Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 16(186)

Рубрика журнала: Филология

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7, скачать журнал часть 8, скачать журнал часть 9, скачать журнал часть 10

Библиографическое описание:
Сундетов К.А. ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ РӨЛІ МЕН ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2022. № 16(186). URL: https://sibac.info/journal/student/186/250636 (дата обращения: 20.04.2024).

ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ РӨЛІ МЕН ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

Сундетов Кубейсин Асанович

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 2 курс магистранты,

Ақтөбе, Қазақстан

THE PUBLIC ROLE OF THE KAZAKH PRESS AND THE HISTORY OF ITS STUDY

 

Kubeisin Sundetov

2 nd year master's student of the Faculty of Philology, Aktobe Regional University named after Zhubanova,

Kazakhstan, Aktobe

 

АҢДАТПА

Аталмыш мақалада қазақ баспасөзінің зерттелу тарихы мен қазіргі мән-жайы сөз етіледі. Автор қазақтілді мақалалардағы лексикалық және стилистикалық ерекшеліктерді талдауға талпыныс жасайды. Сондай-ақ қазақ мерзімдік басылымының қоғамдағы рөлі айқындалады. Мұнымен қатар отандық баспасөзді тарихи тұрғыда зерделеуден бөлек, бүгінгі күнмен салыстыру көрінеді. Қазақ баспасөзінің ғаламторға көшу үрдісі талданады. Мақала авторы баспа тілінің артықшылықтары мен айырмашылықтарын ашып көрсетуге батыл қадам жасаған.

ABSTRACT

This article discusses about the history of the Kazakh press research and its current state. The author will try to analyze lexical and stylistic features in Kazakh-language articles. The role of the Kazakh periodical in society is also determined. Along with this, in addition to the historical study of the domestic press, a comparison with today is presented. The trend of the transition of the Kazakh press to the Internet is analyzed. The author of the article took a bold step towards revealing the advantages and differences of the printed language.

 

Тірек сөздер: мерзімдік басылым, журналистика саласы, лексикалық ерекшеліктер, стилистика және стиль, БАҚ тілі.

Keywords: periodical, journalism sphere, lexical features, stylistics and style, media language.

 

Қандай қоғамдық құрылыс, я саяси жүйе болмасын бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор екені бәрімізге мәлім. Саяси түсіндірме сөздіктің анықтамасы бойынша, бұқаралық ақпарат құралы – арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер [1;108]. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор.1840 жылы  француз  ғалымы О. де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады. Олай деп атауы да жөнді. Қазіргі уақытта БАҚ-тың алар орны мен ықпалы айтарлықтай. БАҚ-тың көмегімен әлеуметтік-қоғамдық ортада үгіт-насихат, шындық болмыс халық назарына ұсынылып отыр.

Дәстүрлі БАҚ-тың қарқынды дамуы – баспа, радио, теледидар, әлемдік жаһантор – Интернеттің пайда болуы мен таралауы – бірыңғай ақпараттық кеңістіктің, ерекше үздік те озық ортаның, көптеген медиаағымдар жиынтығының пайда болуына алып келді. Осының бәрі тілдік қолданыстардың ерекшелігіне, тілдегі өзгерістердің сипатына ықпал етпеуі мүмкін емес. Қазіргі кезде бұқаралық ақпарат құралы оқылатын (визуалды) мерзімді басылымдар, тыңдалатын (аудиалды – радио), әрі тыңдауға әрі көруге болатын (аудио - визуалды - теледидар) болып үшке бөлінеді. Әлемдік жаһанторды, яғни Интернетті төртінші түріне де жатқызып жүргендер бар.

БАҚ визуалды, аудиалды, аудиовизуалды болып үлкен үш топқа бөлінеді. Бұлардың бәріне ортақ негізгі қызмет:

  • белгілі бір факт, уақиға, мәселе жөнінде жұртшылыққа ақпарат беру;
  • факт, оқиға жөнінде түсінік, баға беру;
  • танымдық, тәрбиелік, ағартушылық мазмұнда ақпарат бере отырып, жұртшылықтың (оқырмандардың, тыңдармандардың, көрермендердің) білім қорын молайтуға ықпал жасау;
  • жұртшылықтың қоғамдық, әлеуметтік, саяси көзқарасына әсер ету. БАҚ- тың бұл функциясы әсіресе саяси-әлеуметтік акциялар кезінде күшейе түседі;
  • геоденистік ақпарат беру, яғни жұртшылықтың көңіл-күйін көтеретіндей ақпарат беру [2;207].

«Бұқаралық қатынастың екі түрлі аспектісін бажайлауға болады. Біріншісі – заттық-логикалық, фактуалды, атап айтқанда, интеллектуалдық, дескриптивті, объективті, концептуалды фактуалды ақпарат. Бұлар қарым-қатынас жасаушылармен, ситуациямен байланысты емес. Екіншісі – прагматикалық, атап айтқанда, бағалауыштық, субъективті ақпарат. Бұл ақпараттың кызметі (функциясы) реципиентке әсер ету, ықпал жасау және коммуникатор сөз арқауы болып отырған зат, құбылыс, уақиғаға өзінің қатысын (көзқарасын) білдіру болып табылады» [2;241].

БАҚ-тың визуалды, аудиалды және аудиовизуалды түрлерінің өзіндік тілдік қолданысы мен ерекшеліктері бар. БАҚ-тың визуалды, яғни мерзімді басылымдар ең бірінші пайда болған, ақпарат таратудың, мемлекеттік, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет еткен ақпарат көзі болып табылады. Қазақтың алғашқы мерзімді басылымы 1840 жылы Ташкент қаласында жарық көрген «Түркістан уалаятінің газеті» мен 1888 жылы Омбы қаласында жарық көрген «Дала уалаятінің газетінен» бастау алған. Ол кезде бұл мерзімді басылымдар Ресей империясының саясатын насихаттау құралы ретінде пайда болса да, баспасөз ұлттың асқақ арман-тілектері мен рухын асқақтатудың құралы екенін түсінуге ықпал етіп, қазақ баспасөзінің қалыптасу мен дамуына жол ашты. Кейінірек «Айқап», «Қазақ», «Садақ», «Серке», «Сарыарқа», «Абай» сияқты мерзімді басылымдар шыға бастады. Қазақ басапасөз тілінің фонетика-орфографиялық жүйесін, грамматикалық ерекшеліктерін, жанрлық-стилистикалық ерекшеліктерін функционалдық тұрғыда, баспасөз тілінде кездесетін жаңа қолданыстардың лексикалық сипатын, тілдік бірліктердің қолдану мүмкіндіктерін және т.б. мәселелерді зерттеген ғалым-зерттеушілер тобына Ә.Қайдар, С.Исаев, Р.Сыздықова, Б.Әбілқасымов, А.Алдашева, Б. Момынова, Б.Қалиұлы, О.Бүркітов сияқты қазақ баспасөз тілінің ерекшелігін зерттеуге үлес қосқан ғалымдарды айта кеткеніміз орынды болар. «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан», «Еңбекші қазақ», «Қазақ әдебиеті» сияқты мерзімді басылымдар Кеңестік кезеңде жарық көрген басылымдар қатарына жатады. Бұл кезеңде қазақ тілшілерінің ой топтауы қоғамдық-саяси тұрақты лексикалық бірліктермен толығып, грамматикалық және стильдік тұрғыдан тұрақтылыққа жеткен кезі еді. Қазақ баспасөзі Ұлы Отан соғысы жылдары халыққа ұлттық рухты, жеңіске деген сенімді ұялатуға тырысса, ал XX ғасырдың соңына таман ұлттық дәстүрді жаңғырту, тәуелсіздік мәселелерін қозғады. Қазіргі газет тілінің жағдайы мүлдем бөлек. Қазіргі қазақ баспасөзі – жаңаша дамып келе жатқан қоғам жаршысы. Қазіргі қазақ баспасөзіне прагматикалық пен антроөзектілік тән. Адресант – мәтін – адресат факторы үнемі назардан тыс қалмайды.

Ғылыми-техникалық революцияның дамуына байланысты пайда болып, ақпарат таратудың біртіндеп күрделенген түріне айналған БАҚ-тың түрлері аудиалды және аудиовизуалды түрлері болып табылады. Қазақ тіл білімінде радио және теледидар тілін арнайы зерттеген еңбектер қатарына Г.А. Машинбаеваның «Теледидар тілінің лингвопрагматикалық аспектілері» атты кандидаттық диссертациясын, М.Увайсованың «Жарнама тілі:  лингвопрагматикалық     аспект» кандидаттық диссертациясын, С.Асанбаеваның «Жарнама саласындағы мемлекеттік тілді қолданудың социолингвистикалық өзекті мәселелері» атты кандидаттық диссертацияларын жатқызсақ болады. Бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде теледидар хабарларының тілі туралы жазған мақалалар көбейіп келеді. Кейбір жазушылар хабар айдарын жүргізетін тележүргізушілерге сын айтып, тілдік ерекшеліктерінде диалектикалық қолданыстар басым екендігін, тілдік норманы, яғни әдеби норманы сақтау керектігі мәселелері жөнінде жазылып жатқан мақалалар да аз емес. Мемлекетіміздің тіл саясатын дұрыс бағытқа бұру БАҚ- тағы ең пәрменді ақпарат құралы теледидар арқылы жүзеге асады. Теледидар тілін зерттеу қызық да күрделі мәселе, өйткені теледидар құрылымы түрлі жанрларды қамтиды. Телехабарларда белгілі бір жанрды қолдану үрдісі адресант пен адресаттың қатысуына қарай жүзеге асады. Теледидарда адресант мәтін-адресат факторы да өзінің маңыздылығымен ерекшеленеді. Тележүргізуші телехабарды жүргізген кезде адресат факторын, ол қалай қабылдайды деген мәселелерді үнемі есепке алып отыруы қажет. Ақпарат жеткізудің негізгі құралы теледидардың маңыздылығы туралы ғалымдардың пікірлері бар. Мысалы, А.Юровский «Басқа ақпарат құралдары, басқа өнер түрлері немесе публицистикамен салыстырғанда теледидар басым жағдайға адамға қоғамның, халықтың рухани тұрмысымен таныса алуына, басқа адамдармен етене араласып, олардың ойы, іс-әрекеті, мақсаты мен арманы туралы білуіне мол мүмкіндік береді. Міне, оның қоғамдық мәні де осында. Кез келген өнер салалары сияқты теледидар саласы да қоғамның қызығушылығынан, оның қоғамдық қызметінен тыс өмір сүре алмайды», – деп жазды [3;56]. Мерзімді басылымдармен салыстырғанда радио тілі мен теледидар тілінде ұқсастықтар басым.

Мерзімді басылымдар тілі – жазба тіл. Аудио және аудиовизуалды БАҚ түрлері – ауызекі немесе ауызша сөйлеу тілі. Ғалым Ә.Болғанбаевтың тұжырымдауы бойынша: «Газет – әдеби тілдің бірінші баспалдағы. Барлық өнегелік пен шеберліктің шыңдалып, таралатын жері де осы» [16;169]. Ал ғалым Б.Момынова «Газет – жалпыхалықтың ақпарат құралы, сондықтан ондағы кез келген материал кез келген оқырманның жасына, кәсібіне, мәртебесіне қарамастан тез түсіне алатындай болып жазылуы тиіс. Сондықтан да газет беттерінде халыққа таныс емес терминдер, кәсіби сөздер, жаргондар мейлінше сақтықпен қолдануы жөн. Сөз қолданысқа қатаң қарау газеттік-публицистикалық стильдің тағы бір ерекшелігін, атап айтқанда, жалпыға түсініктілігін қамтамасыз етеді», – деп баспасөз тілінің ерекшелігін атап өтті [4;31]. Қазіргі қазақ мерзімді баспасөз тілі – коммуникативтік қызметі жағынан «үлкен аудиторияны қамтитын беделді жазба нұсқаларының бірі, сондықтан да ол сауатты жазу мен мәдениетті сөйлеудің бірден-бір доминант үлгісіне айналып отыр» [4;175]. Қоғам өмірінің айнасы болып табылатын БАҚ ондағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, спорт, өнер, кино, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы барлық қордаланған проблемаларды жұртшылық назарына ұсынатын да, қандай да бір ғылыми жаңалықтар мен жетістіктерді көпшілікке таныстырып жеткізетін де әмбебап құрал болғандықтан журналистер қауымын ғаламның ақпараттық бейнесін жасаушылар деп тануға негіз бар. Осы топтың жинау, талдау, саралау, іріктеу сияқты сатылардан өткізіп барып көпшілікке ұсынатын түпкі өнімін медиа-мәтін деп атауға болады. Жалпы БАҚ-тың ақпаратты жеткізу формасына қарай үш түрге бөлінетіні белгілі: телевизия, радио және мерзімді баспасөз. БАҚ тілі нысанаға алынғанда лингвистика ғылымындағы негізгі ұғым мәтінге бұқаралық коммуникацияда жаңа мағыналық реңктер үстеледі. Сөйтіп БАҚ арқылы таралатын аудиалды және визуалды түрде қабылданатын хабарламалардың бәрі біріге келіп вербалды және медиалық белгілердің жиынтығы ретінде медиа-мәтін ұғымын құрайды.

Газет – біріншіден, қоршаған ортаны түсініп білуге көмектесетін құрал, екіншіден, адамдардың саяси білімділігінің, іс-әрекетінің белгілі бір оқиғаға баға бере алуының деңгейі мен ерекшелігін көрсететін, сонымен қатар әлеуметтік құндылықтарды, дәстүрлерді, саяси қарым-«қатынастарды реттейтін өлшемдердің мазмұны мен сапасын, саяси мәдениеттілікті ашып көрсететін саяси мәтін, үшіншіден, өзінің лингвистикалық ерекшеліктерімен айқындалатын тілдік көрініс» [5;55].

Радио мен теледидар тілінде нормадан ауытқудың түрлері мен типтері басымырақ. Атап өтетін болсақ, нормадан прагматикалық мақсаттағы ауытқудың какоземия, фразеологизмдердің құрамын бұзып қолдану, сөзді тіркеспейтін сөзбен тіркестіру, сөзді түрленбейтін қосымшалармен түрлендіру, амплификация, анадиплозис, антиэллипсис, сонымен қатар, нормалардың логикалық, онтологиялық, этологиялықтүрлерін қолдану жиі кездеседі.

Алайда белгілі бір нормадан ауытқудың бәрі теріс әрекет деп есептеуіміз қате болар. Керісінше, бұл адресант пен адресат арасындағы коммуникативтік сапаны жүзеге асыру үшін коммуникативтік әсер-ықпалы ерекше бояу алып, прагматикалық мақсатқа тән уәжді ауытқу болып табылады» [6;66]. Радио және теледидар тілінің аудиалды және визуалды болуына байланысты ықпалы басым болып келеді. Оларға «жанды тіл» қажет. Айтылайын деп отырған ақпарат бір сарыңда айтылса, ол тыңдарманды жалықтырып жібереді. Олардың тілі мен стилі түрлі стильдерді қамтиды және сонымен ерекшеленді.

Қорыта айтқанда, «БАҚ тілі ақпаратты жіберуші мен оны қабылдаушы арасындағы дәнекер рөлін артқаратын феномен болып табылумен» [7;29] қатар, жаңалық жаршысы болған БАҚ тілі тарихи даму және терминология тұрғысынан, тілдік тұрғыдан, прагматикалық аспектіде, баспасөз тілінің мақсатты қолданулары тұрғысынан, лингвопрагматикалық аспектіде зерттеліп келеді. Бұл зерттеулер жылдан жылға көбейіп отыр. Бұқаралық ақпаратпен қамтамасыз ететін бүгінгі БАҚ-тың қоғам өмірінде алар орны елеулі.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Момынова Б. Газет лексикасы (жүйесі мен құрылымы). – Алматы: Арыс, 1999. – 224 б.
  2. С. Қасқабасов. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы. — Алматы: Атамұра, 2011. – 686 б.
  3. Байтұрсынов А. «Қазақтың бас ақыны». – «Қазақ» газеті, 1913. – 16-17 б.
  4. Абишева М.С. Информационная заметка: структура, семантика, прагматика. / Филол.ғылым.канд...дис. авторефераты. – Алматы, 2004. – 23 б.
  5. Ахатова Б.С. Политический дискурс и языковое сознание. – Алматы: Экономика, 2006. – 302 б.
  6. Кенжеқанова Қ.К. БАҚ тілінің зерттелуі // Студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі «Фараби әлемі» халықаралық конференциясы күндері II Қожакеев оқулары аясында өтетін «Жас тілшілер» атты ғылыми форумның материалдары. – Алматы, 2014. – 64-66 бб.
  7. Юровский А.Я., Борецкий Р.А. Основы телевизионной журналистики. Москва: Издательство МГУ, 1966. – 336 б.

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.