Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: CCXIV Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 09 июня 2025 г.)

Наука: Педагогика

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Жатқанбаева А.Ж. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ТИФЛОПЕДАГОГ // Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ: сб. ст. по мат. CCXIV междунар. студ. науч.-практ. конф. № 11(213). URL: https://sibac.info/archive/meghdis/11(213).pdf (дата обращения: 19.06.2025)
Проголосовать за статью
Идет голосование
Эта статья набрала 0 голосов (обновление каждые 15 минут)
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ТИФЛОПЕДАГОГ

Жатқанбаева Ақмарал Жасұланқызы

педагогика факультетінің студенті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің,

Қазақстан Республикасы, Қарағанды

Аманбекова Ақнұр Балтабаевна

научный руководитель,

ғылыми жетекшісі, оқытушысы, педагогикалық факультеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің,

Қазақстан Республикасы, Қарағанды

КАЗАХСТАНСКИЙ ИЗОБРЕТАТЕЛЬ-ТИФЛОПЕДАГОГ

 

Жатканбаева Акмарал Жасуланкызы

студент, педагогический факультет, Карагандинский университет им. Е. А. Букетова,

Республика Казахстан, г. Караганда

Аманбекова Акнур балтабаевна

научный руководитель, преподаватель, педагогический факультет, Карагандинский университет им. Е. А. Букетова,

Республика Казахстан, г. Караганда

 

АҢДАТПА

Бұл мақалада Қазақстандағы тифлопедагогика саласының дамуы және осы бағыттағы елеулі жетістік ретінде қазақстандық өнертапқыш, ғалым Ғалымжан Ғабдрешовтың жасаған электронды Брайль әліпбиі жайында баяндалады. Автордың өнертабысы – зағип балалардың оқу үдерісін жеңілдетуге арналған SEZUAL құрылғысы – халықаралық деңгейде оң бағаланып, тиімділігі дәлелденген. Мақалада сонымен қатар өнертапқыштың өзге де саладағы жетістіктері мен ғылымдағы орны сипатталады. Зерттеу жұмысы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған инновациялық құралдардың маңыздылығын көрсетеді.

АННОТАЦИЯ

В статье рассматриваются направления развития тифлопедагогики в Казахстане. В качестве значимого достижения в данной области описывается изобретение казахстанского ученого Галымжана Габдрешова — электронная азбука Брайля для детей с нарушением зрения. Разработанное устройство SEZUAL направлено на облегчение процесса обучения незрячих детей. Инновационный продукт получил высокую оценку на международном уровне и доказал свою эффективность и практическую значимость. Также в статье рассматриваются достижения изобретателя в других сферах — науке, медицине и технологиях. Результаты исследования подчеркивают важность технических средств поддержки для детей с особыми образовательными потребностями.

 

Тірек сөздер: Тифлопедагогика, Ғалымжан Ғабдрешов, электронды Брайль әліпбиі, SEZUAL, ерекше білім, қазақстандық өнертапқыш, инклюзивті білім.

Ключевые слова: Тифлопедагогика, Галымжан Габдрешов, SEZUAL, азбука Брайля, инклюзивное образование, особые образовательные потребности, казахстанский изобретатель, инновационное устройство.

 

Ғылымның дамуы- ұлттық сананың жетілуі. Әрине сан ғасырлар бойғы алынған білім ғылымның іргетасын қалайтыны сөзсіз. “Қазақстанда ғылым жоқ” деген пікірлер тек қатып қалған, тозығы жеткен қағидалар ғана дегім келеді. Шын мәнінде Қазақстан дамуы жағынан жас мемлекет болғанымен, жетер жетістіктері көп. Осы ойыма Қазақстандық өнертапқыш дәлел бола алады. Кейіпкеріміздің жеткен жетістіктері өте көп. Сонымен  қоса  ол әр түрлі салада бағын сынап көрген, отыздан астам патент және өнертабысына отандық, шетелдік ұйымдардан авторлық куәлік иеленген. Біз осы мақаламызда кейіпкеріміздің бір ғана жобасына тоқталатын боламыз.

Ғалымжан Ғабдрешов-ғалым сонымен қоса қазақстандық өнертапқыш. Ғалымжан Ғабдрешов мектеп жасынан бастап-ақ тың дүниелер ойлап тапқанды ұнатыпты. Уақыт өте келе сүйікті ісі кәсібіне айналды. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы­ның ғылыми-зерттеу институтында темір­ жол саласын өз үлесін қосқан. Қорғаныс министірлігінде қорғанысқа жауапты біраз тың идеяларымен бөліскен. Денсаулық сақтау министірлігінде өнім шығаруға көмектескен, соның ішінде қатерлі ісікті емдеуде қажетті құрал-құрылғы ойлап тапқан. Таңғаларлығы Ғалымжан Ғабдрешов- тифлопедагогика саласының елеулі еңбегі бар PhD доктор. Кейіпкеріміздің ойынша қазақстанның білім саласын дамыту үшін осы бағытты таңдаған екен. Бір қызығы Ғалымжан Ғабдрешов өзге зерттеушілер секілді магистратура, доктарантураны оқып меңгермеген. Өзінің ғылыми өнертабыс арқылы көптеген жақсы нәтижелерге жетіп Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде докторлық диссертациясын қорғап шықты. Негізгі мамандығы матиматика Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тәмәмдаған болатын.

Ғалымжан Ғабдрешовтың өнертабысы- көзі нашар көретін және мүлдем көрмитін балаларға арналған Брайль әліпбиі. Өнертабыстың жай әліпбиден айырмашылығы әріптерді өздігінен меңгеруге көмектесетін электронды әліппе. Негізі әліппе алақанымызды бір біріне қосқан кездегі пішінге ұқсайтын басқару пульті секілді. Әліппенің әр түймесі белгілі бір әріпті, таңбаны немесе цифрды білдіреді. Қай түймесін бассаңыз, сол түйме белгісі дыбыстала бастайды.

Бастапқыда өнім балаларға арналып жасалғанымен, бүгінгі күні оны зағиптарға арналған кітапхананың ересек оқырмандары да өз қажеттіліктеріне қолданып жүр. Ғалымжан Ғабдрешовтың бұл өнертабысы SEZUAL деген атауға ие болды. SEZUAL қазақтың  “сезу” деген сөзінен шыққан.

– Осыдан тура 4 жыл бұрын, яғни 2018 жылдың мамыр айында көзі нашар және мүлде көрмейтін оқушылары бар елордадағы №10 мектеп-гимназиясының әкімші­лі­гі балаларға санау мен оқуды үй­ре­нуді жеңілдететін құрылғы жасау­ды сұрады. Мектеп өкілдері көру қабілеті терең бұзылған оқушы­лардың мектепке келгенде бірінші кезекте Брайльдің бедерлі-нүктелі қарпін үйренуден қиналатынын айт­ты. Мұндай балалар ерекше бі­лім беруді қажет етеді. Дені сау бала­ның өзіне мектептегі жаңа та­қы­рыпты үйге келгенде қайталап, бекі­ту керек. Оларға әріп танитын кез келген ересек көмектесе алады. Ал көзі көрмейтін оқушыға үйде кім көмектеседі? Олардың әрқай­сысымен мектепте де, үйде де жұ­мыс істеп отыратын тифлопеда­гог жоқ қой. Осы олқылықтың ор­нын толтыру мақсатында арнайы аппарат ойлап таптым. Өнім алды­мен сол сұраныс білдірген, бірінші сыныптан бастап төртінші сы­ныпқа дейінгі зағип балалар бі­лім алатын астанадағы №10 мектеп-гимназиясында тестілеу­ден өткі­зілді. Мектептің мамандары мен қол­данушылар аппаратты өте жоғары бағалады, – дейді Ғ.Ғабдрешов.

Алайда бұл өнертабыстың алғашқы қолданушылары елорданың оқушылары болмапты. Себебі: Ғ.Ғабдрешовтің айтуын­ша, тіпті «Самұрық-Қазына» компаниясы, Елбасы қоры, «Болашақ» қоры қызығушылық танытқаны­мен, түптеп келгенде демеуші бола алмапты. Өнертапқыш қиындыққа қарсы тұрып топ мүшелерімен жаңа өнертабысын таныстыруды тоқтатпады. Аппарат Қазақстан ма­ман­дандырылған кітапханалары жас кітапханашыларының I рес­публикалық слетінде және Алма­ты қаласы білім басқармасының Н.Островский атындағы №4 Зағип және нашар көретін балаларға ар­налған арнайы мектеп-интернатында таныстырылды. Сонымен қоса алғанда  зағип балаларға арналған «Әлем­ді ашамыз және шекараны ке­ңейтеміз» атты халықаралық фес­тивалінде SEZUAL аппараты Түр­кия мен Әзербайжаннан келген ха­лық­аралық комиссияның жоғары бағасына ие болды. Аталған өнім осы саладағы жобаларға әдетте 3 жыл­дың көлемінде қауіпсіздігі, тиім­ділігі жөнінде құжат беретін швей­цариялық ұйымның патентін жар­ты жылда-ақ алған.

Қорытындылайтын болсақ Ғалымжан Ғабдрешов бүгінгі күні қазақстанның білім алуда ерекшелікті қажет ететін балалардың біліммен, қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуіне көп күш салуда. Тифлопедагогикадағы бұл жаңалық әлемді таңдандыруда. Бұл өнертабысқа қызығушылық танытқандар көп. Оның ішінде АҚШ пен Қытай секілді алпауыт елдер өз таңданыстарын жасырмады.  Бұл өнертабысты жас буын тез үйренген, мысал ретінде ұзақ уақыт қозғалысқа түспеген баланың тұра сала балдақсыз жүргені секілді. Қазыргі таңда ғалым зағиптардың осы құрылғы арқылы кеңістікті бағдарлауына жағдай жасамақшы. Тағы бір айта кететін жайт Kapital.kz Ғ.Ғабдрешов бастаған ғалымдар тобы енді зағип жандарға арналған электронды жолдарды ойлап тапқанын хабарлады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Зағиптарға электронды әліппе жасаған өнертапқыш-тифлопедагог // Егемен Қазақстан – 2022. – 15 мамыр. – Қолжетімді: https://egemen.kz/article/312049-zaghiptargha-elektrondy-alippe-dgasaghan-onertapqysh-tiflopedagog
  2. Қазақстандық ғалымдардың өнертабысына АҚШ пен Қытай қызығушылық танытып отыр // Qazaq Dauiri. – 2022. – Қолжетімді: https://qazdauiri.kz/news/qazaqstandyq-galymdardyn-onertabysyna-aqs-pen-qytai-qyzygyp-otyr
  3. Қазақстанда зағип балаларға Брайль қарпін үйрететін құрылғы дайындалды // Ulysmedia.kz. – 2022. – Қолжетімді: https://www.qaz.ulysmedia.kz/news/6687-kazakstanda-zagip-balalarga-brail-karpin-uiretetin-elektrondy-ku-rylgy-daiyndaldy/
  4. Ғалымжан және оның командасы зағиптарға көмектеседі // Ақ Жайық. – 2017. – Қолжетімді: https://azh.kz/kz/news/view/54583
  5. Зағип жандарға арналған бірегей аппарат // Saryarqa TV. – 2022. – Қолжетімді: https://saryarqatv.kz/kz/news/21372
  6. Ерекше балаларға ерекше білім  // DenDer.kz. – 2023. – Қолжетімді: https://den-der.kz/zhanalyqtar/bilim/erekshe-balalarga-erekshe-bilim.html
  7. Қазақстандық ғалымның өнертабысы АҚШ-ты қызықтыруда // Жас Алаш. – 2022. – Қолжетімді: https://zhasalash.kz/news/qazaqstandyq-galymnyn-onertabysy-aqsh-ty-qyzyqtyruda-23946/
Проголосовать за статью
Идет голосование
Эта статья набрала 0 голосов (обновление каждые 15 минут)
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий