Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 40(336)
Рубрика журнала: Искусствоведение
Секция: Музыка
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ВОКАЛДЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ОЙЫН ӘРЕКЕТІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
МЕТОДИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ РАЗВИТИЯ ВОКАЛЬНЫХ НАВЫКОВ УЧАЩИХСЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ ПОСРЕДСТВОМ ИГРОВОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ
Канаев Елнур Бакытулы
магистрант, Казахский национальный педагогический университет имени Абая ,
Казахстан, Алматы
АҢДАТПА
Мақалада бастауыш сынып оқушыларының вокалдық дағдыларын ойын әрекеті арқылы дамыту әдістемесі қарастырылады. Ойын технологияларының тыныс, резонанс, артикуляция және интонациялық естуді қалыптастырудағы рөлі тәжірибелік мысалдар арқылы көрсетіледі. Вокалдық-дидактикалық ойындардың жіктелуі беріліп, 2-сынып оқушыларымен жүргізілген шеберлік сабағы нәтижелері ұсынылады. Зерттеу ойын әрекетінің вокалдық қабілеттерді табиғи жолмен дамытуға ықпал ететін тиімді педагогикалық құрал екенін дәлелдейді.
АННОТАЦИЯ
В статье рассматривается методика развития вокальных навыков учащихся начальной школы посредством игровой деятельности. Показана роль игровых технологий в формировании дыхания, резонанса, артикуляции и интонационного слуха на основе практических примеров. Представлена классификация вокально-дидактических игр и результаты мастер-класса, проведённого со второклассниками. Исследование доказывает, что игровая деятельность является эффективным педагогическим средством, способствующим естественному развитию вокальных способностей.
Түйін сөздер: бастауыш сынып, ән айту дағдылары, ойын әрекеті, вокал, дидактика.
Ключевые слова: начальная школа, певческие навыки, игровая деятельность, вокал, дидактика.
КІРІСПЕ
Бастауыш сынып оқушыларының вокалдық дағдыларын қалыптастыру үдерісі олардың жас ерекшеліктерін, физиологиялық мүмкіндіктерін және танымдық белсенділігін ескеруді талап етеді. Балалардың дауыс аппараты толық жетілмеген кезеңде ән айтуға үйрету барысында ойын әрекетін қолдану ең тиімді педагогикалық тәсілдердің бірі болып табылады. Ғалымдар (Н.А. Ветлугина, Е.Б. Абдулина) музыкалық-дидактикалық ойындардың вокалдық қабілеттерді дамытудағы рөлін атап өтіп, ойын барысында баланың эмоциялық еркіндігі, есту координациясы, ырғақ сезімі және артикуляциялық дағдылары табиғи түрде жетілетінін анықтайды. Ойын технологиялары ән айту процесін қызықты, қолжетімді және қауіпсіз етеді, ал әрекет арқылы үйрену механизмі балалардың вокалдық операцияларды тезірек меңгеруіне ықпал етеді. Қазіргі педагогикада қозғалыс ойындары, рөлдік жаттығулар, дыбыстық импровизация және сөйлеу позициясына негізделген жаттығуларды интеграциялау вокалдық дағдыларды жүйелі түрде қалыптастырудың тиімді әдістемелік аспектілері ретінде қарастырылады.
Балалар дауысының табиғи дамуы мен резонанстық механизмдерін зерттеген В.П. Морозовтың вокал физиологиясы саласындағы зерттеулеріне сәйкес, бастауыш жаста көмей шеміршектері жұмсақ, дауыс қатпарлары қысқа және жұқа болады, бұл жоғары дыбыстардың табиғи түрде жеңіл шығуына мүмкіндік береді. Ол балалар дауысындағы резонанстық әрекеттің қалыптасуын, әсіресе бас резонаторы мен аралас резонанстың рөлін ғылыми тұрғыда дәлелдеген[1, с. 85] .Бұл кезеңде тыныс алу жүйесі толық қалыптаспағандықтан, ұзақ фразаларды орындау қиын, сондықтан ойын арқылы тынысты реттеу жаттығулары маңызды. Төмендегі кестеде бастауыш сынып оқушыларының негізгі ән айту дағдылары мен олардың құрылымын көрсетілген:
1 кесте.
Негізгі вокалдық дағдылар және олардың компоненттері
|
Тыныс алу |
Дұрыс тыныс алу; Демді ұстап тұру; Дыбысты дем арқылы шығару.. |
|
Дауыс құрылымы |
Жұмсақ таңдайды тігінен көтеру; Дауысты дыбыстардың ішкі артикуляциясы; Дыбыстың жұмсақ шабуылы |
|
Артикуляция |
Дауысты дыбыстардың анық айтылуы; Дауысты дыбыстардың көркемдік артикуляциясы |
Вокалдық-дидактикалық ойындарды қолдану әдісі - бұл әдістемелік жүйеде негізгі орынды алады. Ол шартты жағдайларда және жасына қарай қолжетімді нысандарда бастауыш сынып жасындағы балалардың ән айту дағдыларын кезең-кезеңімен қалыптастыруға бағытталған оқу іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілі ретінде сипатталады.
Тыныс алу дағдысын дамытуға төменгі-диафрагмалық тыныс механизмін қалыптастыруға бағытталған ойындар жатады. Бастауыш жаста бала көкіректік және үстірт тыныс алуды жиі қолданатындықтан, төменгі тыныс алу дағдысын ойын арқылы бекіту тиімді нәтиже береді. А.Д. Войнованың ғылыми зерттеулерінде төменгі тыныстың дауыс тұрақтылығын қамтамасыз ететіні көрсетілген. Резонанстық тербелісті ойын әрекеті арқылы сезіндіру балалардың дауысын қысылмай, табиғи жолмен шығаруға үйретеді. Артикуляциялық ойындардың мақсаты фонемаларды анық, нақты айту дағдысын жетілдіруді көздейді. Артикуляциялық аппараттың икемділігі интонацияның дәлдігіне, дикция айқындығына және фразаның логикалық өрілуіне әсер етеді. Метлованың зерттеулері артикуляциялық аппараттың дамуы ән фразасының интонациялық тазалығымен тікелей байланысты екенін көрсетеді. Осы бағытта «Айна», «Кім жылдам айтады?», жаңылтпаштарды рольдік ойынға айналдыру сияқты әдістер қолданылады. Интонациялық-есту ойындары арқылы балалар биіктік айырмашылығын жылдам және табиғи қабылдайды, сондықтан интервалдарды танытатын, дыбыс биіктігін ажырататын, қарапайым әуенді қайталау жоғары нәтиже береді. Ветлугина зерттеулерінде 1–4 сынып кезеңі музыкалық естудің қалыптасуы үшін ең қолайлы жас екені дәлелденген. Осыған сәйкес «Қай дыбыс биік?», «Әуенді жалғастыр», «Музыкалық баспалдақ» сияқты ойындар қолданылады.
2 кесте.
Вокалдық-дидактикалық ойындардың классификациясы
|
Дидактикалық тапсырма |
Вокалдық-дидактикалық ойындар |
|||
|
1 |
Әншілік тыныс алудың қалыптасу |
Тыныс алу және демді ұстай алуға жаттықтыру тыныс алу. |
"Шарлар", "Шар-бегемот", "Үнсіз", "Бөпе жұбату" |
|
|
диафрагмалық-төменгі тыныс механизмін қалыптастыру. |
"Доптың шытырман оқиғалары", "Самал жел", "Аралар", "Жіп", "Бәйшешек", "Тікұшақтар", "Сабын көпіршіктері". |
|||
|
тыныс алу және белсенді дем шығару. |
"Кірпі", "Пілдер", "Жылан". |
|||
|
2 |
Дауыстың дұрыс шығуын қалыптастыру және дауыстың резонанстық қасиеттерінің жетілдіру |
"Сиырлар", "Мұрын", "Жануарлар", "Кішкентай доп". |
||
|
3 |
Дыбыс биіктігінің бұлшықет сезімін қалыптастыру Дыбыс биіктігі |
"Аңдар ұшады", "Бірге доп ойнайық"
"А", "Тікұшақ" |
||
|
4 |
Әншілік артикуляцияны қалыптастыру |
Дауысты дыбыстар А, Ә, Ұ, О, И, У, Ү, Ө, Е, І, Э |
“Бал-бұл ерін”, “Қап-қап қап”, “Ала былай, бұла былай”, “Тау-тастау” |
|
Вокалдық интонацияның сапасын дамытуда көрсету және еліктеу әдісінің маңызы зор. Себебі балалардың есту және қимыл-қозғалыс координациялары мұғалімнің анықтамалық дыбысына еліктеу процесінде резонанс принципі бойынша рефлекторлық деңгейде өзін-өзі реттейді. Келесі жолдарда осы әдіске қатысты вокалдық дидактикалық ойындардың мысалын келтіреміз. «Шар» ойынының басында балаларға шар таратылады. 1 дегенде дереу дем алып, алған демді 5 ке бөліп сол шарды үрлейді. Шар жұмсақ болғаны дұрыс тым қатты шар үрлеу дауыс аппаратына зиян және күш түсіруі мүмкін. Тура осылай бірақ демді бір уақытта өзі де шардан да 5 ке бөліп шығарады. Бұл балаларға диафрагма бұлшықеттерінің жұмысын түсінуіне септігін тигізеді. Балалар бас дыбыс резонаторының қызметін сезінуі үшін "Сиырлар" ойынын жасауға болады. Балалар сиырға айналғанын елестетеді. Жабық ерінмен «мөңірегендей» дыбыс шығару арқылы өз ойындағы әуенін айтады. Қолдарын мүйіз ретінде бастарына қойып айтса да болады. Артикуляцияны қалыптастыру бойынша оқушыларға арнайы «Жаңылтпаш шеңбері» командалық вокал ойынын мысалға келтіріп көрсек. Ойынның мақсаты: топтық ән айтуға дайындық, есту қабілеті. Ойын барысы: Балалар шеңберге тұрады, бір бала жаңылтпашты айтады, келесі бала сол әуенмен жалғастырады, шеңбер бойынша жалғаса береді. Ойын шарты: Егер біреуі қателессе, шеңбер басына қайта оралады, бүкіл шеңберді қателеспей айту керек.
Нәтижелер. Зерттеу барысында бастауыш сынып оқушыларының вокалдық дағдыларын ойын әрекеті арқылы дамыту тәжірибесі жүргізілді. Жұмыс 2-кестедегі негізгі вокалдық-дидактикалық ойын түрлерін қамтыды [3, с. 114].
«Шар» ойыны төменгі-диафрагмалық тынысты дамытып, дем мен дыбыстың байланысын сезінуге ықпал етті, бұл тыныс тұрақтылығын қамтамасыз етеді [6, с. 52]. «Сиырлар» ойыны бас резонаторындағы дірілді сезінуге мүмкіндік берді, бұл резонанстың сапаға әсерін көрсетеді [4, с. 41]. Артикуляциялық жаңылтпаштар тіл мен ерін моторикасын белсендіріп, дикцияны жақсартты, бұл ғылыми деректермен сәйкес [1, с. 133].
Қорытынды. Тәжірибе барысында вокалдық-дидактикалық ойындардың жүйесі қолданылып, олар вокалдық дағдылардың негізгі бағыттарын қамтыды: тыныс алу, резонанс, артикуляция және интонациялық есту. Ойындардың дидактикалық мазмұны олардың түрлері бойынша жіктеліп, әр дағдыны мақсатты түрде қалыптастыруға бағытталды.
Әдістемелік аспектілердің мәні мынада: біріншіден, ойын тапсырмалары балалардың жас ерекшеліктеріне бейімделген, олар жеңіл сезінетін, табиғи физиологиялық процестердің негізінде жасалған. Екіншіден, ойындар арқылы оқыту мотивациялық факторды күшейтеді, бұл сабаққа белсенді қатысуды және материалды жақсы меңгеруді қамтамасыз етеді. Үшіншіден, ойын технологиялары жеке және топтық жұмыс нысандарын үйлестіруге мүмкіндік береді, бұл бірлескен әрекет дағдыларын дамытады. Осылайша бұл тәсіл заманауи музыкалық педагогиканың талаптарына сәйкес келеді және бастауыш білім беру тәжірибесінде кеңінен қолданылғанын дұрыс деп санаймыз.
Әдебиеттер тізімі:
- Metlova N. Articulation Development in Early Learners. Moscow: PedCulture, 2018.
- Campbell P. Music Education and Child Development. Oxford University Press, 2018.
- Zhumabekova A. Modern Approaches to Vocal Pedagogy in Primary School. Almaty: KazNPU Press, 2019.
- Murzabekov R. Resonance Techniques in Children's Singing. Nur-Sultan: Arts Academy, 2020.
- Gordon E. Learning Sequences in Music. 2nd Edition. Chicago: GIA Publications, 2020.
- Karimova S. Breathing Techniques in Children's Vocal Training. Almaty: Ulagat Press, 2021.
- Sarsembayeva L. Play-Based Musical Learning in Primary Grades. Astana: Bilim, 2022.
- Qojabergenova D. Vocal Physiology in Early Childhood. Turkistan University Journal, 2023.
- International Journal of Vocal Pedagogy. Volume 11, Issue 2, 2024. URL: https://ijvp.org (қаралған күні: 18.11.2025).
- Music Education Research Center. Modern Vocal Training Methods. URL: https://musicedresearch.net (қаралған күні: 27.11.2025).


Оставить комментарий