Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: CXXXV Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 21 февраля 2022 г.)

Наука: Философия

Секция: Религиоведение

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Бейсенбева Ж. ИМАМ МАТУРИДИДІҢ «КИТАБ ӘТ-ТАУИЛАТ» АТТЫ ТӘПСІР ЕҢБЕГІНІҢ НЕГІЗІНДЕГІ АҚИДА МӘСЕЛЕЛЕРІ // Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ: сб. ст. по мат. CXXXV междунар. студ. науч.-практ. конф. № 4(135). URL: https://sibac.info/archive/meghdis/4(135).pdf (дата обращения: 19.04.2024)
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ИМАМ МАТУРИДИДІҢ «КИТАБ ӘТ-ТАУИЛАТ» АТТЫ ТӘПСІР ЕҢБЕГІНІҢ НЕГІЗІНДЕГІ АҚИДА МӘСЕЛЕЛЕРІ

Бейсенбева Жансая

Дінтану кафедрасының магистратура студенті, Қожа Ахмет Йассауи ат.Халықаралық қазақ-түрік университеті,

Қазақстан,Түркістан қ.

ISSUES OF FAITH BASED ON THE WORK OF IMAM MATURIDI'S BOOK "KITAB AT-TAWILAT"

 

Zhansaya Beisenbayeva

Master of the Department of Religious Studies International Kazakh-Turkish University named after Hodja Ahmed Yassawi,

Kazakhstan, Turkestan

 

АННОТАЦИЯ

Бұл мақалада Имам Матуридидің «Китаб әт-Тауилат» атты еңбегі негізінде ақида мәселелері қазіргі таңда өте өзекті. Оның ішінде иманға қатысты болған үш мәселеге тоқталады.Адамның иман келтіруі ғана жеткілікті емес амал етуі де керек,бірақ сонымен қатар амал етпеген адамды діннен шығара алмайтынымызды түсіндіреді. Және иманның артып кему мәселесінде иманның санмен өлшенетін құбылыс емес екенін жеткізеді. Иман азаймайды және көбеймейді.Оның тек сапалық тұрғысынан әлсізденуі жүруі мүмкін екенін айтады. Қорыта келе,бұл еңбекте қазіргі таңдағы көптеген шиеленіскен жағдайлардың шешімін тауып, алдын алуымызға болады.

ABSTRACT

In this article, based on the work of Imam Maturidi "Kitab at-Tawilat", the issues of faith are very relevant today. It addresses three issues related to faith. It is not enough for a person to believe and act, but it also explains that we cannot expel a person who does not act. And in the matter of the increase or decrease of faith, faith is not a quantitative phenomenon. Faith does not decrease or increase. It is said that it can only be weakened qualitatively. In conclusion, in this work we can find solutions to many of today's tensions and prevent them.

 

Keywords: Qur'an, commentary, Imam Maturidi, iman, Islam, creed, faith.

Кілт сөздер: Коран, тәпсір, Имам Матуриди, иман, ислам, ақида, сенім.

 

КІРІСПЕ

Түркі даласында сонау ғасырлардан бері негізі дін болып,ислам діні ата-бабаларымыздан салтымызға сіңісіп келе жатқаны баршамызға мәлім.Кейбір кезеңдердің өзіндік қиындықтары мен ауыртпашылықтары болып, тарихымыздың соның ішінде дін, ғылым салалары бойынша қазіргі уақытқа дейін жетпеген тұстары бар, олардың қазіргі уақытта қайтадан көпшілік назарына көрсету, жеткізу-алда тұрған іс-әрекет.Әр-түрлі діни радикал топтардың шығуы негізінде олардың діни мәтіндер бойынша дұрыс насихат жүргізбеу салдары көбірек болуынан, мұсылман ұлттар мен ұлыстардың сан ғасырлар бойы қалыптасқан діни танымы,ұлттық мәдениеті мен салт дәстүрі мансұқталып, дінді тек бірбеткей буквалистік, литералистік сана негізінде пайымдап, ұстану керектігі насихатталуда.Бұл тығырақтан шығар жол-біреу-ақ.Ол-сан ғасырлар бойы, қалыптасқан, ханафи-матуридилік ілімге негізделген діни дүниетанымымызды қайта жаңғарту.

Матуриди доктринасы

Имам Матуридидің «иман» мәселелері бойынша алға тартқан теологиялық негіздері, пікірлері негізгі діннің сенімінің  қалыптасуына үлкен үлес қосқан. Орта Азия халықтарының, оның ішінде Қазақ халқы үшін дүниетанымына әу бастан негізделген. Сондықтанда Матуриди ілімі біздер үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Имам Матуридидің «Китаб әт-Тауилат» пен «Китаб-әт-Таухид» еңбектері Имам Ағзам Әбу Ханифамен Матуридимен замандас Самарқан мектебі өкілдерінің көзқарастары бір-бірімен сабақтасып жатыр. Мысалы: Имам Әбу Ханифа мен имам Матуридидің ақыл мен иман туралы көзқарастары жатады. Имам Мухаммад пен Әбу Юсуфтан жеткен риуаятта осы мәселеге қатысты Әбу Ханифаның мынадай пікірі бар. «Егер Алла тағала адамдарға елші пайғамбар жібермесе, онда оларға Алланы ақылмен ану міндетті болады. Ад діннің үкімдерін қамтитын шариғат мәселелеріне келсек, дәйекті дәлел, құжат (хужжа) келмейінше олар кешіріледі. Ал аспан әлемі мен жердің жаратылысына қарап, ой жүгіртіп, күллі жаратылысты жаратқан құдіретті Жаратушының бар екенін пайымдап, түйсінбеген адамның ақталатын орынды сылтауы болмайды. [3, б 12,19, б.75].

Имам Матуридидің пікірінше ақыл – Алланың адамға берілген аманат.Ол арқылы адам ақ пен қараны, жақсы мен жаманды, пайда мен зиянды ажырата білуі керек. Яғни ақыл-ол сүзгі секілді функция атқарады.Өйткені оны адам өмміріндегі ең әуелгі құрал саналады. Имам Матуридидің  мына аятты «Уа, Раббымыз расында, біз: «Раббыларыңа иман келтіріңдер»,-деп, иманға шақырған аққат жаршысын естідік» «самиғнә, естідік» деген сөзін «ақылмен пайымдап түсіндік» деп тәпсірлеп, .оның артынша: «әрбір саналы жаратылыстың ақылы иесін таухид сеніміне және шынайы иманға шақырады»,-деген. [4, т 2, б 562]. Сондай-ақ Құрандағы жақсы және жаман немесе жағымды және жағымсыз деген мағынаны білдіретін «мағруф» және «мункар» сөздерін тәпсірлегенде, «мағруф» өзінің мағынасы ақыл жақсы/жағымды деп қабылдайтын «таухид» сенімі екенін; ал «мункәр» сөзінің мағынасы ақыл жаман/жағымсыз деп білетін «күпірлік» және барлық күнәлі істер екенін айтқан. [4, т. 5, б.59]. Бұл Матуридилік доктринаның принциптеріне кіреді.

Дегенмен адам ақылына күмән ұялайды, қателеседі, шатасады, сөйтіп басқа нәрселерді білуде кедергі болады. Сондықтан ақыл өзіне не екенін айтатын елші мен пайғамбарға мұқтаж. [4, т. 5, б.59]. Матуриди мұнда адам ақылына аса назар аударып, айтумен қатар оның да белгілі межесі бар екенін  айтады. [4, т. 5, б.334]. Бұл жерде имам Матуриди адам баласын ақиқатқа бастайтын ақыл ол-ешқагдай пәлсапаның көзқарасынан таза, бұрмаланбаған сау ақылды меңзейді. Бірақ ақыл үкім шығарушы емес. Ол Муғтазилеттердің пікіріне жатады.

Имам Матуридидің «иман мен амал» арақатынасы турасында дәйектемелері

Имам Матуриди «Китаб әт-Тауилат» атты Құран тәпсірінде иман мен діндегі амалдардың арақатынасы мәселесін көтергенде матуридилер мен әшғарилерге қарсы топтардың ұстанымдарын терістеп, ханафилік ұстанымдарды күшейтеді. «Иман» ол жүрекпен бекітілетіндіктен  (тасдиқ) яғни тек қана басқа амал әрекетсіз жүзеге асатындығын дәлелдейді. Аллаға иман келтіріп, діннің талаптары бойынша амал жасамаса да діннен шықпайды.

Имам Матуриди бұл тұжырымдарды Құранға сүйене отырып көрсетеді:

«Уа, иман келтіргендер» деп басталатын аяттарды негізге алады. Өйткені мұнда сөздің өзі амалды айтып тұрған жоқ.

Құранда көптеген аяттарды «иман келтіріңдер және ізгі амалдар жасаңдар (آمنوا و عملوا الصالحات) деген аяттардың арасы «уау» жалғаулық шылауымен бөлініп тұрғанын келтіреді. Бұл араб тілінде «мағтуф мағтуф алейһ» ұғымы бір-бірінен бөлек мағынаны білдіреді.

Имам Матуриди «ас-салихат» сөзін тура емес ауыспалы мағынады түсінуге болатынын айтады. Мысалы «ас-салихат» сөзі дене мүшелермен істелетін істерді емес, жүректің амалы екенін білдіреді дейді. Мұнда «жүректің амалы» дегенде, жүректегі шынайы, таза әрі риясыз иман меңзеледі. [4, т. 1, б.403].Сонымен қатар, ас-салихат сөзі сөзін тура мағынада болсын ауыспалы мағынада болсын оның мағынасы ізгі амалдарды емес бәлкім сенудің парыз екенін міндеттейтін болуы мүмкін.

Аллаға, пайғамбарға, періштелерге иман келтірген адам исламдағы намаз, ораза, зекет, қажылық секілді амалдарды бірінші оларды парыз деп сеніп қабылдамаса, онда олар кәпір саналады.

Иман болмаса, амалдардың орны бос. Өйткені иман келтіру  ең бірінші орында ал амалдарды Алла тағала бірінен кейін бірін уақыт өте келе бұйырды.Иман болмаған жағдайда әсіресе ақыретке еш пайда әкелмесі анық.

Бірақ бұл мағынадағы сөздер иманкелтіріп қана қойып, амалдарға немқұрайлы қарауды білдірмейді. Өйткені бұл жерде иман амалдан емес екенін көрсету мақсатында айтылған. Ал, енді амалдарға кезек берейік. Неліктен матуриди ақидасында амалды бөлек айтты? Бұл дәстүрлі дінге қайшы үкімдер шығарған топтардың қарарына тоқтау салу үшін, оларға жауап беру мақсатында айтылған. Имансыз амалдың болмайтынын дәлелдейді. Бақара сүресінің 177 аятта: «Жүздеріңді шығысқа, батысқа жөнелту бір игілік іс емес» делінген, бұл жердің «Китаб-әт-тауилатта» тәпсірінде игілік сөзін имансыз бет бұру еместігін айтады. Ол жүрректе бекітілген иман екенін, жан дүниесімен Аллаға мойынсұну екенін айтады.Бірақ ол нәрсеге намазсыз баруға болады деген сөз емесін де қоса айтады. Осы аяттың жалғасы «...Бірақ кім Аллаға, ақыретке, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе...» делінген. Әбу Заррдан жеткен риуаятта Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) иман туралы сұралғанда осы аятты оқығаны айтылады [4, т.1, б.316-317, 318].

Амал мен иманның бөлігі емес. Амалды иманның эквиваленті ретінде қарастыра алмаймыз. Иман амалдан емес, амал иманнан емес. Бұл туралы көптеген Матуриди мектебінің ғалымдары да өздерінің еңбектерінде айтып өтеді. Тіпті иама Матуридидің рухани ұстазы Имам Әбу Ханифаның кезіндеде өтек өзекті тақырып еді.

Иманның артып кему мәселесі

Матуриди ұстанымы бойынша иман-жүрекпен растау (тасдиқ ету). Иман амалдан емес дедік, сондықтан иман артып-кемімейді. Өйткені иман- Аллаға, пайғамбарларға, періштелерге, кітаптарға, ақырет күніне, тағдарға, жақсылық пен жамандыққа сену санмен өлшенбейді. Егер бір адам мен тоқсан тоғыз пайыз сенімдімін бір пайыз сенбеймін десе кәпір болады (Имам Тахауидің ақида мәтіні). Өйткені бір жерде иман мен күпірлік тұрмайды. Бір ыдыста екі су болмағаны секілді иман немесе күпірлік ғана болады. Имам Матуриди харижаттер, муғтазилеттерге, каррамиттерге қарсы жауап беру арқылы келесі мәселені білеміз. Муғтазилеттер мен харижиттер үшін иман мен амал бір нәрсе сондықтан, егер амалды тәрк еткен болса сәйкес иманы кеміс деген ұғым шығады, ал керісінше амал етсе иманы  толығады. Сондықтан ел арасында мұсылмандардың амал үшін бір-бірін кәпірге санауы қауіпті бүлікке ұласады.

Кейбір адамдардың бір ізгі істі жасауымен иманым күшейді деп айтуы мүмкін бірақ бұл жерде иманын саны емес екенін түсінуіміз керек.Имам Матуриди былай деген: «Иманның артуы амалдармен байланыстырылған жағдайда- (зиядә) тек артықшылық (әл-Фадилә) және кемелдік тұрғысынан болмақ (әл-кәмәл) тұрғысынан болмақ. Бұл иманның өзі артады дегенді білдірмейді. Өйткені қандай-да бір нәрсе өздігінен  емес, басқа бір нәрсе арқылы артатын болса, онда оның артуы тек қадір-қасиет және кемелдік тұрғысынан болмақ.Осыған байланысты Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мынадай сөзі бар емес па: «Менің мешітімде оқылған бір намаз Харам мешітінен басқа мешіттерде оқылған мың намазға тең келеді». Сондай-ақ пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Жамағатпен оқылған намаз кісінің жалғыз оқыған намазынан жиырма бес есе артық болады». Мұнда ол сан жағынан артуды меңзеп тұрған жоқ, тек артықшылық, дәреже және кемелдік жағынан артуды меңзеп тұр. Өйткені діндегі амалдар иманның нақ өзі емес [1, б.249].

 Ислам мен иман ұғымдарына қатысты дәйектемелер

Ислам мен иман ұғымдарының арақатынасы бір-біріне өте жақын мағыналы сөздер. «Иман» сөзінің терминдік мағынасы- Пайғамбарымыздың (оғған Алланың игілігі мен сәлемі болсын Алла тағаладан әкелген уахиға сеніп толық растап, жүрегімен бекіту.

«Ислам»- Аллаға ешбір серік қоспастан,күллі нәрсені Алла тағалаға тиесілі деп білу. Діннен шығу деген- исламнан шығуды білдіреді. Яғни ол діннен шықса, мұсылман емес кәпірге айналады.Бұл дегеніміз тура сондай иманнан да шықты дегенді білдіреді. Иман еткен адамды мумин десек  сондай-ақ мұсылман деп те айтамыз. Иман мен Ислам сөзінің тілдік мағыналары да бір-біріне жақын сену, илану, мойынұсыну дегенді білдіреді.

Хадисте мынадай екі түрлі риуаят келгген, Алла елшісінен (оған Алланың игілігімен сәлемі болсын): «Жәннатқа мүминнен басқа ешкім кірмейді» және «жәннатқа мұсылманнан басқа ешкім кірмейді» деген [1, б.254].

Иман Матуриди амал мен иманды бөлек қарастырғандықтан, «иман» мен «ислам» ұғымдарын біртұтас ұғым ретінде пайымдаған. Оның пікірі бойынша, иман-Алланы жүрекпен растау, мойындау болса, ислам-пенденің өзін әрі бүкіл жаратылысты бір Аллаға тән, тәуелді деп мойындауы, сондай-ақ пенденің Аллаға іштей мойынұсынуы [1, б.256].

Қорыта келе, имам Матуридидің ең негізгі еңбектеріндегі ақида мәселелері сол кездің және бүгінгі таңның мәселесі болып та өзекті саналады. Иман мсәелесі өте нәзік, егжей-тегжейлі түсіндіруді қажет ететіндіктен бұл жайттарға аса назар аударуымыз керек. Имам Матуридидің еңбектерінн бұдан әрі зерттеп, зерделеп оқу міндетіміз. Кәләм ілімі өте ауқымды ислам ілім саласы болғандықтан мұның арасында мәселелерлі жеке-жеке талдауды қажет етеді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. А.Әкімханов Әбу Мәнсур әл-Матуриди және оның иман мәселелеріне қатысты ғылыми тұжырымдары: монография,-. Алматы: Нұр Мүбарак баспасы, 2019.-296 б.
  2. Құран Кәрім қазақша түсіндірмелі аударма/ араб тілі ауд.А.Б.Әкімханов.,Н.С.Анарбаев.- Алматы:Көкжиек баспасы, 2015.-624 б.
  3. el-Maturidi Ebu Mansur Muhammed ibn Muhammed.Kitabüt-Tevhid/ B.Topaloğlu M.Aruçi.- Ankara 2005.
  4. el-Maturidi, Ebu Mansur Muhammed ibn Muhammed. Tevilatü-l-Kuran/ tahkik B. Hatıce.-İstanbul: Mizan yaynevi,2005.
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.