндігі кең, эмоциялық бояуы қанық. Олар адам жүрегіне терең әсер ететін көркем үнмен ерекшеленеді.[9]
Кесте 2.
Ішекті аспаптарды салыстыру
|
Салыстыру өлшемдері |
Қобыз (Қазақстан) |
Эрху (Қытай) |
|
Аспап түрі |
Ысқылы ішекті аспап |
Ысқылы ішекті аспап |
|
Материалы |
Ағаш, тері, жылқы қылы |
Ағаш, метал, жылан терісі |
|
Ойнау әдісі |
Садақпен тарту, ысқылау, терең вибрация, еркін дыбыс шығару |
Садақпен тарту, нәзік вибрация, глиссандо және таза интонация |
|
Дыбыс ерекшелігі |
Терең, қоңыр, тылсым, рухани резонансы жоғары; эпикалық |
Нәзік, мұңлы, мөлдір, сезімге толы; лирикалық |
|
Музыкадағы рөлі |
Рухани, шамандық, дәстүрлі эпостарды сүйемелдеу; қазақ музыкалық мұрасының көне өзегі |
Халық әндерінде, опера музыкада, оркестрде кең қолданылады |
|
Негізгі репертуары |
Қорқыт күйлері: «Қоңыр», «Ерден», «Желмая» |
«Айдың шағылысуы» халықтық лирикалық шығармасы |
|
Дыбыс диапазоны |
Еркін, терең төмен тембр, табиғи реңк көп |
Орта және жоғары регистрде ашық, жіңішке дыбыс |
|
Техника күрделілігі |
Эмоцияны ішкі резонанспен беру, вибрация мен интонациялық еркіндік қажет |
Саусақ басуы дәл және тұрақты позициялар, нәзік бақылау маңызды |
Қобыз – қазақ халқының тарихтағы ең көне әрі ең қасиетті ішекті аспаптарының бірі. Оның терең де тылсым үні адам жүрегін бірден толқытып, халықтың рухани әлемін дәл жеткізе алады. Қобыздың табиғи, қоңыр әрі қанық әуенінде дала тынысы, ата-баба аманаты және ғасырлар бойы жалғасқан эпикалық дәстүрдің қуаты жатыр. Ол тыңдаған жанға ерекше құрмет пен таңданыс сезімін ұялатады.
ерху – қытай музыкасының ең маңызды ішекті аспаптарының бірі ретінде жоғары бағаланады. Оның нәзік те сәл мұңлы әуені лирикалық сезімдерді терең ашады. Ерху — опера өнерінде, камералық музыкада, сондай-ақ халықтық шығармаларды орындауда кең қолданылатын, халық сүйіспеншілігіне бөленген ерекше аспап.
3.Ұрмалы аспаптар
Ұрмалы аспаптар түрлі халықтардың салт-дәстүрі мен мәдени өмірінде айрықша орын алады. Олар өздерінің дара ырғағы мен ерекше тембрі арқылы әртүрлі рәсімдерге, мерекелік шараларға және өнер көрсетілімдеріне айқын серпін мен түс береді. Қазақ халқындағы дабыл мен қытайдың үлкен барабаны – терімен қапталған ұрмалы аспаптардың ең көрнекті өкілдері. Төменде осы екі аспаптың материалы, құрылысы, дыбыс ерекшеліктері және қолданылу салалары салыстырылып, олардың әр халықтың музыкалық мәдениетіндегі маңызы мен өзіндік сипаттары қысқаша түрде көрсетіледі. [10]
Кесте 3.
Ұрмалы аспаптарды салыстыру
|
Салыстыру өлшемдері |
Дабыл (Қазақстан) |
Үлкен барабан (Қытай) |
|
Аспап түрі |
Тері-құралды ұрмалы аспап |
Тері-құралды ұрмалы аспап |
|
Материалы |
Ағаш цилиндр, екі жақты тері (жылқы, сиыр немесе түйе терісі) |
Үлкен ағаш шеңбер, екі жақты тері (көбіне сиыр терісі) |
|
Ойнау әдісі |
Бір немесе екі таяқпен соғу, ырғақтық сигнал беру |
Екі таяқпен қатты соғу, жиі ритмдік өрнек құру |
|
Дыбыс ерекшелігі |
Жарқын, қатты, төмен әрі анық; дала кеңістігінде алысқа естіледі |
Төмен, қуатты, күрделі резонанс; салтанатты, асқақ дыбыс |
|
Музыкадағы рөлі |
Дәстүрде – жорық сигналы, мал айдау, отбасылық салттар; қазір – ұлттық ансамбльдерде |
Мерекелер, салтанатты рәсімдер, театр, шеру, халық оркестрлері |
|
Қолданылатын стильдер |
Көшпелі дәстүрлі музыка, этно-ансамбльдер, заманауи этно-ритм |
Халық музыкасы, театр, оркестр, мерекелік музыка |
|
Ерекше қабылдау |
Қазақ мәдениетінде – батылдық пен ерліктің белгісі |
Қытай мәдениетінде – қуат, айбат және салтанат символы |
Дабыл – қазақ халқының көшпелі өмірімен тығыз байланысты, сигналдық және салттық қызмет атқарған аса маңызды ұрмалы аспап. Оның қатты әрі анық үні далада ұзаққа жетіп, батырлық рухты оятқан.
Қытайдың үлкен барабаны – салтанат пен қуаттың символы. Оның терең, қуатты үні мерекелік шараларды, театрлық көріністерді және түрлі рәсімдерді әсерлі ете түседі.
4. Үрмелі аспаптар
Қазақстанда сыбызғы – ең танымал әрі ең көп тараған үрмелі аспаптардың бірі. Ол көбіне қамыстан немесе ағаштан жасалады. Сыбызғының дыбысы жұмсақ, сәл мұңлы реңкті болғандықтан, көбінесе лирикалық шығармаларды орындауда қолданылады және нәзік сезімдерді дәл жеткізеді.
Қытайда үрмелі аспаптардың түрлері өте көп және кеңінен қолданылады. Солардың ішінде ди-зы — жарық әрі анық дыбыстығымен халыққа ерекше жаққан аспап; суо-на — жоғары, күшті әрі өткір үнімен танымал, көбіне мерекелік және салтанатты жиындарда орындалады; ал сяо — терең, байсалды, тыныш әуенімен белгілі, тыныш, ойлы атмосфера тудыруға өте қолайлы аспап.
Кесте 4.
Үрмелі аспаптарды салыстыру
|
Салыстыру өлшемдері |
Сыбызғы (Қазақстан) |
Ди-зы (Қытай) |
|
Аспап түрі |
Үрмелі аспап |
Үрмелі аспап |
|
Материалы |
Қамыс, ағаш |
Бамбук |
|
Құрылымы |
Жіңішке түтік, бірнеше дыбыс ойығы |
Бүйірлі үрмелі түтік, «мембранасы» бар ерекше құрылым |
|
Дыбысы |
Жұмсақ, мұңды, табиғи |
Жарқын, анық, ашық |
|
Тембр ерекшелігі |
Лирикалық, тыныш, жайлы әуез |
Ширақ, жеңіл, әуезді |
|
Орындау әдісі |
Демді бақылау, тұрақты леғато, нәзік вибрация |
Жылдам пасаждар, трель, мембрана арқылы дірілдеу эффектісі |
|
Қолданылуы |
Лирикалық күйлер, табиғатты бейнелеу, дәстүрлі музыка |
Халық музыкасы, оркестр, опера, би әуендері |
|
Негізгі репертуар |
«Сыбызғы сарыны», «Желдің үні», халықтық әуендер |
Халықтық би әуендері, лирикалық пьесалар |
|
Музыкадағы рөлі |
Қазақ лирикалық дәстүрінің символы |
Қытай халық музыкасының ең танымал үрмелі аспабы |
Сыбызғы — қазақ даласының табиғи үнін жеткізетін, жұмсақ әрі мұңлы дыбысты көне аспап. Ди-зы — бамбуктан жасалған, жарқын әрі анық тембрімен қытай музыкасының ажырамас бөлігі.
Қорытынды
Бұл зерттеу Қазақстан мен Қытайдың ұлттық музыкалық аспаптарын салыстырмалы талдау арқылы екі елдің тарихи-мәдени байланыстарындағы ортақтық пен айырмашылықтарды айқындауды, сондай-ақ олардың музыкалық дәстүрлеріне тән ерекшеліктерді зерделеуді мақсат етті. Зерттеу нәтижелері ұлттық музыкалық аспаптардың халықтың дүниетанымын, эстетикалық құндылықтарын және рухани мәдениетін жеткізетін маңызды құрал екенін көрсетті. Екі елдің аспаптық мәдениеті ғасырлар бойғы өзара ықпалдастықты да, әр халықтың өзіндік музыкалық болмысын да айқын танытады.
Бұл жұмыс екі мемлекеттегі музыкалық білім беру үшін де ерекше маңызды. Қазақстан мен Қытайдың ұлттық аспаптарын бірлескен түрде оқыту студенттердің мәдени көкжиегін кеңейтіп, өзге халықтың өнеріне деген құрметін арттырады, сондай-ақ кросс-мәдени ойлауды дамытуға мүмкіндік беріп, музыка сабақтарының мазмұнын байытады.
Болашақта ұлттық аспаптар саласындағы бірлескен жобалардың жүзеге асуы, ортақ оқу құралдарының дайындалуы және студенттік алмасу бағдарламаларының кеңеюі екі елдің музыка және мәдениет саласындағы ынтымақтастығын күшейтіп, музыкалық білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.
Әдебиеттер тізімі:
- Сян Чэньян (2017). Қытайдың ежелгі үш негізгі кезеңіндегі музыкалық аспаптар топтары туралы қысқаша талдау. «Заманауи музыка», 2017 ж., №24. — Әдебиет 1
- Лю Вэньжун. Юйлинь үңгірі №20 фрескасында бейнеленген шертпелі музыкалық аспаптар және кейіпкерлердің әлеуметтік мәртебесі жөнінде. «Сұлулық және заман» (Эстетика), 2025, №05: 49–52.
- «Дәстүрлі аспаптар “Сегіз үн” (Цзилинь университеті халықаралық институтының материалы) https://ischool.jnu.edu.cn/_t3195/2023/0411/c19911a743583/page.htm?utm_source=chatgpt.com (қаралған күні: 24.11.2025).
- Болат Сарыбаев. Қазақтың музыкалық аспаптары.
- «Ұлттық музыкалық аспаптар — Қазақ… | Patriot KZ | VK» https://share.google/O0g7YXTYrKFt6vc5t (қаралған күні: 25.11.2025).
- Тоһан Сымағұлы. Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарының тарихы мен түрлері туралы. «Өнер білім», 2005(4): 71. Мекеме: Шыңжаң өнер академиясы, музыка факультеті.
- Лю Сулин. “Шеберден” “реформаторға” дейін — ұлттық аспаптардың ішектерін жаңғыртушы Дай Чуанды еске алу. «Музыкалық аспаптар», 2025(3): 8–11 Мекеме: көрсетілмеген.
- Хэ Сиде. Қытайдың аз санды ұлттары музыкалық аспаптарына қысқаша шолу (IV) — Қазақтың домбырасы. «Дыбыс техникасы», 2006(11): 74.
- Гун Лундан. Басылым: «Өнер және технология», 2018 ж., №5, 55-бет.
- Ли Найвэй. Қытайдағы ұрмалы аспаптар және ұрмалы музыка дәстүрін дамыту мен сақтауға арналған зерттеу. «Театр үйі», 2024(1): 86–88. Мекеме: Қытай теңіз университеті, Шаньдун, Циндао 266075.


Оставить комментарий