Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 14(142)

Рубрика журнала: Технические науки

Секция: Пищевая промышленность

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4

Библиографическое описание:
Бейсембай А.Қ. ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫН МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ АТТЕСТАТТАУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІСТЕМЕЛЕР ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2021. № 14(142). URL: https://sibac.info/journal/student/142/207941 (дата обращения: 25.04.2024).

ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫН МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ АТТЕСТАТТАУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІСТЕМЕЛЕР ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУ

Бейсембай Айнұр Қажымұқанқызы

магистрант, Алматы технологиялық универтитеті,

Алматы, Қазақстан

Серикқызы Мира Сериковна

научный руководитель,

Ғылыми жетекші, PhD, қауым профессоры, Алматы технологиялық универтитеті,

Алматы, Қазақстан

ABSTRACT

This scientific work is aimed at solving topical scientific problems and closely linking the nanotechnology system with the field of metrology. The work establishes the system of metrological certification of atomic absorption spectrophotometer AA-7000, manufactured by the Japanese corporation "Shimadzu Corporation" and the content and methodology of its metrological certification.

АННОТАЦИЯ

Бұл ғылыми жұмыс өзекті ғылыми мәселелерді шешуге және нанотехнология жүйесін метрология саласымен тығыз байланыстыруға арналған. Жұмыс Жапонияның «Shimadzu Corporation» корпорациясымен өндірілген АА-7000 атомды сіңіру спектрофотометрін метрологиялық аттестаттаудан өткізу жүйесі және оның метрологиялық сертификаттауының мазмұны мен әдістемесін белгілейді.

 

Жаңа қоғам құру жағдайында, еліміз экономикалық прогрестің жаңа белестеріне қадам басқан кезде, өндірілетін өнеркәсіптің және өнеркәсіпте қолданылатын жұмыс жүйелерінің, аппараттардың сапасын арттыру мәселесі бүгінгі таңда бірінші кезектегі мәнге ие болады. Себебі өнімнің сапасын жоғарылату, өндірістің метрологиялық қызметінің дәрежесіне тікелей тәуелді болып келеді.

Өнім сапасын және өнеркәсіпте қолданылатын аппаратттар жүйесін метрологиялық қамтамасыз етудің басты міндеті – ғылыми негізделген критерийлер мен сынақ әдістерін әзірлеу және нанотехнологиялар жүйесін енгізу болып табылады. Жаңа жабдықтар мен технологиялардың құрылуы өндірістің барлық салаларында жоғары дәлдікті, сенімділікті, салыстырмалы және біркелкі өлшемдерді қамтамасыз етуде жаңа міндеттер туғызады [1].

Жоғары сапалы өнім өндірудің қажетті шарттарының бірі – оларды бақылау мүмкіндігі, ол үшін өлшеу техникасын меңгеру қажет, олардың біртұтастығын қамтамасыз етудің әдістері мен құралдары, сонымен бірге өлшеулерге қажетті дәлдікпен қол жеткізудің әдістері метрология болып табылады [2].

Өлшеу құралдарының әртүрлі тәсілдері мен құралдарын қолдана отырып, әртүрлі жерлерде, әр уақытта алынған өлшеу нәтижелерін салыстыра білу үшін қажет өлшемдердің бірлігі, өлшемдердің дәлдігі нәтижелердің өлшенетін шаманың нақты мәніне жақындығымен сипатталады.

Қазіргі таңда пайдаланылатын құрал-жабдықтар қатары нано-технологиялар жүйесімен тығыз байланысты болып отыр. Себебі кез-келген жүйенің қызметіне әсер ететін стандарттар мен стандарттар жүйесі жылдан-жылға жаңаруда. Стандарттар жүйесі мен сынақтар бір арнадан шығып, дүниежүзілік нарықтың қалыптасуының бірден-бір негізгі кілті болып отыр. Стандарт жүйесі тауарларға, қызметтерге, процесс пен материалдарға спецификация мен талаптар қояды. Ал сынақтан өткізу тәртібі осы стандарт жүйесімен тығыз байланысты болып отыр. Егер сынақтан өткізу тәртібі стандарттармен байланысқан жүйесі сапасы жоғары деңгейде қабылданатын болса, ол кейін сапалы тауарлар мен қызметтер жүйесінің нарықта дамуына септігін тигізеді [5].

Тамақ өнімдері технологияларын дамытудың қазіргі кезеңі шикізаттың жаңа түрлерінің, әртүрлі функционалдық ингредиенттердің және технологиялық қоспалардың көп санын қолданумен сипатталады. Бұл тұтынушылардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында тамақ өнімдеріне сынақ жүргізу жүйесін жетілдіру қажеттілігін тудырады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы ғана емес, адал өндірушілерді сапасы төмен және жалған шикізат ағынынан қоршау туралы мәселе өзекті болып отыр. Бұрмалау технологиялары мен тәсілдерін жетілдіру оны анықтаудың неғұрлым күрделі және ақпараттық әдістерін талап етеді [3].

Азық-түлік өнімдерінің сапасын бақылау үшін пайдаланылатын қазіргі заманғы сынау жабдығының жоғары құны ірі көп бейінді сынақ орталықтарын құру үрдісіне әкелді. Мұндай орталықтардың міндеттерінің қатарына стандартты әдістемелер бойынша жоспарлы сынақтарды жүргізу ғана емес, сондай-ақ міндетті және ерікті сертификаттау кезінде өнімнің сәйкестігін бағалаудың дәлелдік базасын құрайтын жаңа прогрессивті талдау әдістерін әзірлеу және практикаға енгізу кіреді [4].

Зерттеу объектісі: бұл жұмыста Жапонияның «Shimadzu Corporation»  фирмасы шығарған АА-7000 маркалы атомды сіңіру спектрофотометрін метрологиялық аттестаттаудан өткізу жүйесі  және оның ерекшеліктері қолданылады.

Метрологиялық аттесттаттаудан өткізудің маңыздылығы – осы уақытқа дейін Республика аумағында қолданылмаған нанотехнология жүйесін кез-келген өнеркәсіпте қолдануға (тамақ, медицина, химия, құрылыс, машина жасау технологиясы) мүмкіндік береді және реестр жүйесіне енгізу болып табылады [6].

Жапонияның «Shimadzu Corporation» корпорациясымен өндірілген АА-7000 атомды сіңіру спектрофотометрін метрологиялық аттестаттау ерекше әдістемелер арқылы жүзеге асады және оның метрологиялық сертификаттауының мазмұны мен әдістемесін белгілейді.

АА-7000 маркалы атомды сіңіру спектрофотометр дегеніміз – су ерітінділерінде, тағамдарда және тағам өндірістерінде қолданылатын қоспаларда, металдарда және олардың қорытпаларында, топырақтарда және т.б. әртүрлі элементтердің мөлшерін өлшеуге арналған нанотехнологиялық құрал болып табылады. Спектрофотометрдің техникалық көрсеткіштері 1 кестеде көрсетілген.

Кесте 1.

Спектрофотометрдің техникалық көрсеткіштері

Сипаттама атауы

Көрсеткіштері

Спектрофотометрдің спектраолді диапозоны, нм

185-900

атомизациясы), мг/дм3

0,006

Бірқалыпты шығу сигналы, %

 

- бірқалыпты атомизация кезінде

2

- электротермиялық атомизация кезінде

2,5

 

Сонымен қатар жалынға және электротермалды атомды сіңіруге арналған анализ (AAS), жоғары сезімталдықты талдауға мүмкіндік береді және ықшам, икемді конфигурация, жұмыс кезінде толық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып,  ыңғайлы бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. АА-7000 маркалы атомды сіңіру спектрофотометрін зеттеп, талдау арнайы нұсқаулық арқылы жүзеге асады [1].

АА-7000 атомды сіңіру спектрофотометрін метрологиялық аттестаттаудан өткізу жүйесі арнайы схемалар арқылы жүзеге асады:

 

 

Метрологиялық аттестаттаудан өткізу үшін арнайы өзара келісім жүйесі енгізіледі. Халықаралық ынтымақтастық пен сауда өнеркәсібін дамыту мақсатында екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін  өзара келісім  белгіленген құжаттар бойынша іске асады. Жапонияның «Shimadzu Corporation» корпорациясы арнайы дайындаған нұсқаулығы зеттеу әдістемелерінің бірнеше бөлімдерін қамтиды. Зерттеу әдістемесі құралдың сырт келбетінен бастап ішкі құрылысына, жұмыс жасау қабілеттерін, стандартты нормаларын қамтиды.

Метрологиялық аттестаттау жүргізу кезінде жеткізілген құжаттамалар тізбегі, техникалық құжаттамалары СТ РК 2.30-2017 «Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттаудан өткізу тәртібі» стандарт талаптарына сәйкес келуі қажет. Құжатнамалардың дұрыс жүзеге асуы кез-келген өнеркәсіп жүйелеріне түссінікті тілде жеткізілуі, нормативтік көрсеткіштері стандарт жүйесіне сай болуы маңызды рөл атқарады. Құжаттарда қолданылатын анықтамалар мен терминдер СТ РК 2.1-2009 «Терминдер мен анықтамалар» стандарт талаптарын қамтамаыз етуі тиіс болып табылады.

АА-7000 маркалы атомды сіңіру спектрофотометрін аттестаттаудан өткізудің артықшылығы – нанотехнология жүйесінің жұмыс бағытымен тығыз байланысуына әкеліп соғады. Уақыт үнемділігімен қоса, су құрамындағы  адам ағзасына зиянды немесе пайдалы шектеулерін жоғары сапада көрсетуге тырысады.

Бұл спектрофотометрді аттестаттаудан өткізудің және реестр жүйесіне енгізудің мақсаты: уақыттың тиімді пайдалануы; жұмыс сапасының жақсаруы; судың тазаруы арқылы тамақ өнімдеріне кері әсерін тигізбеу; сапалы жұмыс барысы; халықаралық ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

Қорытынды: бүгінгі таңда кез-келген өнеркәсіптердің өркендеуін нанотехнология жүйелерімен және оның жұмыс барысымен байланыстыра отырып, нарық жүйесіне сапалы өнімдер шығару Республика үшін өте маңызды болып табылады. Осыған орай АА-7000 маркалы атомды сіңіру спектрофотометрің метрологиялық аттестаттаудан өткізу жүйесі және зерттеу әдістері терең зерттелінді, кез-келген өнеркәсіп және медицина жүйесіне қолдану оң нәтиже беретінін дәлелдедік.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. «Инструкция. Спектрофотометры атомно-абсорбционные АА-6200, АА-6800, АА-6300, АА-7000. Методика поверки», рег. № KZ.04.02.08667-2014 от 17.07.2014 г.
  2. Прикладная метрология:учеб.пособие/В. Н. Романов, М. П. Ромодановская ; Владим. гос.ун-т им. А. Г. и Н. Г. Столетовых. – Владимир : Изд-во ВлГУ, 2014. – 188 с.
  3. ГОСТ Р ИСО/МЭК 17025-2006 Общие требования к компетентности испытательных и калибровочных лабораторий.
  4. Закон РФ «Об обеспечении единства измерений».
  5. Момышев Т.А. Современное состояние и перспективы развития метрологии в Казахстане // Метрология. –2009.
  6. Бурылин М.Ю. Атомно-абсорбционный спектральный анализ с атомизацией в пламени: теоретические основы и оборудование. Краснодар: Кубанский гос. ун-т, 2010. – 95 с.
  7. СТ РК 2.1-2009 «Терминдер мен анықтамалар».

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.