Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 18(230)

Рубрика журнала: Медицина

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7, скачать журнал часть 8, скачать журнал часть 9, скачать журнал часть 10

Библиографическое описание:
Құрманәлі А.Қ., Асанова Ә.С., Нұрбала Н.С. ӨКПЕНІҢ ФИБРОЗДЫ-КАВЕРНОЗДЫ ТУБЕРКУЛЕЗІ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2023. № 18(230). URL: https://sibac.info/journal/student/230/288694 (дата обращения: 27.04.2024).

ӨКПЕНІҢ ФИБРОЗДЫ-КАВЕРНОЗДЫ ТУБЕРКУЛЕЗІ

Құрманәлі Ақерке Қуанышәліқызы

студент-интерн, Қарағанды Медицина Университеті,

ҚР, Қарағанды қ.

Асанова Әсел Саматқызы

студент-интерн, Қарағанды Медицина Университеті,

ҚР, Қарағанды қ.

Нұрбала Нұрислам Саламатұлы

студент-интерн, Қарағанды Медицина Университеті,

ҚР, Қарағанды қ.

Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі - өкпенің деструктивті туберкулезінің соңғы кезеңі болып табылады жəне фиброзды каверна болуымен, кавернаны қоршаған өкпе тінінде фиброзды өзгерістер болуымен сипатталады. Фиброзды кавернаның қабырғасы өте күрделі құрылысты болып келеді: ішкі қабаты - бұл алынбайтын казеозды масса, əрі қарай арнайы түйіршікті тіндері бар ауқымды қабаты орналасады, келесі қабаты – фиброзды өзгерістері бар арнайы емес түйіршікті тін. Кавернаның мықты фиброзды қапшығы болады, оның маңайында жиі перифокалдық қабыну процесі байқалады. Мұндай фиброзды каверна əрқашан бронх ағашымен бірнеше жерден дренаж арқылы байланысады, сөйтіп каверна маңында жəне екінші өкпеде өкпе тінінің бронхтық таралуы болуына əкеледі. Өкпеде басқа да морфологиялық өзгерістер дамиды: пневмосклероз, эмфизема, бронхоэктаздар. [4]

Өкпе туберкулезі алғаш анықталғандар арасында фиброзды кавернозды туберкулезбен ауыратындар шамамен 3% құрайды. Өкпе туберкулезінің науқастарының негізгі өлім себебі фиброзды кавернозды туберкулез және оның асқынуы болып табылады, ол туберкулезге шалдыққандардың 80%ын диагностикалайды.[4]

Патогенез және патоморфологиясы

Туберкулездің инфильтративтік, каверноздық немесе диссеминирленген түрлерінен фиброзды-кавернозды туберкулез дамиды. Үрдісінің өршуі:

  1. Ағзаның жалпы және иммунды төзімділігінің төмендеуі
  2. Суперинфекцияларға
  3. ТМБ дәрілерге төзімділігіне
  4. Емдік тәртіптердің бұзылыстары
  5. Басқа да аурулардың қосылуына байланысты. [2]

Прогрессивті фиброзды-кавернозды туберкулез перибронхиальды тіндердің, ірі бронхтардың тегіс бұлшықеттері мен шеміршегінің спецификалық зақымдалуымен, сондай-ақ бронхтардың ішкі қабаты мен шырышты қабатында инфильтративті ойық жаралы өзгерістердің болуымен сипатталады. Әсіресе кіші бронхтар мен бронхиолалар жиі зардап шегеді, олардың қабырғалары казеозды некрозға ұшырайды. Нәтижесінде бронхтардың тарылуы, ампутациясы, облитерациясы пайда болады, цилиндрлік және ұсақ қапшықты бронхоэктаздар пайда болады.

Фибро-кавернозды туберкулездің өршу кезеңінде алып каверна пайда болуы мүмкін, ол көбінесе өкпенің бүкіл бөлігін немесе тіпті өкпенің барлығын алады. Мұндай қуыс көп камералы болады, кавернаның жанында ірі, көбінесе аневризмалық кеңейтілген қан тамырлары анықталады, олардың тұтастығы бұзылған кезде өкпеден жаппай қан кету пайда болады.[3]

Фиброзды кавернаның толық тыртықтанып кетуі сирек кездеседі, өйткені оның қабырғаларында және айналасындағы өкпе тінінде массивті фиброз мұндай қуыстың жабылып және оның тыртықтануына жол бермейді.

Өкпенің фиброзды кавернозды туберкулезінде процеске көбінесе висцеральды, содан кейін париетальды плевра қатысады. Онда перифокальды қабыну аймақтары, туберкулез ошақтары пайда болады. Осы себепті өкпенің қозғалғыштығы шектеліп қана қоймайды, сонымен қатар кавернаның жазылуы қиынға соғады, әсіресе олар жоғарғы жағында немесе кортикальды қабаттарда пайда болса.[3]

Ашық каверна-туберкулез микобактерияларының таралуының тұрақты көзі (резервуары). Өршу кезеңінде кавернаның айналасында айқын перифокальды қабыну дамиды, бронхогендік таралу ошақтары пайда болады. Әрбір өршу кезеңінде таралудың барлық жаңа ошақтары пайда болады, олар үлкен конгломераттарға біріктірілуі мүмкін. Осылайша жаңа каверналар немесе «еншілес каверналар»пайда болады.

Осылайша, фиброзды кавернозды туберкулезде тек перифокальды қабыну ғана емес, бронхогендік таралу ғана емес, сонымен қатар сол және қарама-қарсы өкпеде жаңа каверналардың пайда болу қаупі бар.

Процестің соңғы кезеңінде казеозды пневмония аймақтары пайда болады.[3]

Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезінің ағымының 3 клиникалық варианты ажыратылады:

1. Шектелген немесе салыстырмалы тұрақты фиброзды-кавернозды туберкулез – бұл зақымдауы шектелген жəне ағымы тұрақты басталып кетуі сирек болатын фиброзды-кавернозды туберкулез.

2. Күшейе беретін фиброзды-кавернозды туберкулез.

3. Асқынған (қан қақыру жəне өкпеден қан кету, өкпе-жүректік жетіспеушілік, өкпелік жүрек, кенеттен болған пневмоторакс, өкпеқап эмпиемасы, бронхтар мен көмейдің туберкулезі, ішкі ағзалардың амилоидозы) бар фиброзды-кавернозды туберкулез.[1]

Басқа органдар мен мүшелер жағынан өзгерістер

Фиброзды-кавернозды туберкулез кезінде терең алмасу бұзылулары мен витамин жетіспеушілігі болады. Кейде асқазанның моторлы және сөл бөлу жұмысы,  тыныс алу мен қан айналымының функциялары, бауыр және бүйректің қызметі бұзылады. Эндокринді системаның әртүрлі  бөлігінде гормональды бұзылулар, қалқанша без бен бүйрек безі қабығы функциялары да бұзылады. ФКТ көрінісі – ішкі органдардың амилоидозы.[5]

Циррозды туберкулез дамуы мүмкін. Өкпелік жүректік жетіспеушілік дамыса, ол өлімге себеп болып табылады.

Фиброзды кавернозды туберкулездің өршу және асқыну кезінде хирургиялық араласу мен кешенді емнің әсері көбіне төмен болады. Хирургиялық емдеу әдісіне мүмкіндік болғанымен, көбіне операцияға қарсы көрсеткіштердің болуымен шектеледі.[2]

Шағымдар мен анамнез

Туберкулезбен ауыратын науқастармен контакт болу, бұрын туберкулезбен ауыруы, өкпеде туберкулездік қалдық өзгерістердің болуы, психикалық жəне дене жарақаттары, гиперинсоляция (күнге күю), медициналық банкаларды қолдану, стероидты гормондарды жəне иммунодепрессанттарды қолдану.[1]

Физикалық тексеру

Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезінің клиникалық көрінісі аурудың ұзақтығына байланысты. Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі көбінесе туберкулездің басқа формаларын дұрыс емдемегенде дамиды.[1]

Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі алғаш байқалған науқастар жалпы əлсіздікке, шаршайтынына, тəбеті төмендегеніне, арықтағанына, жөтелетініне шағымданады; аурудың жайылған жəне асқынған формасында - гектикалық қызбаға, түнде терлеуге, ентігуге шағымданады.

Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезімен ұзақ уақыт ауыратын науқастарда созылмалы интоксикация симптомдары, өкпе-жүректік жетіспеушілік, ентігу, аздаған қақырық шығарумен жөтелу (тəулігіне 50-100 мл-ге дейін), кейде қан араласқан.[1]

Объективті көріністер: жүдеу, терісінің бозаруы, зақымдалған жағында қабырға аралықтардың, бұғана үсті жəне асты шұңқырларының ішке кіріп тұруы, иықтың төмен түсуі, тыныс алғанда кеуде торының жартысының қозғалысы шектелуі, зақымдалған өкпенің тұсында перкуторлық дыбыстың қысқаруы, бронхтық əлсіз тыныс алу, кавернаның орналасқан жерінде дренаждалған бронхтардың диаметріне сəйкес əртүрлі калибрдегі ылғалды сырылдар естіледі.[1]

Лабораториялық жəне инструменталдық зерттеулер:

1. Туберкулез микобактериясын жағынды микроскопиясы жəне қақырықты себу əдістері арқылы анықтау. Қақырықты зерттеу кезінде ТМБ қатар холестерин кристаллдары, аморфты фосфат тұздары, Эрлих үштігінің эластикалық талшықтары анықталады. Сонымен қатар жиі әр түрлі бактериялық саңырауқұлақтық флоралар жүреді.

2. ЖҚА: ЭТЖ 30-50 мм/сағ. Дейін жоғарылауы, аздаған лейкоцитоз болуы мүмкін, лимфопения, моноцитоз, лейкоциттік формуланың орташа нейтрофилдік солға жылжуы, рецидивтік қан кетулерден анемия болу.

3. ЖНА: аздаған протеинурия, бірнеше лейкоциттер жəне эритроциттер болуы.

4. Рентгено-томографиялық: рентгендік көрініс сан алуан жəне туберкулездің алғашқы формасына, аурудың басталған уақытына, зақымдалу ерекшеліктеріне тəуелді. Ішкі контуры анық бірнеше сақина тəрізді көлеңке анықталады, сыртқы контуры өкпе тінінің тығыздалуынан онша анық емес, кейде каверна қуысында секвестр немесе сұйықтық деңгейі, өкпенің зақымданған бөлімдерінің фиброзды кішіреюі, полиморфты бронхтық таралу ошақтары, өкпеқаптың қатпарлануы, көкірекаралық ағзаларының зақымдалған жаққа қарай ығысуы, көкеттің жоғары орналасуы анықталады.[1] Сақина тәрізді көлеңкенің диаметрі 2-4 см-ден өкпе бөлігінің мөлшеріне дейін, пішіні домалақ болуы мүмкін, жиі дұрыс емес немесе лициклдық болып келеді. Өкпенің төменгі бөлігіндегі кавернаның жоғары бөліктік орналасуында фибринозды тәждік, бронхогенді себілу ошақтары мен фокустары анықталады. [2]

5. Бронхологиялық тексеру: спецификалық бронхиттің болуы, көбінесе дренаждалған бронх, бронхтардың тыртықпен тарылуы жəне деформациясы, спецификалық емес эндобронхит, бронхонодулярлық жыланкөз (фистула) болуы, кейде көмейдің осы ауруға тəн зақымдануы байқалады.[1]

6. Туберкулинге сезімталдығы нормоэргиялық болады. Ауру асқынған жағдайда теріс анергияға дейін төмендейді. [1]

Қорытынды:

Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі- ұзақ (1-2 жыл және одан да көп) созылмалы ағымы бар, ремиссия және өршу кезеңдері бар қайталама туберкулездің клиникалық түрі. Өкпеде талшықты қуыстың пайда болуымен, перикавитарлы пневмофиброзбен, өкпенің ошақты зақымдануының лимфо- және бронхогендік таралуымен, өкпе көлемінің азаюымен және медиастинальды мүшелердің зақымдалған жаққа ығысуымен, бактериялардың тұрақты немесе мерзімді түрде шығарылуымен сипатталады. Өкпе туберкулезінің бұл түрі эпидемиологиялық тұрғыдан ең қолайсыз болып табылады. Негізгі себептері: ағзаның жалпы және иммунды төзімділігінің төмендеуі, суперинфекцияларға, ТМБ дәрілерге төзімділігіне, емдік тәртіптердің бұзылыстары, басқа да аурулардың қосылуына байланысты. Фиброзды-кавернозды туберкулез жəне оның асқынулары өкпе туберкулезімен ауыратын науқастардың өлімінің негізгі себебі болып табылады. Хирургиялық емдеу әдісіне мүмкіндік болғанымен, көбіне операцияға қарсы көрсеткіштердің болуымен шектеледі.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30166360
  2. Фтизиатрия. Перельмана М. И, Богадельникова И. В. [с.282-30].
  3. https://cyberleninka.ru/article/n/kavernoznyy-i-fibrozno-kavernoznyy-tuberkulez-legkih-sovremennyy-vzglyad-na-patogenez-diagnostiku-i-lechenie :Кавернозный и фиброзно-кавернозный туберкулез легких: современный взгляд на патогенез, диагностику и лечение, Павлунин А.В.
  4. Хоменко А.Г. Туберкулез. М-1996, [с.256-263].
  5. https://medkenes.kz/zh-paly-aurular-entsiklopediya/tuberkulez

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.