Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 37(291)
Рубрика журнала: Педагогика
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5
ИНТЕРАКТИВТІ 3D БАҒДАРЛАМАЛАРЫ МЕН ОЙЫН ПЛАТФОРМАЛАРЫН АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ
21 ғасырда технологиялар дәстүрлі оқыту жүйесіне бірнеше өзгерістер әкелді. Сонымен қоса, олардың көмегімен әдіс-тәсілдерді оқушылардың қызығушылыға қарай бейімделе бастады. Ағылшын тілін үйрену кезінде пайдаланылатын интерактивті 3D бағдарламалары мен ойын платформалары пайдаланушыларға сөздер мен сөз тіркестерін тез және жеңіл сақтауға көмектеседі, виртуальды орта және түрлі контекстермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Жаңа тілді үйрену уақытты, күш-жігерді, мотивацияны және үнемі қатысуды талап етеді. Қарым-қатынас жасау және әлеуметтік байланыс құру үшін тілді пайдалана білу - 21 ғасырда әрбір адамға қажет маңызды құзырет. Қазіргі студенттердің тілді меңгеруіне технологияның рөлі зор [1].
Е. И. Пассов өзiнiң «Мектептегi шетел тілі сабағы» кітабында былай деп ойын түйеді: «Ойын — шет тілін меңгеруге қуатты ынталандырушы және шет тілі мұғалімінің арсеналындағы тиімді әдіс және шет тілін оқытудың жеткілікті күрделі процесін оқушылардың сүйікті ісіне айналдыратын әмбебап құрал».[2, c. 38]
Оның бұл пікірі қазіргі заманғы интерактивті технологияларды қолдануға толықтай сәйкес келеді. Әсіресе, интерактивті 3D бағдарламалары мен ойын платформалары ағылшын тілі сабақтарын қызықты әрі нәтижелі етуде маңызды рөл атқарады. Бұл әдістердің артықшылықтарын бірнеше негізгі бағыт бойынша қарастыруға болады:
1. Тез әрі тиімді білім алу: Визуалды материалдар мен ойын элементтері оқушылардың ақпаратты тез меңгеруіне көмектеседі.
2. Оқушылар арасындағы ынтымақтастық: Ойын платформалары топтық жұмысқа мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауына, тілдік тәжірибелерін алмасуына және бір-бірінен үйренуіне септігін тигізеді.
3. Нәтижелерді бағалау: Ойын элементтері оқушылардың нәтижелерін оңай бағалауға мүмкіндік береді. Бұл оқыту үрдісінде нақты кері байланыс алуға көмектеседі.
4. Икемділік пен қолжетімділік: 3D бағдарламалар мен ойын платформалары оқушыларға өз қарқынымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл әрбір оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес білім алуына жағдай жасайды.
Тақырыпты зерттеу барысында өзектілікті анықтауға қажет сауалнама жүргізілді. Сауалнамада 18 болашақ ағылшын тілі мұғалімдері, 10 мектеп оқушылары және 3 тәжірибелі мұғалімдер қатысты.
Нәтижелер
18 болашақ мамандарының 80%-ы интерактивты 3D бағдарламалары мен ойын платформаларын қолданатындарын және бұл әдістер жиі қолдану арқылы олардың сөздік қорын көбейтуге өте тиімді екенін атап өтті.
Мектеп оқушылары.
Сауалнамаға қатысқан 10 оқушының 90%-ы ойындар мен виртуалды бағдарламаларға жоғары қызығушылықтарын көрсетті. Олардың айтуынша, жаңа сөздерді жаттау қызықты және оңай бола бастады. Дегенмен, кейбір студенттер сөздерге ойынның барысына назарлары жиі аударлып, концентрация жоғалтып кететіндерін ерекшелеп кетті.
Мұғалімдер.
3 мұғалімнің 2-і 3D бағдарламалары туралы оң пікірін білдіріп, олардың сабақты түрлендіруге және оқушыларды белсендіруге көмектесетінін баса айтты.
Сауалнама нәтижелеріне сүйе отырып, тақырыптың өте өзекті екені анықталды. Алайда бұл әдістерді қолдану кезіндегі бірнеше қиындықтар анықталды:
1. Оқу мақсаттарынан алшақтау: ойын элементтері кейде оқушылардың сабақтан назарларын аударады. Бұл материалдың игерілу тиімділігін төмендетуі мүмкін.
2. Мектептегі сынып бөлмелерінің толық жабдықталмауы мен интернет байланысының жеткілікті деңгейде болмауы.
3. Тек ойындар мен 3D платформаларды қолдану, білімнің 100 пайыз игермелуіне әсер етеді. Сөздердің барлық лексикалық мәнін жеткізу мүмкін емес болғандықтан, сөздерді тек осы әдіс арқылы жаттау жеткіліксіз болып табылады.
4. Дайындыққа уақыттын көп кетуі де педагогтерге бұл әдістерді жиі қолдану ауыртпашылық тударады.
Осы кемшіліктерді ескере отырып, сабақты тиімді өткізуге бірнеше ұсыныстар бар:
1.Білім беру процесіне интерактивті технологияларды интеграциялау. Яғни, жаңартылған білім беру жүйесінде интерактивті 3D бағдарламалар мен ойын платформаларын жүйелі түрде пайдалану әдістемесін енгізу керек. Әр платформаның өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл өте ауқымды жұмыс болып табылады. Сол себепті, білім беру жүйесіне мұндай әдістерді енгізу өте мұқиятты және сапалы жүргізілуі тиіс.
2. Курстар мен семинарлар ұйымдастыру. Келесі өте маңызды қадам-қосымша курстар жасау. Алдында айта өткендей, әрбір плафтформаның ерекшілігі бар, сол себепті мамандардың білітілігін арттыру мақсатында пайдалы сабақтар өткізу болады. Жеке адамға бұл программалармен жұмыс істеу, түсіну қиын болады. Бірақ арнайы әдістемелер болса, мұғалімдердің осы саладағы құзыреттілігін арттыруға көмектеседі.
3. Интерактивті 3D бағдарламалары мен ойын платформаларын дәстүрлі әдістермен байланастыру керек. 3D бағдарламалары мен ойындарын оқу үдерісіне тиімді қосу арқылы оларды дәстүрлі оқыту әдістерінің толықтырушысы етуге болады.
4. Бақылау және кері байланыс. 3D платформалардың тиімділігін анықтау үшін оқушылардан мерзімді сауалнама алу арқылы мәселелерді ерте анықтауға және процесті жақсартуға болады. Мұғалімдер мен оқушылардан алынған тұрақты кері байланыс бұл технологияларды оқытуда қолдану әдістерін жетілдіруге септігін тигізеді.
Қорытындылай келе, интерактивті 3D бағдарламалары мен ойын платформалары ағылшын тілі сабағында қолдану көптеген мүкіндіктерге жетуге көмектеседі. Алайда оны қолдану кезінде бірнеше жайттарды ескеру және солармен жұмыс істеу білу керек.
Әдебиеттер тізімі:
- https://www.cambridge.org/core/journals/bilingualism-language-and-cognition/article/digital-language-learning-dll-insights-from-behavior-cognition-and-the-brain/EAC2766155C2827B0FEE8E6B70B1D0A4
- Пассов Е. И. Бик дл. Подино. П19- Урок иностранного языка в средней школе. - 2-е изд., до- раб. - М.: Просвещение, 1988. - 223 с.
Оставить комментарий