Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: CLXXXIII Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 26 февраля 2024 г.)

Наука: Информационные технологии

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Нүсіпжанова М.Е. КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТІНДЕ МОБИЛЬДІ МАРКЕТИНГТІ ҚОЛДАНУ // Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ: сб. ст. по мат. CLXXXIII междунар. студ. науч.-практ. конф. № 4(182). URL: https://sibac.info/archive/meghdis/4(182).pdf (дата обращения: 09.11.2024)
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТІНДЕ МОБИЛЬДІ МАРКЕТИНГТІ ҚОЛДАНУ

Нүсіпжанова Маржан Есейқыз

магистрант, дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ҚР, Алматы қ.

Нұржанова Гүлмира Исатайқызы

научный руководитель,

ғылыми жетекші, п.ғ.к., қауым.проф.м.а., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ҚР, Алматы қ.

АҢДАТПА

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар күн санап дамып келеді. Технологиялардың дамуы адамдарға жұмысын, оқуын, қаржылық мүмкіндіктерін, басқа да салаларын бір құрылғы арқылы, кез-келген уақытта, өзіне ыңғайлы жерде басқаруға мүмкіндік ашты. Бұл қоғамда жаңа салалар мен мамандықтардың пайда болуына алып келді, және бұрыннан қызмет көрсетіп келе жатқан салалардың қоғам талабына сәйкес үнемі даму процессінде болуын талап ететінін көрсетті. Бұған технологиялардың дамуымен қатар пайда болған мобильді маркетинг саласы мен осы саланың кітапхана қызметін дамытуға тигізер әсерін мысал ретінде қарастыруға болады. Ұсынылып отырған мақалада мобильді маркетинг ұғымы анықталып, мүмкіндіктері мен түрлері қарастырылып, қазіргі қоғамда алатын орны мен тенденциялары талданды және оның кітапхана қызметінде пайдалану мүмкіншіліктері сарапталды. Мобильді маркетингтің негізгі құралы саналатын мобильді қосымшалардың заманауи кітапхананың қызметіндегі орны мен рөлі туралы мәселе көтерілді. Шетелдік тәжірибие негізінде отандық кітапхана қызметінде мобильді қосымшаларады қолдану мүмкіндіктерді ұсынылады.

АНАТАЦИЯ

В настоящее время информационные технологии развиваются день ото дня. Развитие технологий открыло людям возможность управлять своей работой, учебой, финансовыми возможностями, другими областями с помощью одного устройства, в любое время, в удобном для себя месте. Это привело к появлению в обществе новых отраслей и специальностей, и показало, что уже существующие сферы деятельности требуют постоянного присутствия в процессе развития в соответствии с требованиями общества. Примером этого можно считать появившуюся параллельно с развитием технологий отрасль мобильного маркетинга и влияние этой отрасли на развитие библиотечной деятельности. В предлагаемой статье определено понятие, возможности и виды мобильного маркетинга, проанализировано место и тенденции в современном обществе и проанализированы возможности его использования в библиотечной деятельности. Поднимался вопрос о месте и роли мобильных приложений в деятельности современной библиотеки, являющейся основным инструментом мобильного маркетинга. На основе зарубежного опыта в отечественной библиотечной деятельности были предложены возможности использования мобильных приложений.

 

Кілт сөздер: мобильді маркетинг, кітапханалық маркетинг, мобильді қосымшалар, мобильді технологиялар.

Ключевые слова: мобильный маркетинг, библиотечный маркетинг, мобильные приложения, мобильнын техгологий.

 

Бүгінгі таңда телефонсыз өмірді елестету қиын. Мобильді технологиялар пайдаланушылар үшін өз үйлері мен кеңселерінен шықпай-ақ, сондай-ақ ұялы телефондарымен бірге жүретін кез-келген жерден байланыс пен ақпаратқа қол жетімділікті өте ыңғайлы етті. Бүкіл әлем бойынша ұялы телефон абоненттерінің саны 3,3 миллиардты құрайды, бұл әлем халқының жартысына тең. Шамамен соңғы он жылдықта мобильді технологиялар адамдардың ақпаратқа қол жеткізу және бөлісу үшін пайдаланатын негізгі интерфейстің біріне айналды. Осыған сәйкес қазіргі уақытта барлық қызмет түрлері мобильді құрылғыларға икемделіп жасалып жатыр. Бұл өнімдерді кең насихаттау үшін мобильді маркетингті қолданады. Мобильді маркетинг - мобильді құрылғылардың көмегімен өнімді насихаттауға бағытталған шаралар кешені. Мобильді маркетингтің міндеті – тұтынушылармен мобильді құрылғылар арқылы қарым-қатынас орнату. Мобильді маркетинг түрлеріне мобильді қосымшалар/бағдарламалар, смс-маркетинг, аудиодыбыстық маркетинг, мобильді баннерлік жарнамалар жатады.

Өткен жылы әлеуметтік желілерді пайдаланушылар саны 13% - дан астамға өсті. 2020 жылы күн сайын орта есеппен 1,3 миллионнан астам жаңа тіркелулер жасалды, бұл секундына шамамен 15,5 жаңа пайдаланушыны құрайды. 2021 жылдың басында әлеуметтік желілерде жарты миллиардқа жуық жаңа қолданушылар тіркелді [1, c. 55].

Ақпараттық технологиялардың дамуы көптеген қоғамдық институттардың қызметін айтарлықтай өзгертті. Бүгінгі уақытта кітапханаларды әртүрлі жаңа ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Қазіргі қоғамның талаптарына бейімделу қажеттілігіне байланысты кітапханалар өз қызметін жақсартатын жаңа технологияларды енгізуге тиіс. Жаңа технологияларды қолданудың ішінде мыналарды атап өтуге болады: RFID технологиясы, виртуалды көрмелер құруға арналған QR кодтары, мобильді аудио нұсқаулықтар, бұлтты технологиялар және басқалар. Кітапхананы ақпараттық ортада насихаттау тәсілі де өзгерді - көпшілігінің жеке сайты мен әлеуметтік медиа парақшалары бар. Әрине, кітапханалар мобильді құрылғылар мен технологиялардың пайда болуымен және оларды кез-келген адамның өмірінде оның ажырамас бөлігі ретінде қабылдаумен бірге пайда болған ақпараттық мүмкіндіктерді назардан тыс қалдырмады. Кітапхана пайдаланушыларының көпшілігі дерлік ұялы телефондарға иелік ететіндіктен және олардың саны артып келе жатқандықтан, кітапханалар өз қызметтерінде мобильді технологияларды пайдалануды көбірек насихаттауы қажет. Мобильді технологиялар қызметін жаңадан бастаушыларға да, тәжірибелі кітапханашыларға да мобильді қоғамда өзекті болып қалуға көмектеседі. Олар технологиялық өзгерістерден хабардар болып, кітапханалардың мобильді ортада өзара әрекеттесуінің болашағына дайындалуы керек. Мобильді құрылғылар мен қызметтер кітапхана қызметтерін пайдаланғысы келетіндер үшін үлкен мүмкіндіктер ұсына алады.

Кітапханаларға арналған мобильді қосымшалар ұсынатын әлеуетті мүмкіндіктерді келесі топтарға бөлуге болады:

  • жаңа пайдаланушыларды тарту мүмкіндігі;
  • ұйым ұсынатын қызметтер спектрін кеңейту;
  • ұйым, жинақ, кітап қоры туралы ақпаратты қолжетімді ету;
  • қызметкерлердің жұмысын жеңілдету. Мысалы, электрондық каталогтар қажетті басылымның қай жерде екенін өз бетінше іздеуге көмектеседі.
  • жеке гаджеттерді пайдалану; Кітапханалардың стационарлық терминалдарды сатып алу және техникалық қызмет көрсету шығындарын азайтады

Жаңа мобильді технологиялар кітапхана қызметтерін қол жетімділікке, жылдамдыққа, бірегей деректі жинақтардың ашылуына қарай оңтайландырады. Дүние жүзіндегі көптеген кітапханалар осы жолмен жүріп келеді. Өз қосымшаларын қазірдің өзінде Британ кітапханасы, Сингапурдағы Наньянг политехникалық университетінің кітапханасы, Гонконг қоғамдық кітапханаларының қауымдастығы құрды [2, c. 13].

Кітапхананың осы салаға енуіне алғашқы әрекетін Британ кітапханасы жасады, 2011 жылдың қаңтарында ол танымал мобильді операциялық жүйелерге негізделген мобильді құрылғыларға арналған жаңа қосымшаны ұсынды. Treasures қосымшасы ("Қазына") Treasures галереясында сақталған цифрланған құжаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кітапхана қорларын цифрландырудың бұл қадамы оларды мобильді платформаларда мүмкіндігінше қолжетімді ету мақсатында жасалды, өйткені Ұлыбританияның аймақтық кітапханаларының бестен бір бөлігі жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржыландыруының үлкен қысқаруына байланысты жабылу қаупіне ұшырады. Осы қосымшаның арқасында кітапханада сақталған сирек және құнды басылымдарды зерттеуге мүмкіндік туды [3, c. 62].

Ресей нарығында ең танымал даму 2012 жылы Ресей мемлекеттік кітапханасы ұсынған «eRSL» мобильді қосымшасы болды. Ол РМК электрондық каталогына және оның электрондық жинақтарына қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Оның көмегімен сіз кітаптар мен құжаттардың библиографиялық сипаттамаларын таба аласыз, сонымен қатар кез-келген цифрланған құжаттардың мазмұнын көре аласыз. Бірақ құжаттарды тек ашық қол жетімді және iPad нұсқасында болған жағдайда ғана оқуға болады. Қолданбада жеке кабинетпен синхрондау мүмкіндігі жоқ және кітапты тікелей қолданбадан тапсырыс беру мүмкіндігі қарастырылмаған.

Кітапханалық мобильді құрылғыларды талдау барысында табылған мобильді қосымшалардың перспективалық идеяларының ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады:

  • Бөлімдердің, орталықтардың және библио технологиялық залдардың орналасуын 3D модельдеу, GPS навигациясын қосу және тағы басқа мүмкіндіктерге ие iOS және Android платформаларына арналған 3D технологиясы бар "мобильді 3D кітапхана картасы" қосымшасының жобасы. Аталмыш жоба Сингапурдағы Наньянг политехникалық университетінің кітапханасында құрылды.
  • Оптикалық таңбаларды тануды қолдану. Урбана-Шампейндегі Иллинойс университеті студенттерге кітапхана құжаттарын сканерлеуге және бүкіл қордан ұқсас тақырыптағы құжаттарды табуға мүмкіндік беретін қосымша әзірледі. Сондай-ақ, қосымшаны жетілдіру идеялары бар – пәннің (курстың) атауы бойынша құжаттарды іздеу, тегін бағдарламалық жасақтаманы қолдану арқылы QR кодтарын тану мүмкіндіктері [4, с. 362].

Қазақстандық кітапханалардың қызметінде мобильді технологияларды пайдалану әлі де болсын кең таралмаған. Әртүрлі білім беру орталықтары және кітап саудасымен айналысатын ұйымдар өз қызметтерін жетілдіру мақсатында жасаған электронды кітаптар мен деректер жиынтығынан тұратын мобильді қосымшалар бар, бірақ бұл қосымшалардың қорлары айтарлықтай көп емес, және кітапханалармен серіктестікте болмағандықтан пайдаланушыларына көптеген қызмет түрлерін ұсына алмайды. Қазақстанда кітапхана саласын енді ғана дамып келе жатқан салалардың қатарында десек те болады. Отандық кітапхана тәжірибесінде мобильді маркетингтің бір түріне жататын әлеуметтік медиа маркетингтер кең қолданыс табуда. Бұл кітапханалардың жеке сайттарының дамуынан, өз қызметтерін кең насихаттау үшін қолданылатын әлеуметтік желілердегі парақшаларының сапалы жүргізіліп келе жатқандығынан айқын байқалады. Дегенмен отандық кітапханалар қызметтерін мүмкіндіктерін кеңінен насихаттай алатын, кітапханалардың әр типіне икемделіп, жоғарыда шетелдік кітапханалар тәжірибесі нәтижесінде көрініс тапқан мобильді қосымшалардың мүмкіндіктерін ескере отырып өз мобильді қосымшаларын дайындап шығарса, ол кітапхана оқырмандарының кең қолданысына ие болатынына сеніммен қарауға болады. Бұл өз кезегінде отандық кітапхана саласын дамытудың жаңа сатысы деп қарастыруға болар еді.

Қорытындылай келе, кітапханада мобильді технологияны қолдану тактикалық және стратегиялық қажеттіліктерге байланысты өзгеруі мүмкін. Мобильді құрылғыларға арналған өз жобасын жасау кезінде шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық кітапханалар уақыттың әр сәтінде өз пайдаланушысына қандай қызметтерді жақындатқысы келетінін таңдай алады және ең қолайлы шешімді қолдана алады. Мобильді құрылғыларды пайдаланушылардың санының күн санап артуының нәтижесінде пайда болған мобильді маркетингті кітапхана қызметінде пайдалану өте өзекті және актуалды мәселе екені айқын. Шетел тәжірибесінде кітапхана қызметінде мобильді қосымшаларды пайдалану он жыл бұрын қолға алынған, және өз қызметтерін жаңа технологиялардың пайда болуымен үздіксіз дамытып келеді. Отандық кітапханалар да көштен қалмай, заман талабына, сұранысына сай, өз қызметтерін үздіксіз дамытып отыруы шарт. Бәсекелестік уақытта кітапханалар негізгі ақпараттық институт деген атауына лайық болуы қажет, сол себепті де өз қызметтерін басқару үшін менеджменттің жаңа әдістерін, дамыту үшін жаңа технологияларды, өнімдерін насихаттау үшін маркетингтің барлық мүмкіндіктерін пайдаланулары тиіс.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Михайлова Е.В. Мобильные технологии в современной библиотеке: выбираем лучшее // Библиотеки вузов Урала: проблемы и опыт работы: По материалам научно-практической конференции: Научно-практический сборник, Екатеринбург, 30 сентября – 01 октября 2014 г.
  2. Савицкая Т.Е. Мобильные технологии в работе библиотек: зарубежный опыт // Научные и технические библиотеки. – 2020. – №4.
  3. Bhoj HS. Mobile based library services. IP Indian J Libr Sci Inf Techno 2020;5(2):61-4
  4. Malathy S, Kantha P. Application of mobile technologies to libraries. DESIDOC J Libr Inf Technol 2013;33(5):361-6.
Удалить статью(вывести сообщение вместо статьи): 
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.