Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: CXCIX Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 28 октября 2024 г.)

Наука: Юриспруденция

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Ержанова А.А. ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГ ЖӘНЕ ОНЫ БОЛҒЫЗБАУ ЖОЛДАРЫ // Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ: сб. ст. по мат. CXCIX междунар. студ. науч.-практ. конф. № 20(198). URL: https://sibac.info/archive/meghdis/20(198).pdf (дата обращения: 22.12.2024)
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГ ЖӘНЕ ОНЫ БОЛҒЫЗБАУ ЖОЛДАРЫ

Ержанова Айнұр Арманкызы

6В04202 – «Құқықтану» білім бағдарламасының 4 курс студенті, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті,

Қазақстан Республикасы, Орал қаласы

Есенгазиева Айнур Калимовна

научный руководитель,

Ғылыми жетекшісі, з.ғ.м., аға оқытушы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті,

Қазақстан Республикасы, Орал қаласы

БУЛЛИНГ СРЕДИ МОЛОДЕЖИ И СПОСОБЫ ЕГО ПРЕДОТВРАЩЕНИЯ

 

Ержанова Айнур Арманкызы

студент 4 курса образовательной программы «Юриспруденция», Западно-Казахстанский университет имени М. Отемисова,

Республика Казахстан, г. Уральск

Есенгазиева Айнур Калимовна

научный руководитель, магистр юрид.наук, старший преподаватель, Западно-Казахстанский университет имени М. Отемисова,

Республика Казахстан, г. Уральск

 

АННОТАЦИЯ

Бұл ғылыми-мақалада қазіргі таңдағы ауқымды тақырып – «Буллинг» туралы айтылады. Оған түсініктемелер беріліп, бірнеше түрлері көрсетіле отырып, әрқайсысына жеке-жеке түсініктеме беріледі. Статистикалық мәліметтер қолданыла отырып, балалар арасындағы буллинг құрбандарының сандары көрсетіледі. Жеке зерттеу жұмыстары жазылып, буллинге ұшыраған және буллинг жасаған балалардың ата-аналарына отбасылық психологтың беретін кеңестері сөз болады. Сонымен қатар, буллингтің алдын-алу жолдары, оның заңдық тұрғыда бағалануы көрсетіледі.

АННОТАЦИЯ

Статья посвящена актуальной на сегодняшний день проблеме о буллинге. В данной статье рассматривается виды буллинга. Также здесь показано число детей пострадавшие от буллинга. По данной научной статье было проведено исследовательская работа. Соответственно данной работе, родителям детей, подвергшихся к буллингу предоставляются советы семейного психолога. Также показаны способы предотвращения буллинга.

 

Кілт сөздер: буллинг, кибербуллинг, әлеуметтік желі, реляцион, агрессия, заңнама, статистика, мектеп, қамқоршылық кеңес.

Ключевые слова: буллинг, кибербуллинг, интернет, реляцион, агрессия, право, статистика, школа, попечительский совет.

 

«Өкінішке қарай, оқушылардың бір-біріне әлімжеттік, тіпті, зорлық көрсетуі тыйылмай отыр. Соның кесірінен олар өз-өзіне қол жұмсауға, яғни суицидке дейін баруда. Буллинг балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына және олардың жан дүнесіне орны толмас зиянын тигізеді. Сондай-ақ оқу үрдісіне кері әсер етеді. Балалардың әлеуметтік ортадан шеттеп қалуына, ой-санасының бұзылуына әкеп соқтырады.  Мемлекет баланың құқығы мен қауіпсіздігінің қорғалуын қамтамасыз етуі керек. Сондай-ақ буллингке біржола тосқауыл қоюы қажет».

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

 

Қазіргі таңда жастар арасындағы басты өзекті, әлемдік мәселеге айналған тақырыптардың бірі «буллинг» болып табылады. 2023 жылғы жарияланған Юнеско ұйымының қорытындысы бойынша әлем бойынша 30 %-дан астам балалардың буллингтің құрбандары болатыны анықталды. Бұл дегеніміз әрбір үшінші оқушының буллингпен бетпе-бет келетіндігін көрсетеді. Жалпы буллинг дегеніміз, ағылшын тілінен шыққан, өз аудармасында «қорқыту», «кемсіту», «қудалау» деген мағына беретін, белгілі бір балалардың тобы бір баланы физикалық тұрғыдан немесе психологиялық тұрғыдан төменсітуі, жүйелі түрде мазалау әрекеті болып табылады. Заң негізіндегі анықтама бойынша, баланы жәбірлеу (буллинг)- қорлау сипатындағы  жүйелі әрекеттер, қудалау және қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға, жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер [1]. Буллинг көбіне жасөспірімдер арасында мектеп қабырлағаларында көп кездеседі. Буллингтің шекарасы жоқ, бұл мәселемен бүкіл әлемдегі мектептер соқтығысып, оларды шешудің әртүрлі жолдарын іздестіреді. Буллинг өзінің жүзеге асырылуына байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді: 1) кемсіту, мазақ ету (сөз формасындағы буллинг); 2) физикалық күш көрсету (ұрып-соғу, күш қолдану); 3) реляцион; 4) кибербуллинг (кибернетикалық булинг).

Сөз формасындaғы буллинг адамның ауызша айқаймен, дауысын көтеру арқылы немесе бір адамның үстінен күліп, кекетіп-мұқатып, мазақ қылуы арқылы көрініс табады. Яғни бұл жәбірленушінің намысына тию, ол туралы өтіріктер айту, сол секілді ол туралы өсектер тарату, дөрекі сөйлеп қоғамнан оқшаулату түрінде көрініс табады. Ал буллингтің күш көрсету арқылы жүргізілетін түрі, адамның денсаулығына, тәніне зақым келтіру, сонымен қатар оның дүние-мүлкіне зардап келтіру арқылы жүзеге асады. Нақтырақ айтатын болсақ, иықпен қағып өту, ұрып-соғу, төбелеске итермелеу болып табылады. Бұл буллинг түрі аталғандардың ішіндегі ең қауіптісі десек те болады. Себебі бұл адамның денсаулығына ауыр зиян тигізіп, тіпті өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Реляцион буллинг басқалай әлеуметтік агрессия деп те аталады. Бұл – бір адаммен қарым-қатынас құру арқылы оған зиян келтіру, кемсіту болып табылады. Сондай-ақ реляцион буллинг түсінігін бір адам басқа жанның репутациясына кір келтіргісі келген, оның қоғамдағы беделіне нұқсан келтіруді ойлап жасаған әрекетін сиппатаған кезде қолданады. Бұл буллинг ерекшелігі сырт көзге жақын араласатын адамдар болып көрінетін орталарда кездеседі. Ол ұзақ уақыттар бойы басқа адамдарға байқалмастан, бірнеше жылдарға жалғаса береді. Тағы жиі кездесетін түрі – кибербуллинг. Бұл түрі интернет, әлеуметтік желілер, әртүрлі сайттар арқылы қоқан-лоқы көрсету, бопсалау, қорқыту, кемсіту арқылы жүзеге асады. Кибербуллингтің ең қатты дамыған кездері – пандемия кезі болды. Зерттеу жұмыстарына көз салсақ, дәл осы кездерде бұл буллинг түрі жасөспірімдер арасында кең етек алған болатын. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе қорлау хабарламаларын жіберіп, белгілі бір кемсіту фотосуреттерін орналастыру, видео жариялап оны бірнеше аудитория, адамдар тобы алдында ашық түрде қорлауы мүмкін. Аталып өткен буллинг түрлерінің әрқайсысы балаларға теріс әсерін тигізіп, суицидке итермелеуде. 2021-2022 жылдың Мәжіліс депутаттарының зерттеулерінен, бір жылдың ішінде 143 жасөспірімдердің өмірлері қыр шыңынан үзілгендігі және 306 жасөспірімдердің өздеріне қол жұмсауға ұмтылғандары анықталды. Мәліметтерде буллингтің құрбаны болып 10-15 жас аралығындағы кез келген жасөспірім бола алатыны анықталды. ҚР-ның Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы жүргізген оқушылардың өз денсаулығы мен әл-ауқатына қатысты мінез-құлқын бағалау және моноторингілеу бойынша 2022 жылғы ұлттық зерттеу нәтижелерінде, балалардың 17,5 %-ы буллингке ұшырайды, сауалнамаға қатысқан балалардың 6,8 %-ы айына 2-3 рет айналасындағылардың тарапынан оларға қарсы қоюды және де қорқыту мен кемсітуді бастан кешіретінін, 14,1%-ы өз құрдастарына қатысты буллингке қатысқандарын мойындады. Буллингке ұшыраған балалардың ең жоғарғы үлесі 11 жастағы балалардың арасында болатындығы анықталды және олар 15 жасқа толған сайын төмендейтіндігі мәлімделді. Осы тұрғыда ғылыми жұмыс тақырыбын зерттеу барысында БҚО Орал қаласының №12 ЖОББМ-нің 8-9-10-шы сыныптар арасында буллингке қатысты сауалнама жүргізілді. Сауалнама  қорытындысы бойынша оқушылардың барлығының «буллинг» ұғымымен таныс екендігі, олардың түрлерімен жеке таныс екендері анықталды. Оқушылардың басым бөлігі өзге адамдардың бір адамға қудалау (буллинг) көрсеткен сәттерін өз көздерімен көргендерін, кейбіреулері буллингке жәбірленуші, бақылаушы ретінде қатысқандары анықталған болатын. Сауалнама жауаптары ішінде, буллингті тоқтатуға кімнің шамасы жетеді деген сұраққа, көп оқушылардан мектеп әкімшілігі деген жауап көп белгіленген болатын. Осы тұста оқушылардың көпшілігі өздеріне қатысты болып жатқан қудалауды (буллингті) ата-аналармен бөліспейтіндігін, көзделген проблеманы шешуде ата-аналарын қауқарсыз санайтындары анықталды десек те болады. Бұл көптеген оқушылардың ата-аналарымен етене жақын қарым-қатынаста жоқтығын, ата-анаға деген сенімсіздік немесе олардан қорқатындарының айқын көрінісін көрсетеді. ҚР-ның 1995 жылы 30 тамызында қабылданған, Конституциясына сәйкес: «1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қарауында болады. 2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ана-ананың етене құқығы әрі міндеті [2]. Балалардың құқықтары қатаң түрде заңмен бекітіліп, қорғалуға жатқызылады. Бапта көзделгендей, бала үшін ең алғаш болып жауаптылықта болатын ата-анасы. Буллингпен күресуде, отбасылық психолог  Ержан Мырзабаев: «Зорлық-зомбылық әрекеттерінде зиян көрген тарап ешқашан кінәлі емес» - дей отырып, ата-аналарға буллингке қатысты кеңестер берді. Алдымен ата-ана баласының буллингке ұшырағанын, баласының мектептен немесе басқа да жерлерден көңілсіз келуінен, мектеп өміріне байланысты ешнәрсе айтпауынан, денесінде түрлі жарақат іздері пайда болуынан, киім-кешектері мен өзге де заттарының бүлінуі, жоғалуынан және де мектепте ешқандайда достары болмай, көп уақытта жалғыз қалуынан аңғаруларына болады. Бұл белгілерді өз балаларының бойынан байқаған ата-ана баласының шағымданып келуін күтпей, дереу әрекет етуі керек. Баламен ашық түрде сөйлесу қажет. Балаларының қал-жағдайын сұрастырып, олармен сырлас бола білу, оларға ешқандай қауіп төнбейтіндігін айтып, сенімділік ұялатулары тиіс. Екіншіден, сынып жетекшілермен, мектеп әкімшіліктерімен сөйлесуі тиіс. Балаларының бойынан байқаған өзгерістер туралы айтып, оның іс-әрекеттерін сырт көзбен сынып жетекшілері мен мектеп әкімшіліктері бақылаулар ұйымдастырулары тиіс. Бұл әрекеттер нәтижесіз болатын болса, мектеп әкімшілігінің қатысуымен, қысым көрсетуші балалардың ата-аналарын шақыртып, олармен бұл мәселені шешуге тиіс. Бұл тұста ескеретін мәселе, оларды белгілі бір аяушылықпен немесе әлі жас деген секілді пікірлермен, бұрыннан келе жатқан қалыпты құбылыс деген секілді стреотиптерді ұстанбаулары тиіс. Ата-ана эмоцияға берілмей, балаларымен конструктивті, жағымды сөйлесіп, олардың өздеріне сенім арта алатындықтарын көрсету керек. Әркім өз деңгейінде проблемаға араласып, шешулері қажет. Сол секілді буллинг көрсететін балалардың ата-аналарына да, отбасылық психолог кеңес берді: біріншіден, балаға ұрысуға асықпай, оның көрсеткен іс-әрекеттеріне анализ жасаулары тиіс. Үй-ішіндегі агрессивті атмосфераны мейірімді атмосфераға ауыстырулары керек. Әрбір жасалынатын іс-әрекеттерге жеткілікті түрде назар аударып, қарым-қатынас формасын өзгерту маңызды. Көрсетілген кеңестерді орындауда, ата-анамен бала арасында жақсы қарым-қатынас орнап, буллингтің алдын алуда оң нәтиже беруі мүмкін. Атап өткендей, буллингтің ең көп орын алатын жері мектеп қабырғалары болып табылады. Буллингтің алдын алуда сынып жетекшілер мен мектеп әкімшілігі маңызды рөл атқарады. Мектеп оқушыларына жүргізілген сауалнамаға сәйкес, оқушылардың басым көпшілігі буллингті тоқтатуға, оны шешуде мүдделі болып мұғалім мен мектеп әкімшілігі деп көрсеткен болатын. Мұғалім мен мектеп әкімшілігі балалармен үнемі жұмыстанып, олармен тәрбие сағаттарын ұйымдастырып, жүйелі түрде бақылап, мінездерінде өзгерістер байқалған жағдайда, ата-анамен байланыста болып, олардан жасырмай бірден хабардар етуі тиіс. Салыстырмалы қараған кезде, қарапайым жалпы орта білім беретін мектептерде мен Назарбаев зияткерлік мектептеріне қарағанда буллинг мәселелері жиі кездеседі. Назарбаев зияткерлік мектебінде бұл проблеманың сирек болуы Ішкі тәртіп ережелері құжатының болуы. Ол қамқоршылық кеңестің шешімімен бекітіледі. Қамқоршылық кеңес – қоғамдық бірлестік болып табылатын, бірге басқарудың қоғамдық мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылады. Құжатта егер бала әлімжеттік жасап, буллинг, сол сияқты оның кез келген түрін жасап, балаға физиологиялық, психологиялық зақымдар келтіретін болса және де оны дәлелдеуге жеткілікті негіздер бар болса, онда ол тұңғыш президенттің Өркен грантынан айырылады.

Қазіргі таңда мектептерде сынып жетекші орнына кураторлар тағайындалған болатын. Кураторлар пән бойынша сабақ беру міндетінен босатылған, толығымен сынып үлгерімін бақылап, әр оқушымен жұмыстана алатындай уақыт бөлінген. Қазақстан Республикасының Ата-заңының 1-бабының 1-бөлігіне сәйкес: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» - деп көрсетілген [2]. Соңғы жаңалықтар бойынша, буллингті ҚК-ке енгізу туралы ұсыныстар айтылды. Бұл ұсыныс адамдарда екі жақты көзқарас тудырады. Бір жағынан, бұл қылмыс саналып, жас балалардың өмірлерімен қоштасуларына  түрткі болып, олардың қадір-қасиеттерін, ар-намыстарын түсіріп отыр. Eкінші жағынан қылмыстың субъектісі болып тағы да жас балалар болып отыр. Сондықтан, бұл жағдай халық арасында бірнеше сұрақтар туғызып, бұл ұсынысты толықтай дұрыс деп айтуға келмей отыр.

Буллинг тақырыбына байланысты әлем елдері әртүрлі шаралар қолданған болатын. Мәселен, Жапония елінің Оцу қаласында зәбір көрген оқушы, өзіне қол салған болатын. Осыдан кейін Жапония елі әлімжеттік, буллингке қатысты Заң қабылдады. Солайша буллинг барынша азайып, мектептерде тәртіп орнай бастады. Ал Невада штатында оқушыны ауызша не жазбаша көңілін қалдырған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мектеп қабырғаларында қорқыту, кемсіту, қорлау адамның еркіндігі мен бостандығын шектеу болып есептеледі. Осындай істерге қатысты заңдардың сапасын қарайтын, жәбірленушіге қолдау көрсететін арнайы қоғамдық ұйымдар құрылған. Финляндия елдерінде буллингпен күрес – ұлттық саясаттың маңызды бір бөлігін құрайды. Бұл елде арнайы КИВА атты арнайы бағдарлама қабылданған болатын. Оған сәйкес, жәбірленуші мен зардап шектірген адамды татуластыруға басты мән берілген. Осындай тәртіптерге байланысты Финляндиядағы білім беру орындарында буллинг 80 %-ға азайған болатын [3]. Буллинг ең көп кездесетін Ұлыбритания буллингпен күресіп, оны алдын-алу, жою мақсатында, мектептегі оқу жүйесіне арнайы сабақтар енгізген болатын. Британдық мектептерде апта сайын «Жеке және әлеуметтік білім» сабағы өткізіледі. Бұл сабақ мектептердегі буллингтің алдын алуға орасан зор үлесін тигізеді.

Мемлекет басшысы, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, буллинг тақырыбына өз пікірін қалдырып, оқушылар арасында бір-біріне деген әлімжеттіктің тыйылмай отқанын айтып, мектептің балалар үшін ең қауіпсіз орынға айналуға тиіс екенін айтты [4].

Елімізде оындай буллингке қатысты әртүрлі оқиғалардың алдын алуда, ең бірінші «Буллинг» түсінігі енгізілген Заңнама шығарып, соған сәйкес, бұл іс-әрекет жеке саралануы қажет. Оның ішінде, буллингтің әр түрлеріне жеке сипаттама беріліп, оларды алдын алу үшін, реттеу үшіін қарсы іс-қимылдар көрсетілу тиіс. Мектеп қабырғаларында, оқушы сандарына байланысты психолог-мамандарды жұмысқа қабылау керек. Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың депуттатық сауалындағы мәліметтері бойынша, Үкіметтің қаулысымен бекітілген типтік штатқа сәйкес мектептерде ең көп дегенде 2 психолог қана жұмыс жасай алады дегенге, 4000 бала оқитын мектепте 2 пихологтың үлгере алмайтындығын айтып, ұсыныс нормативке 1 психологқа 250 оқушыдан келетіндей өзгеріс енгізу қажет деді. Бұрын мектепте болған арнайы полиция инспекторларын қайтару қажеттігін атап өткен болатын. Мектепте арнайы инспектор болған кезде іштегі тәртіп жақсаратындығын айтты.  Буллинті алдын алу шарасы ретінде жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастырған жөн. Жасөспірімдерді бос уақыттарында түрлі үйірмелерге беріп, олардың белгілі бір нәрселерге шабыттарының аштырып, зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін артыруды көздейді. Өз өзімен айналысып, жан-жақты дамытумен болған балалар өзгелерге қарауға уақыт таппай, өз-өздерімен айналысады. Осындай бағдарламалар ұйымдастыруға, барлығына қолжетімді болуын қамтамасыз етуге міндетті болып табылады. Жасөспірімдерді дер кезінде тура жолға салу арқылы, уақытында сөйлесу арқылы олардың болашақтары қалыптасады. Сол себепті, ата-ана, мектеп әкімшілігі, қоршаған орта, психолог, мемлекет бірге жұмған жұдырықтай бірге қосылып, әрекет жасаулары тиіс. Дәл соған байланысты қабылдаған шешімдер, қосқан үлестер барлығы, келешекте ұлт тағдырын анықтайды. Бүгінгі жас ұрпақ, алдағы уақытта елдің келешегі. Өзіне сенімді, құқықтары мен бостандықтары қорғалған, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген адамдардың қалыптасуы бүгінгі қабылдаған шараларға байланысты.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы. (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсанындағы №506 бұйрығы)
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 ж., 30 тамыз. [Электрондық ресурс] - https://dzen.ru/a/Xmhy8YL53gsEBc_U (11.03.2020)
  3. Қасым-Жомарт Тоқаев: Балалар арасындағы суицид және буллингтің алдын алу қажет. Егемен Қазақстан газеты.
  4. Бочавер А. А., Хломов К. Д. «Буллинг как объект исследований и культурный феномен»
  5. «Unsiz qalma» ұжымының жобасы.
  6. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы турлы» Кодекс
Удалить статью(вывести сообщение вместо статьи): 
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.