Статья опубликована в рамках: CCI Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 28 ноября 2024 г.)
Наука: Юриспруденция
Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции
дипломов
АДВОКАТУРА ИНСТИТУТЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
АННОТАЦИЯ
Бұл жұмыста адвокатура институтының қалыптасу және даму тарихы қарастырылады. Адвокатураның құқықтық жүйедегі орны, оның қызметінің негізгі принциптері мен міндеттері сипатталған. Зерттеуде заңгерлік қызметтің көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі эволюциясы талданып, әрбір тарихи кезеңнің ерекшеліктері қарастырылады.
ABSTRACT
This paper examines the history of the formation and development of the institute of advocacy. It describes the role of the advocacy in the legal system, its core principles, and objectives. The study analyzes the evolution of advocacy from ancient times to the present, highlighting the features of each historical period.
Түйін сөздер: адвокаттық қызмет, құқықтарды қорғау, адвокаттық қызметтің тарихы.
Keywords: advocacy, protection of rights, history of advocacy.
Адвокатура – құқық қорғау жүйесінің маңызды институты. Ол азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған, әділеттіліктің салтанат құруында шешуші рөл атқарады. Адвокатураның қалыптасу тарихы терең, ол әртүрлі кезеңдерде мемлекеттің саяси, әлеуметтік және құқықтық жүйесіне сәйкес дамып отырды. Бұл мақалада адвокатура институтының тарихи тамырларына шолу жасап, оның әртүрлі кезеңдерде қалай дамығанын қарастырамыз. Адвокатура институтының пайда болуын антикалық дәуірден бастауға болады. Ежелгі Рим – Адвокатураның алғашқы нышандары Рим империясында байқалды. Римде “патрондар” деп аталатын адамдар өз клиенттерінің мүдделерін қорғады. Олар заң саласында арнайы білім алып, соттарда шешендік өнерін көрсететін. Аристотель мен Цицерон сияқты ойшылдар адвокаттың шешендігі мен әділеттілікті қолдауына жоғары баға берген. Римдік сот процестері қатаң құрылымға ие болды. Қорғаушы тарап айыптаушының дәлелдерін жоққа шығарып, өз клиентінің кінәсіздігін дәлелдеуге тырысты. Б.з.б. III ғасырдан бастап қорғаушы қызметі белгілі бір жүйеге түсіп, кәсібилік дами бастады.
Жаңа дәуірде адвокатураның дамуы: XVIII-XIX ғасырлар. Еуропадағы өзгерістер: Францияда Ұлы француз революциясы кезінде адвокатура қайта құрылды. 1789 жылы адам құқықтарының декларациясы қабылданып, адвокаттар еркіндікке қол жеткізді. Жаңа дәуірдегі адвокатураның ерекшеліктері мемлекеттік құқықтық реформалар. XVI–XVII ғасырларда Еуропада құқықтық жүйелерді орталықтандыру үдерісі басталды. Құқықтық реформалар адвокаттардың қызметін реттейтін заңдар мен ережелерді енгізуге алып келді. Жаңа дәуірде адвокаттар тәуелсіз құқық қорғау қызметін атқару үшін мемлекеттен салыстырмалы түрде дербестікке қол жеткізді. Франциядағы Наполеон кодексі (1804) [1] сияқты құжаттар адвокаттардың құқықтарын бекітіп, олардың сот жүйесіндегі маңызын арттырды.Адвокаттардың қызметін реттеу және қорғау мақсатында ұлттық және аймақтық адвокаттар қауымдастықтары пайда болды. Мұндай қауымдастықтар адвокаттардың кәсіби этикасын бақылап, олардың құқықтарын қорғады.Жаңа дәуірде адвокаттардың негізгі міндеті – азаматтардың құқықтарын қорғау және әділ сот төрелігін қамтамасыз ету болды. Олар қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша құқықтық көмек көрсетті. Адвокатура құқықтық мемлекеттің негізгі институтына айналды. Бұл кезеңдегі өзгерістер: адвокатураны кәсібилендіру, әділетті сот төрелігін қамтамасыз ету, қоғамдағы құқықтық мәдениетті дамытуға ықпал етті. Бұл даму қазіргі заманғы адвокатураның қалыптасуына негіз болды.
Ресейде адвокатураның дамуы: Ресей империясында адвокатура 1864 жылғы сот реформасы арқылы дами бастады. Бұл реформа кәсіби адвокаттарды даярлап, олардың қызметін заңды тұрғыда бекітті.Адвокаттар тек заңды мүдделерді қорғап қоймай, сонымен қатар қоғамдық мәселелерді де шешуге атсалысты. Ресейде адвокатура институтының бастапқы белгілері феодалдық құқықтық жүйеде көрініс тапты. Сот процестерінде азаматтардың мүдделерін қорғаумен кәсіби заңгерлер емес, жеке адамдар айналысты. Оларды “ходатаи” деп атаған. Олар айыпталушылар мен арыз берушілерге сотта көмектескенімен, бұл қызмет ресми түрде заңмен реттелмеді. XVIII ғасыр: Петр I реформалары және адвокатураның негізделуі. Ресейдегі алғашқы құқықтық реформалар I Петрдің тұсында басталды. 1715 жылы қабылданған Әскери регламент заңгерлік мамандықтың маңызын арттырды.Сот жүйесінде “фискалдар” мен “прокурорлар” қызметі енгізілді, бұл заң саласындағы кәсібиліктің артуына ықпал етті.Осы кезеңде адвокатура ресми түрде бекітілмегенімен, заңгерлік қызметтің қажеттілігі артып, соттарда шешендік өнерге және құқықтық білімге ие адамдардың қызметі маңызды бола бастады.XIX ғасыр: 1864 жылғы сот реформасы және кәсіби адвокатураның құрылуы. Ресейдегі адвокатураның шынайы қалыптасуы 1864 жылғы сот реформасымен байланысты. Бұл реформа адвокатураны ресми институт ретінде бекітіп, оның құқықтық негізін қалады.Реформаның негізгі мақсаттары: Сот жүйесін жаңарту және әділеттілікті қамтамасыз ету; Қорғаушылардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету; Халыққа заң көмегін көрсету. Осы реформа аясында “присяжный поверенный” (ант берген қорғаушы) мәртебесі енгізілді.Присяжный поверенныйлар аймақтық кеңестерге тіркеліп, олардың қызметі арнайы жарғымен реттелді. Олар азаматтық және қылмыстық істерде азаматтардың құқықтарын қорғады. Бұл кезеңде адвокатураның дербес және тәуелсіз институт ретінде дамуы басталды. XX ғасырдың басындағы революциялар және адвокатурадағы өзгерістер: 1917 жылғы Қазан революциясынан кейін адвокатура түбегейлі өзгеріске ұшырады. Кеңес өкіметі адвокатураны буржуазиялық институт ретінде сынады және оны қайта құру қажет деп шешті. 1922 жылы адвокаттар коллегиясы (алқасы) құрылды. Бұл жүйеде адвокаттар мемлекет бақылауында жұмыс істеді. Олардың қызметі тек сот жүйесімен шектеліп, тәуелсіздігі шектеулі болды [2, с.38].
Кеңес Одағы кезеңі: Мемлекеттік бақылау астындағы адвокатура. Кеңес заманында адвокатура мемлекет саясатына бағынышты болды.1920–1930 жылдары адвокаттар көбіне қылмыстық істерде айыпталушыларды қорғауға міндеттелді. Олар сот процестерінде азаматтардың мүдделерін қорғағанымен, мемлекет саясатына қайшы келетін әрекеттерді жүзеге асыра алмады..1922 жылы Кеңес үкіметі адвокаттық қызметті реттеу туралы қаулылар қабылдады.Адвокаттар “Коллегия адвокатов” деп аталатын ұйымдарға бірікті. Кеңес заманында адвокаттардың міндеті азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау болды. Бірақ бұл кезеңде адвокаттар тәуелсіз бола алмады, олардың қызметі қатаң бақылауда болды.1930–1950 жылдары сталиндік репрессия кезінде адвокатураның рөлі шектелді. Көптеген адвокаттар сот процестерінде тек формалды рөл атқарды, ал шешімдер алдын ала дайындалып қойған еді.1960 жылдары Хрущевтың “жылымық” кезеңінде адвокатура қайта жандана бастады. Жаңа заңдар қабылданып, адвокаттардың құқығы мен міндеттері кеңейтілді. КСРО ыдырағаннан кейінгі кезең: Адвокатураның тәуелсіздігі. 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Ресейде адвокатура жаңа даму кезеңіне аяқ басты. 2002 жылы “Адвокаттық қызмет және адвокатура туралы” Федералды заң қабылданды [3].
Қазақ жеріндегі адвокатураның тарихы. Қазақ даласында адвокатураның орны ерекше. Қазақтың дәстүрлі құқықтық жүйесінде билер мен шешендер дауларды шешу мен әділеттілікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарды. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сынды тарихи тұлғалар әділ шешімдерімен танылған.Ресейдің отарлау саясаты кезінде қазақ даласында ресейлік құқықтық жүйе енгізіліп, адвокатура қызметі біртіндеп ресмиленді. Дәстүрлі қазақ қоғамында адвокатураның рөлін билер атқарған. Билер – тек қана сот төрелігін жүзеге асырушы емес, сонымен бірге халықтың құқықтық өкілдері мен кеңесшілері болды.Олар дау-дамайды шешіп, әділдікке ұмтылған.Билер шешендік өнерге, құқықтық нормаларды жетік білуге сүйеніп, елдің сеніміне ие болған.Қазақ даласында атақты билер: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би секілді тұлғалар белгілі. Сонымен қоса құқықтық нормалардың да маңызы ерекше болды.Дәстүрлі қазақ қоғамында құқықтық нормалар “Жеті жарғы” секілді заңдармен реттелген. Бұл заңдарда дауларды шешу жолдары, жазалау түрлері және әділеттілік қағидалары жазылған. Қазақ қоғамындағы өзгерістерге назар аударатын болсақ, Ресей империясының отарлау саясаты қазақ халқының дәстүрлі құқық жүйесіне ықпал етті. Билер соты сақталғанымен, Ресей заңдары енгізіле бастады.Ресейлік құқықтық нормаларға негізделген адвокатура жүйесі дами бастады. Ресейдегі адвокатура институтының дамуы қазақ жеріне әсер етті. Заңгерлер мен қорғаушылар Ресей сот жүйесінде қазақ халқының мүддесін қорғады.
Қазіргі заманғы адвокатура. Кеңес Одағында адвокатура жүйесі мемлекет бақылауында болды. Адвокаттар азаматтық және қылмыстық істерде мемлекеттің мүддесін қорғауға мәжбүр болды. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін адвокатура институты жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Егеменді Қазақстан тарихында алғаш рет қазақстандық адвокатураны ұйымдастырудың және оның қызметінің демократиялық қағидаттары, сондай – ақ адвокаттық қызметтің кепілдіктері 1997 жылғы 5 желтоқсанда қабылданған «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен заңды түрде бекітілді. 2012 жылы заңға түзетулер енгізілді, оның ішінде Республикалық адвокаттар алқасына аумақтық адвокаттар алқаларының міндетті мүшелігі туралы талап болды.Осылайша, адвокатураның мүдделерін білдіру және қорғау мақсатында 2012 жылғы 23 маусымда Республикалық адвокаттар алқасы құрылды, сол кезде оған 16 алқа кірді. Қазақстандық адвокатураның қазіргі заманғы жағдайларда одан әрі дамуы 2018 жылы 5 шілдеде қабылданған, осы күнге дейін кәсіби қоғамдастықтың қызметін регламенттейтін «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында [4] көрініс тапты.
Қазіргі таңда адвокаттар азаматтардың құқықтарын қорғауда еркіндікке ие және халықаралық стандарттарға сәйкес қызмет атқарады. Адвокаттар заңдар мен этикалық стандарттарды сақтау арқылы азаматтарға сапалы құқықтық көмек көрсетеді.Қызметтер кәсіби деңгейде жүзеге асырылады, бұл үшін адвокаттар арнайы оқудан өтеді және лицензия алады.Азаматтардың құқықтарын қорғау барысында адвокаттар тек сотта ғана емес, мемлекеттік органдарда, келіссөздерде, дауларды шешуде де құқықтық көмек көрсетеді.Олар азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғап, әділеттілікті қамтамасыз етеді. Қазіргі заманғы адвокатурада цифрлық платформалар, электрондық құжат айналымы, онлайн кеңестер сияқты заманауи технологиялар кеңінен қолданылады. Адвокатура мемлекеттің билік органдарының ықпалынан тәуелсіз болып табылады. Бұл олардың әділетті және бейтарап қызмет көрсетуіне кепілдік береді. Белгілі бір құқық салаларына маманданған адвокаттар пайда болды: отбасылық құқық, салықтық құқық, қылмыстық істер бойынша адвокатура. Бұл азаматтар мен ұйымдарға арнайы, мақсатты көмек алуға мүмкіндік береді. Қазіргі адвокатура қоғам алдындағы әлеуметтік міндеттерді атқарады: ақысыз заң көмегі, құқықтық ағарту, әлеуметтік топтарға қолдау көрсету. Қазақстанда адвокатура Конституцияның кепілдік берген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда ерекше рөл атқарады. Елде «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заң» (2018 ж.) қабылданған, бұл адвокаттардың құқықтары мен міндеттерін, қызмет қағидаларын және адвокаттық қоғамдастықтың ұйымдастырылуын реттейді. Заң көмегін көрсету заң үстемдігі, заң көмегін көрсететін тұлғалардың тәуелсіздігі, клиенттің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау, клиенттің мүддесінде заң көмегін ұсыну, кәсіптік құпияны сақтау, кәсіптік және әдептік мінез – құлық нормаларын сақтау, заң көмегін көрсету шектері мен шараларын айқындау еркіндігі, заң көмегін көрсету стандарттарын сақтау,сотқа, сот ісін жүргізу қағидаларына және кәсіп бойынша әріптестерге құрмет,заң көмегінің қолжетімділігі қағидаттарына негізделеді. Адвокаттық қызмет кез келген құқықтық мемлекеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Ол құқық қорғау саласындағы негізгі институт ретінде азаматтардың, ұйымдардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. Қазақстандағы адвокаттық қызмет халықаралық тәжірибені ескере отырып дамып келеді, бірақ өзіне тән ерекшеліктері де бар.Халықаралық деңгейде адвокаттар мемлекетаралық және трансшекаралық құқықтық дауларды шешуге қатысады. Олар халықаралық шарттар, конвенциялар мен келісімдер негізінде қызмет етеді. Мысалы, адвокаттар БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінде, Еуропалық адам құқықтары сотында, Халықаралық қылмыстық сотта жұмыс істей алады.Халықаралық сауда, инвестиция, еңбек немесе миграция саласындағы құқықтық мәселелерді шешуде адвокаттар негізгі рөл атқарады.Трансұлттық корпорацияларға заңгерлік кеңес беру, инвестициялық келісімдерді талдау – адвокаттық қызметтің маңызды бағыттарының бірі.Халықаралық адвокаттық қауымдастықтар (мысалы, Халықаралық адвокаттар қауымдастығы (IBA)) кәсіби этика ережелері мен қызмет стандарттарын бекіткен. Бұл стандарттар әділдік пен кәсібилікті қамтамасыз етеді.Қазақстан Республикасында адвокаттық қызмет азаматтардың заңды құқықтарын қорғау және оларға кәсіби құқықтық көмек көрсету үшін жүзеге асырылады. Бұл көмек қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және өзге де істер бойынша көрсетіледі.Адвокаттар Қазақстанның ҚР Конституциясы, “Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы” заңына сәйкес әрекет етеді. Адвокаттар қылмыстық істерде күдіктілер мен айыпталушыларды, азаматтық және экономикалық дауларда талапкерлер мен жауапкерлерді қорғау және өкілдік ету арқылы әділ сот төрелігін қамтамасыз етеді.
Қорытындылай келе, адвокатура – қоғамның құқықтық мәдениетінің айнасы. Ол тек заң саласында ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы әділеттілік принциптерін жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Адвокатура институты ғасырлар бойы дамып, қазіргі таңда Қазақстанда заманауи талаптарға сай қызмет көрсетіп келеді. Оның әрі қарай дамуы құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.Бұл мақалада адвокатураның тарихы антикалық дәуірден қазіргі заманға дейінгі негізгі кезеңдеріне шолу жасалды. Оның эволюциясы адамзат қоғамының заңдылық пен әділеттілікке ұмтылуының нәтижесі екенін айқын көрсетеді.
Әдебиеттер тізімі:
- Гражданский кодекс (Кодекс Наполеона) 1804 г. [электронный ресурс] – Режим доступа – URL: https://bigenc.ru/c/kodeks-napoleona-79bd5d (дата обращения: 24.11.2024г.)
- Адвокатура в России: учебник для вузов / под ред. д.ю.н., проф. В.И. Сергеева. — 5-е изд., перераб. и доп. — М.: Юстицинформ, 2019.
- Федеральный закон "Об адвокатской деятельности и адвокатуре в Российской Федерации" от 31.05.2002 N 63-ФЗ [электронный ресурс] – Режим доступа – URL: https://www.consultant.ru/document/cons_doc_LAW_36945/ (дата обращения: 24.11.2024г.)
- «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 5 шілдедегі № 176-VІ ҚРЗ. [электронный ресурс] – Режим доступа – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1800000176 (дата обращения: 24.11.2024г.)
дипломов
Оставить комментарий