Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: CXCIX Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 28 октября 2024 г.)

Наука: Юриспруденция

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Утинязова А.Н. ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ // Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ: сб. ст. по мат. CXCIX междунар. студ. науч.-практ. конф. № 20(198). URL: https://sibac.info/archive/meghdis/20(198).pdf (дата обращения: 22.12.2024)
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ

Утинязова Айгерим Нурболатовна

Құқықтану мамандығы студенті М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті,

Қазақстан Республикасы, Орал қаласы

Есенгазиева Айнур Калимовна

научный руководитель,

Ғылыми жетекшісі, з.ғ.м., аға оқытушы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті,

Қазақстан Республикасы, Орал қаласы

ДОМАШНЕЕ НАСИЛИЕ КАК СОЦИАЛЬНАЯ ПРОБЛЕМА В СОВРЕМЕННОМ КАЗАХСКОМ ОБЩЕСТВЕ

 

Утинязова Айгерим Нурболатовна

студент 4 курса образовательной программы «Правоведение», Западно-Казахстанский университет имени М. Отемисова,

Республика Казахстан, г. Уральск

Есенгазиева Айнур Калимовна

научный руководитель, магистр юрид.наук, старший преподаватель, Западно-Казахстанский университет имени М. Отемисова,

Республика Казахстан, г. Уральск

 

АННОТАЦИЯ

Мақала қазіргі қазақ қоғамындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа арналған. Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі жеке адам үшін проблема болудан қалды, өйткені ол жәбірленушіге ғана емес, сонымен бірге мемлекет пен қоғамға да зиянын тигізеді. Қазақстан Республикасында жыл сайын кем дегенде сексен әйел күйеуінің қолынан қаза табады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық барлық уақытта және барлық қоғамдарда болған, бірақ қазіргі уақытта бүкіл әлемде көбірек назар аударылуда. Өткен ғасырларда патриархалдық отбасының үстемдік құрғанын, онда әйелдер бағынышты орын алғанын ескеру қажет. Ал енді ол заманда норма болған әрекеттер, қазіргі таңда, отбасындағы зорлық-зомбылықтың моральдық-этикалық құндылықтарға қайшы келетіндігін баяндайды. Мәселелерді шешу жолдары мен берілген ұсыныстар Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізу қажеттілігін көрсетеді. Статистикалық көрсеткіштер отбасында зорлық-зомбылық жасалған қылмыстардың және сондай әрекеттерге ұшыраған жәбірленушілер мен құрбандар санын қарастырады.

АННОТАЦИЯ

Статья посвящена домашнему насилию в современном казахстанском обществе. Проблема домашнего насилия больше не является проблемой отдельного человека, поскольку оно наносит вред не только жертве, но и государству и обществу. Ежегодно в Республике Казахстан от рук своих мужей погибают не менее восьмидесяти женщин. Домашнее насилие существовало во все времена и во всех обществах, но сейчас ему уделяется больше внимания во всем мире. Следует учитывать, что в прошлые века доминировала патриархальная семья, в которой женщины занимали подчиненное место. И вот действия, которые были нормой в то время, сегодня показывают, что насилие в семье противоречит морально-этическим ценностям. Варианты решения проблем и данные рекомендации свидетельствуют о необходимости внесения изменений в законодательство Республики Казахстан. Статистика предоставляет нам количество преступлений, связанных с насилием в семье, а также  количество пострадавших и жертв таких действий.

 

Кілт сөздер: тұрмыстық зорлық-зомбылық; әлеуметтік мәселе; отбасы; құрбан; зорлаушы; агрессор, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексі , қоғамдық қауіптілік.

Ключевые слова: домашнее насилие; социальная проблема; семья; жертва; насильник; агрессор; абьюз, Кодекс о браке (супружестве) и семье, общественная опасность.

 

Бірқатар атышулы кісі өлімі оқиғаларынан кейін Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы қайтадан қызу талқыға түсті. Әлеуметтік желілердегі және БАҚ-тағы кең жарнама тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін нақты қаруға, қоғамдық талқылаудың триггеріне және құтқарылу үшін нақты мүмкіндікке айналды. Өйткені, әлемдегі ең қауіпті жер - сіздің қара шаңырағыңыз, ал өліміңізге себепші - ең жақын адамыңыз болуы әбден мүмкін.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғам мен мемлекеттің шұғыл және қарқынды араласуын талап ететін күрделі мәселе. Ол адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын бұзады және оған кез келген нысанда жол беруге болмайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында конституция зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтарын қорғауда және құқық бұзушылықтардың алдын алуда маңызды рөл атқара алады. Ата Заңда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты нақты ережелер болмаса да, ол адам құқықтарының, заң алдындағы теңдігінің қағидаттарын бекітіп, қауіпсіздік пен зорлық-зомбылықтан қорғану құқығына кепілдік береді, мемлекеттің өз азаматтарын қорғау міндетін белгілейді. Мысалы, Қазақстанда Конституцияның 14-бабында барлығының заң алдындағы теңдігіне кепілдік берілген және жынысты қоса алғанда, кез келген белгілер бойынша кемсітуге тыйым салынады[1]. Бұл тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресте маңызды құрал болуы мүмкін, өйткені зорлық-зомбылық құрбандары жынысына байланысты әсіресе осал болуы мүмкін.

Елімізде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2009 жылы 4 желтоқсанда Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға 2010 жылы төрағалық ете бастағанға дейінгі шарттарын орындау шеңберінде қабылданды. Бір жағынан, мұндай заңның қабылдануы республикамыз үшін нағыз прогресс болды. Қазақстан ТМД елдері арасында мұндай заңды қабылдаған бірінші мемлекет болды. Онда тұрмыстық зорлық-зомбылық түрлері, түсінігі және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мемлекеттік органдардың құзыреті нақтыланды.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі отбасылық қатынастардың әртүрлі аспектілерін, соның ішінде неке және некені бұзу, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері, бала асырап алу, балаларды тәрбиелеу және басқа да аспектілерді реттейді. Ол Қазақстандағы отбасылық қатынастарды басшылыққа алатын нормалар мен принциптерді белгілейді. Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық көптеген отбасыларға әсер ететін күрделі мәселе екенін атап өткен жөн. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексте отбасылар мен балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау сияқты тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғаудың кейбір құқықтық тетіктері қарастырылғанымен, заңнаманың нақты орындалуы, қорғау мен қолдауға қолжетімділік толық болмауы мүмкін[2]. Осы орайда мемлекет, құқық қорғау органдары, жалпы қоғам тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу және одан зардап шеккендерге қолдау көрсету бойынша белсенді шаралар қабылдауы маңызды. Бұған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған заңдар мен саясаттарды жасау, құқық қорғау және қолдау қызметтерін оқыту, медициналық көмекке, заңгерлік көмекке, психикалық денсаулықты қолдауға және құрбандарға арналған баспаналарға қолжетімділікті қамтамасыз ету кіреді.

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза қатаңдатылды. Мәжіліс депутаттары әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасын қабылдады. Құжат келесі негізгі нормаларды қамтиды:

  1. ұрып-соғып, денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін жаза күшейтілуде (әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке ауыстырылады);
  2. тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы қолда бар мәліметтерге сүйене отырып, жәбірленуші тараптың мәлімдемесін күтпей-ақ сотқа талап қоюға болады;
  3. соттарға тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлқын өзгерту үшін психологиялық көмек тағайындауға рұқсат етіледі;

2017 жылдан бастап Қазақстанда ұрып-соғу үшін жауапкершілік Әкімшілік құқық бұзушылыққа кірістірілді, содан кейін тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының саны экспоненциалды түрде өсті, дейді адвокат Уразбахова. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, жыл сайын 400-ден астам қазақстандық тұрмыстағы әйел адамдар зорлық-зомбылықтан қайтыс болады. Бұл жерде Қазақстанда бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты мысалға алынды. Сот  процесі алқабилердің қатысуымен, ашық режимде өтті. Ал сот процесінің барысын әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде көру мүмкіндігі болды. Сот Бишімбаевты 24 жылға бас бостандығынан айырды. Салтанат Нүкенованы өлтіру бойынша сот процесі атышулы халықаралық оқиға болды. Барлық бақылаушылар бір ортақ сөзді атап өтеді-адамдар бір күн бойы ер адамның әйелін өлтіргенін көрді, оған ешкім көмекке келмеді. Шынына келсек, бұл жағдайды көрермен әсері (эффект зрителя) деген психологиялық экспериментпен ұқсатып тұрсақ қателеспейміз. Куәгер эффектісі, көрермен эффектісі немесе диффузия деп аталады. Бұл жерде жауапкершілік туралы, яғни бұл үлкен топтың мүшесі бола отырып, жеке жауапкершіліктің төмендеуін сезінетін құбылыс. Сонда, адамдардың көбісінің бұл іске араласпауына бедел, адами қасиет, менталитет кедергі болғанын көре аламыз. Мысалы, Бишімбаев өзінің туысы, "Гастроцентр" директоры Бақытжан Байжановқа бірнеше көрпе алып келуді өтініп, екеуі Салтанатты басқа үй-жайға апарды. Ол кезде әйел әлі тірі болған. "Біз Бишімбаевпен бірге салтанатты көтеріп ұстадық, мен сол жақтан, ал Бишімбаев оң жақтан. Осы кезде Салтанат аяғынан тұруға тырысты және менің қолымды қатты қысып алды. Енді менің ойымша, ол сол кезде көмек сұрағысы келді, сигнал берді", - деді Байжанов сотта. Неліктен ол қылмысқа тосқауыл қою үшін ештеңе істемеді деген сұраққа, сондай-ақ қылмысты жасыру және қылмыс туралы хабарламағаны  үшін айыпталған Бақытжан Байжанов: "менің қазақ менталитетім, қазақ тәрбиесі және менің кішіпейіл мінезім маған өзімнен әлдеқайда үлкен Бишімбаевты саусақ ұшын көрсетуге және оған отбасы ішілік проблема бойынша кеңес беруге немесе оларға араласуға мүмкіндік бермеді.  Мен отбасылық мәселелер отбасы ішінде шешілуі керек деген сеніммен өстім". Ия, шыныменде отбасылық өмірдегі мәселенің бәрі іштен шықпау керек деген ұғым қазақ менталитетінде жоқ деп айта алмаймыз. Салтанат Нүкенованың ісі аясында резонанстың туындауы арқасында Қазақстан Парламенті ақыры әйелдер мен балалардың құқықтары туралы заң қабылдады. Заң тұрмыстық ұрып-соғу мен денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін жазаны күшейтеді, енді олар қылмыстық болып криминализацияланып, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. «Зорлық-зомбылық» анықтамасын Л.В. Сердюк оны «адамға басқа адамдар тарапынан оның еркінен тыс немесе оған қарсы жасалған және оған органикалық, физиологиялық немесе психологиялық жарақат келтіруге қабілетті сыртқы қасақана және заңсыз әсер ету және оның пікір білдіру немесе әрекет бостандығын шектеу» деген пікір берген [3, 16б].

2023 жылғы қарашада Қазақстан Бас Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы Марат Әбішев елімізде жыл сайын отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан кем дегенде 80 әйел қайтыс болатынын, 150 — ге жуық әйел ауыр жарақат алатынын, 200 адам орташа дәрежеде және 4 мыңнан астам адам жеңіл жарақат алатынын айтты. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары туралы 300-ге жуық арыз күн сайын Қазақстан тұрғындарынан полицияға келіп түседі.

Қоғамдағы ең маңызды мәселе-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары және олардың көбісі  зорлық-зомбылықтың құрбан болғандығы туралы хабарламайды. Тарихи тұрғыдан алғанда, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың  құрбандары құқық қорғау органдарына  баруға ұялатын болған. Өкінішке орай,  ұрып-соғылған, қорланған және зорланған әйелді қылмыстың құрбаны деп емес, керісінше өзіне айып тағып жіберетін елімізде ердің сөзін сөйлейтіндер баршылық және бұл орын алған бірінші жағдай емес. Статистикаға сүйенсек, зорланғандардың шамамен 20% - ы Қазақстанда полицияға мүлдем бармайды.

Ең алдымен әйел адам жәбір көргенннен кейін ұзақ уақыт бойына басынан өткен жағдайды айтуға бола ма, жоқ па деп ойланады, және оның басты себебі құқық қорғау жүйесіне деген сенімсіздік. Ол өз құқығы мен абыройының қорғалатынына және оның оқиғасына  біреудің сенетініне күмәнмен қарайды. Біздің Қазақстанда бастапқы кезеңде қажетті негізгі сот сараптамаларын тағайындау сияқты талаптар бұзылады, яғни сараптама жүргізу және үлгілерді алу дене үлгілері, киім, фото немесе видео дәлелдемелер, фактілер мен куәгерлер сияқты заттай дәлелдемелер алынуы қажет. Қажетті тергеу іс-әрекетін жүргізу кезінде, жәбірленушіден жауап алу қажет болғанда, әйелдер жүйке ауруының алдында тұрады, бұл олардың моральдық тұрғыдан шаршағанын көрсетеді. Сондықтанда, жәбірленушілер арнайы оңалту курстарынан өту, медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмектерді алуға қажет[4, 6б]. Әділ тергеуді жүргізу,  жауапкершілікке тарту мәселесін көтеру үшін маңызды резонанс туғызу қажет. Сонда ғана мұндай трагедияларды тергеу мүмкіндігі пайда болады, бірақ тіпті бұдан кейінде ықтимал қылмыскерлер жауапқа тартылмай әлі де бостандықта жүр.

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын. Заңның басты мақсаты: әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез-келген әрекеті үшін жауапкершілікті күшейтуге, отбасы институтын нығайтуға және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бүгінде қалыптасқан ахуалды өзгерту үшін Президент тапсырмасымен әзірленген әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты заң 2024жылдың 16 маусымында күшіне енді.

Тұтастай алғанда, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес тек құқықтық және саяси шараларды ғана емес, мәдениет пен қоғамдық сананы да өзгертуді талап етеді. Бұл қоғамның барлық мүшелері үшін қауіпсіз және қолдау көрсететін ортаны құру мақсатымен әлеуметтік жауапкершілік пен этикалық құндылықтар контекстінде қарастырылуы және шешілуі тиіс қоғамдық мәселе. Сонымен, құқық қорғау органдарының, медициналық мекемелердің және әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелерінің дұрыс үйлестірілген жұмысы отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы зорлық-зомбылықтың алдын алуда, қауіп-қатер тобындағы отбасыларды уақтылы анықтауға, профилактикалық іс-шараларды жүргізуге, зардап шеккендерге бүкіл оңалту кезеңінде қолдау көрсету, тиісті емдеу мен көмек көрсетуде маңызды рөл атқара алады. Өз кезегінде дағдарыс орталықтары зардап шегуші өзін жайлы әрі қауіпсіз сезінетін орынға айналуы тиіс.

Тұрмыстық зорлық- зомбылық қоғамдағы өзекті мәселенің бірі, оның зардаптары жәбірленушіге ғана емес, тұтас қоғамға әсер етеді. Білім беру, ақпараттандыру және заңнамалық шараларды күшейту, қоғамда зорлық- зомбылыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жәбірленушілерді қорғау жүйесін дамыту арқылы ғана мәселені шешуге болады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995ж.
  2. Неке және отбасы туралы Қазақстан Республикасының заңы. 26.10. 2011ж.
  3. Сердюк Л.В. Семейно-бытовое насилие (криминологический аспект): Учебное пособие. М, 2020.- 16 бет.
  4. Корнейчук С.В., Гладырь Н.С., к.э.н. Ильясова А.К  Руководство для социальных защитников жертв бытового насилия (учебное пособие)  Алматы, 2016. -6 бет.
  5. Электрондық ресурс \\ (https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/poboi-stanut-ugolovnoy-statey-deputatyi-prinyali-rabotu-524765/?ysclid=luirghdjtz648313136) ( дата обращение 31.01.2024)
  6. Электрондық ресурс \\ (https://www.nur.kz/incident/crime/2045674-kakoe-nakazanie-za-bytovoe-nasilie-zhdet-kazahstantsev-v-mvd-napomnili-o-novovvedeniyah/) (дата обращение 14.11.2023)
Удалить статью(вывести сообщение вместо статьи): 
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.