Поздравляем с Новым Годом!
   
Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: CCIII Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 26 декабря 2024 г.)

Наука: Юриспруденция

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Амандаулетқызы А. ЖЕТІМ ЖӘНЕ АТА-АНА ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ // Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ: сб. ст. по мат. CCIII междунар. студ. науч.-практ. конф. № 24(202). URL: https://sibac.info/archive/meghdis/24(202).pdf (дата обращения: 05.01.2025)
Проголосовать за статью
Идет голосование
Эта статья набрала 0 голосов (обновление каждые 15 минут)
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ЖЕТІМ ЖӘНЕ АТА-АНА ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Амандаулетқызы Ақниет

6В04202 – «Құқықтану» білім бағдарламасының 4 курс студенті, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті,

Қазақстан Республикасы, Орал қаласы

Құмарова Ұлдай Құмарқызы

научный руководитель,

ғылыми жетекшісі, з.ғ.м., аға оқытушы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті,

Қазақстан Республикасы, Орал қаласы

ПРАВА СИРОТ И ДЕТЕЙ, ОСТАВШИХСЯ БЕЗ ПОПЕЧЕНИЯ РОДИТЕЛЕЙ

 

Амандаулеткызы Акниет

студент 4 курса образовательной программы «Юриспруденция», Западно-Казахстанский университет имени М. Утемисова,

Республика Казахстан, г. Уральск

Кумарова Улдай Кумаровна

научный руководитель, магистр юрид.наук, старший преподаватель, Западно-Казахстанский университет имени М. Утемисова,

Республика Казахстан, г. Уральск

 

АННОТАЦИЯ

Бұл ғылыми-мақалада қазіргі таңдағы ауқымды тақырып – «Жетім және ата-ана қамқорлығысыз қалған балалардың құқықтары» туралы айтылады. Бұл жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар – қоғамның ерекше қорғауды қажет ететін тобы. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен “Баланың құқықтары туралы” заңы оларға білім алу, денсаулық сақтау, баспана және отбасында тәрбиелену құқықтарын қамтамасыз етеді. Дегенмен, балалар үйіндегі жағдайлар, қоғамға бейімделу және асырап алу жүйесіндегі қиындықтар олардың құқықтарын толық жүзеге асыруға кедергі келтіруде. Осы мәселелерді шешу үшін заңнаманы жетілдіру, отбасылық тәрбиені насихаттау және психологиялық қолдау көрсету маңызды. Балалардың құқықтарын қорғау – мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті.

АННОТАЦИЯ

В данной научной статье рассматривается актуальная тема современности – «Права детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей». Дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, являются наиболее уязвимой категорией общества, нуждающейся в особой защите. Конституция Республики Казахстан и Закон «О правах ребенка» гарантируют им права на образование, здравоохранение, жилье и воспитание в семейной среде. Однако условия в детских домах, проблемы адаптации в обществе и трудности в системе усыновления препятствуют полноценной реализации этих прав. Для решения данных вопросов необходимо совершенствовать законодательство, популяризировать семейное воспитание и оказывать психологическую поддержку. Защита прав детей – это задача не только государства, но и всего общества.

 

Кілт сөздер: ата-ана,  балалар үйі, жетім, конвенция, көмек, волонтер.

Ключевые слова: родители, детский дом, сирота, конвенция, помощь, волонтер.

 

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар – қоғамның ең осал топтарының бірі. Бұл балалар ерекше қорғауды қажет етеді, өйткені олар толыққанды отбасылық тәрбиеден тыс қалып, психологиялық және әлеуметтік қиындықтарға тап болады. Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мәселесі – кез келген мемлекеттің әлеуметтік және құқықтық саясатының маңызды бағыттарының бірі. Бұл балалар ерекше қорғауды, қолдауды және қоғам мен мемлекеттің назарын қажет етеді. Қазақстанда жетім балалардың құқықтарын қорғау және оларды қоғамға бейімдеу мәселесі мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Алайда, балалар үйіндегі жағдайлар мен асырап алу жүйесіндегі кемшіліктер бұл процесті қиындатуда.  Қазақстанда мұндай балалардың құқықтары заң жүзінде қорғалғанымен, оларды іс жүзінде жүзеге асыруда түрлі қиындықтар туындауда.  Қазақстан Республикасының Конституциясы және "Баланың құқықтары туралы" заң жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғайтын негізгі құқықтық актілер болып табылады. Бұл құжаттарда баланың лайықты өмір сүру жағдайларына құқығын яғни білім алу, денсаулық сақтау, баспана және отбасында тәрбиелену құқықтарын және мемлекет тарапынан ерекше әлеуметтік қолдау көрсету міндеттемелерін бекітеді.  Сонымен қатар, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының "Балалар құқықтары туралы конвенциясына" қосылған, бұл мемлекеттің халықаралық стандарттарды сақтауға міндетті екенін көрсетеді.

Қазақстанда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайын жақсарту мақсатында бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылуда. Соңғы жылдары балалар үйінің санын азайту және оларды патронаттық немесе асырап алушы отбасыларға орналастыруға басымдық берілуде. Алайда, негізгі мәселелердің бірі жетім балалардың санының өсуі. Кейбір отбасылардың әлеуметтік жағдайының нашарлауы, миграция және ата-ананың жауапсыздығы балалардың жетім қалуына әсер етуде.  Жетім балалардың балалар үйлеріндегі жағдайы. Көптеген балалар үйлерінде ресурстардың жеткіліксіздігі, психологиялық қолдаудың аздығы байқалады. Және соңғысы отбасына бейімделу қиындықтары. Балалар үйінен шыққан жастардың қоғамда өз орнын табуы қиын. Жұмысқа орналасу, баспана табу және психологиялық бейімделу мәселелері маңызды болып отыр. Балалар үйлері – бұл ата-анасыз қалған балаларды қорғау мен тәрбиелеудің уақытша орны. Дегенмен, мұндай мекемелердің жағдайы әрдайым талапқа сай емес болуы. Осы тұрғыда ең негізгі мәселелер: 1. Психологиялық қолдаудың жетіспеушілігі балалар үйінде тәрбиеленгендер жиі эмоционалдық және әлеуметтік даму проблемаларына тап болады. Олар өздерін жалғыз сезініп, болашаққа сенімсіздікпен қарайды. 2. Ресурстардың жеткіліксіздігі бұл көптеген балалар үйлерінде материалдық базаның әлсіз болуы: оқу құралдары, ойын-сауық және шығармашылық дамыту ресурстары жетіспейді. 3.Кадр тапшылығы балалар үйлерінде тәжірибелі педагогтар мен психологтардың саны жеткіліксіз. Бұл балаларға жеткілікті деңгейде жеке көңіл бөлуге мүмкіндік бермейді. 4.Өмірге бейімделудің қиындығы.

Балалар үйінен шыққан жастардың қоғамда өз орнын табуы қиын. Олар дербес өмір сүруге дайын болмай, жұмысқа орналасу және баспана мәселесінде қиындықтарға тап болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың өмірін жақсарту мәселесіне ерекше назар аударып келеді. 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялау арқылы ол өскелең ұрпақтың болашағына аса мән берді. Бұл бастама аясында балаларды қорғау, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынды. Мысалы, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы іске қосылып, 2026 жылға дейін 842 000 оқушыға арналған 401 жаңа мектеп салу жоспарланды. Сонымен қатар, балалардың шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамыту мақсатында 458 мыңнан астам бала тегін секциялар мен үйірмелерге қатысу мүмкіндігіне ие болды. Президенттің бұл бастамалары жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың өмір сапасын арттыруға, олардың қоғамға толыққанды интеграциялануына және болашақта өз орындарын табуына бағытталған. Қоғамға бейімдеу жолдары: Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді қоғамға бейімдеу олардың толыққанды өмірге дайындалуы үшін аса маңызды. Негізгі қадамдарына білім беру және кәсіби даярлық.

Балаларға сапалы білім беріп, оларды болашақ мамандыққа дайындау маңызды. Бұл үшін арнайы оқу курстары, гранттар және кәсіби бағдарлау бағдарламаларын дамыту қажет. Психологиялық қолдау балаларға тұрақты психологиялық көмек көрсету арқылы олардың өзіне деген сенімділігін арттыру керек. Тәлімгерлік бағдарламалар жетім балаларды тәлімгерлермен, яғни қоғамдағы тәжірибелі адамдармен байланыстыру арқылы олардың қоғамға бейімделуін жеңілдетуге болады. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы турлы заңы 127-бабында Мемлекет тарапынан, әлеуметтік қолдау жетім және ата-ана қамқорлығысыз қалған балаларға, жастарға мемлекет тарапынан жеңілдіктер мен қолдау көрсету: тегін білім алу, баспана беру,  жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыру, тегін медициналық көмек көрсетуі туралы айтылған.

 Құқықтарды қорғау жолдары. Заңнаманы жетілдіру бұл жетім балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдардың орындалуын қатаң бақылау қажет. Әсіресе, асырап алушы немесе қамқоршы отбасыларға қатысты талаптарды күшейту керек.  Отбасылық тәрбиені дамытуда балаларды отбасылық ортада тәрбиелеуге басымдық беру қажет. Бұл үшін: асырап алу немесе патронаттық тәрбие жүйесін насихаттау; отбасыларды материалдық және психологиялық қолдау тетіктерін күшейту. Білім беру және қолдау балалар үйінен шыққан жастар үшін арнайы білім беру бағдарламаларын жақсарту қажет. Және соңғысы қоғамның рөлін арттыру: азаматтық қоғам, волонтерлер және бизнес өкілдері жетім балаларға көмектесу ісіне белсенді атсалысуы тиіс.

Қазақстандағы асырап алу жүйесінің ерекшеліктері. Асырап алу – жетім балаларды отбасылық ортаға бейімдеудің ең тиімді жолы. Қазақстанда бұл жүйе бірқатар ерекшеліктерге ие. Жетістіктері: асырап алушы отбасыларға мемлекет тарапынан материалдық көмек беріледі. Балаларды патронаттық тәрбиеге беру тәжірибесі кең таралған. Қиындықтары: Құқықтық процестердің күрделілігі.

Асырап алу үшін қажет құжаттарды жинау және рәсімдеу процесі ұзақ және күрделі болуы мүмкін. Қоғамдық пікір:

Кейбір отбасылар асырап алынған балаларға қоғам тарапынан жағымсыз пікірден қорқып, бұл қадамға бармайды. Аcырап алушы отбасыларды қолдау жүйесінің әлсіздігі. Баланы асырап алған отбасыларға психологиялық және әлеуметтік қолдау толық көлемде көрсетілмейді.

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау, оларды қоғамға бейімдеу және асырап алу жүйесін жетілдіру – мемлекеттің ғана емес, қоғамның да маңызды міндеті. Балалар үйлеріндегі жағдайды жақсарту, білім беру мен психологиялық қолдауды күшейту, сондай-ақ асырап алу жүйесін жеңілдету арқылы ғана бұл мәселені тиімді шешуге болады. Әрбір балаға толыққанды өмір сүруге мүмкіндік беру – қоғамның ізгілігі мен болашағының кепілі. Қазақстанда бұл мәселе бойынша белгілі бір жетістіктер болғанымен, шешуді қажет ететін проблемалар да бар. Сондықтан балалардың құқықтарын қорғау – елдің болашағы үшін маңызды стратегиялық міндет.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 ж., 30 тамыз. [Электрондық ресурс] - https://dzen.ru/a/Xmhy8YL53gsEBc_U (11.03.2020)
  2. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы турлы» Кодекс
  3. "Баланың құқықтары туралы" заң
  4. Біріккен Ұлттар Ұйымының "Балалар құқықтары туралы конвенциясы”
Проголосовать за статью
Идет голосование
Эта статья набрала 0 голосов (обновление каждые 15 минут)
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий