Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 4(174)
Рубрика журнала: Педагогика
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7, скачать журнал часть 8
ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА «КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІК» ҰҒЫМЫНЫҢ МӘНІ
THE ESSENCE OF THE CONCEPT OF «COMMUNICATIVE COMPETENCE» IN TEACHING A FOREIGN LANGUAGE
Gulnaz Mukasheva
Master student, Faculty of postgraduate education, Kazakh Ablai khan University of International Relations and World Languages,
Kazakhstan, Almaty
АҢДАТПА
Мақалада шет тілдерін оқытуда коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру үдерісіне талдау жасалған. «Шет тіліндегі коммуникативтік құзыреттілік» тұжырымдамасының дамытудың маңыздылығына мән берілген. Сонымен қатар, коммуникативтік құзыреттіліктің компоненттік құрамы, атап айтқанда: лингвистикалық, социолингвистикалық, дискурсивті, әлеуметтік-мәдени, стратегиялық ұғымдары егжей-тегжейлі қарастырылған.
ABSTRACT
The article analyzes the process of forming communicative competence in teaching foreign languages. The importance of developing the concept of "communicative competence in a foreign language" is emphasized. At the same time, the component composition of communicative competence, namely: linguistic, sociolinguistic, discursive, socio-cultural, and strategic concepts, is considered in detail.
Кілт сөздер: құзіреттілік, коммуникативтік құзіреттілік, компонет, дағды.
Keywords: competence, communicative competence, component, skill.
Қазақстанның әлемдік білім беру қоғамдастығына кірігуі білім беру жүйесін елеулі жаңғыруымен байланысты. Шет тілдерін оқытудың жаңа тәсілдерін жүзеге асыру шет тілдесуге дайын тілдік тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Қазіргі уақытта шет тілдерін білу жеке тұлғаны қалыптастыруда және білім беруді арттыруда үлкен рөл атқарады.
Елдер мен халықтар арасындағы мәдени және экономикалық байланыстардың дамуымен шет тілдерін үйренудің рөлі артып келеді. Жыл сайын шет тілдерін меңгерген мамандарға сұраныс та қарқынды дамуда. Бүгінгі таңда білім беруді дамытудағы маңызды бағыттар құзыреттілік тәсілін қолдану болып табылады. Әңгіме адамның коммуникативтік қабілеттерін, оның мәдени, әлеуметтік және ақпараттық құзыреттерін практикада қолдануға байланысты біліктері мен дағдыларын қалыптастыру туралы болып отыр. Бұл мәселе ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде кеңінен талқыланады, бірақ жоғары оқу орындарында когнитивті тәсіл басым, ал студенттер сәтті жұмыс істеу үшін қажетті негізгі құзыреттіліктерді дамытудың орнына ақпараттың үлкен көлемін есте сақтауға мәжбүр.
Еуропа Кеңесі ұсынған негізгі құзыреттердің бірі коммуникативтік құзыреттілік болып табылады, көптеген зерттеушілердің пікірінше, жетекші және өзекті деп санауға болады, өйткені ол барлық құзыреттердің негізінде жатыр, атап айтқанда: ақпараттық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-саяси, сондай-ақ білім беруге және өзін-өзі дамытуға дайындық [1].
«Құзыреттілік» ұғымы латын тілінде аударғанда, «қол жеткізу», «сәйкестік», «жақындау» деген мағынаны білдіреді, түп тамыры «compete» сөзінен шыққан, бұл ұғым психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде бұрыннан қолданылған, бірақ оған деген қызығушылықтың артуы жақында ғана пайда болды.
Шет тілін оқытудың мақсаты-шет тіліндегі коммуникативтік құзіреттіліктің барлық компоненттерін қалыптастыру процесінде қарым-қатынас мәдениетін дамыту. Бұл құзыреттер таза лингвистикалық дағдыларды (лексикалық, фонетикалық, грамматикалық) қалыптастыруды, сондай-ақ оларды ауызша және жазбаша сөйлеуде нормативтік пайдалануды көздейді. Зерттелетін тақырыптар, мәтіндер, проблемалар, сөйлеу міндеттері сөйлеу әрекетінің әртүрлі түрлерін қалыптастыруға, әлеуметтік-мәдени дағдылар мен қабілеттерді дамытуға бағытталған, бұл шет тілін қарым-қатынас, білім беру және өзін-өзі тәрбиелеу құралы, қазіргі қоғамдағы ынтымақтастық пен өзара әрекеттесу құралы ретінде пайдалануды қамтамасыз етеді.
«Коммуникативті құзыреттілік» ұғымын алғаш рет А.А. Бодалев қолданған және ішкі ресурстар (білім мен дағдылар) болған кезде басқа адамдармен тиімді байланыс орнату және қолдау мүмкіндігі ретінде түсіндірілген [2].
Ал ғалым В. И. Жуков коммуникативті құзыреттілік адамның қарым-қатынас жасау және сақтау қабілеті деп санайды. Бұл адамның қоғаммен қарым-қатынасында көрінетін жеке тұлға ретіндегі психологиялық сипаттамасы. Оның пікірінше, адамдағы коммуникативтік үдерістердің табысты өтуі және табысты коммуникативтік қызмет оның алған біліміне, іскерлігіне және дағдыларына байланысты [3, 96-бет].
Әдістемелік әдебиеттерді талдау ғалымдардың коммуникативті құзіреттіліктің бірнеше компоненттерін бөліп көрсетеді олар:
- лингвистикалық құзыреттілік, яғни байланысты мәлімдемелерді құру үшін белгілі бір лексика мен грамматикалық құрылымдарға ие болу;
- социолингвистикалық құзыреттілік, яғни тілдік формаларды таңдауды анықтайтын қарым – қатынас жағдайына (контекстен-кіммен байланысады, қандай себеппен, қайда, қандай мақсатпен және т. б.) негізделген тілдік формаларды қолдану және өзгерту мүмкіндігі;
- дискурсивті құзыреттілік, яғни коммуникациядағы байланысты мәлімдемелерді түсіну және құру мүмкіндігі;
- стратегиялық құзіреттілік, қарым-қатынастағы қиындықтарды жеңу және өтеу үшін ауызша немесе вербальды емес қарым-қатынас стратегиясына жүгіну мүмкіндігі;
- әлеуметтік-мәдени құзыреттілік, яғни басқалармен қарым-қатынасқа түсу ниеті, өзіне деген сенімділік, толеранттылық және сұхбаттасушымен қарым-қатынасқа қызығушылық, сондай-ақ қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды білу және оларды саралау мүмкіндігі [4, 416-бет].
Қорытындылай келе, шет тіліндегі коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру дегеніміз ғылыми-практикалық маңызы бар өзекті міндет болып табылады. Осылайша, ғалымдардың зерттеулерін талдағаннан кейін, коммуникативтік құзыреттілік шет тілдерін оқыту әдістемесіндегі күрделі құбылыс болып табылады және оның мәні мен өзгермелі компоненттік құрамы мәселесін шешудің жаңа тәсілдерді қажет етеді деп қорытынды жасауға болады.
Әдебиеттер тізімі:
- Соловова Е.Н. Задачи языкового образования в русле глобальных реформ // Первое сентября, 17/2005.
- Бодалев А.А. Психологическое общение / Бодалев А.А. – М.: Изд. “Институт практической психологии”; Воронеж : НПО “Модек”, 1996. – 256 с.
- Жуков Ю.М, Петровская Л.А, Растянников П.В. Диагностика и развитие компетентности в общении. - М., 1991. - 96 с.
- Щукин А.Н. Обучение иностранным языкам: Теория и практика, учебное пособие для преподавателей и студентов. / А.Н. Щукин. – М.: Филоматис, 2004. – 416 с.
Оставить комментарий