Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: CCVII Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 27 февраля 2025 г.)

Наука: Педагогика

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Олжағали А.Б. ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? // Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ: сб. ст. по мат. CCVII междунар. студ. науч.-практ. конф. № 4(206). URL: https://sibac.info/archive/meghdis/4(206).pdf (дата обращения: 07.03.2025)
Проголосовать за статью
Идет голосование
Эта статья набрала 0 голосов (обновление каждые 15 минут)
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Олжағали Арай Бекболатқызы

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Магистрант,

Қазақстан, Орал

АҢДАТПА

Ұсынылып отырған мақалада инклюзия, инклюзивті білім беру ұғымдарына анықтама беріліп, инклюзивті білім берудің мақсат-міндеттері мен принциптері көрсетілді. Инклюзия ұғымының бастауы, негізгі нормативтік құжаттар, білім беру ұйымдарындағы қолданылуы жөнінде қарастырылған.

 

Түйін сөздер: инклюзия, инклюзивті білім беру, баршаға арналған білім.

 

Қазіргі кезде туа біткен немесе жүре пайда болған ақаулары бар балалар саны көбеюде. Бұл бүкіл әлемдегі өзекті мәселелердің бірі. Мемлекет балалардың дамуындағы ауытқуларды ерте диагностикалау және организмнің компенсаторлық функцияларына байланысты бұл ауытқуларды ерте түзету міндетін қояды. Білім беру жүйесі өз кезегінде мүмкіндігінше осы санаттағы балаларды жаппай балабақшалардағы, жалпы білім беретін мектептердегі, кәсіптік лицейлердегі және жоғары оқу орындарындағы оқу процесіне қосуы керек және бұл процесс білім беру саласында инклюзия, инклюзивті білім беру деп аталады. Ендігі кезекте, инклюзия, инклюзивті білім беру ұғымдарына анықтама беретін боламыз.

«Инклюзия» ұғымы француз тілінде «inclusif» - «өзіне кіріктірген», латын тілінде «include» - «ендіремін, қосамын», ағылшын тілінде «араластырамын» деген мағынаны береді.

Инклюзия – мүмкіндіктері әртүрлі балаларды кәдімгі балалар ортасына, яғни қолжетімді мектеп өмірінің барлық жағымды жақтарына толығымен қосу.

Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Нағыз инклюзия білім берудің 2 жүйесін: жалпы білім беруді және арнайы білім беру жүйесін бірлікте қарастырады.

Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.

Инклюзивті оқытудың кең мағынадағы мәні:

  1. Барлық балаларды, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларды да жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеу;
  2. Баланы дене, психоэмоциялық, әлеуметтік және т.б. мұқтаждықтарына қарай дамыту-түзету және арнайы қолдау, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат;
  3. Балаларды бір-бірінен айыратын кедергілерді барынша жою үшін тұтас қоғам боп атсалысу және осы жолда ата-аналардың белсенділігіне сүйену.[1]

Инклюзивті білім беру – дене, интеллектуалдық, әлеуметтік, эмоционалдық, тілдік және т.б. ерекшеліктеріне қарамастан білім алуына, тәрбие мен оқытудың жалпы процестеріне қатысуына мүмкіндік беріп, өсіп келе жатқан тұлғаның қоғамның тең мүшесі болуына жол ашып, шектеушілік пен оңашалау қауіп-қатерін төмендетеді.

ЮНЕСКО-ның «Баршаға арналған білім» халықаралық бағдарламасында – инклюзивті білім беру барлық білім алушыларға жынысына, әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне, ұлтына, жасына, дініне және т.б. қарамастан сапалы білім алуға және өз әлеуетін дамытуға тең мүмкіндіктер беруді білдіреді.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвенциясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.

Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. [2]

Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру ұғымы алғаш рет заң жүзінде 2011 жылы 24 қазанда «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына енгізілді. «Білім туралы» Заңының 8-бабы 6-тармағында мемлекет инклюзивті білім беруді іске асыра отырып, даму мүмкіндігі шектеулі азаматтарды білім берудің барлық деңгейлерінде білім алуы үшін арнайы жағдайларымен қамтамасыз етеді деп белгіленген. [3]

Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру ерекшелігі – мүмкіндігі шектеулі балаларды сыртқы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мекемелерінің дамыған желісі және жеткілікті әлеуеті.

Инклюзивті білім берудің мақсаты – барлық санаттағы тұлғалардың сапалы білім алуға тең құқықтарын жүзеге асыру.

Инклюзивті білім берудің міндеттері:

  • Әркімнің сапалы білім алу құқығын қолдау жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру;
  • Төзімділік қарым-қатынас мәдениетін, білім алушылардың білім алудағы мүмкіндіктерінің әртүрлілігіне шыдамдылық көзқарасын дамыту;
  • Балалармен жұмыс істеуде әртүрлілікті енгізу педагогтар үшін кедергі немесе проблема емес, керісінше олар үшін жаңа кәсіби мүмкіндіктер ашатынын түсінулеріне көмектесу;
  • Білім беру ұйымдарының әкімшілігіне инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық қамтамасының, саясаты мен әдіснамасының мәселелері бойынша кеңес беру;
  • Педагогтарға оқу-тәрбие процесі барысында туындайтын инклзюзивті білім беру практикасының жеке мәселелері бойынша кеңес беру;
  • Педагогикалық қоғамдастықты педагогикалық ғылымның ең жаңа жетістіктерімен таныстыру. [4]

Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері:

  • Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталды;
  • Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті;
  • Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы;
  • Барлық адам бір-біріне қажет;
  • Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады;
  • Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен досытығын қажет етеді;
  • Әрбір оқушы үшін жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру;
  • Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. [5]

Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы. [2]

Инклюзивті оқыту жүйесі жалпы және арнайы білім беру мамандарының міндетті, сапалы және тұрақты өзара іс-қимылын, сондай-ақ мамандар мен отбасы арасында тұрақты ақпарат алмасуды ұйымдастыруды көздейді, яғни іс жүзінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қоса алғанда білім беру процесінің барлық қатысушыларының мүдделерін байланыстыруды көздейді.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға инклюзивті білім беруде ең бастысы – құрдастарымен бірге әлеуеті өсіп, білім беру тәжірибесінде тең меңгерімінің болуы. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жалпы білім беру бағдарламасын сәтті меңгеру үшін әр оқушының жеке жоспарына, өзіне қажет ақпаратты беру тәсілдерінің өзгерістерін енгізу қажет. Бұл дегеніміз, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға сыныптастарымен салыстырғанда ерекше жағдайлар жасалуы керек: тапсырманы орындау формасын өзгерту, мерзімі, т.б.

Әр баланы психолог, дефектолог, логопед, т.б. мамандардың бірлескен зерттеу жұмыстары мен оның нәтижелерін қорытындылап, кезеңдермен жаңарту. Мамандардың бірнеше бағыттарда жұмыс жасауына, олардың ата-аналарымен арнайы педагогика талаптарына сай бірлесе жұмыс жасауда, олардың психологиялық ауыр жағдайымен санаса, бірлесе жұмыс жасау да, нұсқаулықтарды қажет етеді. [6]

Біздің елімізде инклюзивті білім беру даму үстінде және инклюзивті білім берудің негізгі бағыттарын белгілеп көрсетеді: инклюзивті білім беруді нормативтік-құқықтық және қаржылық-экономикалық қамтамасыз ету, қоғамдық пікірді қалыптастыру, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, кадрларды даярлау және қайта даярлау, білім беруді дамыту үшін жағдай жасау, ерекше білімді қажет ететін адамдарды жалпы білім беру процесіне қосу.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. М. Оспанбаева. Инклюзивті білім беру мазмұны және әдістемесі. Алматы. 2019. 88-92б.
  2. Жанахметова А.М. Қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру. Инклюзивті білім беру. 12 жылдық білім беру. №2. 2021. 45-50 б.
  3. Шүйіншина Ш.М. Мұхамедханова А.К. Мукашева М.У. Шөпшібаев К.К. Инклюзивті білім берудің рөлі және оны дамытудың маңыздылығы. 12 жылдық білім беру. 2016. 48-52 б.
  4. Тлеумбетова А.Ү. Инклюзивті білім беру. Дефектология. №2. 2022. 3-6 б.
  5. Хожамбердиев К.Т. Инклюзивті білім беру. Педагогика мәселелері. №4. 2016. 22-24 б.
  6. Тасыбеков А.Е. Маликқызы Ш. Инклюзивті оқыту заманауи білім беру үдерісіндегі жаңғыртудың құрамдас бөлігі ретінде. Дефектология. №2. 2022. 11-13 б.
Проголосовать за статью
Идет голосование
Эта статья набрала 0 голосов (обновление каждые 15 минут)
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий