Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: XCVIII Международной научно-практической конференции «Культурология, филология, искусствоведение: актуальные проблемы современной науки» (Россия, г. Новосибирск, 08 сентября 2025 г.)

Наука: Искусствоведение

Секция: Изобразительное и декоративно- прикладное искусство и архитектура

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Джуматаева А.И. ӨНЕРТАНУДЫҢ НЕГІЗІ – ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ // Культурология, филология, искусствоведение: актуальные проблемы современной науки: сб. ст. по матер. XCVIII междунар. науч.-практ. конф. № 9(84). – Новосибирск: СибАК, 2025. – С. 49-58.
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ӨНЕРТАНУДЫҢ НЕГІЗІ – ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ

Джуматаева Айман Изаевна

Кәсіптік оқыту магистрі, оқытушы «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ

Қазақстан Республикасы, Павлодар қ.

ОСНОВЫ ИСКУССТВОВЕДЕНИЯ КАК СРЕДСТВО ФОРМИРОВАНИЯ И РАЗВИТИЯ ЭТНОКУЛЬТУРНЫХ ИНТЕРЕСОВ УЧАЩИХСЯ

 

Джуматаева Айман Изаевна

Магистр профессионального обучения, преподаватель НАО «Павлодарский педагогический университет имени Әлкей Марғұлан»

Республика Казахстан, г.Павлодар

 

FUNDAMENTALS OF ART STUDIES AS A MEANS OF FORMATION AND DEVELOPMENT OF STUDENTS ETHNOCULTURAL INTERESTS

 

Aiman Izaevna Dzhumataeva

Master of Vocational Education, Lecturer NJSC “Margulan University”

Republic of Kazakhstan, Pavlodar

 

АННОТАЦИЯ

В данной статье всесторонне рассматривается роль предмета искусствоведения в развитии этнокультурных интересов учащихся. Искусствоведение в системе образования выступает важным механизмом повышения уважения личности к национальному культурному наследию. В ходе исследования анализируются пути формирования национального самосознания, исторической памяти и духовного мировоззрения школьников посредством освоения этнокультурных ценностей. Кроме того, показываются междисциплинарные связи искусствоведения (история, литература, музыка, изобразительное искусство) и раскрывается их влияние на всестороннее развитие личности учащегося. Этнокультурное воспитание реализуется через национальные традиции и произведения искусства, что способствует развитию творческих способностей школьников и позволяет сопоставлять межкультурные ценности. В заключение делается вывод о том, что развитие этнокультурных интересов на основе искусствоведческого образования является одним из ключевых факторов духовного развития подрастающего поколения и сохранения национальной идентичности.

ABSTRACT

This article comprehensively examines the role of art studies in fostering students’ ethnocultural interests. Within the educational system, art studies serve as an essential mechanism for enhancing respect for national cultural heritage. The research analyzes the ways in which the assimilation of ethnocultural values contributes to the development of students’ national identity, historical memory, and spiritual worldview. Furthermore, the interdisciplinary connections of art studies (history, literature, music, visual arts) are highlighted, emphasizing their impact on the holistic development of students’ personalities. Ethnocultural education is implemented through national traditions and works of art, which promote the growth of students’ creative abilities and provide opportunities for cross-cultural comparison. The conclusion emphasizes that cultivating ethnocultural interests through art education is one of the key factors in the spiritual development of the younger generation and in preserving national identity.

 

Ключевые слова: искусствоведение, этнокультура, увлечённость, культурное наследие народа, духовное достояние

Keywords: the science of art, ethnocultural, engagement, cultural heritage of a nation, spiritual heritage.

 

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі – оқушылардың этномәдени құндылықтарға деген қызығушылығын қалыптастыру және дамыту. Бұл үрдісте өнертану пәнінің рөлі ерекше. Өнертану тек қана өнер туындыларын талдау құралы емес, сонымен қатар оқушылардың ұлттық дәстүрді құрметтеуіне, рухани-адамгершілік құндылықтарды игеруіне ықпал ететін маңызды педагогикалық құрал болып табылады.

Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқының алдында әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттілігі туындап отыр.

Қазіргі мектепке қойылып отырған талап орта білім беру концепциясында көрсетілген. Концепцияда оқушының білімі, білігі және дағдысымен бірге оның дүниеге көзқарасын, мінез-құлқын, еркін, таным қабілеттерін және басқада қасиеттерін қалыптастыру қарастырылған.

Сонымен қатар, мұғалім оқушыны жан-жақты дамытуы үшін оның жас ерекшелігін, таным қызығушылығын ескерген жағдайда ғана, ол оқушының дамуын педагогикалық тұрғыдан басқара алады. Мұғалім оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың қажеттілігін, қызығушылығын, бейімділігін ескергені жөн.

Оқытудың маңызын арттыру – әр түрлі әдістерді пайдалана отырып, оқу материалын игеруге деген оқушылардың қызығушылығы мен қабылдауын тұрақтандыру және оны басты етуге тырысу.

Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік деңгейдегі талаптарға жауап бере отырып, оқушының білім, білік, дағдысымен қатар оның дүниетанымын, мінез-құлқын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда, өнертану пәнін этномәдени тәрбие құралы ретінде қарастыру өзекті мәселе болып табылады.

Л.С. Выготскийдің пікірінше, оқушыны бір әрекетке тарту үшін оны қызықтыру қажет, ал мұғалім сол әрекетті басқарушы әрі бағыттаушы болуы тиіс [1,55б]. Бұл идея оқушылардың этномәдени қызығушылығын қалыптастыруда маңызды әдістемелік негіз бола алады.

Оқушылардың танымдық қызығушылығы олардың білімінің деңгейі мен сапасына, ойлау іс-әрекеті мен әдіс-тәсілдерінің қалыптасуына байланысты.

Қызығушылықты дамыту әдістері: ұлттық музыкалық аспаптармен таныстыру; шығармашылық жобалар: ұлттық ою-өрнек жасау, дәстүрлі киім үлгілерін зерттеу; музейлерге, театрларға, көрмелерге бару арқылы тәжірибелік қызығушылық қалыптастыру.

«Қазақстан Республикасының этномәдени білімінің тұжырымдамасында» білім жүйесі ана тілі мен мәдениеттің сөзсіз басымдығына бағытталса онда «... білімге деген қатынасты тек мәліметтерді беру мен қызметкерлер құрамын кәсіби дайындау механизімі ретінде ғана қарастырмай, сонымен қатар мәдени құрау институты, жеке тұлғаның адамдық және ұлттық өзіндік ерекшелігін даму мен сақтап қалу құралы ретінде қарастыру».

Этномәдени білім берудегі мәселенің бірі - мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу, ол үшін өз мәдениетіңді терең білуін керек, себебі оны білу – басқаларға қарым-қатынас жасаудың іргетасы, ал басқа мәдениеттерді білу – рухани баю және даму.

Этномәдени тәрбиенің рөлі: оқушылар ұлттық өнерді (ән, күй, би, қолөнер, сәулет өнері) танып-білу арқылы өз халқының дүниетанымын түсінеді; этномәдени мұрамен танысу – жастардың ұлттық сана-сезімін нығайтады, патриоттық сезімін оятады.

Қазақ тіліндегі мәдениет сөзінің этимологиясы ортағасырлық ислам мәдениетінің өркендеуімен тікелей байланысты болса кезек. Арабтың «медине» қала, «маданият» қалалық сөзінен енген.

Уақыт өткен сайын еуропалық елдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» деген мағыналарға ие бола бастады. Оның нақты мысалдары да көрініс табуда. Мәдениеттану ғылымындағы кең мағынада ашылған анықтамамен қорытындылар болсақ, «Мәдениет» термині «ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын белгілі бір затқа, материалдық құралдарға (еңбек құралдары, белгілер), ал нақтырақ алғанда «ағартушылық», «білімділік», «қалыптасушылық», «гуманизм» сияқты адам әрекетіндегі әдіс-тәсілдердің (материалдық сияқты, руханилықта да сондай) жиынтығы» деп берілген.

Ұлттар мен ұлыстардың өздеріне тән ұлттық мәдениеті ұлттың сезімімен, мінезімен, психологиясымен біте қайнасып кетеді. Қазақ халқының этномәдениеті халықтың сезімі, мінезі, рухы, психологиясы сияқты әр қырынан көрініс береді. Бұған М. Арынның «Бес анық» атты кітабынан жауап табуға болады. «...Ұлттық сезімді білдіретін бес шарт немесе бес анық бір ғана ұлтқа қатысты емес, кез келген ұлтқа байланысты айтылар әңгіме. Жеке-жеке алған кезде бұлардың қай қайсысы да тұтастықты білдіре алмайтын сияқты. Бес шарттын бірімен бірінің диалектикалық байланысы бар. Бірінен бірі туындап жатқан тәрізді және бірін-бірі қажет қып тұрғандай», - дейді де: 1) тіл, 2) дін, 3) дәстүр - әдет- ғұрып, мораль, 4) тарих, 5) атамекен, жер-су мәселесін атайды. Бұл «бес анық» - этномәдениеттін тірегі.

Мәдениеттің белгілі бір ұлтқа қатыстылығы жөнінде А.Сейдімбек «Ұлт және мәдениет» атты мақаласында «...мәдениет дегеніміз - экологиялық жүйемен, өмір салтпен етене өмір сүру тәсілі. Мәдениеті жоқ ұлт болмайды. Мәдениеті жоқ ұлт не өледі, не басқа ұлтқа жұтылады», - деген пікір айтады. Измайлов А.Э.: «Халық педагогикасы ұрпақтан-ұрпаққа көбінесе ауызша түрде келе жатқан, халықтың тарихи және әлеуметтік тәжірибесінің жемісі, оның іс жүзінде тексерілген білімінің, мағлұматтарының, дағдыларының жиынтығы. Халық педагогикасының ескерткіштері халық ертегілерінде, аңыздарында, жырларында, мақал-мәтелдерінде сақталып, ұлттық салттары, дәстүрлері арқылы өзінің көріністерін беріп отырады» деп, этномәдени құндылықтарды халық педагогикасы арқылы көрсетсе, С.Қасқабасов: «Ертегі мен эпос, аңыз бен әпсана, миф пен хикая, өлең мен мақал-мәтел, ән мен күй - халқымыздың танымы мен ой-қабілетін, қиялының ұшқырлығы мен талантын танытатын зор рухани мұра ғана емес, олар сонымен катар, XX ғасырда өсіп-өркендеп, кең қанат жайған әдебиетіміз бен өнеріміздің түп қазығы, қазіргі көркем мәдениетіміздің қайнар көзі әрі ажырамас бөлігі» деп, әдебиет пен өнер тұрғысынан толықтыра түседі [2, 37 б].

Қазақ жері - бағзы замандардан талай мемлекет салтанат құрып, дәурен кешкен, Күлтегін ескерткішінде айтылғандай, дүниенің төрт бұрышын алған, дүниенің төрт бұрышы соларға қараған, азды көп қылған, кедейді бай қылған, тату елге жақсылық қылған, хандары алтын сарайларда тұрған, алтын тақта отырған, алтыннан киім киген [3, 29 б].

Тарихымызды айғақтап, мұра-жайларымызға ажар беріп тұратын байлықтарымыздың бірі Абылай ханның алтын зерлі шапаны.

 

Сурет 1. Абылай ханның алтын зерлі шапаны, сол жақ қырынан, артқы сол жақ қырынан

 

Тегінде біз қазақ хандарынан, бәтуалы билерден, баһадүр батырлардан қалған бұйымдарды тек солардың ұрпақтарының, солардың әулеттерінің ғана мүлкі деп қарамауымыз керек, бүкіл халықтың рухани қазынасы, мемлекеттік баға жетпес мұраларымыз деп есептеуіміз керек.

 

Сурет 2. Абылай ханның шапанның артқы жағы, кеуде тұсы, ою-өрнегі

 

Ендігі мақсат ел ішінде қалған аз ғана жәдігерлерден де айрылып қалмау. Соларды халықтың игілігіне, мемлекеттің мүлкіне айналдыру.

Кейінгі кезде Президенттік мәдениет орталығының қорына келіп, түскен осындай ең асыл мұра - Абылай ханнын алтын зерлі қамқа тонының көріністері 1,2 суреттерде берілген.

Өнертану пәнінің ықпалы: сабақтарда бейнелеу өнері, музыка, театр, қолөнер үлгілері талданады; әлемдік және ұлттық өнерді салыстыру арқылы оқушылар жалпыадамзаттық құндылықтарды бағалауға үйренеді.

Ұлттық мәдениетті қазақ мектептерін дамытудың басты құралы ету жөнінде ғалым А. Құсайынов: «біріншіден, мәдениетті құрушы (қазақ халқын төл этнос ретінде сақтау); екіншіден, адамды қалыптастырушы (ұлттық мәдениетті, адамның адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы мен онын тұлға ретінде дамуы, өзін-өзі шығармашылықпен танытуы, өмірдегі өз орындарын анықтауы адамдардың барлығына және әрқайсысына білім беру үшін жағдай жасау); үшіншіден, педагогикалық (оқушыларды ұлттық сана-сезімге тәрбиелеу, әлемдік деңгейге бағдарланаған өркениетті жалпы орта білім беру); төртіншіден, әлеуметтік (ауыл халқы өмірінің адамгершілік және тұрмыстық негізін қалыптастыру, мектепті және жоғары оқу орнын бітірушілерді мәдениетті адам және жер иесі ретінде ауылға тарту)» сияқты негізгі қызметтерді ескере отырып, жүзеге асыруды айтады. Сондай-ақ, «ұлттық мектеп - адамзаттық мәдениет пен этномәдениеттің өзара кіріккен бірлігінде дамитын мектеп» - дейді.

Этномәдениет тақырыбына терең бойлаған ғалымдардың бірі профессор Ж. Наурызбай: «Этнос мәдениеті - ассимиляциядан, араласып кетушіліктен сақтайтын механизм, күштердің өрісі. Бұл сондай-ақ, оның коды, айырмашылығын көрсететін белгісі. Бұл және басқа этностармен тіл табысатын, қарым-қатынастар жасау құралы. Жалпы адамзаттық құндылықтар - барлық уақытта этникалық мәдениеттің «киімінен-ақ» байқалып тұратын, оны әр этнос өз мәдениетінен тауып және сол арқылы басқалармен хабарласып, алмаса білуі» деп анықтама береді [2, 69 б].

Әрине, ғалымның бұл тақырыпта байыпты өз ойы бар, ол туралы өз тұжырымдамасында жан-жақты мағлұматтар бар.

Белгілі дінтанушы, мәдениеттанушы Мұртаза Бұлұтай өз еңбегінде бірнеше әлем ғұламаларының пікірлерін келтірген. Соның бірі Жоржи Зейданның «Мәдениет дегеніміз бір қоғамды қоғам, жамиғатты жамиғат, ұлтты ұлт жасайтын, оны өзге ұлттардан ажырататын өмірлік көріністердің топтамасы. Осы өмірлік көріністер әр ұлттың өзіне тән болып келеді» - деген пікірін келтіреді де «Мәдениет - әр ұлттың өзіне тән ойлау және өмір сүру салтынын жүйесі болып табылады», - деп өз тұжырымын ұсынады және мәдениеттің негізгі қасиеттерін төмендегідей ашады:

1 Ұлттық сипатқа ие;

2 Табиғилық және тірілік;

3 Жалғастылық және тарихилық;

4 Ұлттың ортақ мұрасы болып табылады;

5 Өзегі өзгермейді;

6 Үйлесімді тұтастық болып табылады;

7 Ұрпақтан ұрпаққа жалғасады.

«Мәдениет - жұртшылықтың қалыптасқан өмір салтына байланысты, барлық адамдарға тән, өмір туралы көрініс беретін құндылықтар жүйесі» - деп нақтырақ анықтама береді Н. Смелзер. Демек, мәдениет пен құндылық бір-бірінен алыс емес, керісінше бірін-бірі толықтыра түседі [2, 74].

Осы орайда пәнаралық байланысты көруге болады: тарихпен ұштастыру: өнер туындылары тарихи кезеңнің айнасы ретінде; әдебиетпен байланыс: жыр, дастандар, эпостарды сахналық қойылымдарда пайдалану.

Қай заманда да адам баласы үшін құнды да бағалы, мәнді де маңызды дүниелер болған. Оның заттың немес рухани бейнелі екендігі адамның ішкі қажеттілігіне, түсінігіне қатысты болмақ. Құндылықтың адамзат үшін маңыздылығы мен қажеттілігіне бойлау үшін жан-жақты мәнін ашқан жөн.

Педагогикадағы құндылық тақырыбына бойлаған ғалымдар Б. Құдышева Нұрғалиева Г., К. Қожахметова, М. Жадрина, Р. Төлеубекова, т.б. өз ғылыми-зерттеу еңбектерінде тұжырымдап зерделеді.

Философиялық сөздіктен «құндылық» ұғымының ғылыми негізделген бірнеше анықтамаларына талдау жасалды. Адам құндылығының өзегін құрайтын және оны зерттейтін саланы аксиология деп атайды. Аксиология («ахіа» - грек тілінде «құндылық», логос - ілім, ғылым) ғылымының ең басты ерекшелігі, оның философиялық сипаты басым келеді, өйткені философия ақиқат, шындықты іздейді.

Философ-ғалым С. Нұрмұратовтың кітабында Э. Кассирердің «құндылық - бұл адамның ішкі дүниесінен тыс, мәңгі идеалды әлем» - деп түсіндіруі берілген. Кезінде орыс ғалымы С.И. Гессен (1887-1950) мұғалім жұмысын өлшеп бағалауда мәдениетті рухани және материалдық құндылықтың жиынтығы деп қарады. Сонда мұғалімнің іс-әрекеті пәндік емес, тәрбиеленуші мен тәрбиешінің рухани қарым-қатынастарына «заттануына» қатысты қатынас құндылықтары мен өмір құндылықтарынан тұратын - құндылық.

Ресейлік педагог-ғалым Л.И. Гриценко «құндылық - адамның санасына бағынбайтын іс-әрекетке қатысты реттегіш» - дейді. Субъектінің құндылық туралы саналы көзқарасы бар, яғни, жеке адамның шынайы құндылықтары мен жарияланған құндылық бағдарлары бар. Құндылықтың әлеуметтік, топтық, жекеше деп бөлімдері кең таралған.

Гуманизмді зерттейтін психолог В. Франкл адам өмірінің мәні мен мағынасының биіктігіне айналған құндылық мәселесі туралы: «біз өзімізді ұмыта, біздің өмірімізге енген талап-міндеттер әлеміне өзімізді құрбан ете отырып, ішкі талабымыздан да жоғары, бізден тыс әлемдік заттарға сай талап-тілектерді орындап, өзімізді сол деңгейде көрсеткіміз, жүзеге асырғымыз келеді», дейді [5, 78 б].

Осы ойларды қорыта келе, ғылымдағы құндылықтар теориясына тоқталар болсақ: аксиология құндылықтар табиғаты туралы, оның шынайы өмірдегі орны және құндылықтар әлемінің құрылымы туралы, яғни, тұлға құрылымы мен әлеуметтік және мәдени факторлармен түрлі құндылықтардың өзара байланысы туралы философиялық ілім.

Этномәдени құндылықтар негізінде жоғары сынып оқушыларын өмірге дайындау мәселесіне бойлау үшін «этномәдени білім беру», «этномәдени тәрбие» ұғымдарын нақтылаудың маңызы ерекше.

Бұл жөнінде ғалым Ж. Наурызбайдың «Этномәдени білім беру» тұжырымдамасы негіз бола алады. Біз оны ғылыми зерттеулерге шолу жасағанда тереңірек қарастырылды. Ғалымның анықтамаларын талдау «Этномәдени білім беру» термині «білім беру саласында этномәдени қызығушылықтарды іске асыру» түсінігімен қатар қолданылады, Сондықтан да «біз оның мазмұнына: «этномәдени тәрбие этномәдени ағарту ісі - этномәдени білім» өзара байланысты үштікті ендіреміз» деген пікіріне жүгіне отырып, біз де өз жұмысымызда өз тақырыбымыз бен мүмкіндігімізге сай қарастырылды.

Қорыта келгенде, өнертану пәнін этномәдени құндылықтармен ұштастыра оқыту – оқушылардың эстетикалық талғамын, танымдық белсенділігін, ұлттық сана-сезімін дамытудың тиімді жолы. Этномәдени қызығушылықты тәрбиелеу арқылы ұлттық бірегейлікті сақтау мен рухани дамуға қол жеткізуге болады.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, этномәдени білім беру қазіргі мектепте оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруде, патриоттық сезімін тәрбиелеуде және жалпыадамзаттық құндылықтарды игеруде маңызды рөл атқарады.

 

Пайдаланылған әдебиттер тізімі:

  1. Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Екінш., толықт., түзет. және қайта өңд. бас./ Орыс тілінен аударған М.А. Құсаинова. - М.: Логос; Алматы: Т8Т-сотрапу, 2005. - 368 б.
  2. Қоңырбаева С.С. Этномәдени құндылықтар негізінде отбасылық өмірге даярлау: Монография. – Алматы: «Отан» баспасы, 2021. – 180 б.
  3. Абылай ханның қамқа тоны және Байдалы би. – Астана: «Күлтегін», 2007. – 176 бет.
  4. Артықбаев Ж.О., Сабданбекова Ә.Ә., Елемесов Ә.Қ., Дауренов Е.Н. Дәстүрлі қазақ этнографиясы: оқу-әдістемелік құралы. – Павлодар: Кереку, 2008. – Б. 1. – 345 б.
  5. Қазақстан: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий