Телефон: 8-800-350-22-65
Напишите нам:
WhatsApp:
Telegram:
MAX:
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9:00 до 21:00 Нск (с 5:00 до 19:00 Мск)

Статья опубликована в рамках: CVI Международной научно-практической конференции «Современная психология и педагогика: проблемы и решения» (Россия, г. Новосибирск, 18 мая 2026 г.)

Наука: Педагогика

Секция: Общая педагогика, история педагогики и образования

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции часть 1, Сборник статей конференции часть 2

Библиографическое описание:
Жумагалиева В.А., Утешкалиева А.М. ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ФОРМАЛАРЫ, ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ // Современная психология и педагогика: проблемы и решения: сб. ст. по матер. CVI междунар. науч.-практ. конф. № 5(103). – Новосибирск: СибАК, 2026. – С. 158-168.
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ФОРМАЛАРЫ, ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ

Жумагалиева Вера Айбаровна

7М01301 – Білім берудегі менеджмент ББ, білім бағдарламасының 2 курс магистранты, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті,

 Қазақстан Республикасы, Атырау қ,

Утешкалиева Айгуль Мадиниетовна

п.ғ.к., қауымдастырылған профессор,  Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті,

Қазақстан Республикасы, Атырау қ

ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ФОРМАЛАРЫ, ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ

Жумагалиева Вера Айбаровна

7М01301 – Білім берудегі менеджмент ББ, білім бағдарламасының 2 курс магистранты, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті,

 Қазақстан Республикасы, Атырау қ,

 

Утешкалиева Айгуль Мадиниетовна

п.ғ.к., қауымдастырылған профессор,  Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті,

Қазақстан Республикасы, Атырау қ

 

STAGES AND FORMS OF ORGANIZING INDEPENDENT RESEARCH ACTIVITY, METHODS AND TOOLS FOR MANAGING RESEARCH ACTIVITY

 

Zhumagaliyeva Vera Aibarovna

2nd-year Master’s student of the educational program 7M01301 – Management in Education, Kh. Dosmukhamedov Atyrau University,

Atyrau, Republic of Kazakhstan

Uteshkaliyeva Aigul Madiniyetovna

Candidate of Pedagogical Sciences, Associate Professor, Kh. Dosmukhamedov Atyrau University,

Republic of Kazakhstan, Atyrau

 

АННОТАЦИЯ

Цель: Теоретически обосновать и раскрыть систему управления самостоятельной исследовательской деятельностью учащихся начальных классов, определить ее этапы, формы организации, методы, принципы и организационно-педагогические условия, обеспечивающие развитие познавательной активности, самостоятельности и исследовательской позиции младших школьников.

Методы: В работе использованы методы теоретического анализа психолого-педагогической литературы, системно-деятельностный подход, моделирование, структурно-функциональный анализ, обобщение научных концепций управления образовательным процессом, а также анализ и интерпретация современных педагогических подходов (деятельностного, исследовательского и рефлексивного).

Результаты: Определены структурные этапы организации самостоятельной исследовательской деятельности (мотивационно-ориентировочный, планировочный, практический, аналитико-оценочный и рефлексивный). Раскрыты основные формы организации (индивидуальная, парная, групповая, проектная, внеурочная). Разработана модель управления, включающая целевой, теоретико-методологический и содержательно-процессуальный блоки. Обоснованы принципы эффективного управления и выявлены организационно-педагогические условия, способствующие успешному включению младших школьников в исследовательскую деятельность.

Выводы: Эффективное управление самостоятельной исследовательской деятельностью младших школьников возможно при условии поэтапной организации процесса, интеграции проектных, проблемных и интерактивных методов обучения, а также построения диалогического взаимодействия в системе «ученик – педагог – родитель». Реализация предложенной модели способствует формированию исследовательской культуры, развитию самостоятельности и повышению функциональной грамотности учащихся начальной школы.

ABSTRACT

Background: To provide a theoretical justification and description of the system for managing independent research activity of primary school students, and to identify its stages, organizational forms, methods, principles, and organizational-pedagogical conditions that ensure the development of cognitive activity, independence, and a research-oriented position in younger learners.

Research methods: The study employed methods of theoretical analysis of psychological and pedagogical literature, a system-activity approach, modeling, structural-functional analysis, generalization of scientific concepts of educational process management, as well as analysis and interpretation of activity-based, research-based, and reflective approaches.

Result: The structural stages of organizing independent research activity were identified (motivational-orientational, planning, practical implementation, analytical-evaluative, and reflective stages). The main organizational forms were described (individual, pair, group, project-based, and extracurricular forms). A management model was developed, including goal-oriented, theoretical-methodological, and content-processual blocks. The principles of effective management were substantiated, and organizational-pedagogical conditions facilitating the successful involvement of primary school students in research activities were determined.

Conclusion: Effective management of independent research activity of primary school students is possible through a systematic and stage-by-stage organization of the process, integration of project-based, problem-based, and interactive teaching methods, and the establishment of dialogical interaction within the “student–teacher–parent” system. The implementation of the proposed model contributes to the development of research culture, learner autonomy, and functional literacy in primary education.

 

Ключевые слова: самостоятельная исследовательская деятельность, учащиеся начальной школы, управление образовательным процессом, организационно-педагогические условия, системно-деятельностный подход, развитие исследовательских умений, учебная самостоятельность.

Keywords: independent research activity, primary school students, educational management, organizational-pedagogical conditions, system-activity approach, research skills development, learner autonomy.

 

Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік зерттеу қызметін басқару – мұғалімнің мақсатты, жүйелі және ғылыми негізделген іс-әрекеті арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін, дербестігін және шығармашылық ізденісін дамыту үдерісі болып табылады. білім беру процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, балалардың танымдық белсенділігін, дербестігін және сыни ойлауын дамытуға ықпал етеді. Бұл қызмет оқушылардың жас ерекшеліктеріне, психологиялық даму деңгейіне және оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Зерттеуді ұйымдастыру мұғалімдерден оқушыларға сұрақ қоюды, жауап іздеуді және деректерді талдауды үйренуге көмектесетін арнайы әдістерді қолдануды талап етеді.

Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік зерттеу қызметін ұйымдастыру кезеңдік жүйеге негізделуі тиіс. Мотивациядан бастап рефлексияға дейінгі бірізді басқару оқушының танымдық белсенділігін арттырып, зерттеушілік мәдениетін қалыптастырады. Ұйымдастыру формаларының әртүрлілігі білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Мұғалімнің басқарушылық рөлі біртіндеп бағыттаушыдан кеңесшіге ауысуы – өзіндік зерттеу қызметінің табысты жүзеге асуының маңызды шарты болып табылады.

Өзіндік зерттеу қызметін тиімді ұйымдастыру үшін оның құрылымдық кезеңдерін айқындау маңызды. Педагогикалық әдебиеттерде (Л.С. Выготский, П.Я. Гальперин, А.Н. Леонтьев еңбектері) зерттеу іс-әрекетті кезеңдеп қалыптастыру қағидалары негізге алынады. Бастауыш сынып жағдайында зерттеу қызметін ұйымдастыру төмендегідей кезеңдер арқылы жүзеге асырылады[1, 2, 3].

1. Мотивациялық-бағдарлау кезеңі

Бұл кезеңнің негізгі мақсаты – оқушыларда зерттеуге деген қызығушылық пен ішкі уәжді қалыптастыру. Мұғалім проблемалық жағдаят тудыра отырып, оқушылардың танымдық қажеттілігін оятады, яғни бұл кезеңде: зерттеу тақырыбы айқындалады, проблемалық сұрақ қойылады, болжам (гипотеза) жасауға бағыт беріледі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері нақтыланады. Бастауыш сынып оқушылары үшін бұл кезең ойын элементтері, қызықты тәжірибелер, өмірмен байланысты жағдаяттар арқылы ұйымдастырылғаны тиімді. Мұғалім бағыттаушы рөл атқарады.

2. Жоспарлау кезеңі

Бұл кезеңде оқушылар зерттеу әрекетінің жоспарын құрастырады. Жоспарлау барысында: зерттеу әдістері таңдалады (бақылау, салыстыру, тәжірибе, сауалнама), қажетті құралдар анықталады, жұмыс кезеңдері белгіленеді, уақыт шеңбері жоспарланады. Бастауыш сыныпта жоспарлау көбінесе мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады, алайда біртіндеп оқушылардың  дербестігі арта бастайды. Жоспарды сызба, кесте, алгоритм түрінде беру тиімді.

3. Зерттеу әрекетін жүзеге асыру кезеңі

Бұны негізгі практикалық кезең деп атауға болады. Оқушылар белгіленген жоспар бойынша ақпарат жинайды, тәжірибе жүргізеді, бақылау жасайды, нәтижелерді тіркейді. Бұл кезеңде: деректер жиналады, бақылау нәтижелері жазылады, тәжірибелер орындалады, алынған мәліметтер өңделеді. Мұғалім бақылаушы және кеңесші рөлінде болады. Ол оқушыларға бағыт-бағдар беріп, қателіктерді түзетуге көмектеседі.

4. Талдау және қорытынды жасау кезеңі

Бұл кезеңде жиналған деректер сарапталып, болжамның дұрыстығы тексеріледі. Оқушылар: нәтижелерді салыстырады, себеп-салдар байланысын анықтайды, қорытынды жасайды, өз пікірін дәлелдейді. Бастауыш сыныпта бұл кезең көрнекілік құралдары арқылы (диаграмма, кесте, сурет) ұйымдастырылады.

5. Рефлексиялық-бағалау кезеңі

Зерттеу қызметінің соңғы кезеңінде оқушылар өз жұмысына талдау жасайды. Бұл кезеңде: зерттеу үдерісі бағаланады, қиындықтар анықталады, жетістіктер сараланып келесі жұмысқа ұсыныстар жасалады. Рефлексия оқушының өзін-өзі бағалау дағдысын қалыптастырады және зерттеу мәдениетін жетілдіреді.

Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік зерттеу қызметін басқару үдерісін модельдеуде біз оның құрамына кіретін компоненттердің жиынтығын, олардың өзара байланысын, сондай-ақ объектінің жұмыс істеу және даму ерекшеліктерін бейнелейтін күрделі құрылым ретінде қарастыруды көздедік, өйткені, оқыту үдерісі бастауыштан бастап ғылыми зерттеу типіне ұқсас жүйелі танымдық ізденісті ұйымдастыруды талап етеді. Мұндай қызмет оқушылардың белгілі бір фактілік мәліметтерді игеруімен қатар, жаңа проблемаларды көре білуін, өзіндік зерттеу әрекеттерінің белгілі бір түрлерін меңгеруін қамтамасыз етуіне жол ашады. 

Педагогика  ғылымдарының кандидаты, жалпы білім беретін мектептің оқу процесін ұйымдастырудың модульдік жүйесіне көшуін басқару бағытын ғылыми тұрғыда зерделеген автор  И.Б. Сенновский:   «... ұсынылатын модельді мұғалім мен оқушы арасындағы өзара қатынастардың дамуы контекстінде құрастыру орынды» -  дей отырып,   бастауыш сынып оқушыларының өзіндік зерттеу қызметін басқару моделінің құрылымын төмендегі блоктарды   қамтитынын көрсеткен[4]:

 

Сурет №1. Өзіндік  зерттеу қызметін басқару моделінің құрылымы

 

Қазіргі білім беру жүйесінде оқыту үдерісін құрастырудың жетекші тәсілдерінің бірі — жүйелік-әрекеттік тәсілді Э.Г.Юдин әрекеттік және жүйелік қағидаларды біріктіру арқылы дамытқан. Оның пікірінше, «жүйелік принциптер адамның әрекетін зерттеу кезінде қолдануға болатын пәндік құрылымдарды құруға мүмкіндік береді» [5].

Бұл тәсіл білім беру үдерісінің нәтижесін арттыру үшін зерттеу объектісін жаңаша қарауды талап етеді және оқыту үдерісін оқушылардың ең жоғары деңгейдегі белсенді және дербес танымдық әрекеті негізінде ұйымдастыруды көздейді. Мұнда педагог жаңа білімді дайын күйінде бермейді, оқушылардың оны «ашуына» жағдай жасайды. Нәтижесінде назар білімді пассивті меңгеруден оны өздігінен іздену арқылы игеруге ауысады. Мұндай тәсілде оқу үдерісінің маңызды элементі — оқушылардың әрекетін жандандыратын «актуалды қиындық» жағдайын ұйымдастыру.

Зерттеушілік тәсіл проблемалық жағдайларды шешу барысында ақыл-ой әрекетінің заңдылықтарын бейнелейді. Ол оқытуды білім және оны алу тәсілдерінің бірлігінде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мұнда оқушылар таным процесінің белсенді субъектілері ретінде ұсынылады. Педагогтың міндеті оқушылардың өздігінен мәселені ашуына, шешімін табуына мүмкіндік беретін жағдай жасау. Ал, оқушы байқап, талдап, салыстырып, заңдылықтарды анықтай білуі тиіс. Бұл әрбір оқушының әрекетін жаңа білімді алғаш рет «ашушы» ретіндегі зерттеушілік позицияда құрылуы маңызды.

Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларын өзіндік зерттеу қызметіне тартуды рефлексивтік басқару тұрғысынан ұйымдастыру  олардың өз әрекетін басқарудағы белсенділігі мен дербестігін арттыруға бағытталады және ол педагог пен оқушы арасындағы диалогтық өзара әрекетке сүйенуі қажет. Нәтижесінде оқушының позициясы күшейеді, яғни  «орындаушы» рөлінен «бірлескен ұйымдастырушыға» және «өз әрекетінің ұйымдастырушысы» позициясына өтеді. Үш тәсілдің интеграциясы бастауыш оқушысының оқу-зерттеу қызметіне қатысуын қамтамасыз етеді, олардың қабілеттерін ашуға, зерттеушілік әрекеттердің жекелеген элементтерін орындауды өздеріне беру арқылы дербестік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Басқару үдерісінің қағидаларын білім беру үдерісін және педагогтың оқушылар әрекетін басқаруын ұйымдастыруға қойылатын, тәжірибе арқылы дәлелденген ережелер жиынтығы деп танимыз. Бұл зерттеуде тиімді басқарудың келесі  негізгі қағидаларын қамтиды:

– әрекеттік қағида;

– білімді оны алу тәсілдерімен бірлікте меңгеру қағидасы;

– педагог пен оқушының өзара әрекеттесу конструктивтілігі қағидасы;

– білім алушының жеке бастамасы мен жауапкершілігіне еркін кеңістік құру қағидасы.

Оқушылардың жеке және ұжымдық әрекетін белсендіру туындаған проблеманы шешуге деген ұмтылысты, жаңа нәрсені тану, дәлелдеу, пікірін қорғау қажеттілігін ынталандыруды талап етеді. Жұмыс барысында оқушыларға жаңа қызметтің олар үшін маңыздылығын, оның практикалық бағыттылығын саналы түрде түсіндіру маңызды. 

Бастауыш сынып оқушыларын өзіндік зерттеу қызметіне тарту оқу барысында меңгерілетін білімдердің оларды алу тәсілдерімен тығыз байланыста болуы қажет етілетін болғандықтан, өзіндік зерттеу қызметін ұйымдастыруда білімді оны алу тәсілдерімен бірлікте меңгеру принципіне сүйену  нәтижеге жол ашады, яғни  бұл  өз кезегінде білімді табудың тиімді тәсілдерін игеруді талап етеді. Сонымен қатар, мектепте алынған білімнің оқушылардың іс жүзіндегі тәжірибесімен, олардың өмірлік мәселелерімен байланысын қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды.

Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік зерттеу қызметін басқарудың тиімділігі оқушылар, педагог және ата-аналардың диалогтық өзара әрекетінің ерекшеліктерімен анықталады. Білім беру процесі субъектілерінің өзара әрекеттесу принципі туындаған  мәселелерді бірлесіп шешуді, іс-әрекеттерді келісуді, өзара қолайлы шешімдер қабылдауды, барлық қатысушылардың интерактивті ынтымақтастығын көздейді. Өзіндік зерттеу қызметін ұйымдастыруда конструктивті өзара әрекеттесу ынтымақтастыққа  алдында тұрған проблеманы шешудің жолдары мен тәсілдерін бірлесіп іздеуді білдіреді.

Н.М.Борытконың пікірінше, педагогикадағы «жағдай» — педагогикалық үдерістің мақсатты түрде педагог тарапынан жобаланған және белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге бағытталған зерттеу барысына елеулі ықпал ететін сыртқы фактор Жағдайлар жүйесі нақты үдерістің пайда болу, жүру, өмір сүру және даму ортасын анықтайды. Жағдайлар үдерісті жеделдетуі де, баяулатуы да мүмкін, сондай-ақ оның динамикасына және нәтижелеріне әсер етеді[ 6].

С.С.Измуханбетованың түсіндіруінше, жағдайлар педагогикалық жүйенің компоненті ретінде қарастырылады және «білім беру және материалдық-кеңістіктік ортаның тұлғалық және процессуалдық аспектілерге әсер ететін, оның тиімді жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ететін мүмкіндіктерінің жиынтығын» білдіреді. Автор «ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлар» ұғымының мәнін түсіндіруге қажетті бірқатар ережелерді бөліп көрсетеді [7]:

- педагогикалық үдерістің міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік беретін мазмұн, формалар, әдістер мен ықпал ету шараларының мақсатты түрде құрылған жиынтығы;

- ықпал ету шаралары басқарылатын жүйенің, яғни оқыту процесінің немесе оның компоненттерінің  белгілі бір жағдайдағы басқарылуын қамтамасыз етеді;

-  бұл шаралар өзара байланыста және өзара шарттас, олардың бірлігі білім беру міндеттерін тиімді шешуді қамтамасыз етеді;

- олардың негізгі функциясы- педагогикалық үдерістің тұтас дамуын мақсатты түрде басқаруды қамтамасыз ететін ықпал ету шараларын ұйымдастыру;

- жағдайлар жиынтығы жүзеге асырылатын үдерістің құрылымына сәйкес таңдалады.

Біздің зерттеуімізде ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлар — өзіндік зерттеу қызметін басқару үдерісінің тиімді жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ететін арнайы жасалған өзара байланысқан және өзара шарттас жағдайлар жүйесі ретінде қарастырылады.

Қазіргі уақытта балалардың ішкі әлеміне, олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне баса назар аударылады. Мектеп балалардың қабілеттерін дамытуға ұмтылады. Осыған байланысты балалар жеке тұлғаны барынша дамытуға бағытталған іс-шараларға қатысады. Мұндай іс-әрекеттің бірі – оқушының өзіндік зерттеу жұмысы.

Оқушылар айналасындағы әлемді ашу арқылы зерттеудің негізгі әдістерімен танысады, бұл ғалымдардың пікірінше, қазіргі мектеп оқушылары үшін жоғары деңгейдегі білім берудің маңызды құрамдас бөліктері болып табылады. Бүгінгі таңда балалар нақты мәселелерді шешу үшін өз тәжірибелерін, білімдерін, дағдыларын және жеке қасиеттерін пайдалана білуі керек. Олар әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастыруы және әртүрлі құбылыстарды сипаттап қана қоймай, сонымен қатар оларды бағдарлай білуі керек. Ал, мұғалімдер ақпаратты жай ғана беру мен қабылдаудан белсенді шығармашылық әрекетке көшуі маңызды.  Себебі, онтогенездің осы кезеңінде оқу жетекші рөл атқарады және дамып келе жатқан жеке тұлғаның негізгі когнитивтік сипаттамаларының дамуын анықтайды.

Бастауыш сынып оқушыларын белсенді таным үдерісіне тарту олардың зерттеушілік позициясының қалыптасуына, қажетті білімді өз бетінше меңгеруіне, ақпаратты іздеу мен өңдеудің жеке жолдарын таңдауына, туындаған қиындықтарды шешуіне айтарлықтай ықпал етеді және   оқушылардың өзіндік зерттеу қызметін басқаруда күтілетін нәтижеге тек ол оқушының нақты мүмкіндіктері мен қажетті зерттеу дағдыларының қалыптасу деңгейіне негізделген жағдайда ғана жеткізеді. Тиімді басқарудың тағы бір шарты өзіндік зерттеу қызметін жүзеге асыру жолдары мен тәсілдерін еркін таңдауға мүмкіндік беретін бірыңғай өзіндік зерттеу кеңістігінің болуында.    Нәтижесінде оқушылар оқу-зерттеу қызметінің құрылымдық мазмұнын, оны жүзеге асыру ерекшеліктерін меңгереді.

Өзіндік зерттеу тапсырмалары мен жағдайларын шешудің табыстылығы, сондай-ақ жаңа қызметті меңгеру тиімділігі білім беру процесінің барлық қатысушылары арасындағы өзара әрекетке тікелей байланысты. Интерактивті ынтымақтастық идеясы – субъектілердің аралық  диалогы, серіктестік орны, ортақ шешімдер қабылдауы. Бұл бастауыш сынып оқушыларының өзіндік зерттеу қызметін меңгеруінің негізгі факторы болып табылады және әрбір қатысушыны осы қызметтің толыққанды субъектісіне айналдырады.

«Оқушы – педагог – ата-ана» жүйесіндегі өзара әрекет тең құқықты интерактивті ынтымақтастыққа негізделеді, мұнда әрбір субъект ортақ оқу-зерттеу қызметінің тең дәрежелі қатысушысы болып табылады және нәтижеге бірдей жауапкершілік алады. Педагог пен оқушы, оқушылардың өзара әрекеті сұрақ-жауап алмасуынан, талқылауға қатысудан, бірлескен шешімдер қабылдаудан және олардың орындалуын бақылаудан көрінеді. Педагог пен ата-аналардың өзара әрекеті онлайн-қатынас, жеке кеңестер, практикалық семинарлар, тренингтер арқылы іске асырылады.

Зерттеушілік позицияны қалыптастыру педагог пен оқушының жүзеге асырылып жатқан қызметке, оның жоспарлануына, нәтижелеріне қатысты бірлескен және тұрақты рефлексиясын талап етеді. Осыған орай бастауыш сынып оқушысын белсенді зерттеуші рөлінде көрсететін оқу-зерттеу жағдайларын, тапсырмаларын құру орынды болып табылады. Бастауыш сыныпта өзіндік зерттеу қызметі түрлі ұйымдастыру формалары арқылы жүзеге асады. Олардың әрқайсысы оқушылардың жас ерекшеліктеріне және оқу мақсаттарына сәйкес таңдалады.

Бастауыш сыныпта зерттеу қызметінің негізгі тәсілдерінің бірі – бақылау және қарапайым тәжірибелер жүргізудің орны ерекше, мысалы: өсімдіктің өсуін бақылау, судың күй өзгерістерін зерттеу, табиғат құбылыстарын тіркеу және т.б. әдістер оқушылардың практикалық дағдыларын қалыптастырады.

Сондай-ақ, өзіндік зерттеу қызметін басқаруда қолданылатын педагогикалық құралдарға баса назар аудару  оқушының әрекетін жүйелеуге көмектеседі. Олар:

  • дидактикалық құралдар: зерттеу күнделігі, жұмыс парақтары, кестелер мен сызбалар, бағалау критерийлері.
  • ақпараттық-коммуникациялық құралдар, өйткені қазіргі білім беру үдерісінде цифрлық ресурстар маңызды рөл атқарады және АКТ қолдану зерттеу нәтижелерін көрнекі ұсынуға мүмкіндік береді. Оларға жататындар: интерактивті тақта, презентация бағдарламалары, бейнематериалдар.
  • ұйымдастырушылық құралдар, зерттеу жұмысын жүйелі басқаруға жағдай жасайды. Бұл уақытты жоспарлау кестесі; рөлдерді бөлу парағы, бағалау парағы, портфолио, т.б.

Өзіндік зерттеу қызметін басқарудың тиімділігі негізінен келесі шарттарға байланысты: жас ерекшеліктерін ескеру, қолжетімді және қызықты тапсырмалар ұсыну, біртіндеп күрделендіру, қолдау көрсету және кері байланыс беру, ынталандыру мен мадақтау жүйесін ұйымдастыру. Мұғалімнің рөлі – бақылаушы емес, бағыттаушы және серіктес болу.

Әдістер мен құралдардың жүйелі және мақсатты қолданылуы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, дербес зерттеу мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу қызметін ұйымдастыру үшін бақылау және эксперимент жүргізу маңызды. Бұл әдістер балаларға зерттеу нысандарымен тікелей әрекеттесуге мүмкіндік береді, бұл зерттелетін материалды тереңірек түсінуге ықпал етеді. Мысалы, оқушылар табиғаттағы өзгерістерді бақылай алады, жануарлардың мінез-құлқын зерттей алады немесе әртүрлі заттармен тәжірибелер жүргізе алады. Мұндай іс-шаралар тек когнитивті дағдыларды дамытып қана қоймай, сонымен қатар балалардың ғылымға деген қызығушылығын оятады. Әдеби дереккөздермен жұмыс істеу де зерттеу қызметінің маңызды элементі болып табылады. Мұғалімдер балаларға кітаптар, мақалалар және онлайн ресурстар сияқты әртүрлі көздерден ақпаратты қалай табуға, талдауға және ұйымдастыруға болатынын үйретуі керек. Оқушылардың ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауды және оны өз қорытындыларын негіздеу үшін пайдалануды үйренуі маңызды. Бұл ақпаратты өңдеу дағдыларын дамытуға және білімді іс жүзінде қолдану қабілетіне ықпал етеді. Зерттеу қызметін ұйымдастыруға көмектесетін бір әдіс – өзіндік зерттеу нәтижелерін ұсыну. Оқушылар өздерінің зерттеу нәтижелері мен жетістіктерін көрсететін презентациялар немесе плакаттар жасай алады. Жұмыстың бұл түрі балалардың көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытады, ақпаратты құрылымдауды және оны тиімді ұсынуды үйретеді.  Ойлану өзіндік зерттеу іс-әрекеттерінде де маңызды рөл атқарады. Мұғалімдер оқушыларды өз тәжірибелерін талдауға, кездескен қиындықтарды талқылауға және келесі зерттеуінде нені жақсартуға болатыны туралы қорытынды жасауға шақыруы керек. Бұл балаларға өз қателіктерінен сабақ алуға және дағдыларын үнемі жетілдіруге көмектеседі.

Қорытындылай келе, бастауыш мектепте өзіндік зерттеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру балалардың танымдық белсенділігін, тәуелсіздігін және сыни ойлауын дамытуға бағытталған әртүрлі әдістер мен әдістерді қолдануды талап етеді. Жобаға негізделген және проблемалық әдістер, интерактивті және эксперименттік тәсілдер, сондай-ақ әдеби дереккөздермен жұмыс істеу және нәтижелерді ұсыну бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты дамуына ықпал етеді және оларда ғылыми зерттеулерге деген тұрақты қызығушылықты оятады.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1.  Выготский Л.С. Мышление и речь: психологические исследования //М.: Национальное образование, 2016. 318 с.
  2. Гальперин А.Я. Методы обучения и умственного развития ребенка //М.: МГУ, 1985. -77 с.
  3.  Леонтьев А. Н. Деятельность. Сознание. Личность. //М., 1975. -295 с.
  4. Сенновский И.Б. Профессиональная компетентность учителя и управление образовательной деятельностью ученика.// М.: Новая школа, № 1.  C. 78-80.
  5.  Юдин Э.Г. Методология науки. Системность. Деятельность.// М.: Наука, 1997.- 417с.
  6.  Борытко Н.М. Теория обучения: учебник для студентов педагогических вузов. //Волгоград: Изд-во Волгоградского гос. ин-та повышения квалификации и переподготовки работников образования, 2006. -70 с
  7. Измуханбетова С.С. Оқушылардың зерттеушілік әрекеттері арқылы коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары. // Атырау, 2010. – 117 б.

Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов