Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 8(136)

Рубрика журнала: Филология

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2

Библиографическое описание:
Сералина Ж.К. ТҮРКІ ЖАЗБАЛАРЫНДАҒЫ САН ЕСІМДЕР // Студенческий: электрон. научн. журн. 2021. № 8(136). URL: https://sibac.info/journal/student/136/204686 (дата обращения: 24.04.2024).

ТҮРКІ ЖАЗБАЛАРЫНДАҒЫ САН ЕСІМДЕР

Сералина Жанна Кайратденовна

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Халықаралық қатынастар факультеті, Түркітану кафедрасының магистранты,

Қазақстан, Нұр-Сұлтан

Косыбаев Мирас Махмедунулы

научный руководитель,

ғылыми жетекші, PhD, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ,

Қазақстан, Нұр-Сұлтан

ЧИСЛИТЕЛЬНЫЕ В ТЮРКСКИХ НАДПИСЯХ

 

Cералина Жанна Кайратденовна

магистрант, кафедра тюркологии, факультет международных отношений, Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилёва,

Казахстан, г. Нур-Султан

Косыбаев Мирас Махмедунулы

PhD, ЕНУ имени Л.Н.Гумилёва,

Казахстан, г. Нур-Султан

 

АННОТАЦИЯ

Мақала «Қазіргі қазақ және өзбек тілдеріндегі сан есімдердің семантикалық ерекшеліктері» тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысы барысында жазылды. Жұмыста түркі жазбаларындағы сан есімдердің семантика-морфологиялық ерекшеліктері қарастырылып, М.Қашғаридың «Диуани лұғат-ит-түрк» сөздігі, Кодекс Куманикус пен «Төре бітігі» армян-қыпшақ ескерткішіндегі сан есімдер қолданысының түрлері мысал ретінде алынды.

АННОТАЦИЯ

Статья написана в ходе научно-исследовательской работы на тему «Семантические особенности числительных в современном казахском и узбекском языках". В работе рассмотрены семантико-морфологические особенности числительных в тюркской письменности, в качестве примеров употребления числительных взяты словарь «Дивани лукат-ит-турк» М. Кашгари, Кодекс Куманикус и армяно-кыпчакский памятник «Судебник» («Төре бітігі»).

 

Тірек сөздер: сан есімдер, есептік, реттік, бөлшектік, семантика.

Ключевые слова: числительные, количественные, порядковые, дробные, семантика.

 

Заттың санын, мөлшерін, ретін, бөлшегін білдіретін сөздер тобы тіл білімінде сан есімдер деп аталады. Сан есімдердің басқа сөз табынан ерекшелігі – зат есіммен тіркесіп, заттың сандық сипатын анықтайды; зат есімсіз қолданылып сандық атауды білдіреді; етістіктермен тіркесіп іс-әрекет пен қимылдың сандық сапасын сипаттайды; сан есімдер басқа сөз таптарынан жасалмайды [2, 434].

Түркі жазба ескерткіштеріндегі сан есімдер мағынасына қарай бірнеше топтарға жіктеледі. Сан есімдердің кейбіреуі заттың, зат есімнен туған сынның немесе амалдың дәл санын я есебін білдіретін болса, кейбіреулері ретін білдіреді.

Есептік сандар нақтылы сандық ұғымды білдіреді, нақтылы сандық ұғымдарды атайды. Сан есім сөз табының негізін есептік сандар құрастырады. Есептік сан есімдер – біртұтас құбылыс ретінде танылатын бір белгі. Есептік сандарды білдіретін сөздердің төркіндес болып келуі тілдердің өзара жақындығының, генетикалық туыстығының дәлелі болып табылады [2, 435]. Олар сан есімнің басқа семантикалық топтарының жасалуына да негіз болады. Сондықтан сан есім құрамында есептік сандар ерекше орын алады, олардың атқаратын қызметі зор.

Қазақ, қарақалпақ, ұйғыр тілдерінде сан есімдер алты, өзбек тілінде жеті, түрікмен тілінде екі түрге бөлінеді. Сол сияқты гагауз тілінде үш, қарайым тілінде төрт, татар тілінде беске бөлінеді. Сан есімдердің есептік сан мен реттік сан түрлері барлық түркі тілдерінде мағынасы мен атқаратын қызметі және жасалу тәсілдері бойынша бірдей. Ал басқа түрлері бірінде аталса да, екіншісінде аталмайды, оның үстіне жасалу тәсілдері де біраз өзгеріске ұшырағандығы байқалады [6, 132].

М.Қашқари сөздігінде сан есімнің есептік, реттік, жинақтау, болжалдық түрлері, ал «Кодекс Куманикуста» осыларға қосымша бөлшектік сан есімдер кездессе, көне ұйғыр жазбаларында есептік, реттік түрлеріне қатысты мәліметтер бар [7]. «Кодекс-Куманикуста» кездесетін есептік сан есімдерге мысал келтірейік: Eki yolnï ayrïƞlar! – Екі жолды ажыратыңдар![5,13] Oƞlu-sollu ayiryan, Otuz tümen only-dir – Оң-солға бөлініп, отыз түмен жоғары көтерілді. Екі, отыз есептік сан есімдері М.Қашқари сөздігінде iki, ottuz түрінде кездеседі. Мысалы, Ottuz jarmak: Оттүз иармақ - Отыз теңге; отыз ақша ![3,173]. Есептік он саны сөздікте оn - тоғыздан кейінгі санның аты деп берілген.

«Кодекс Куманикуста» реттік сан есімдерді жасауда –нчы/-нчі, -ынчы/-інчі, - унчы/-үнчі жұрнақтары қолданылады: бірінчі, екінчі, төртүнчі, үчүнчі. Мысалы: Ол йулдуз екінчі көрүнді – Ол жұлдыз екінші рет қайта көрінді [6, 133].

«Диуани лұғат-ит-түрк» сөздігінде де реттік сан есімдер «-н», «-ш» әріптерінің арқылы жасалуы көрініс тапқан: onunш – онүнш – оныншы. Onunш jarmak: Онүнш иармақ – оныншы ақша. Сөздікте мұны («-н», «-ш» әріптерін) әртүрлі сан есімдеріне қосуға болады: опыпш-онынш-оныншы, jigirтіпш: иігірмінш – жиырманшы. Бұл өзгермейтін қағида делінген [6, 161].

«Кодекс Куманикуста» жинақтық сан есімдерді жасауда ең жиі қолданылатын жұрнақтарға: -ов/-өв, -ар/-ер, -шар/-шер жатады. Мысалы: үчөв-үшеу, алтышар-алтау, үчер-үшеу. Жинақтық сандар бұл ескерткіште кейде түбірге –лық/-лік, -луқ/-лүк жалғану арқылы жасалады: үчлүк, төртлік. Өте сирек болса да, жинақтық сандар –та/-те жұрнағы арқылы жасалады: үчте, екіте, алтыта т.б. Аталған ескерткіште бөлшектік сан есімдердің мағынасын беретін сөздер: йарум, йарым (жарым), бучуқ, манас (бөлік), түн бучуқы түннің жарымы, түннің екінші жартысы. Бөлшектік сан есімдер кейбір сөздердің тіркесуі арқылы да жасалады. Мысалы, төртүнчі үлүш деген сөз тіркесі бүтін үлүш-тің төрттен бір бөлігін көрсетіп тұр. [6, 133].

«Төре бітігі» ескерткішіндегі сан есімдер де қазіргі түркі тілдеріндегі мағыналық топтарға сай жіктелген. Ескерткіште сан есімнің есептік, реттік, бөлшектік, болжалдық сияқты мағыналық топтары кездеседі. «Бір» есептік сан есімі «Төре бітігі» тілінде формалық жағынан да, мағыналық жағынан да еш өзгеріссіз қолданылған. Еvеt kі zаytір boldі sаbар bu Törа bіtіkіnі yаzmаgа hormаt zoygаnіndаn bіzgа dеr Sdер‘аnos gаt‘ oyіgosnіn bаrсyа еrmеnіlіknіn, bіr dа, еkі dа bіzdаn zoltzа еttі, dа mеn mаhаnа еttіm mеnіm bіlіksіzlіkіmnіdа koр kеz tаrtіndіm bu– Бірақ Төре бітігін жазуға негізгі себеп болған бүкіл армяндардың католикосы Степаностың маған құрмет көрсеткені еді, өзімнің білімсіздігімді сылтауратып, талай рет бас тартсам да, ол маған бір мәрте, екі мәрте қолқа салды [8,132]. Еgаr kі 12 bolmаsа, bolgаy 6, еgаr аltі bolmаsа, bolsün dört мысалынан алты, төрт есептік сан есімдерінің қолданысын көруге болады. Барлық түркі жазбаларында кездесетін реттік сан есімнің -інші, --ыншы жұрнақтары арқылы жасалу жолы «Төре бітігінде» де өзгеріссіз қолданылған: bırіnçyі –бірінші, dortunçyu– төртінші, toguzunçy– тоғызыншы. Ескерткіштегі бөлшектік сан сандар есептік сан есімдердің тіркесуінен жасалған: 50-dаn1 - елуден бір , ondаn bіr – оннан бірі, 4-unсyі ulusyun – төрттен бір; Dаyі dа bu türlü bolsun: tаrlovlаrnіn ulusyu 5 ulusynun bіrіn аlgаylаr. Болжалдық сандар «Төре бітігінде» де есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы көрініс тапқан: еkі-uç - екі-үш, Xаysі еrmеnіgа kі yoluzkаy tіnsіzlіz, undаmаz kеrаk kеndіnіn k‘аhаnаlаrіn, dа еkі- kеtzoyаnі zаrtlаrdаn tаnіzlіz uсyun, dа kеndіnіn yovuzlаrіn.

Қорыта келгенде, түркі жазбаларындағы сан есімдердің мағыналық топтарға байланысты жіктелуінде ерекшеліктер де, ұқсастық пен айырмашылық та бар. М.Қашғаридың «Диуани лұғат-ит-түрк» сөздігі, Кодекс Куманикус пен «Төре бітігі» армян-қыпшақ ескерткішіндегі сан есімдерді салыстыру барысында есептік, реттік мағыналық түрлерінің қолданысында айырмашылық аз екенін байқауға болады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы: Мектеп, 1988. -  264 б.
  2. Түймебаев Ж., Ескеева М. Түркітанудың тарихи-лингвистикалық негіздері. Алматы: Қазығұрт, 2015. -512 бет
  3. Қашқари М.Түрік сөздігі. І том. Алматы: Сөздік-Словарь, 2006. – 377 б.
  4. Армян Төре бітігінің қыпшақ-поляк версиясы және армян-қыпшақ іс жүргізу кодексі Львов, Каменец-Подольский 1519 1594. Алматы: Дешті Қыпшақ, Баур, 2003
  5. Гаркавец А. CODEX CUMANICUS: Половецкие молитвы, гимны и загадки XIII-XIV веков, М.: Русская деревня, 2006
  6. Тұрсынова М.А. Көне түркі тіліндегі сан есім жұрнақтарының қазіргі түркі тілдеріндегі сипаты //ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. – 2012. - №3 (137) – 132-135 б.
  7. Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. – Алматы: Мектеп, 1971. – 272 б.
  8. Шаймердинова Н.Г., Ярыгин С.А., Молдабай Т., Торебекова С., Жиембай Б.С., Толстой А. Қыпшақтар: тарих пен тіл. Монография. Астана: «Сарыарка» баспасы, 2014.- 190 б.
  9. Мұсабаев К. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. Алматы, 1966.
  10. Салқынбай.А.Б. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (практикалық курс). Алматы, 2005.

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.