Статья опубликована в рамках: CXXXV Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 21 февраля 2022 г.)
Наука: Философия
Секция: Религиоведение
Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции
дипломов
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ ҰЙЫМДАРДЫҢ МИССИОНЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛАПТАР
MISSIONARY ACTIVITIES OF RELIGIOUS ORGANIZATIONS IN KAZAKHSTAN AND LEGAL REQUIREMENTS
Assel Berdibek
student, Department of Religious Studies, Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University,
Kazakhstan, Turkistan
Abdrasilov Turganbay
scientific director, PhD doctor, a. a. Professor Faculty of Theology Department of Religious Studies, Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University,
Kazakhstan, Turkistan
АННОТАЦИЯ
Миссионерлік қызмет кез- келген діни топтың негізгі бөлігі болып табылады. Бұл мақалада жалпы миссионерлік қызмет түсінігі ашылып, оның сипаттары мен қарапайым миссионерлік қызмет түрлеріне шолу жасалынды. Мақаланың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында жиі кездесетін миссионерлік әдістерді көрсете отырып, миссионерлік қызмет туралы заң шарттарына жалпы шолу жасау және діни сауаттылықтың маңыздылығын көрсету болып табылады. Мақала жазылу барысында салыстырмалы әдіс, далалық зерттеу әдістері, соның ішінде тікелей байланыс әдісі қолданылды.
ABSTRACT
Missionary activity is a core part of any religious group. This article reveals the concept of missionary activity in general, gives an overview of its properties and types of missionary activity in general. The main purpose of the article is a general overview of the conditions of the law on missionary activity and demonstration of the importance of religious literacy, indicating the most common missionary methods in the Republic of Kazakhstan. In the course of writing the article, a comparative method, field research methods, including the direct communication method, were used.
Кілт сөздер: миссионерлік қызмет, жаңа діни ағымдар, діни сауаттылық.
Keywords: missionary activity, new religious movements, religious literacy.
Қазақстан Республикасы - зайырлы мемлекет. Зайырлылықтың маңыздылығы мен мәнін қазіргі таңда жан- жақты түсіндіріліп, әртүрлі мемлекеттерде тәжірбиеде қолданылып жатқан жаһанданудың бір бөлігі. Қазіргі таңда адам құқығы, жеке адам шекарасы, таңдауына ерекше көңіл бөлінетіндігі көңіл қуантады және толеранттылық деңгейінің өсіп келе жатқандығын байқаймыз. Дегенмен таңдау мәселесі мен толеранттылықтың арасындағы шекараны да көрсете білуіміз керек. Өйткені, «менің таңдауым», «менің қалауым» деп, қоғам мен адамзатқа қауіп төндіретін топтардың қатарына қосылып жатқандар, өзінің және өзгенің өміріне қатер төндіретіндер қатары да бар екендігін ескергеніміз жөн. Әсіресе «дін» бұл өте жеке мәселе болып табылады. Дін адамдарды біріктіруші фактор болғанымен әр адамның ішкі сенімі жеке тақырып екенін ұмытпауымыз керек.
Тәуелсіздік алған уақыттан бастап Қазақстанның діни сипаты өзгеріске ұшырады, діндер жаңа сападағы құрылым мен формаға ие болды. Дәстүрлі діндердің функциясы мен орны өзгеріске ұшырады және жаңа діни топтар пайда болды. Конфессияаралық диалог пен мемлекеттік- конфессионалдық қатынастың ұлттық моделін құру арқылы, мемлекет азаматтардың діни қалауларын іске асыра алу үшін жағдай жасауда [1, б. 9]. Қазақстанға жаңа діни топтардың келуі, діни сенімдердің мемлкет территориясында тарлуы заңмен қадағаланып отыр. Діни топтардың таралуының бірден- бір жолы- миссионерлік қызмет. Миссионерлік қызметпен қазіргі таңда жаңа діни ағымдар айналысатыны анық. Әлеуметтік зерттеу барысындағы сұрақ- жауап кезінде сұралған респонденттердің бірі былай деп жауап берген: «Мен көшеде Иегова куәгерлерімен, кришнаиттермен және саентологтармен бірнеше рет кездестірдім. Тіпті үйгеде келіп агитация жұргізген болатын. Мұсылмандық пен христиандық басқаша. Олардың ешбірі менің үйіме, менің отбасыма келіп менің жеке өзімді дінге шақырмаған» [1, б. 255]. Патша үкіметі орнаған уақытта христиан діни сенімінің Қазақ халқының территориясына келу уақытында миссионерлік әдістердің қолданылғандығы белгілі, бірақ қазіргі таңда, заманауи Қазақстанда ислам дінінің Ханафиттік мазхабы мен христиан дінінің Православтық бағытының мемлекеттің рухан өміріндегі тарихи рөлінің маңыздылығы 2011 жылы 11 қазанда қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы » заңында көрсетілген [2].
Миссионерлік қызмет түсінігі белгілі бір діни сенімді үндеу мақсатында, дінді таратумен айналысатын қызмет түрі болып табылады. Қазіргі таңда миссионерлік қызметтің түрлі формалары қалыптасып, белсенді қолданылып жатқандығын байқаймыз. Дегенмен, ол миссионерлік қызмет әдістерінің барлық түрін қолдануға болмайды, өйткені мемлекеттің заңмен орнатылған талаптары мен құқтық шарттары бар, сонымен қоса бұл жерде жеке адам құқығы мен жеке адам шекарасы, таңдауы ескерілуі міндетті. Діни сенімді таратудың қызметі жақын елді- мекендерден басталып, әлем бойынша қалаларды аралып таратылумен сипатталады. Көбіне миссионерлікті шетелге барып сенім таратумен байланыстырып жатады, бұл қате пікір, өйткені жергілікте мекеннен алыстамай, ғибадат орынының айналасында ғана миссионерлікпен айналысатындар да бар. Миссионерлік әдістердің ең қарапайым түрі - діни ғибадат шекарасында үндеу жасау. Жаңадан діни топтың жиналысына, белгілі- бір жиынына келген адамды көндіріп, өз сеніміне кіргізу және сол арқылы басқа да адамдарды топқа тарту. Жаңа діни топтарда миссионерлікпен айналысу өте жауапты және міндетті қызмет болып табылады, мысалы Иегова куәгерлері үшін миссионерлік қызмет- маңызды Өсиеттердің бірі, ал Иса Мәсіхтің соңғы замандағы әулиелері шіркеуі (мармондар) үшін жастарды арнайы дайындайды. Мармондар шіркеуінің жастары бұл қызметке ерекше дайындалады. 18 жасқа толған уақытта шәркеуден арнайы хат келеді, хатта миссионерлік қызметте қай мемлкетте өтейтіндігі туралы жазылады. Бұл күнге отбасы арнайы дастархан жайып, аса ыждахаттылықпен дайындалып, бұл күнді тағатсыздана күтеді. Қазіргі таңда миссионерлік әдістердің кең таралған түрі, бұл арнайы курстық топтар болып табылады, мысалы тіл курстары. Тегін «Тіл үйрену курстарына» шақыру арқылы адамдарға өз сенімдерін дәріптеп, діни идеологияларын түсіндіріп, өз шіркеулеріне шақырады. Көбінесе ол шетелге оқуға жіберілумен жалғасып жатады, әрине ол тікелей шіркеудің бақылауымен, шіркеуге қызмет жасау үшін болып табылады. Көбіне оны дұрыс түсінбей, шетелге тегін барып, қыдырып келемін немесе тегін білім аламын деп алданып, дұрыс түсінбей, өзге елге барып, шіркеудің жіпсіз байланған құлға айналатындар қатары да бар. Қазақстан жастарының шетелге барып білім алуға деген құштарлықтарының мол екендігін білеміз, сол үшін де мектеп қабырғасында- ақ діни сауаттылықты арттырып, осындай жағдайлардан хабардар етуіміз қажет.
Миссионерлік қызметпен айналысатын адептердің бойында бірнеше лидерлік қасиеттердің болуы шарт. Олар өзінің көзқарасымен адамды өзіне тартып, соңында ақылы мен харизматикалық сипатымен адамды жаулай білуі қажет. Арнайы апталық, айлық, жылдық жоспарлар құрылып, соған сай қызмет жасалынады. Діни топтарда барынша әр топ мүшесі діни сенімді таратумен айналысуы міндет болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 8 бабында Миссионерлік қызмет туралы жазылған. Заңға сәйкес миссионерлік қызметпен мемелкет азаматтары мен шетел азаматтары тек тіркеуден өткеннен кейін ғана айналыса алады. Алдымен миссионер өз діни сенімін тарату барысында қолданатын әдебиеттер, діни топ әдебиеті мен материалдар дінтанулық сараптамадан өткізіледі, тек сараптамадан өткеннен кейін ғана қызметпен айналыса алады. Сараптама жүргізілу уақытында миссионерлік қызмет жүргізілмейді. Заңда миссионерлік қызметке тіркеуден өтуге қажетті барлық құжаттардың тізбесі көрсетіліп, қандай жағдайлардан тіркеуден өткізілмейтіндігі және қандай жағдайда тіркеуден өткізілетіні туралы көрсетілген. Миссионерлер тек бір- ақ рет қана тіркеуден өткізілмейді, жыл сайын миссионерлік қызметпен айналысу үшін тіркеуден өтуі міндетті.
Жаңа діни топтар миссионерлік қызметпен барынша белсенді айналысады. Жоғарыда атап өткеніміздей, ол тіпті құлшылықтың шарты болып табылатын да топтар бар. Елімізде Заңмен бекітілген шарттар болса да, заңға бағынбай қызмет етіп жатқан діни топ миссионерлерінің бар екендігін ескергеніміз жөн. Жастарымызды еліміздің патриоты, ұлтым деген ұланы ретінде өсіру қазақ халқының міндеті. Ол үшін жастарымызды «ұлттық бірегейлік» түсінігімен таныстырып, ата- баба дәстүрінің маңыздылығын бойларына дарыту қажет. Жаңа діни ағымдардың ішінде шектен шыққан деструктивті топтардың да бар екендігін ескергеніміз жөн. Осындай діни топтардың қатарына қосылмас үшін, түрлі қалауларға алданып қалмас үшін, қазақ жұртшылығын қорғап, мемлекет қауіпсіздігін қамтамассыз ету үшін жағдай жасалуының бастамасы, оның негізі білім мен сауатылықта жатыр. Мектеп қабырғасынанда- ақ оқушылардың бойында иммунитет қалыптастырып, діни сауаттылыққа тәрбиелеуміз қажет. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында діни білімді арттыру қолға алынып отырғандығы және ол діни толлеранттылық пен бейбітшілікті сақтаудың бірден- бір көзі екендігі ескеріліп отыр [3, б. 3]. Кез- келген адамға, ең алдымен оның «адам» екендігін ескеріп, мейірімділікпен қарап, ешкімді кемсітпеген жөн, жақыныңыз қиын жаңдайда болса, барынша моральдық тұрғыда көмек беруге тырысу қажет. Миссионерлік әдістер мен жаңа діни топтардың сипаттарымен таныстыру шараларына жастарымызды, оқушылар мен студенттерді қамтуға тырысуымыз керек. Бұл арқылы біз еліміздегі діни сауаттылықтың деңгейін көтеріп, ұлттық бірегейлігімізді сақтап, салт- дәстүрлеріміздің құндылығын жоғалтпай, еліміздің қауіпсіздігін қамтамассыз ете аламыз.
Әдебиеттер тізімі:
- Соловьева Г. Г. Религия в Казахстане. История и современность. Учебное пособие / Под общ.ред. А. Х. Бижанова.- Алматы: Институт философии, политологии и религиоведения КН МОН РК, 2018. – 348 с.
- «Діни қызмет және дәни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазанындағы № 488- IV Заңы.- 2011 [электронды ресурс]- URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1100000483
- Н. Ж. Байтенова, А. Д. Құрманалиева, Ш. С. Рысбекова, Б. К. Бейсенов [және т.б.]; құрастырушы және жауапты редакторы ф. Ғ. Д. Профессор Н. Ж. Байтенова / Қазіргі Қазақстандағы дәстүрлі діндер. - Алматы: Қазақ университеті, 2020.- 228 б.
дипломов
Оставить комментарий