Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: CCXII Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 15 мая 2025 г.)

Наука: Педагогика

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Доспаева А.А. СТУДЕНТТЕРГЕ КӘСІБИ БАҒЫТТАЛҒАН ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА LESSON STUDY ӘДІСТЕМЕСІН ЕНГІЗУ ӘДІСТЕРІ // Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ: сб. ст. по мат. CCXII междунар. студ. науч.-практ. конф. № 9(211). URL: https://sibac.info/archive/meghdis/9(211).pdf (дата обращения: 09.06.2025)
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

СТУДЕНТТЕРГЕ КӘСІБИ БАҒЫТТАЛҒАН ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА LESSON STUDY ӘДІСТЕМЕСІН ЕНГІЗУ ӘДІСТЕРІ

Доспаева Алина Амантаевна

бағдарламасының 2 курс студенті, «7M01703 – Шет тілдері және «Мәдениетаралық коммуникация» білім беру Х.Досмұхамедова атындағы Атырау университеті,

Қазақстан Республикасы, Атырау

Хайржанова Ахмарал Хатифқызы

научный руководитель,

ғылыми жетекші, қауымдастырылған профессоры, Шетел тілін оқыту кафедрасының, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің,

Қазақстан Республикасы, Атырау

METHODS OF IMPLEMENTING THE LESSON STUDY METHODOLOGY IN PROFESSIONALLY ORIENTED FOREIGN LANGUAGE TEACHING TO STUDENTS

 

Alina Dospaeva

2nd year student of the program "7M01703 - Foreign Languages and Intercultural Communication" Education, Kh. Dosmukhamedov Atyrau University, Republic of Kazakhstan, Atyrau

Akhmaral Khairzhanova

scientific supervisor, associate professor, Department of Foreign Language Teaching, Atyrau University named after Kh.Dosmukhamedov,

Republic of Kazakhstan, Atyrau

 

АННОТАЦИЯ

Мақалада тіл мамандығы  студенттеріне кәсіби бағытталған шет тілдерін оқыту контекстінде Lesson Study әдістемесін қолдану мүмкіндіктері талданады. Әдістемені жүзеге асыру құрылымы көрсетіліп, оның дидактикалық артықшылықтары,  тіл білімі саласындағы болашақ мамандарды даярлаудың кәсіби бағдарын ескере отырып, тілдік білім беруге бейімдеу ерекшеліктері көрсетілген және университетте тілді оқытуға бейімдеудегі негізгі қиындықтар анықталған. Оқыту сапасын арттыру және студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамыту құралы ретінде Lesson Study маңыздылығы атап өтіледі.

ABSTRACT

The article analyzes the possibilities of using the Lesson Study methodology in the context of professionally oriented teaching of a foreign language to students. The structure of the method implementation is presented, its didactic advantages, features of its adaptation to language education are outlined, taking into account the professional orientation of training future specialists in the field of linguistics, and the main difficulties of its adaptation to teaching a language at a university are identified. The importance of Lesson Study as a tool for improving the quality of education and developing students' professional competence is emphasized.

 

Түйінді сөздер: lesson study, кәсіби-бағдарлы шет тілі,  бірлескен жоспарлау, педагогикалық рефлексия, оқу тәжірибесі.

Keywords: lesson study, professionally oriented foreign language, joint planning, pedagogical reflection,  learning experience.

 

КІРІСПЕ

Қазіргі тілдік білім беру студенттердің кәсіби және коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытуға ықпал ететін дәстүрлі академиялық тәсілдерді инновациялық оқыту әдістерімен біріктіруге ұмтылады. Осындай әдістердің бірі - Lesson Study әдістемесі, ол педагогикада оқу тәжірибесін талдау және жетілдіру үшін сәтті қолданылады. Лингвист мамандығының  студенттерін кәсіби іс-әрекетке дайындау контекстінде Lesson Study әдістемесі нақты кәсіби міндеттерге негізделген оқу үдерісін мақсатты түрде құруға  мүмкіндік береді.

Lesson  Study – бұл сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында мұғалімдер тобы жобалайтын, жүргізетін, бақылайтын және талдайтын педагогикалық зерттеудің бір түрі. Әдістеме мақсатты тұжырымдау және сабақты жоспарлауды, оқу сабағын өткізу бағытын,  ұжымдық бақылау және мәліметтер жинау жолдарын, талдау және рефлексияны, түзетулерді ескере отырып, сынақты қажетті болса қайталау кезеңдерін қамтиды. Бұл тәсіл бірлескен оқу, рефлексия және оқу тәжірибесін үздіксіз жетілдіру принциптеріне негізделген.

Тілдік мамандықтар шеңберінде шет тілін оқыту ғылыми және іскерлік лексиканы, кәсіби қарым-қатынастың стильдері мен жанрларын меңгеруді көздейді. Осы мақсатта  Lesson Study кәсіби қарым-қатынас жағдайларын модельдеуді, яғни іскерлік келіссөздер, аудармалар, сұхбаттар, презентациялар, түпнұсқалық мәтіндермен жұмыстарды (ғылыми мақалалар, аннотациялар, нұсқаулар, т.б.),  металингвистикалық рефлексияны, яғни тілдік нормаларды талқылау, аударма шешімдері, терминологиялық қиындықтарды қалыптастыруды  тиімді пайдалануға  мүмкіндік жасайды.

Кәсіби бағытталған шет тілдерін оқытуға Lesson Study енгізудің өзектілігі бірқатар факторлармен анықталады, атап көрсететін болсақ, олар:

  • тіл білімі түлектерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптарды арттыру. Шетел тілін кәсіби контексте меңгеру (аударма, академиялық қарым-қатынас, іскерлік қарым-қатынас) жалпы курстардан тыс терең және мақсатты дайындықты талап етеді.
  • оқыту процесін жекелендіру қажеттілігі. Lesson Study студенттердің нақты қажеттіліктері мен қиындықтарына бейімделген икемді білім беру үлгілерін жасауға және оларды жылдам реттеуге мүмкіндік береді.
  • педагогикалық өзара әрекеттесу қажеттілігі. Lesson Study жүйесін енгізу мұғалімдер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, біртұтас әдістемелік тәсілді қалыптастыруға және шет тілдерін оқытуда тиімді тәжірибе алмасуға ықпал етеді.
  • жоғары оқу орындарына инновациялық тәсілдер интеграциясы. Lesson Study зерттеуге негізделген оқыту әдісі ретінде педагогиканың қазіргі тенденцияларына сәйкес келеді.

Осылайша, Lesson Study-ті пайдалану лингвистикалық студенттерді оқыту сапасын арттыру және олардың кәсіби тілдік құзыреттілігін дамыту үшін уақтылы және тиімді шешім болып табылады.

ТАЛҚЫЛАУ

Қазақстандық білім беру жүйесін жаңғырту жаңа, өзгермелі жағдайларда өмір сүруге ғана емес, сонымен бірге өмір шындығына белсенді түрде әсер етіп,  жақсы жаққа өзгертуге дайын жеке тұлғаны тәрбиелеуді, жаңа ұрпақтың  педагогтарын даярлауды көздейді. Lesson Study – сабақтағы іс-әрекетті зерттеудің ерекше түрін сипаттайтын, оқыту тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған педагогикалық тәсіл.

Lesson Study әдістемесін кәсіби-бағдарлы шет тілін оқыту тәжірибесіне енгізу нәтижелері оның жоғары педагогикалық құндылығын көрсетеді. Бірлескен сабақты жоспарлау және олардың орындалуын кейінгі талдау мұғалімдерге оқу мақсаттарын дәлірек анықтауға, білім апушылардың нақты қиындықтарын есепке алуға, оқытудың кәсіби бағытын ескере отырып, оқу материалдарын жүйелі түрде жаңартуға мүмкіндік береді.

Lesson Study әдісі мұғалімдер үшін бірге жоспарлауда, бірге бақылауда және сабақты жоспарлауға өзгерістер енгізу арқылы оқыту туралы ортақ түсінікті дамытуда тиімді. Бірлескен жұмыстардың нәтижесінде оқытушы білім алушының қиындықтарын, мүмкіндіктерін көре алады. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді  енгізу оқытушының да, білім алушының да    шығармашылық және кәсіби дамуына жол ашады, ол  тәжірибеде инновациялық кәсіби дүниетанымды қалыптастыру жолдарының бірі.

Lesson Study топтық ынтымақтастыққа және педагогикалық құзыреттіліктердің тұрақты дамуына баса назар аударуымен ерекшеленеді. Бұл әдістемелік және мазмұндық мәселелерді бірлесіп шешетін  қоғамдастығын қалыптастыруға, біліктілікті арттырып, тәлімгерлік жүйесіне біріктіруге ықпал етеді. Lesson Study оқыту процесінде алынатын материалды формальды түрде көрсетуден гөрі олардың оқу үдерісін терең түсінуге ауыстыруға көмектесетіні ерекше маңызды болып шықты. Less study-ге қатысқан мұғалімдер студенттердің белсенділігі артқанын, тапсырмаларды орындау сапасының жақсарғанын және шет тілінде кәсіби қарым-қатынас дағдыларының жақсарғанын нақтылайды. Lesson Study-дің негізгі мақсаты оқыту әдістерінің білім алушылардың материалды меңгеру сапасына әсерін зерттеу.

Студенттерді  оқыту контекстінде шет тілін меңгеру коммуникативтік құзыреттілік қана емес, сонымен қатар кәсіби лексиканы, мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін, терминологияны және академиялық қарым-қатынас нормаларын білуді қамтиды. Lesson Study-дің  тиімді жолдарын нақтылайтын болсақ: біріншіден, тіл мен кәсіби дағдыларды біріктіру.

Мәселен, шет тілін кәсіби жағдайда қолдануға бағытталған сабақтарды әзірлеу, қорытындылау, аудару, түйіндеме жазу және т.б.; екіншіден, түпнұсқалық материалдарды жүзеге асырудың табыстылығын талдау, яғни студенттердің кәсіби бағдарланған мәтіндерге қаншалықты қызығушылық танытып, түсінетінін бақылау,  бағалауға; үшіншіден, білім алушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Lesson Study студенттерге сөйлеу жағдайларын, проблемалық жағдайларды және мәдениетаралық қарым-қатынас жағдайларын талдауға көмектеседі және оны жүзеге асыру оқытушылар үшін арнайы кезеңдерден тұрады (Кесте 1).

Кесте 1.

Шетел тілдерін оқытуда Lesson Study бағдарламасын енгізу кезеңдері

Кезеңдер

Жұмыс  мазмұны

1.

Мұғалімдердің жұмыс тобын құру.

Әртүрлі тілді немесе әртүрлі пән мұғалімдерін (мысалы, шет тілі + лингвистика) қосқан жөн.

2.

Оқыту мақсатын анықтау.

Мысалы, ғылыми мәтіндерді аудару немесе ауызша іскерлік қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

3.

Сабақты бірлесіп дамыту.

Түпнұсқалық материалдарды таңдауды, жоба тапсырмаларын және қарым-қатынас жаттығуларын қамтиды.

4.

Сабақты және бақылауды өткізу.

Бір оқытушы сабақты жүргізеді, қалғандары студенттердің мінез-құлқы мен реакциясын жазып алады.

5.

Рефлексия және реттеу.

Онда қай әдістердің тиімді екені және қайсысының тиімді еместігі талқыланады.

 

Lesson Study әдісін енгізудің артықшылықтары: топты дамыту арқылы оқу мазмұны  жақсартылады, қолданылатын әдіс-тәсілдер студенттердің нақты кәсіби қажеттіліктеріне қарай бейімделеді, оқытушылардың едагогикалық өзара әрекеттесуі және тәлімгерлік мәдениеті  дамиды.

Сонымен қатар, белгілі бір қиындықтар да анықталды: дайындық пен талдауға айтарлықтай уақыт шығыны, мұғалімдердің әдістемелік даярлығының қажеттілігі, сондай-ақ институционалдық қолдаудың қажеттілігі  байқалды. Бұл факторлар институционалдық немесе ведомстволық деңгейге көзқарасты кеңейту кезінде назар аударуды қажет етеді. Студенттердің коммуникативтік құзыреттілікті,  яғни  шетел тілін жоғары деңгейде меңгеруін, оқытушылық қызметін талдау және жетілдіру қабілеттерін, мәдени айырмашылықтарды тану және оларды оқытуда пайдалана білуерін қалыптастыру негізгі қажеттілік болып табылады.

НӘТИЖЕ

Болашақ мұғалімдерді тәжірибеге бағытталған оқытуға мән беру, олардың кәсіби құзыреттілігін дамыту ерекше маңызға ие. Бүгінде оқыту сапасын арттыру және рефлексиялық оқыту тәжірибесін дамыту үшін белсенді түрде қолданылатын инновациялық тәсілдердің бірі - Lesson Study. Болашақ шет тілі мұғалімдері үшін Lesson Study әдісінің өзектілігі олардың  әдістемелік құзыреттіліктерін, оқыту әдістерін таңдау және бейімдеу қабілеттерін дамытудың қажеттілігінде.

Lesson Study өзінің құрылымы мен педагогикалық әрекеттерді ұжымдық түсінуге бағытталуының арқасында осы салалардың барлығының дамуына тікелей ықпал етеді. Дұрыс жоспарланған және жүйеге енгізілген әдіс болашақ шет тілі мамандарын  сабақты талдауға, қателерді байқап, оны түзету жолдарын табуға үйретеді,   әдістерді жақсы игеріп, олардың тиімділігін бағалай біледі,  топта жұмыс істеуге, басқа адамдардың пікірін қабылдауға, бір-бірінен үйренуге жетелейді. Оқу процесінде тәжірибеге бағытталған жұмыс нақты сабақтармен, студенттермен және жағдаяттармен орындалады.

Шет тілін оқытуда Lesson Study әдісін  енгізудің бір мысалына тоқталайық:

Студенттер топ құрады. Тақырып: "Past Simple". Олар бірге грамматика және  лексика бойынша сабақ әзірлейді. Оқытушымен бірге олар сабақтың мақсатын, мүмкін болатын қиындықтарды, студенттердің әдеттегі қателерін болжап, талқылап алады. Бір студент сабақты топта жүргізеді, қалғандары топтағы студенттердің қалай әрекет ететінін бақылап, жазып алады. Сабақтан кейін пікірталас жүргізіліп, сабақтың күшті және әлсіз жақтары талданады. Пікірлерді ескере отырып, сабақ пысықталады және басқа студент басқа топпен осы сабақты қайта жүргізеді.

Бұдан шығатын нәтиже:  студенттер бақылау және талқылау арқылы іс-әрекетті орындаушы ретінде ғана емес, талдаушы ретінде де бағалауды үйренгенін, оқыту әдісіне деген сенімдері мен түсінігінің артатынын атап өткен жөн. Университеттің оқу процесіне Lesson Study енгізу аясында оқытушылар мен студенттер бірлесіп сабақтар әзірлеп, талдайды. Мақсаты – оқыту әдістерін жетілдіру және оқыту шеберлігін арттыру. Нәтижесінде студенттердің білім сапасының жақсарғаны және зерттеушілік дағдыларының дамығанын байқауға болады. Студенттер лексикалық сөздіктер жүргізіп, пәнаралық байланыста белсенділік таныта бастады. Бұл пәнді түсінуді жақсартуға және тілдік дағдыларды дамытуға көмектеседі.

Lesson Study әдісін ойын тапсырмалары арқылы студенттердің ынтасын дамытуда қолдануға болады. Бұл жерде студенттердің психологиялық ерекшеліктерін ескеріледі, қайталанатын тапсырмаларды болдырмауға көмектеседі, ойын процесі барысындағы реакцияларын бақылау тұрақты фронтальды жаттығулар арқылы алуға болмайтын құнды деректер береді. Қатысушылар өздерінің оқу процесіндегі рөлін жақсы түсініп, тілдік ойындар мен цифрлық ресурстарды икемді пайдалана бастады.

Осылайша, Lesson Study кәсіби бағытталған шет тілін оқытуда өзінің тиімділігін дәлелдеді және студенттің де, оқытушының да құзыреттілігін дамытудың перспективалық құралы ретінде қарастыруға болады. Дегенмен, тұрақты жүзеге асыру ұйымдық қолдауды және білім беру үдерісіне қатысушылардың кәсіби дайындығын талап етеді.  Бұл жаңа әдіс  жеке сабақтардың тиімділігін арттыруды ғана емес, сонымен қатар ынтымақтастықтың педагогикалық мәдениетін дамытуды және жоғары оқу орындарында оқытуды тұрақты жақсартуды қамтамасыз етеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Lesson Study әдісі лингвистикалық студенттерге кәсіби бағытталған шет тілдерін оқыту үдерісін жетілдіруге кең мүмкіндіктер ашады. Ол оқытудың икемді, мақсатты және болашақ мамандардың нақты кәсіби тәжірибесіне бағытталған. Бұл әдісті жүзеге асыру ұйымдастырушылық дайындықты қажет етеді, бірақ ұзақ мерзімді перспективада оқу процесінің тиімділігін айтарлықтай арттырады. Lesson Study болашақ мұғалімдердің әдістемелік, коммуникативтік және рефлексиялық дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Сабақты бірлесіп жоспарлау және талдау тиімді оқыту әдістерін анықтауға және оларды студенттердің қажеттіліктеріне бейімдеуге көмектеседі. Lesson Study-ге қатысу студенттердің мотивациясын, олардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады және олардың кәсіби өсуіне ықпал етеді.

Сонымен, оқыту үдерісінде білім алушылардың басқарушылық, ақпараттық, танымдық, коммуникативтік әлеуметтік, тұлғалық, азаматтық технологиялық құзыреттіліктерін дамыту әдістемесін басшылыққа ала отырып, заман талабына сай оқытудың интербелсенді әдістерін тиімді қолданудың қажеттігі байқалды. Lesson Study жүргізудің негізгі мақсаты білім сапасын арттыру үшін интербелсенді әдістерді тиімді қолдану  болғандықтан сабақ барысында белсенді оқытудың әдіс -тәсілдері қолданылды. Диалогтік әдіс, жұптық, топтық жұмыстар, сәйкестендіру, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру және  тілде жаттықтыру мақсатында Lesson Study әдісін қолдану студенттердің  қызығушылығына үлкен серпініс берді.

Қорыта келгенде Lesson Study әдісінің негізгі ұғымы- бірлесу. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы  оқыту туралы бірлескен пікір қалыптасады. Бұл жағдайда оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін  нәрселерді аңғаруымызға түрткі болады. Lesson Study- де қатып қалған қағидалар жоқ, тек  осы әдіс ауқымында өз жолымызды табуға ұмтылу керек. Демек, Lesson Study  оқытушыға өз жұмысында барлығынан хабардар болып, өмір бойғы тәжірибесінде әрбір студенттің қажеттілігін ескеріп отыруға мүмкіндік береді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Степанова, М. В. Методика преподавания иностранного языка в вузе: учебное пособие / М. В. Степанова. — М.: Флинта, 2020. — 192 с.
  2. Dudley, P. Lesson Study: Professional Learning for Our Time / P. Dudley. — London: Routledge, 2014. — 196 p.
  3. Гусева, Н. Н. Профессионально-ориентированное обучение иностранному языку в вузе / Н. Н. Гусева. — СПб.: Лань, 2018. — 248 с.
  4. Fernandez, C., & Yoshida, M. Lesson Study: A Japanese Approach to Improving Mathematics Teaching and Learning. — Mahwah, NJ: Lawrence Erlbaum Associates, 2004. — 248 p.
  5. Хуторской, А. В. Современные дидактические системы: учебное пособие / А. В. Хуторской. — М.: Академический проект, 2013. — 304 с.
  6. Lewis, C. Lesson Study in Initial Teacher Education: Principles and Practices. // International Journal for Lesson and Learning Studies. — 2016. — Vol. 5(2). — P. 160–172.
  7. Пралиев С.Ж., Жампеисова К.К., Хан Н.Н., Колумбаева Ш.Ж., Кайдарова А.Д. Концептуальные основы системной модернизации высшего педагогического образования РК //Педагогика и психология: научно-методический журнал КазНПУ им. Абая. – №1(22), 2015. – С.44-60.
  8. Пит Дадли. Lesson Study: теория и практика применения.  Астана, 2013.– 46с.
  9. Таубаева Ш.Т. Научные основы формирования исследовательской культуры учителя общеобразовательной школы: дис.    ...  Алматы, 2001. – 135 с.
  10. Харькин В.Н. Педагогическая импровизация: теория и методика. –  М., 2000. – 157 с.
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий