Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 36(206)

Рубрика журнала: Педагогика

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5

Библиографическое описание:
Қойшибекова А.Қ., Аубакирова Н.Б., Алпысбаева М.Б. СӨЙЛЕУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРМЕН ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ЖҰМЫС // Студенческий: электрон. научн. журн. 2022. № 36(206). URL: https://sibac.info/journal/student/206/268604 (дата обращения: 24.04.2024).

СӨЙЛЕУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРМЕН ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

Қойшибекова Аида Қайыргельдықызы

студенті, арнайы және әлеуметтік педагогика кафедрасы, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті,

Қазақстан Республикасы, Петропавл қ.

Аубакирова Нургул Биржановна

студенті, арнайы және әлеуметтік педагогика кафедрасы, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті,

Қазақстан Республикасы, Петропавл қ.

Алпысбаева Мадина Борамбаевна

доктор PhD, доц., М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті,

Қазақстан Республикасы, Петропавл қ.

LOGOPEDIC WORK WITH CHILDREN WITH SPEECH DISORDERS

 

Aida Koishibekova

student, Department of Special and social pedagogy, North Kazakhstan University named after M. Kozybaev,

Petropavlovsk, Republic of Kazakhstan

Nurgul Aubakirova

student, Department of Special and social pedagogy, North Kazakhstan University named after M. Kozybaev,

Petropavlovsk, Republic of Kazakhstan

Madina Alpysbayeva

Doctor PhD, associate professor, North-Kazakhstan University named after M. Kozybaeva,

Petropavlovsk, Republic of Kazakhstan

 

АННОТАЦИЯ

Бұл мақалада авторлар балалардағы сөйлеу бұзылыстарының негізгі түрлерін және олардың себептерін ашады. Осы мәселемен айналысатын ғалымдар арасында ерте жастан сөйлеуге үйрету әдістерін қарастыра отырып, теориялық талдау жасалады. Студенттердің оқу сабақтарындағы жұмысының практикалық тәжірибесі ұсынылады.

ABSTRACT

In this article, the authors reveal the main types of speech disorders in children and their causes. A theoretical analysis is given among scientists dealing with this problem, considering methods of teaching speech from an early age. Practical experience of work of students during training sessions is offered.

 

Түйін сөздер: сөйлеу, балалардың сөйлеуінің бұзылуы, студенттер, дизартрия, дислалия, алалия, логопед.

Keywords: speech, speech disorder in children, students, dysarthria, dyslalia, alalia, speech therapist.

 

Баланың дамуының ең негізгі бөлігі, бала өмірінің алғашқы жылдарында қалыптасатын процесстерінің бірі – сөйлеу. Сөйлеу арқылы бала қоршаған ортамен байланыс жасап, танымдық белсенділігі пен ойлау жүйесінің дамуы үшін қажетті ақпарат алады. Сөйлеудің коммуникативтік функциялары ойлау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, ал бұл өз кезегінде баланың бейімді тәртібін, эмоциялық-ерік-жігер қасиеттерін және адами тұлғасын құруға өз үлесін қосады. Сөйлеудің танымдық қызметі сөйлеудің коммуникативтік қызметімен тығыз байланысты. Сөйлеудің реттеуші қызметі 4-5 жасқа қарай қалыптасады, ол кезде баланың саналы сөйлеу қабілеті дами түседі.

Сөйлеу қабілетінің дамуы бұзылған кезде бұл бала тұлғасының жалпы қалыптасуына, оның интеллектуалдық дамуы мен тәртібіне ықпал етеді, оқуда және қоршаған ортамен тіл алысуда қиындықтар туғызады.

Сөйлеу қабілетінің бұзылуы – орталық жүйке жүйесінің әртүрлі деңгейінің күрделі бұзылыстар кешені: ми қабығы, қабықтың асты, диэнцефалдық бөлігі, ми бағаны. Бұл бұзылыстардың құрылымы әртүрлі болады: атрофия және ишемия бөліктері, киста мен ісіктер, мидің белгілі бір жүйелері мен бөліктерінің биологиялық жетіспеушілігін тудыратын тамыр бұзылыстары. Мұндай бұзылыстар аясында мидың ғана емес, сонымен қатар сенсорлық жүйелердің дисфункциялары пайда болады.

а)Сөйлеу тіл бұзылуының ішкі (семантикалық) өңдеуінің бұзылуы алалия мен афазия кіреді.

Алалия – сөйлеу қабілетінің жүйелі дамымауы, бассүйек миының үлкен жарты шарлары қабықтарында сөйлеу орталықтары дамуының жеткіліксіз деңгейі, ол туа біткен немесе сөйлеуге дейінгі мерзім кезінде, онтогенездің ерте сатысында жүре пайда болуы мүмкін.

Афазия – бас миы қабығының сөйлеу бөліктерінің жергілікті бұзылыстары салдарынан сөйлеу қабілетін толық немесе жартылай жоғалту. Қалыптасып қойған сөйлеу қабілетінің жоғалуы, сондықтан мұндай диагноз 3-4 жастан кейін қойылады.

б)Тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы дизартрия, дислалия, ринолалия.

Дизартриялар – сөйлеу бұлшықеттері иннервациясының бұзылуы  салдарынан сөйлеудің дыбыс шығару қызметінің  бұзылуы. Орталық жүйке жүйесінде бұзылыстардың орналасуына қарай дизартриялар мынандай түрлерге бөлінеді: псевдобульбарлық, бульбарлық, қабық астында, мишықтық.

Дислалия – есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының иннервациясын сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Дислалия сөйлеу тілінің даму кезінде пайда болады. Дыбысты алмастырып, шатастырып, бұзып айтуы байқалады. Анатомиялық ауытқушылықтар болса органикалық, жоқ болса – функцианалды деп аталады.

Ринолалия - сөйлеу тілі аппаратының анатомо – физиологиялық ақаулығының салдарынаң дауыстың әуезділігімен дыбыстың дұрыс айтылуынын бұзылуы. Сөйлеу мүшелерінің бұзылуы мен дауыс әуезінің бұзылуы қатарласып сай келуі ринолалияны дислалия мен ринофониядан ажыратуға мүмкіндік береді.

Сөйлеу қабілетінің бұзылу себептері:

  • Тұқым қуалаушылық;
  • Туылғандағы жарақаты, шала туылу;
  • Бала туу кезіндегі ананың аурулары;
  • Ананың алкогольді ішуі, темекі шегуі, нашар экологиялық жағдайлардың және дәрі-дәрмектердің әсері;
  • Ананың стрессі;
  • Өмірдің алғашқы жылдарындағы жұқпалы ауруларға шалдығуы;
  • Есту бұзылыстары.

Көбінесе балалардың сөйлеу тілінің бұзылуының себебі қоршаған орта болып табылады. Баланың қалыпты дамуы үшін ата-аналармен балаға көп назар аудару және қарым-қатынас қажет. Өкінішке орай, тіпті ауқатты отбасылардың өзінде олар балалармен жеткілікті түрде араласып, қарым-қатынас жасай алмауы мүмкін: бала планшетпен, телефонмен, ойыншықтармен ойнайды, бірақ бұл нәрселер оның сөйлеуін ешқандай дамытпайды.

Сөйлеуді дамытуда ең маңыздысы – мектепке дейінгі жас. Сөйлеуді меңгерудегі ауытқулар жақын ересектермен қарым-қатынас жасауды қиындатады, танымдық процестердің дамуына кедергі келтіреді, өзіндік сананың қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Осыған байланысты сөйлеу тілінің дамуындағы ауытқулардың алдын алу, сөйлеу тілі бұзылған балаларды анықтау мәселесі қазіргі ғылымның өзекті мәселесі болып табылады. Болашақта жас балалардың сөйлеуін дамытудағы ауытқулар сөздік және грамматикалық құрылымның қалыптасуына әсер етуі мүмкін, сондықтан қайталама бұзушылықтарды болдырмау үшін түзету әрекеті қажет. Бұл кешенді логопедиялық тексеруді қажет етеді. Ерте жастан сөйлеуге үйрету әдістерін қарастырғандар О.Е. Громова, К.Л. Печорий, Г.В. Чиркина, Е.В. Шереметева.[2]

О.Е. Громова жас балалардың сөйлеуін диагностикалау үшін ата-аналарға арналған сауалнама әзірледі. Бұл сауалнаманы жас баланың ата-анасына жолдаған маман (логопед немесе тәрбиеші) ең маңызды көрсеткіштер: баланың сөздік қорының сандық және сапалық құрамы; баланың ортасында коммуникативті қажеттіліктерге сәйкес құбылыстың немесе объектінің номинациясын анық талап ететін жағдайдың болуы (прагматикалық фактор); осы сөзді қолдану қажет жағдайдың жиілігі.[1]

Е.В. Шереметьева баланың психологиялық сөйлеу дамуының бес кезеңін қамтитын ерте жастағы баланың психологиялық сөйлеу дамуының моделін жасады. Әрбір кезең мыналарды қамтиды: баланың сөйлеуді меңгеруге психофизиологиялық дайындығы; когнитивті компонент, бұл мамандарға жанұяның сыртқы ортаға әсер ету сапасын жанама түрде көрсетеді; баланың жақын адамдармен қарым-қатынасының лингвистикалық және тілдік құралдары.[4]

Қазіргі уақытта сөйлеуді меңгеруінде ауытқуы бар кішкентай балалардың сөйлеуін қалыптастыру үшін әзірленген әдістемелер жеткіліксіз, негізінен логопедияда мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін түзету әдістері ұсынылған.

Кішкентай балалармен жұмыс істеу кезінде мыналарды пайдаланануға болады:

  • сөйлеудің жалпы дамымауын жеңудің модификацияланған әдістері Р.Е. Левина, Н.С. Жукова, С.А. Миронова, Т.Б. Филичева;
  • фонематикалық қабылдаудың алғышарттарын дамытуға және дыбыстық-силлабикалық құрылымның айқын бұзылуын жоюға бағытталған арнайы жаттығулар Г.В. Чиркина мен А.К. Маркова;
  • кішкентай балалармен сөйлеуді дамыту және қоршаған ортаның шындығымен таныстыру бойынша сабақтар және әдістемелерді  әзірлеу В.В. Армориал, С.Н. Теплюк, В.А. Петрова.[3]

«Арнайы психология және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың диагностикасы» пәні бойынша тәжірибелік сабақтар аясында біз белсенді әдістердің әртүрлі түрлерін көрсетеміз. Мысалға, «Логокуб» ойыны, «Шарды орнына қой», «Тең-теңдікті жоғалтпа», «Шатастырып алма»,  және тағы басқа ойындарды қолдануға болады. Әдістерге арналған көрнекі материал, оқушылар өзістерге арнажасайды. Оқушылардың құрастырған әдістерін көрсету 1-суретте көрсетілген.

 

Сурет 1. Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған әдістемелер

 

Қөбінесе мұндай балармен қозғалмалы немесе артикуляциялық апараттарды жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі. Біздің практикалық сабағымызда «нысанаға жеткенше дейін үрле» ойынынын қарстырдық. Мұнда артикуляциялық апаратты жаттықтыру, түстерді айыру, зейінін қалыптастыруға өте тиімді ойын. Ойынның шарты: берілген шарды нысынға дейін үрлеу арқылы жеткізу. Баланың мақсатына жетуге көмектеседі және жақсы көңілде қалады.

Сонымен қатар логопед-дефектолог А.А. Ерғалиева «Логоритмика» кітабын қарастыруға болады. Логоритмикалық ырғақ - бұл сөзді, қозғалысты және музыканы қосу. Логоритмика баланың тек сөйлеу дағдыларын ғана дамытып қоймай, моторикасын, қозғалысын үйлестіру, тыныс алу және физикалық, психәмоцианалды жағдайын қалыптастырады. Баланың дайындық деңгейіне байланысты жаттығулар күрделене түседі.

Нәтижесінде баланың сөйлеу және артикуляциялық аппараты дамиды, жағымды психоэмоционалды жағдай қалыптасады, құрдастар тобында қарым-қатынасқа және бейімделуге, әртүрлі іс-әрекеттерде бастамашылық пен дербестік танытуға, білуге құмарлықты көрсетеді. Балада сөйлеу бұзылысы анықталған кезде мұндай әдістерді орындауды ұсынамыз. Өйткені, сөйлеу – негізгі интеллектуалдық құралдардың бірі.

Сонымен, қорытындылай келе, тәрбие, дамыту және оқыту процесінде одақтас және серіктес болуымыз үшін сөйлеу қабілеті бұзылған балалармен көп уақыт бөлу қажет екенін атап өткім келеді. Барлық тітіркенулер мен наразылықтар көбінесе ақпараттың жетіспеушілігінен немесе дұрыс түсінбеуінен туындайды. Бұл мақала сізге пайдалы болады деп үміттенеміз.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Громова О.Е. Методика формирования начального детского лексикона / О.Е. Громова. – М.: ТЦ Сфера, 2003. – 176 с.
  2. Өмірбекова Қ.Қ., Оразаева Г.С., Төлебиева Г.Н., Ибатова Г.Б. Логопедия – Алматы, 2011. – 135с.
  3. Печора К.Л. Развитие и воспитание детей раннего и дошкольного возраста. Актуальные проблемы и их решение в условиях ДОУ и семьи / К.Л. Печора. – М.: Скрипторий, 2006. – 96 с.
  4. Шереметьева Е.В. Предупреждение отклонений речевого развития у детей раннего возраста / Е.В. Шереметьева. – М.: Национальный книжный центр, 2012. – 168 с.

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.