Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: XXXIII Международной научно-практической конференции «Вопросы технических и физико-математических наук в свете современных исследований» (Россия, г. Новосибирск, 23 ноября 2020 г.)

Наука: Технические науки

Секция: Транспорт и связь, кораблестроение

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Пернебеков С.С., Тортбаева Д.Р., Исак Б.Н. ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЫСАЛЫНДА, ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖҰМЫСЫН БАСҚАРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ АНЫҚТАУ // Вопросы технических и физико-математических наук в свете современных исследований: сб. ст. по матер. XXXIII междунар. науч.-практ. конф. № 11(26). – Новосибирск: СибАК, 2020. – С. 102-106.
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЫСАЛЫНДА, ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖҰМЫСЫН БАСҚАРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ АНЫҚТАУ

Пернебеков Сакен Садибекович

техника ғылымдарының кандидаты, «Көлік, тасымалдауды және қозғалысты ұйымдастыру» кафедрасының профессоры, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті,

Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.

Тортбаева Динара Рыскулбековна

техника ғылымдарының кандидаты, «Көлік, тасымалдауды және қозғалысты ұйымдастыру» кафедрасының доценті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті,

Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.

Исак Бекболат Наурызбаевич

«Көлік, тасымалдауды және қозғалысты ұйымдастыру» кафедрасының магистранты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті,

Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.

DETERMINATION OF THE MAIN TECHNICAL AND ECONOMIC REQUIREMENTS FOR MANAGING THE OPERATION OF URBAN PASSENGER TRANSPORT ON THE EXAMPLE OF THE CITY OF SHYMKENT

 

Saken Pernebekov

Candidate of technical sciences, professor of the department «Transport, organization of transportation and traffic», M. Auezov South Kazakhstan University,

Kazakhstan, Shymkent

Dinara Tortbayeva

Candidate of technical sciences, associate professor of the department «Transport, organization of transportation and traffic», M. Auezov South Kazakhstan University,

Kazakhstan, Shymkent

Bekbolat Isaak

Undergraduate of the department «Transport, organization of transportation and traffic», M. Auezov South Kazakhstan University,

Kazakhstan, Shymkent

 

Жолаушылар тасымалдаумен айналысатын автомобиль көлігі жақын және орташа қашықтықтарға тасымалдау барысындағы негізгі көлік түрі болып табылады. Автомобиль көлігі Қазақстан Республикасының экономикасының аса ірі салаларының бірі болып саналады және оның басты ерекшелігі оның құрамындағы техникалар мен технологиялардың күрделілігі мен алуан түрлілігінде, сонымен қатар оның жұмысын ұйымдастыру мен басқару жүйесінің өзгешелігінде жатыр. Бірақ соңғы кездері қалалар мен елді мекендердегі халық санының күрт артуына және сол елді мекендердің аумағының ұлғаюына байланысты жолаушылар тасымалдау сапасының деңгейінің төмендеуі байқалады, оның деңгейі жолаушылар тасымалдарына қойылатын заманауи талаптарға толығымен жауап бере алмауда. Көбінесе белгіленген нормалармен анықталған тасымалдау уақыттары сақталмайды, бұл, өз кезегінде, автобустардың төменгі қозғалыс жылдамдығымен, жолаушылардың діттеген жерлеріне жету үшін, бағыттар желісінің әркелкілігіне байланысты орын алатын, ауысып отыру қажеттіліктерімен және автобустардың аялдамаларына қарай жаяу жүріп баруға жұмсалатын уақыттық шығындармен түсіндіріледі. Ал таңертеңгі және кешкі мезгілдердегі қарбалас сағаттардағы тасымалдау процестері жолаушылар тасымалдауға арналған жылжымалы құрамның шамадан тыс жүктелуімен, яғни белгіленген ережелерді бұзумен орындалады.

Бүгінгі таңда қалалық жолаушыларды тасымалдаумен айналсушы автокөлік кәсіпорындары алдына тасымалдау қызметін оңтайландыру, тұрғындардың тасымалдауға деген сұраныстары көліктік қызметті көрсету саласындағы ұсыныстармен толықтай қанғаттандырылуына алып келетін жағдайларды жасау, көліктік шығындарды мейлінше азайту міндеттері қойылған. Әрине мұндай тепе-теңдікке қол жеткізу оңай шаруа емес, бүгінгі таңда ол үшін тасымалдау процестерін оңтайландыру бойынша бірқатар міндеттерді кешенді түрде шешу қажет. Ең алдымен жолаушыларды тасымалдау сапасы мен оның тиімділігі сол жолаушыларды тасымалдаумен тікелей айналысатын жылжымалы құрамның техникалық дайындық деңгейіне байланысты болады.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында жолаушылар тасымалдаумен қырықтан астам автокөлік кәсіпорындары мен мекемелері айналысып жатқан болса, олардың басым бөлігінің өндірістік-техникалық әлеуеттері алдыңғы қатарлы, әлемдік стандарттарға сәйкес емес. Сол мекемелердің жұмыстарына жүргізілген талдау нәтижелерінде белгілі болғанындай, жолаушылар тасымалдау жұмыстарының тиімділігін арттыру саласындағы басты мәселелердің негізгі құраушылары ретінде мына төмендегілер анықталды:

  • жылжымалы құрамның техникалық пайдалану деңгейін арттыру;
  • автокөлік кәсіпорындарының өз қызметтерін атқаруының бағалық және техникалық көрсеткіштері арасындағы өзара байланыстарды белгілеу қажеттілігі;
  • жылжымалы құрамды жаңғырту және оның құрылымын оңтайландыру;
  • ресурстық қамтамасыз етудің, өндірістің қажеттіліктеріне тікелей жауап бере алатын, нормативтік негізін құру;
  • автокөлік кәсіпорындарының инженерлік-техникалық қызметкерлері мен жұмысшыларының қызметін ұйымдастыру процесін жетілдіру;
  • автокөлік кәсіпорындарының өндірістік қызметтерінің барлық буындарын қамтитын шұғыл ақпаратық жүйе түзу қажеттілігі;
  • автобустардың оңтайлы пайдалану мерзімін анықтауға мүмкіндік беретін тәсілдерді құру және оларды өндіріске енгізу.

Осы проблемалардың арасынан магистрлік диссертацияны орындау барысында негізгі зерттеу тақырыбы ретінде автобустардың оңтайлы пайдалану мерзімін анықтау мәселесі қабылданып, тиісіті жұмыстар жүргізілді. Жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөлік кәсіпорындарының жұмыстары заманауи талаптарға сол кәсіпорындардың жұмыс тиімділігін жаңа инновациялық технологиялар мен тәсілдерді пайдалану арқылы арттырудың теориялық қағидалары мен ғылыми тұрғыдағы әдістерінің жоқтығы салдарынан жауап бере алмай отыр. Магистрлік диссертацияны орындау барысындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары нақ сол ғылыми-практикалық мәселені шешуге бағытталды.

Автокөлік құралдарының пайдалану мерзімін шектеу қажеттілігі бірқатар мәнбірлермен анықталады, олардың арасынан басты мәнбір ретінде жоғары «жастағы» автомобильдердің сыртқы қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін айтуға болады. Еліміздегі көлік құралдарының санының артуы автомобильдердің орташа пайдалану мерзімінің де артуына алып келіп отыр. Қазақстан Республикасы бойынша көлік құралдарының орташа «жасы» 12 жылды құрайды, бұл ретте олардың жартысынан астамының жасы (52%) 10 жылдан жоғары, ал олардың төрттен бір бөлігінің ғана (24%) пайдалану мерзімі 5 жылдан кем.

Шымкент қаласының жолаушылар тасымалдау кәсіпорындарында орын алып отырған проблемалар еліміздегі барлық автокөлік кәсіпорындарына да тән құбылыс деуге болады. Автокөлік кәсіпорындарының шығындары мен жолаушылар тасымалдарынан түсетін табыстар арасындағы айырмашылықтар көлемі Шымкент қалалық бюджеті есебінен өтеледі. Аталған өтем көлемі орындалған жолаушы км мөлшеріне байланысты бөлініп, бұл ретте бағыттардағы пайдалану ерекшеліктері, жылжымалы құрам түрі мен саны, жолаушыларға қызмет көрсету сапасы сияқты негізгі мәнбірлер ескерілмейді. Қалалық бюджеттен бөлінетін өтемақы мөлшерін азайтудың басты бағыты ретінде автобустық автокөлік кәсіпорындарының «жастық» құрылымын тиімді басқаруды ұсынуға болады.

Жалпы алғанда заманауи авокөлік кәсіпорынын басқару - бұл оның қызметі туралы барлық ақпараттар мен мәліметтерді, аталған кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің барлық қырларына дерлік басқару әсерлерін құру мақсатында өңдеудің үздіксіз үдерісі.

Жоғарыда келтірілген мәселелерді шешу мақсатындағы зерттеулер барысында автокөлік кәсіпорындарының қызмет тиімділігін бағалау әдістемесі жасалынды және аталған әдістемеде басты назар автокөлік кәсіпрындарындағы автобустардың оңтайлы пайдаланылу мерзімін анықтау арқылы, оларды мезгілінде есептен шығаруды қарастырады. Жылжымалы құрамды жолаушыларды тасымалдаушылар арасында бөлу әдістемесі Шымкент қаласы бюджеті есебінен сатып алынатын автобустарды қалалық көлік кәсіпорындары арасында оңтайлы бөлуді қарастырады. Соымен қатар аталған әдістеме есептен шығарылуы тиіс автобустардың «шарттық» санын есептеп шығаруға мүмкіндік береді. Есептеулер нәтижелерінде белгіленгеніндей 2021 жылы Шымкент қаласы әкімдігінің есебінен ең кемі 200 автобус сатып алынуы тиіс, бұл қаладағы барлық автобустардың тізімдік санының 15,6% құрайды. Ал есептен шығарылуы тиіс автобустардың межелік саны 220 жылжымалы құрамды құрайды.

Автобустарды есептен шығару мерзімін анықтау мақсатында «автобустардың жастық көрсеткіші» деп аталатын мөлшерлік көрсеткішті пайдалану ұсынылады:

                                            (1)

мұндағы  - есептен шығарылуы тиіс автобустың пайдаланылу мерзімі;

 - автобустың жалпы жүрген жолы, км.

Шымкент қаласы жағдайларында жұмыс істейтін автобустарды есептен шығарудың тиімді әдістемесі пайдаланылудағы автобустарды экономикалық көрсеткіштер бойынша есептен шығаруды қарастырады және аталған әдістеме кәсіпорындардың қызметін тиімді басқару алгоритмдерін жасауға, жылжымалы құрам құрылымын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Авдонькин Ф.Н. Оптимизация изменения технического состояния автомобиля в процессе эксплуатации. - М.: Транспорт, 1993. - 350 с.
  2. Кузнецов Е.С. Управление технической эксплуатацией автомобилей. - М.: Транспорт, 1990. - 272 с.
  3. Прохоров В.Н. Повышение эффективности функционирования городских автобусов в условиях мегаполиса. (Методология, теория, практика). - М.: МАДИ (ГТУ), 2006. - 393 с.
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.