Поздравляем с Новым Годом!
   
Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 12(266)

Рубрика журнала: Филология

Секция: Литературоведение

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6

Библиографическое описание:
Мамытова А.А. КӨНЕ ЭПОС СЮЖЕТІНДЕГІ «СЫРТТАЙ ҒАШЫҚ БОЛУ» МОТИВІ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2024. № 12(266). URL: https://sibac.info/journal/student/266/323385 (дата обращения: 29.12.2024).

КӨНЕ ЭПОС СЮЖЕТІНДЕГІ «СЫРТТАЙ ҒАШЫҚ БОЛУ» МОТИВІ

Мамытова Аяулы Айбекқызы

Қазақ филологиясы» мамандығының 1-курс магистранты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

Қазақстан Республикасы, Алматы қ

Мамбетов Жолдасбек Омарханұлы

научный руководитель,

ғылыми жетекшісі, ф.ғ.к., доцент,

Қазақстан Республикасы, Алматы қ

АННОТАЦИЯ

В статье говорится о мотиве заочной любви в сюжете древнего эпоса. То есть рассказывается о происхождении древнего эпоса, истории мотива любви снаружи и основном сюжете эпоса.

ABSTRACT

The article talks about the motive of correspondence love in the plot of the ancient epic. That is, it tells about the origin of the ancient epic, the story of the love motif outside and the main plot of the epic.

 

Ключевый слова: древний эпос, мотив, сюжет.

Keywords: ancient epic, motive, plot.

 

Көне эпос – ежелгі замандарда қалыптасып дамыған, қазіргі кезде көркемдік бейнесі эпос құрамының жанрлары мен түрлерінің қайнар көзі саналатын эпикалық туындының көне түрі. Ең маңызды белгісі – синкретизм болып табылады. Осы белгі маңызды болып табылатын көне эпостың  жасалу тұлғасында архаикалық мифтер, ертегі, ғұрыптық поэзия, ежелгі дүниетанымдық топшылаулар үлкен мәнге ие.

Көне эпос сюжеттік, тақырыптық жағынан біркелкі емес, әрқайсысы әртүрлі. Олардың кейбіреуінде аңшы-мергеннің әрекеті мен батырлығы сипатталса, енді бірінде жар іздеу, түсінде кездескен аруға сырттай ғашық болып, қызды іздеу бейнеленеді. Демек дара тұлға болмысындағы жеке қығушылық ниеттері, қуғын көргендер мен жазықсыз жаза тартқандар, әлсіздерді қорғау, немесе өз отбасының тыныштығын қорғау жолында ерлік қылған батыр тұлғасы марапатталады.

Көне эпостың топшыланған үлгілері мен белгілері жайлы біршама ойлар кездеседі. Фольклорды кеңінен зерттеген Ә. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев, М. Ғабдуллин, Т. Сыдықов, Н. С. Смирнова еңбектерінен айтылған мәселе туралы кездестіре аламыз. Қазақ эпосын саты бойынша жүйелеу туралы бұрынғы архаикалық эпосты жеке бір  топ ретінде ұсынған ғалымдар да болды. Сондай ғалымдардың бірі және осы туралы өз еңбегінде үнемі қозғап отыратын академик Әлкей Марғұлан. Дегенмен, бұл пікір әрі қарай жалғасын таппай, толығымен дәлелдегенмен.

Фольклортанушы Ә. Қоңыратбаевтың зерттеу еңбектерінде көне эпосқа қатысты құнды пікірлер аз емес. Ғалым эпостың шығу тегі, даму тарихы туралы сөз қозғағанда осы жайлы әрқашан тоқталып өткен. Бұл жайлы Әуелбек Қоңыратбаев  «Эпос және оның айтушылары» атты еңбегінен кездестіруге болады. Эпос бастауында ертегі, аңыз, шежіре жайлы айтылады. Кейін бірте-бірте ертегілік сарыннан ажырап, тарихи-реалдық жырларға ауысқан деп көрсетеді. Аталған пікірді одан әрі жүйелей түседі де эпостық нақты шыққан жылы туралы айтады. Ой-сана мен тіл, тайпа мен эпос жолдас. Эпос тариха көз жүгірткен кезде көп жағдайда тайпа, ел тарихынан бөліп алып қарастырған. Схематизм, субъективтік бағалар сынды жай болжамдар осындайдан туған.

Аталған ғалымның пікірі көне эпосты толығымен танып, оның ішіндегі көрініс табатын мотивті жетік білу керек деген ой-толғамдарға саяды.

Ә. Қоңыратбаевтың «Ежелгі түркі поэзиясы және фольклор» атты көлемді зерттеу еңбегінде эпостың тарихқа қатыстылығы, шығу тегі мен жалпы сипаттамасы жайында мардымды ой-толғамдар кездеседі. Сондай пікірдің біршамасы «Эпос және оның айтушылары» еңбегінде көптеп ұшырасады. Бұл еңбекте бірнеше жырды атап өтеді. Ертегілік эпоста мифология мен қоғам өмірі қайнасып жатады. Мұнда көбіне табиғаттың тілсіз күштері, мыстан, дию сияқтылармен күрес көп.

М. Ғабдуллин мен Т. Сыдықовтың бірлесіп жазылған еңбектерінде ежелгі заман эпостарының өзіндік ерекшеліктеріне құнды пікір айтқан. Аталмыш ғалымдар көне эпосты бұрынғы адамдардың ру тәуедсіздігі үшін жасалған соғысы, тұрмыс-санасы, өмір тіршілігі, күнделікті өмір сүру көрінісі, шаруашылық жұмыстары, бақташылық, аңшылық кәсібі, қоғам мен дүниені танудағы көзқарасы мен наным-сенім әдеттері жайында осылай деп түйін жасайды. Көпшілік жырда мифология мен таңғажайып оқиғалар кездесіп жатады. Бейтаныс аруды түсінде көріп сырттай ғашық болуы, ол үшін айдаһар сияқты залым күштермен күреске түсуін айтсақ болады.

Б. Н. Путилов көне эпос туралы еңбектерге зерттеу жасай отырып, әділ пайымдауларды келтіреді. Ғалым мифологиялық эпос, батырлық ертегі мемлекет дүние келгенге  дейінгі эпос алғашқы бірлестіктің жемісі екенін айтты. Ілкі адамдар – «мәдени қаһармандар» іс-әрекетінің көрініс беруі, содан кейін қаһармандық жорық, ержүректілікпен үйлену, айдаһарлармен шайқасу, рулық өш дегеннің бәрі көне аңыздардың мазмұнын көрсетеді. Эпикалық қиял-ғажайыптан туған көне эпос адамзаттың ең бірінші бірлестік тәжірибесін ғана емес, басқа да сан түрлі тұжырымын аңғартады. Қазіргілер үшін сенімсіздік тудыратын құбылыстар бұрынғы қоғам адамдарының тұрмыстық салты мен сана бірлігі.Көне эпос сюжеттері ежелгі замандандарда пайда болып қалыптасты. Қазіргі уақытқа дейін сол сюжеттер негізінде жырланған эпостар жетті. Ақын-жыршылардың өздері өмір сүрген дәуірдегі эпикалық дәстүр аясында туып жырланған бұл сюжеттер өзінің қалыптасқан бейнесін біршама деңгейде өзгеріске ұшырап, көп жағдайда белмейтін күйге түсуі табиғи дүние.

Эпикалық аңыздардың өте ежелгі түріне жататыны – көне эпос. Ғалым Рахманқұл Бердібай көне эпостың жанрлық болмысы, фольклордың басқа түрлерімен қатынасы, көркемдігі туралы тұжырымдалар айтты. Сондай тұжырымдаманың бірі – батырлықпен үйлену. Көне эпосқа жатқызылып жүрген шығарманың бірі  –  «Құбығыл».  Жырда көрініс табатын негізгі мотив пен  эпизодтары былай деп беріледі: дүниеге келетін батырдың әкесі, жетпіске таяп қалған Уәли ханның баласыздығы, сол себепті ол қубас хан атанып сәні қашуы, құлдан және әркімнен зорлық пен қиындық көруі, қолына бір таяғын алып, жерін тастап жыраққа кетуі, түсінде Баба түкті шашты Әзіздің аян беріп, Құбығыл атты баланың өмірге келетіндігі туралы айтуы, ханның ұлан асыр той беруі, аңсап жеткен бала Құбығылдың тез өсуі, бала жеті жасқа толған кезде түс көруі, түсінде сұлу қызды кезіктіруі, қыздың бұған ғашық екенін айтып, артынан іздеп келуін сұрауы, әкесінен бата алып, тұлпарын таңдап ғашығына жолға шығуы, қыздың әкесіне бейшара қойшы бейнесінде қызмет қылуы, кейіпкердің түсіндегі көрген аруы Ақбілекпен кездесуі, қызды алып қашады және қыздың ата-анасы мен ағаларының бұлардың соңынан қууы, олармен айқасып, жеңіске жетуі, Ақбілекті айдаһардан құтарып, үлкен той болады.  Жалпы, жырда көрініс беретін сюжеттер осы. Осының ішіндегі ең маңыздысы «Құбығыл» жырында сырттай ғашық болу мотивінің көрініс табуы. Қаһарманның сүйгеніне сырттай ғашық болу түс көру арқылы баяндалынады. Бұл туынды да қаһарман басқа жырлардағы секілді басты мақсат-міндеті – елін, жерін сыртқы жаулардан қорғау екіні мәлім. Дегенмен, Құбығұлдың батырларға тән бес қаруы сай, тұлпары ақылды да бәріне төзімді болса да, оның басты мақсаты – сырттай ғашық болған Ақбілек аруға қосылу. Отбасы, қалыңдық үшін күресуі, өзінің мұратын басты мақсат ету және сол жолда қаһармандық бейнесін танытуы – көне эпос сюжеттерінде көп кездесетіні мен осы сюжетті арқау еткен жырлардың басты мазмұны екені бәріне таныс.

Ғалымдардың зерттеулеріне үңілетін болсақ көне эпостың бойында фольклордың басқа да сипаттары белең алады. Көне эпостың бойында фольклордың басқа да жанрлары болғандықтан оның көп қырлы сипаты басым. Яғни көне эпоста миф, аңыз-әңгіме, ертегі, тұрмыс-салт өлеңдері аралас түрде келіп отырады. Эпостың ежелден қалыптасқанын көрсететін қасиеті – қаһарманның өзіне жар іздеуі. Батырдың өзіне қалыңдық іздеуі ерекше түрде баяндалынады. Себебі, бас кейіпкер сырттай ғашық болады. Мұндай сюжетті «Құбығұл» жырынан кездестіруге болады.

Көне эпоста елсіз мекенді, жалғыз тауды, орманды не болмаса мұхит ортасында орналасқан аралда өмір сүретін жалғыз я отбасымен ғана тұратын қаһарманның ерлігі мен батылдығы айтылады. Оның басты функциясы: түрлі залым күштерге төтеп беру, құжыбыжықтарды жоқ қылу, адал жар іздеу, отбасылы болу, отбасын қорғау, оның берекесін сақтау, осал жандарға көмектесу. Осы аталғандардың біршамасы «Құбығұл».

Құбығұлдың өмірге келуі де ерекше. Ол мұсылман әулие-әнбиелердің рақымы нәтижесінде дүниеге келеді.

Батырлық эпоста көне эпосқа қарағанда бас кейіпкердің батырлық танытып яки ерлік көрсетіп үйленуі эпос мазмұнының көп бөлігін құрайды. Сонымен қатар, батырлық эпоста батырдың үйленуі басты мақсат болмайды. Батыр үшін алғашқы сынақ елін, жерін, қорғау мақсатында дайындығын пысықтап, қаһармандық тұлғасында қалыптасқанын қадағалау сияқты. Ал отбасы құру, қалыңдығы үшін шайқасу не болмаса жеке басының қамын басты мақсат ету, сол жолда қаһармандық көрсету – көне эпос сюжеттерінің көп тарағаны және осы оқиғаны арқау еткен жыларға негізгі мазмұн екені мәлім.

«Құбығұл» жырының негізгі сюжеті бас кейіпкердің сырттай ғашық болып, қаһармандық үйлену желісіне құрылған. Бас кезінде өз адамын түсінде кездестіріп, сырттай ғашық болу арқылы оған жету жолы пайда болады. Аталған сюжет жырдың ішінде даму сатысы туындылардың әрқайсысында түрлінше жалғасын тауып жатады. Атап айтсақ, батырдың сүйген қызының жақындарымен немесе қатігез күштермен шайқасқа түседі. Ал, Құбығұл қыздың әкесі, ағаларымен жекпе-жекке шығады. Сонымен қатар, зұлымдық иесі айдаһармен екі рет арпалысады. Құбығылды архаикалық типтік қаһарман дейді. Себебі, ол айдаһармен шайқасқа түсіп, екі рет жеңген.

Дастанның шыққан уақытын болжаммен айтатын болсақ, жырда Құбығұлдың елі – Орта Ноғай елі деп беріледі. Ал, жері болса Көк Еділдің бойы деп суреттеледі. Құбығұлды әкесі Уәли хан Құбығұл өмірге келмей тұрып, перзентсіздік қайғысына шыдамай, туған елін тастап, жер бетін кезеді. Өзінің туған еліне қайтар кезінде «Ұлы өзен Жеміне» келеді. «Ұлы Жемді жағалап, Жердің жүзін аралап, Шетірлінің бойына Патша келді шамалап. Жүдеп келген Уәли Үш күн жатты паналап». Аталған мекенде пірінен аян алғаннан кейін Уәли хан Жемнен «Көк Еділдің бойына Екі күнде келеді» .Уәли ханның әйелі жүкті болған кезінде алмас тасқа жерік болған екен. Анасының ерекше затқа жерік болуы бекер емес. Себебі болашақ батыр болатынын айғақтайтын, байырғы ырымға сенушілік белгісі. Бұл жайында жырда айрықша мән беріліп айтылғаны тегін емес. Бас кейіпкердің тек батырлығы ғана емес жар табуының өзі ерекше. Өйткені ол бейтаныс аруға сырттай ғашық болу арқылы қосылады. Оған жету жолында біршама кедергілерді өткереді. Ұзақ жылдар бойы күткен баланың шілдехана тойының өзі дүркіреп өтеді. Ұзақ уақыт бойы ел ауызынан кетпейді. Шілдехана рәсімінің айрықша айтылуы да оқиғаның қаншалықты маңызды болғанын көрсетеді. Тіпті бесікке бөлеудің өзі көңіл аудартады.

Осыған қарағанда Құбығұлдың әр бастауында жаратушы басқалардан «артық» қылып жаратқандығы, ерекше белгісін байқатады. Ол тез әрі шапшаң өседі. Оның бес-алты жаста қонақжай болғаны, ал, жеті жасында жақсы тұлпар мінгеді баяндалынады.

«Құбығыл» дастанын жеткізуіші белгілі эпик-ақын, жыршы Н.Байғанин. Н.Байғанин халық аузында тараған жырдың мәтінін қайта өңдеп, көркемдеп, алға қойған мақсаттарына, өзінің таңдауына қарай өзгерістер енгізіп, басқалай жырлауы да мүмкін. Дегенмен, бұл дастанның көне желінің кейінгі дәуірдегі интерпретациясы екенін де сөз жоқ. Дастанда көне сарын өзгеріске ұшырап, жаңартылғанымен, өз кезегінде бар қажеттіліктерге ұқсастырыла, өзгеріс енгізіле бейнеленгені байқалады.

Халық санасында сан ғасыр бойы естен шықпай сақталып келе жатқан бұл сюжет кейінгі заманда ғана жыр негізіне айналып, басқа жанрлардың ықпалында, әсерінде болып біраз өзгеріске ұшарап трансформацияланған. Айта кетсек, жырдың желілік байланысы ретінде Құбығылдың ұйықтап жатқанда көрген таңғажайып түсі келтірілген. Түсінде кезіктірген ару өзінің Құбығылға ғашық екенін жеткізіп, оны артынан іздеп келуін өтінеді. Бас кейіпкер Құбығыл да қызға ғашық болады. Соның нәтижесінде, бейтаныс ғашығын іздеп алыс сапар шегеді. Сонда, Құбығұл көрген таңғажайып әрі киелі түсі оны алыс та қауіп-қатерге толы сапарға шығуыға бірден-бір негіз болады.

Шетел ғалымдарының сырттай ғашық болу оның ішінде түс көре отырып ғашық болу жайында айтқан тұжырымдамалары бар. Осы жайында өзіндік пікірін білдірген Е.Э.Бертельс, Ю.Борщевский, В.М. Жирмунский сияқты ғалымдар болды. Ғалымдардың айтуы бойынша, сырттай ғашық болу мотиві, әсіресе ғажайып түс көру парсы дастандарына тән. Дегенмен, көп зерттеулерге қарағанда бұл мотив өзіміздің төл фольклорымызда да жиі көрініс тапқан.

Рахманқұл Бердібаевтың «Қазақ эпосы» еңбегінде «Құбығұл» дастанының күрделі орын алатын құбылысы жайлы атап өтеді. Бұл дастандағы түс көру құбылысы. Ескеретін жайт, қаһарман түс көру арқылы сырттай ғашық болады. Негізгі сюжетіне келсек, ханның қызы Ақбілек Құбығұлдың түсіне кіреді де «кел» деп өзіне шақырады. Ол тек жай шақырып қоймайды, бірнеше рет қайталап, жас жігітті қайрай түседі. Аталған сюжет күллі оқиғалық байланыстардың туып, дамуына себепші болады. Қаһармандардың әр іс-әрекеті  күн ара түс көруі арқылы баяндалынады. Бұл фактінінің өзі «Құбығұл» дастанында бас кейіпкерді сырттай ғашық болу арқылы бейтаныс аруға жасалатын негізгі әрекеттері. Түстің бағдары, жорылуы үлкен әрекеттерді жасауға итермелеп отырған. Көбінесе түс көру тәңірі, жаратушының аян беруі, құпия дүниенің сырын түсіну дағдысы деп ұғынған. Ежелгі Мысырда біздің байырғы заманымыздан екі мың жылдық ішінде түс жорудың кәдімгідей «шарты» қалыптасқан. Бұл айтылғандар түс көрудің тамыры тереңде жатқандығын дәлелдейді. Әлем, табиғат, тіршілік құпиясы  танылмаған кездердің өзінде адамзат болмыс туралы түрлі пайымдаулар қалыптастырған. Сол пайымдаулардың бір бөлігі осы түстерге қатысты.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Жирмунский В.М. Народный героический эпос. – Москва-Ленинград: 1962. – 435 с.
  2. Бабалар сөзі: Жүзтомдық. – Астана: «Фолиант», 2008. Т. 52: Көне эпос.  – 352 бет.
  3. Әзібаева Б.У. Қазақ эпосының сюжеттері=Сюжеты казахского эпоса: Монография/Әзібаева Б.У. – Алматы: «Servise Press», 2014. – 576 б.
  4. Бердібай Р. Он томдық шығармалар жинағы, 1 том: Эпос-ел қазынасы / Рахманқұл Бердібай. Құрастырған Д. Ысқақұлы. – Алматы: РПБК «Дәуір», 2017. – 320 б.

Оставить комментарий