Статья опубликована в рамках: CCIII Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 26 декабря 2024 г.)
Наука: Физика
Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции
дипломов
ОРТА МЕКТЕПТЕ ФИЗИКА КУРСЫНЫҢ «ТҰРАҚТЫ ТОК» ТАРАУЫН ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
АҢДАТПА
Бұл мақалада орта мектепте физика пәнінің «Тұрақты ток» тарауын оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың әдістемелік негіздері қарастырылады. Инновациялық технологиялардың оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын жақсартуға ықпалы талданады. Мақалада қандай инновациялық технологиялар қолдануға болады. Сондай-ақ, заманауи технологияларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру және эксперименттік дағдыларын дамыту жолдары ұсынылған. Бұл зерттеу нәтижелері физиканы оқыту процесін жетілдіруге және білім берудің тиімділігін арттыруға бағытталған.
ABSTRACT
This article deals with the methodological basis of using innovative technologies in the teaching of the "Direct current" chapter of the physics subject in high school. The impact of innovative technologies on increasing students' interest in the subject and improving the quality of education is analyzed. What innovative technologies can be used in the article. Ways to increase students' cognitive activity and develop their experimental skills by using modern technologies are also presented. The results of this research are aimed at improving the process of teaching physics and increasing the efficiency of education.
Кілтті сөздер: инновация, тұрақты ток, ток көздері, оқулық, ойын технологиясы.
Keywords: innovation, direct current, current sources, textbook, game technology.
Педагогикалық инновация - педагогикалық жүйедегі жаңашылдық. Инновация (лат. innovis) - жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді. Энциклопедиялық сөздіктерде «инновация» əр түрлі анықталады. Т.И.Шамова, П.И.Треьяковалардың еңбегінде «Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз - тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни, инновация үрдісін мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің əдіс-тəсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген. [1].
Ал, ең алғаш «инновация» ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Н.Нұрахметов: «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану жəне таратуға байланысты бір бөлек қызметі» [2], деген анықтаманы ұсынады. Инновациялық технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру оқушыларды заманауи талаптарға дайындайды және оларға тез өзгеретін әлемде сәтті бейімделу құралдарын ұсынады.
Қазіргі таңда білім беру үдерісінде кеңінен қолданылып жүрген бірнеше инновациялық технологияларды атап көрсетуге болады:
1. Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың əдістері мен тəсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
2. Проблемалық оқыту технологиясы. Проблемалық оқыту – мұғалім басшылығы мен қиын мəселелерді туғызу жəне оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мəселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.
3. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады: – ассоциация; – бірлестік қызмет; – көзқарасын талдау мен дəлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша: – оқу үрдісінде қызығушылық артады; – оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады; – оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.
4. Деңгейлік саралау технологиясы. Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға əртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; əдістемелік педагогикалық-психологиялық жəне ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.
5. Даралап оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады. – мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді; – оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін əдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.
6. Топтық технология. Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші жəне төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді. Сыныпта мұғалім оқушылармен интерактивті тілдесу арқылы тиімді əңгіме үлгісін жасай алатын, оқыту үшін зерттеуге жəне өзара ынтымақтастыққа ықпал ететін жағдай жасауға міндетті.
Тұрақты ток тарауы бойынша бірқатар оқу материалы 8 және 10 сыныптың физика оқулығында баяндалған, 8 сыныпта - 14 сағат бөлінген, 10 сыныпта- 9 сағат бөлінген,
1 кесте.
8 және 10 сыныптарда Тұрақты ток тарауында өтілетін тақырыптар[3, 4].
8-сыны |
10- |
Электр тогы. Ток көздері. Электр тізбегі және оның құрамдас бөліктері. |
Электр тогы. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. |
Ток күші. Өткізгіштің электр және меншікті кедергісі. Электр кернеуі. |
Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау. Толық тізбек үшін Ом заңы. |
Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы. Резисторлар. Реостаттар. |
Кирхгоф ережелері. |
Өткізгіштерді тізбектеп және параллель жалғау. |
Токтың жұмысы мен қуаты. Электр тогының жылулық әсері. Джоуль – Ленц заңы. |
Электр тогының жұмысы мен қуаты. Токтың жылулық әрекеті. Джоуль – Ленц заңы. |
|
Металдардың электр кедергілерінің температураға тәуелділігі. Асқынөткізгіштік. |
|
Электрқыздырғыш аспаптар. Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар. |
|
Электр тогының табиғаты және химиялық әрекеті. Фарадей заңы. |
|
Тұрақты ток тарауын оқушыларға ойын технологиясы арқылы сол тарауға байланысты ұғымдармен таныстыруға болады. Ең алдымен мына төмендегі суреттерге назар аудара кететін болсақ, осы төрт сурет арқылы тұрақты ток тарауына байланысты бір сөз шығады. 1-суретте 4 суреттің ортақ бір байланысы Ток көзі деген ұғым пайда болады. Кейін оқушыларға осы ұғым жайлы түсінік бере кетеміз.
Ток көзі — электр тогын тудыратын және оны сақтайтын құрылғы. Ол электр энергиясын өндіреді немесе энергияның басқа түрлерін (механикалық, химиялық, жылулық) электр энергиясына айналдырады.
1 – сурет. Ток көздері
2-суретте оқушылар ток әсерлері ұғымымен танысады. Мұнда 4 ток әсерлерін сипаттайтын құралдардың суреті бейнеленген.
Ток әсерлері электр тогының заттар мен жүйелерге тигізетін әртүрлі ықпалдарын сипаттайды. Электр тогы өткен кезде, оның бірнеше негізгі әсерлері байқалады:
1. Жылулық әсері
Электр тогы өткізгіштен өткен кезде, оның кедергісіне байланысты жылу бөлінеді. Бұл құбылыс Джоуль-Ленц заңы бойынша сипатталады:
Мұнда Q – бөлінген жылу мөлшері, I – ток күші, R – өткізгіштің кедергісі, t – токтың өту уақыты.
Мысалы: Электр шамының қызуы, электр жылытқыштар жұмысындағы жылу бөлу.
2. Магниттік әсері
Электр тогы магнит өрісін тудырады. Бұл құбылысты 1820 жылы Эрстед ашқан. Тогы бар өткізгіштің айналасында магнит өрісі пайда болады, бұл өріс токтың бағыты мен күшіне байланысты өзгереді.
Мысалы: Электромагниттер, электр қозғалтқыштары, генераторлар.
3. Химиялық әсері
Электр тогы сұйықтарда өткен кезде химиялық реакциялар тудырады. Бұл электролиз құбылысы деп аталады.
Мысалы: Металдарды қаптау (гальваника), сутегі мен оттегіні суды ыдырату арқылы алу.
4. Физиологиялық әсері
Электр тогының тірі организмдерге әсері – оның бұлшық еттерді жиырылтуы, жүйке жүйесіне әсер етуі. Бұл әсер ток күшіне және өту уақытына байланысты қауіпті болуы мүмкін.
Мысалы: Тұрмыстық электр тогының адам ағзасына тигізетін қаупі.
2 – cурет. (Ток әсерлері = жылулық, химиялық, магниттік, Физиологиялық)
3 – сурет. Ом заңы
3-суретте осы Тұрақты ток тарауының негізі Ом заңы жасырылған. Тізбек бөлігі үшін Ом заңына қысқаша анықтама бере кетсем,
Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы бойынша ток күші түсірілген U кернеуге тура, өткізгіштің R кедергісіне кері пропорционал болады: () [5].
Ойын технологияларын қолдану нәтижесінде алынған маңызды нәтиже оқушылардың «Тұрақты ток» тарауын бойынша білімдерін бекіту болды. Ойын түрінде осы 3 сурет 1 сөз ойыны арқылы басқа да ойын түрлері арқылы тапсырманы орындай отырып, балалар дәстүрлі ауызша сауалнамалар мен мен оқулықтағы мәселелерді шешуден гөрі оқу материалын есте сақтауда әлдеқайда тиімді екендігі анықталды.
Қорытындылай келе, физика пәнін өту барысында оқушылардың белсенділігін арттыру үшін әртүрлі инновациялық технологияларды қолдануға болады. Физика сабақтарын өту оқушылардың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін мұғалімнің қолданатын басты тәсілі – ойын. Ойын технологиясы біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, өзіндік білімін өмір тәжірибесін жинақтауға көмектеседі. Ол дем алу, көңіл көтеру бола тұра оқуға, шығармашылыққа баулиды. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да соғұрлым арта түседі. Ойын технологиялары оқу процесінің тиімділігін арттырудың қосымша әдістемелік құралдарының бірі болып табылады.
Әдебиеттер тізімі:
- Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Оқу құралы. Алматы: Жазушы, 2004. 208 б.
- Д.О. Айтенова, Н.Ш. Базарбекова Абай атындағы ҚазҰПУ-ң хабаршысы «Педагогика ғылымдары» сериясы 2023.№1 (77) 133-139.
- Кронгарт Б.А., Насохова Ш.Б. Физика Жалпы білім беретін мектептің 8 – сыныбына арналған оқулық,- Алматы: Мектеп, 2018 – 232б.
- Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика Ф49 бағытындағы 10 сыныбына арналған оқулық. 2-бөлім. / Б.А Кронгарт, Д.М.Қазақбаева, О.Имамбеков, Т.Қыстаубаев, - Алматы: Мектеп, 2019, - 200б.
- Намазбаев Қ. Т. Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. 2 бөлім. Жеке тақырыптар мен тараулар. «Физика» мамандығы бойынша студенттерге арналған оқу құралы. – Талдықорған: І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, 2015.- 339 б.
дипломов
Оставить комментарий