Статья опубликована в рамках: CCIV Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 09 января 2025 г.)
Наука: Юриспруденция
Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции
дипломов
СОТТЫЛЫҚ
СУДИМОСТЬ
Есболова Жангулим Жамбылович
студент, Факультет истории, экономики и права, Западно-Казахстанский Государственный Университет имени Махамбета Утемисова,
РК, г. Уральск
Есенгазиева Айнур Калимовна
научный руководитель, магистр юрид. наук, старший преподаватель, Западно-Казахстанский Государственный Университет имени Махамбета Утемисова,
РК, г. Уральск
АҢДАТПА
Мақалада Азаматтық процестік кодексі бойынша Соттылық мәселесі қарастырылады. Соттылықтың ұғымы, түрлері, оның азаматтық істерді қараудағы рөлі мен ерекшеліктері талданады. Сонымен қатар, кодекстегі соттылықты анықтаудың негізгі критерийлері мен қағидалары сараланып оларға тереңірек сырт көз жағынан назар аударылады.
АННОТАЦИЯ
В статье рассматривается вопрос подсудности по гражданскому процессуальному кодексу. Анализируются понятие, виды судимости, ее роль и особенности в рассмотрении гражданских дел. Кроме того, будут дифференцированы основные критерии и принципы определения подсудности в Кодексе, на них будет обращено внимание со стороны более глубокого взгляда.
Кілт сөздер: соттылық, азаматтық процестік кодекс, юрисдикция, аймақтық соттылық, шарттық соттылық.
Ключевые слова: подсудность, гражданский процессуальный кодекс, юрисдикция, региональная подсудность, договорная подсудность.
Соттылық – бұл соттардың азаматтық істерді қарау бойынша құзыретін анықтайтын ережелер жиынтығы. Соттылық азаматтардың құқықтарын қорғауды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, себебі ол істерді белгілі бір аумаққа, тараптарға және даудың сипатына қарай тиісті соттың қарауына бағыттайды.[1, б. 26бап-34бап] Соттылық азаматтық процестегі екі негізгі аспектіні қамтиды:
1. Істерді әділ бөлу – әрбір іс үшін сот деңгейін және оның географиялық орнын дұрыс анықтау.
2. Соттардың жүктемесін оңтайландыру – істі қарау үшін құзыретті органды таңдау арқылы сот жүйесінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету.
Қазақстанда Азаматтық Процестік Кодекс 2015 жылы жаңартылып, сот жүйесінің заманауи талаптарға бейімделуін қамтамасыз етті. Соңғы жылдары енгізілген татуластыру рәсімдері сот жүктемесін айтарлықтай азайтып, дауларды бейбіт жолмен шешуге ықпал етті. Азаматтық істерді электронды түрде қарау және "Сот кабинеті" платформасы арқылы құжаттарды тапсыру мүмкіндігі сот процесінің ашықтығы мен тиімділігін арттырды. Сонымен қатар, Қазақстанда сот тәжірибесінде сот төрелігін жетілдіруге бағытталған бірқатар инновациялық әдістер қолданылуда, мысалы, жеңілдетілген іс жүргізу және бейнеконференция арқылы отырыстар өткізу. [4]
Соттылықтың түрлері - ҚР АПК-не сәйкес соттылық бірнеше түрге бөлінеді:
1. Ерекше соттылық - белгілі істерді заңда көзделген соттармен қарау соттылығы
2. Балама соттылық - талап қоюшының таңдау бойынша сотта іс қарау соттылығы
3. Жалпы соттылық - жауапкердің тұрғылықты жері бойынша анықталатын соттар
4. Істің байланыстағы бойынша соттылық - аумағына қарамастан дау алғашқы талап қарастырылған сотта шешілуі
5. Шарттық соттылық - тараптардың келісімдері бойынша белгілінетін соттылық [2, б. 122]
Соттылық ережелерін бұзу азаматтық істің қаралуына кері әсер етеді. Егер талап арыз құзыретсіз сотқа берілсе, сот істі қараусыз қалдырады немесе оны тиісті сотқа жібереді. Бұл процестің созылуына және тараптардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына алып келуі мүмкін. Сондықтан талап қоюшы соттылықтың барлық ерекшеліктерін ескеруі тиіс. [3, б. 215-217]
Соттылыққа қатысты Қазақстанда:
Жерге, мүлікке, неке-отбасы қатынастарына қатысты істер жиі кездеседі. Коммерциялық даулар, әсіресе халықаралық қатысуы бар істер, Астана халықаралық қаржы орталығының (AIFC) соттарында қаралуы мүмкін.
Ресейдегі соттылықтың ерекшеліктері
Ресейдің Азаматтық Процестік Кодексі 2002 жылы қабылданған және азаматтық істердің қатаң тәртіпте қаралуын көздейді. Бұл елде сот жүйесінің иерархиясы күрделі, соның ішінде:Әдеттегі азаматтық істерді аудандық соттар қарайды. Арбитраждық соттар экономикалық және кәсіпкерлік дауларды шешеді.
Қорытындылай келе Соттылық азаматтық процестік құқығында маңызды рөл атқарады, себебі ол азаматтық істерді дұрыс және тиімді қараудың негізі болып табылады. Азаматтық процестік кодексте соттылықтың әртүрлі түрлерін нақты реттеу азаматтардың сотқа жүгіну құқығын қорғауды қамтамасыз етеді. Соттылық нормаларын дұрыс қолдану сот төрелігінің әділдігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер тізімі:
- ҚР Азаматтық Процестік Кодекс.2015. — 26 бап-34 бап.
- Е.О. Егенбердиев, Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы. «Фолиант» басшысы, 2006. — 122 б.
- Баянов Е. Құқық негіздері. Алматы: Жеті Жарғы, 2001. – 215–217-беттер.
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері: Adilet.kz.
дипломов
Оставить комментарий