Поздравляем с Новым Годом!
   
Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: CLXIII Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 20 апреля 2023 г.)

Наука: Философия

Секция: Религиоведение

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Ибадулла Ы.У. ПАТШАЛЫҚ ҮКІМЕТТІҢ ДІНГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТЫ // Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ: сб. ст. по мат. CLXIII междунар. студ. науч.-практ. конф. № 8(162). URL: https://sibac.info/archive/meghdis/8(162).pdf (дата обращения: 27.12.2024)
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ПАТШАЛЫҚ ҮКІМЕТТІҢ ДІНГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТЫ

Ибадулла Ысқақ Уәлиханұлы

Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетінің, Теология факультеті, Дінтану кафедрасының ІІ курс магистранты

АННОТАЦИЯ

Бұл мақалада патша үкіметі кезеңіндегі дінге қатысты саясаты қарастырылған. Орта Азия елдеріндегі діндар адамдарды қуғынға түсіріп, ату жазаларына кескендігі туралы деректер көрсетіледі. Жалпы патшалық үкімет кезіндегі барлық, дінге қатысты болған іс-әрекеттері баяндалған.

АННОТАЦИЯ

В этой статье рассматривается политика царского правительства в отношении религии. Указываются данные о преследовании и расстреле верующих в странах Средней Азии. Изложены все действия, которые имели отношение к религии при общем царском правительстве.

 

Түйінді сөздер: Үкімет, дін, саясат, қуғын, Азия.

Ключевые слова: Правительство, религия, политика, репрессии, Азия.

 

Патша үкіметінің XVIII ғасырдағы ислам дініне қатысты ұстанған саясаты. XVIII ғасырдың соңғы ширегіндегі жағдайда Ресей императрицасы Екатерина ІІ ислам дініне қолдау көрсету саясатын ұстанды. Мұның мынадай себептері болды: біріншіден, патша үкіметі қазақтарды Ресеймен тығыз байланыстырмак болды. Бұл ретте молдалар тек қана Ресей татарларынан іріктелді. Екіншіден, мұндай қадам жасау қазақтардың Орта Азиядағы мұсылман орталықтарымен байланысын шектеуге тиіс болды. Үшіншіден, Бұл шаралар көшпелі қазақтардың жауынгерлік мінез-құлқын едәуір жұмсартады деп ұйғарылды. Сондықтан да қазақ даласымен шекаралас жерлердің барлығында да мемлекет қазынасы есебінен мешіттер салына бастады. Әдетте ол мешіттер патша үкіметі әкімшілігінің бастамасы немесе қазақ хандары мен сұлтандарының және старшындарының өтініші бойынша бекіністер жанынан салынды. Мәселен, сұлтан Шаншар Сұлтанбетовтың өтініші бойынша Ертіс өзенінің жағасында осындай бір мешіт бой көтерді.  Ол мешіт Жәмішев бекініс-қамалы мен Семей қаласының ортасында салынған еді. Мешіттің жанында балаларды оқытатын шағын медресе де болды.

XIX ғасырдың бірінші жартысында патша үкіметінің Қазақстандағы діни саясатының өзгеруі. Патша үкіметінің әкімшілігі өзінің отаршылдық саясатын жүргізе отырып, көшпелі, жартылай көшпелі қазақ халқын шоқындырып, христиан дініне көшіруге зор көңіл бөлді. Сол арқылы Қазақстандағы байырғы халықты Ресей империясына шын берілген жандар етіп шығаруды ойластырды. XIX ғасырдың бас кезіне қарай қазақ даласындағы әлеуметтік-саяси жағдай өзгере бастады. Соның нәтижесінде патша үкіметінің қазақтарды шоқындырып, христиан дініне көшіру жөніндегі жаңа саясатын жүзеге асыру үшін өте қолайлы жағдай туды. Патша үкіметінің халықаралық аренадағы жағдайы да орныға түсті. Ресей француздарға қарсы 1812 жылғы Отан соғысында жеңіп шықты. 1822—1824 жылдары Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық билік жойылды. Патша үкіметінің қазақтарды шоқындыру жөніндегі белсенді қызметі 1808 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстанның Ресеймен шектес аудандарында ашаршылық күшейген еді. Патша үкіметінің әкімшілігі қазақтардың балаларын көптеп сатып алып, оларды православие дініне кіргізуге кірісті. XIX ғасырдағы белгілі орыс зерттеушісі Добросмыслов А.-ның хабарлағанындай, «Қырғыздардың балаларын шенеуніктер, помещиктер, казактар, офицерлер, көпестер, тіпті дін қызметкерлерінің өздері де сатып ала бастады».

Алайда қазақ даласында Християн дінін қабылдағысы келетіндер іс жүзінде мүлде жоқтың қасы еді. Мұның өзіндік себептері де болатын. Біріншіден, Қазақстанның далалық бөлігінде тұратындар негізінен қазақтар еді. Екініиіден, қазақ халқының тарапынан православиелік дін таратушы миссионерлердің қызметіне қарсылық тіпті күшті болды. Үшіншіден, Бұл кезде қожалар мен татар молдаларының қызметі арқылы ислам дінінің жағдайы едәуір нығайған еді. Сондықтан да қазақтарды шоқындырып, христиан дініне көшірудің нәтижесі XIX ғасырдың ортасына дейін тіпті де мардымды болған жоқ. Мәселен, аса ауқымды Омбы елкесінде небары 25 қазақ, Томск губерниясында — 4, ал Тобыл губерниясында — 66 қазақ қана шоқынған еді.

XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі миссионерлер қызметі. Қазақтардың православие дініне кіруі XX ғасырдың 50—60-жылдарында едәуір көбірек байқалды. Мұның өзі патша үкіметінің қазақтарды Ресейдің ішкі губернияларына өткізбеу жөніндегі қатаң тыйым салу шараларының басталуына байланысты еді. Жатақ қазақтар күнкөріс үшін жүмыс іздеп, Тобыл және Томск губернияларының селоларына ағылумен болды. Бірақ Бұл кезде Ертістің оң жағалауына Ішкі Ресейден қоныс аударып келген шаруалар көптеп жайғаса бастаған еді. Патша үкіметі қоныс аударып келген шаруалардың жер иелену құқығын ғана қорғау жағында болды. Қазақтарды Ертістің сол жағына күштеп көшіру әрекеттеріне кең жол ашылды. Қазақтардың Ресейдің шекаралас ішкі губернияларының аумағына өтуінің «занды» жолдарының бірден-бір тиімді тәсілі христиан дінін қабылдау еді. Міне, мұндай жағдайда олар төлқүжаттық алымдар төлеуден босатылатын. Жаңа дінді қабылдағандардың жұмыс іздеп, Батыс Сібірдің селолары мен қалаларына тегін және ешқандай кедергісіз өте беруіне рұқсат етілді. Отаршыл өкімет билігінің ойлап тапқан айла-шарғысының бірі «шоқынушыларға», яғни христиан дініне өткендерге бірқатар жеңілдіктер пен артықшылықтар беру болды. Мәселен, «шоқынғандар» мемлекеттік алым-салықтардан және рекруттық міндетті атқарудан толық босатылды. Олар сонымен қатар едәуір елеулі мөлшерде ақшалай несие алуға да құқықты болды.

Христиан дінін қабылдаған қазақтардың барлығы да әдетте қазақ қоғамының әлеуметтік төменгі кедей тобының өкілдері еді. Олар ең алдымен өздерінің материалдық жағдайын жақсартуды көздеді. Сөз реті келгенде айта кету керек, Бұл жағдайды Сібір қырғыздарын басқару жөніндегі жалпы облыстық басқарма кеңесінің 1868 жылғы 20 ақпандағы деректерінен айқын көруге болады. Онда былай деп ашық айтылған: «... бұған дейін православие дінін қабылдаған қырғыздардың (қазақтардың. — авт.) бәрінің де шекара шебіне жақын жерлерде көшіп-қонып жүрген сіңірі шыққан кедейлерге жататыны жақсы мәлім... Сондықтан да мына жағдайга күмән келтіруге болмайды: олардың өз дінін ауыстыру себебі өздері ұстанып келген діннің түкке тұрғысыз екендігіне кәміл көз жеткізгендігінде емес, көпшілік жағдайда материалдық есепте жатыр..» Әрине, олардың христиан дінін шын ниеттерімен құрметтей қоюын күтуге болмайтыны әбден табиғи нәрсе болатын. Мұны дін таратушы миссионер Филарет Синьковскийдің жазбалары да дәлелдей түседі: «... Жаңа шоқындырылғандардың өмірін бақылаудан көрініп отырғанындай, олар өздері қабылдаған дінге барынша немқұрайлы қарайды және оны тереңірек игеруге мулде құлықсыз». Шоқындырылған қазақтар әдетте өзінің бұрынғы қауымында қала алмайтын. Христиан дінін қабылдаған қазақтар «діннен безгендер» деп айыпталып, өте қатаң қуғын-сүргінге ұшырайтын, тіпті оларды өлтіріп те жіберетін. 1869 жылы бұрынғы аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлының бастамасы бойынша Қарамола деген жерде Семей облысы Қарқаралы уезі аумағындағы қазақ билерінің съезі өткізілді. Онда қазақ ақсүйектері христиан дінін таратушы миссионерлердің қызметіне жол бермеу үщін қолдан келген шаралардың барлығын да қабылдау керектігі туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда, қазақтың әдет заңының шоқынған қазақтарды ешқандай да қорғамайтыны жарияланды. Өз дініне опасыздық еткендерді тонап кеткені, өлтіріп кеткені үшін ешкім де жауапты болмайтыны айтылды.

Қырғыз миссиясының қызметі. Дала қазақтарын християндандыру 1881 жылдан бастап едәуір қарқын алды. Өйткені бұл кезде Қырғыз миссиясы құрылған еді. Ол Алтайдағы діни миссия негізінде құрылды. Алтай діни миссиясы бұған дейін Томск губерниясындағы Бийск округының қалмақтарын христиан дініне енгізумен айналысқан болатын. Жаңадан құрылған Қырғыз миссиясы Семей облысының кең-байтақ аймағындағы қазақтарды шоқындыруға кірісті. Бұл аумақтағы миссияның құрылуына себеп болған нәрсе XIX ғасырдың бүкіл барысында тап осы аймақта кедей жатақтардың қатары көбейіп кеткен еді. Көшпелі қазақ қауымдары тарапынан Қырғыз миссиясына қатты қарсылық көрсетілді. Қазақтар орыс шаруаларының селолары мен казак станицаларына кеткен шоқынған туыстарын іздестіре бастады. Дін таратушы миссионерлер өздерінің 1886 жылғы есебінде бұл жөнінде былай деп жазды: «Мұхаммедтік орта өздерінің туыстары мен жақын адамдарының қасиетті шоқынуды қабыл алуына жол бермеу ушін барлық тәсілді, соның ішінде әр түрлі қулық-сұмдықты да, барып түрган арсыздықпен күш қолдануды да, аяусыз кек алуды да пайдалануда».           Жаңадан шоқынғандарға православие дінін жақсылап оқыту үшін оларды миссионерлік стандарға жіберіп отырды. Онда олар орыс тілін оқып үйренді, жаңа діннің негіздері бойынша сауатын ашты. Алайда дін үйрету саласындағы миссионерлік қызметтің қарқыны тіпті де мардымды болған жоқ. Оның үстіне, шоқынғандардың арасында исламға қайта бет бұрғандар да аз емес еді. Сондықтан да 1897 жылғы Бүкілресейлік халық санағының материалдары бойынша Қазақстан аумағындағы шоқынғандардың жалпы санының небары 660 адамнан аспағаны таңғаларлық кездейсоқ нәрсе емес еді.

Патша үкіметінің XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезінде ислам дініне қатысты саясаты. Патша үкіметі христиан дінін тықпалаумен қатар ислам дінін әлсірету саясатын да ұстанды. Өйткені ол исламды христиан дінін кеңінен тарату жолындағы басты кедергі деп санады. Қазақтардың Шығыс елдерінде, мәселен, Туркияда оқуына тыйым салынды. Молдалардың қызметіне үкімет әкімшілігі тарапынан қатаң бақылау орнатылды. 1867-1968 жылдары қазақтардың дінге байланысты мәселелері Ішкі істер министрінің қарауына берілді. Әр болыста бір-бірден ғана молда ұстауға рұқсат етілді. Көшпелілер арасындағы молда Ресей империясына шын берілген қазақ болуы тиіс делінді. Молдаларды әскери губернатор ғана тағайындайтын және жұмысынан босататын болып белгіленді. Мешіт салу үшін генерал-губернатордың рұқсатын алу қажет болды. Молдалардың жергілікті тұрғындардың сауатын ашып, оқытуы және оның мешіт жанында жұмысқа жайғасуы үшін уезд бастығының рұқсаты керек еді. Мешіт пен олардың жанындағы медреселерді қазақ қоғамдарының өз есебінен ұстау керек деп шешілді. Вакуфтердің, яғни мешіттердің жылжымайтын мүлкін ұстауға үзілді-кесілді тыйым салынды.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамүра, 2008. — 352 бет, суретті, карталы.
  2. Montgomery D.W. Namaz, Wishing Trees and Vodka: The Diversity of Everyday Religious Life in Central Asia / D.W. Montgomery / Everyday Life in Central Asia: Past and Present, Indiana University Press, 2007.
  3. Ленин В.И. Социализм и религия: полное собр. соч. / В.И. Ленин. — М., 1982.
  4. Күмісбекова Д.А. Қазақстан Орталық атқару комитетінің дін мәселесін шешудегі іс-шаралары / Д.А. Күмісбекова // Вестник КазНУ. Сер. ист. — 2007.
  5. Козыбаев М.К. Казахстан на рубеже веков: размышления и поиски / М.К. Козыбаев. — Алматы: Ғылым, 2000.
  6. Нуртазина Н. Борьба с исламом. Религиозная политика Советской власти в Казахстане в 20–40-е годы ХХ века / Н. Нуртазина. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 2008.
  7. Политические репрессии в Казахстане в 1937–1938 гг.: сб. документов. — Алматы: Қазақстан, 1998.
  8. Жаманбаева Л. Қ. Кеңес үкіметінің Қазақстандағы дін саясатының зерттелуі / Л. Қ. Жаманбаева // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сер. — 2010.
  9. Ленин В.И. Полное собрание соч. / В.И. Ленин. — Т. 38. — М., 1985.
  10. Джунусбаева А. М. Государственная религиозная политика в годы Великой Отечественной войны в Казахстане / А.М. Джунусбаева // Вестн. КазНУ. Сер. ист. — 2014.
  11. Поспеловский Д. Сталин и церковь / Д. Поспеловский // Континент. — 2000.
  12. Саидбаев Т.С. Ислам и общество. Опыт историко-социологического исследования / Т. С. Саидбаев. — М.: Наука, 1978.
  13. Мустафина Р. Ислам в Казахстане в советский период / Р. Мустафина // Отан тарихы. — 2003.
  14. Ақтаулова Б.Ж. Кеңестік дәуір саясатындағы ислам факторы жəне Қазақстандағы ислами ахуал / Б.Ж. Ақтаулова // ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сер. — 2013.
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий