Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: CXVII Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 20 мая 2021 г.)

Наука: Биология

Секция: Экология

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Сапарова С.С. ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТТАРДЫ АЛУҒА ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ // Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ: сб. ст. по мат. CXVII междунар. студ. науч.-практ. конф. № 10(117). URL: https://sibac.info/archive/meghdis/10(117).pdf (дата обращения: 18.04.2024)
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТТАРДЫ АЛУҒА ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ

Сапарова Салтанат Серікбайқызы

студент, «Экология» ББ, Нархоз университеті,

Алматы қ., Қазақстан

Сатбаева Гулбаршын Сатановна

научный руководитель,

Ғылыми жетекші, Экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастық профессоры, «Экология» ББ Нархоз университеті,

Алматы қ., Қазақстан

АҢДАТПА

Мақалада «экологиялық ақпарат» ұғымының түсінігі ашылады. Қазақстандағы экологиялық сананы қалаптастыру және халықтың экологиялық ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету мүмкіндігін қоса алғанда, ең тиімді шешімдер қарастырылады. Оқушылардың экологиялық дүниетанымын қалыптастыру проблемалары қарастырылған.

 

Тірек сөздер: экологиялық ақпарат, экологиялық шешімдер, экологиялық тәрбие мен білім.

 

Қазіргі қоғамда ақпараттың рөлі қоғамдық дамудың барлық салаларында дамып келеді. Әсіресе, экологиялық саладағы ақпараттардың маңыздылығы ерекше. Себебі, соңғы 20-жылдың ішінде әлемдегі болып жатқан қоршаған ортадағы өзгерістер адамзатты алаңдатуда. Бұрынғыдай емес, адамдар тез арада өзі тұратын жер жайында экологиялық ақпаратты алуға құмар. Бұл біріншіден, адамдардың өздерінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндігін көрсетеді. Екіншіден, таза ауа мен судың сапалығына мән береді. Үшіншіден, тұтынатын тағам өнімдерінің тазалығына, экологиялығына қарайды. Ал мұның барлығы да қарапайым тұрғыдан экологиялық ақпарат ретінде халыққа жиі таратылғаны дұрыс.

Табиғи орта бұл бізді қоршап тұрған немесе бізді қоршайтын барлық заттар, құбылыстар, үдерістер. Табиғи ортада болып жатқан құбылыстар жер бетіндегі барлық тірі ағзаларға ықпал етеді. Олардың әсері оң не болмаса теріс болуы мүмкін. Осылайша, табиғи ортада күрделі құбылыстар орын алады. Сонымен, қоршаған орта қарапайым емес, күрделі құбылыс және физикалық орта, әлеуметтік орта және қоғамнан тыс орта сияқты әртүрлі формалардан тұрады [1,2].

Экологиялық ақпарат жұртшылық үшін маңызды болу керек. Біз қарапайым адамзат баласының экологиялық ақпаратқа назарын аударту үшін не істеуіміз керек? Жұртшылық табиғи немесе антропогендік фактордан келетін зиянның әсерін көбіне біле бермейді. Осындай экологиялық білімнің жетіспеушігінен кез-келген ортада адамдар сақтық шараларын жасамай жүреді [3]. Сақтық шараларын сақтамау ол адамның экологиялық білімінің жоқтығынан деп қана қарастыруға болмайды. Адам экологиялық ақпаратты алуға өз бетінше де тырысу керек. Күн сайын ауа құрамындағы зиянды заттарды білу көптеген аурулардың алдын-алуға мүмкіндік береді. Халықтың экологиялық сауаттылығын қалай көтеруге болады? Қандай іс-шаралар жүргізуге болады?

Жалпы экологиялық ақпаратты қарапайым адамға бірден бере салуға болмайды. Оны ол адам түсінбейді. Ең әуелі экологиялық сауаттылығын арттыруға назар аудару керек.

Жұртшылық қандай ауаны жұтатынын, қандай суды тұтынатынын күнделікті білуі керек. Мысалы, атмосфераға тасталынатын зиянды заттардың көлемі жыл сайын артып отырады. Шамамен 100 мың тоннаға. Оның қарапайым тұрғындар біле бермейді. ҚР бұл көрсеткіш 2019 жылы 2,5 млн тоннаны көрсеткен болатын. Біздің еліміздегі атмосфералық ауаны ластайтын негізгі үш ластаушы көздер мыналар: ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар; автокөліктер; жеке тұрғын үйлердегі жылыту жүйелері.

2019 жылы ауаға шығарылатын ластаушы заттарға 4,9 млн тонна  көлемінде шектеу қойған. 2017 жылғы көрсеткіште ластаушылар 52 мың тоннаға көтерілген. 2015 жылы ауаға шығарылған заттар саны 4,4 млн тоннаны құрап отыр.  Ал 2019 жылы 4,3 млн тоннаны құраған. Жыл сайын министрлікте ластаушы заттардың шекті мүмкін мөлшері бекітіліп отырылады. Әрине, соңғы жылдары бұл ластаушы заттардың төмендеп бара жатқанын байқауға болады [4,5].

Озон қабатын бұзатын ластаушы заттарға мыналарды жатқызуға болады. Олар: хлорфторкөміртектер, метилхромформ, гидрохлорфтрокөміртектер. Оларды қайдан кездестіруге болады? Өрт сөндіргіш құралдарында, ауыл шаруашылығында қолданылатын пестицидтерде, көбіктендіргіш заттарда және еріткіш пен хладагенттерде.

Жалпы, қоғамда экологиялық өзгеріске ұшыраған факторлардың әсерінен көбіне балалар зардап шегетіні анық. Олай болса, бала денсаулығын қорғау, ата-анасының экологиялық сауаттылығын арттыру керек. Экологиялық сауаттылығы арқылы олардың экологиялық ақпараттарды алуға деген құлшыныстары арта түседі.

Осылайша, қоршаған орта жайындағы экологиялық ақпараттардың маңызы зор екендігін байқадық. Экологиялық ақпарат бұл жай ақпарат көзі емес. Бұл адамның дұрыс шешім қабылдауына, салауатты өмір салтын сақтауына мүмкіндік беретін құрал. Адам өміріне қауіп төндіретін зияндар жайлы экологиялық ақпаратты жедел тарату қажет.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық білім берудің мақсаты – экологиялық мәдениеттің бастауларын қалыптастыру болып табылады. Мұнда болашақта жалпы орта экологиялық білім беру тұжырымдамасына сәйкес практикалық және жоспарлы түрде тағайындауға мүмкіндік беретін тұлғаның негізгі компоненттері қарастырылады. Өсімдіктер мен жануарлардың нақты мысалдарымен таныстыру қажет. Бұл олардың белгілі бір тіршілік ету ортасымен міндетті байланысы және оған толық тауелділігі мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық сипаттағы алғашқы идеяларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Тонкопий М.С., Сатбаева Г.С. және басқалары. Экология және тұрақты даму. Алматы, 2014.-315б
  2. Рашид Дубаев. Экологическая информация – реальность и проблемы/ Правовая реформа в Казахстане №2, (24) 2004
  3. Ильиных И.А. Экологияческая этика: учебное пособие. – РИО ГАГУ. – 2009. -434 с.
  4. http://ecogosfond.kz
  5. Stat.egov.kz
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.