Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 7(93)

Рубрика журнала: История

Скачать книгу(-и): скачать журнал

Библиографическое описание:
Сандыбаев С.Ө. ОСМАНДЫҚ ТҮРКИЯНЫҢ 1914 – 1916 ЖЫЛДАРДАҒЫ СОҒЫС КОМПАНИЯЛАРЫ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2020. № 7(93). URL: https://sibac.info/journal/student/93/171112 (дата обращения: 01.12.2024).

ОСМАНДЫҚ ТҮРКИЯНЫҢ 1914 – 1916 ЖЫЛДАРДАҒЫ СОҒЫС КОМПАНИЯЛАРЫ

Сандыбаев Санат Өтепбергенұлы

магистрант, Тарих, археология және этнология факультеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

Қазақстан, Алматы

Түркияға әскери іс-қимылдарды 4 майданда жүргізуге тура келді: Балқан, Кавказ, Месопотам және Синай. Әскери іс-қимылдардың жалпы жоспары 1914 жылдың қыркүйек айының ортасында анықталып, бастапқыда Синай және Кавказ екі негізгі бағыты таңдалынды. Олардың екеуінде де, ең алдымен, Осман империясының өз мүдделері болды. Бірінші бағытта Суэцте тез әскери қимыл жүргізу және Египеттен Англияны ығыстырып, Солтүстік Африкадағы түрік үстемдігін қалпына келтіру қажет болды. Кейбір шетелдік және ресейлік тарихшылардың пікірінше, Түркияның ұмтылысы, ең алдымен Кавказға бағытталып, дәл осы жерде әскери іс-қимылдар ең қатал және қантөгісті сипатқа ие болды. Түркияның өмірлік мүдделерін қорғау ретінде қаралған Закавказье мен Қара теңіздегі Ресейге қарсы әрекетінен басқа, түрік әскерлерінің шабуылының Кавказ бағыты Энвер пашаның ойынша "ұлт рухын" көтеруге ықпал етуі тиіс еді. Түрік әскерлеріне көмек көрсетуге тек Кавказдың ғана емес, сонымен қатар Поволжье мен Орта Азияның түркі халықтарының қосылуы болжалды.

Ресейлік тарихшы Г. З. Әлиев Османдық Түркияның 1914-1916 жылдардағы әскери жағдайын 2 кезеңде бөліп қарастырған: 1914 жылдың қарашасынан 1915 жылдың сәуіріне дейін және 1915 жылдың сәуірінен 1916 жылға дейін [1, 239-б.]. Бұл жұмыста Түркияның әскери іс-қимылдарын қарастырылып отырған уақыт аралығында егжей-тегжейлі қарастыру үшін осы кезеңдеу қолданылды.

1914 жылдың қарашасынан 1915 жылдың сәуіріне дейін соғысушы елдер өз күштерін майданға тартумен және оларды орналастырумен айналысты. Осы кезеңде Кавказ майданы басты деп саналды. Түрік-орыс (Кавказ) фронтының ұзындығы 720 шақырымға дейін жетіп, Қара теңізден Урмия көліне дейін созылды. Мұнда тараптардың қарулы күштерінің көп бөлігі шоғырланған еді. Осман империясы  тарихшы Шкундиннің мәліметтері бойынша осы майданға алдын-ала 3 әскери корпустан, 1 кавалерия бөлімі мен 4 күрд атты дивизиясынан тұратын үшінші әскерді, жандармерия бөлімдерін шоғырландырды. Әскердің бастапқы құрамына 100 жаяу әскер батальоны, 165 кавалериялық эскадрондар мен күрд атты бөлімдері кірді [2, 187-б.]. Түркияның Кавказ майданында Ресей белсенді қарсы тұрды. Түркия мен Ресей соғыстың алғашқы күндерінен-ақ Кавказдағы соғыс барысын алдын ала анықтайтын стратегиялық бастаманы өз қолына алуға тырысты. Түркияның әскери министрі Энвера пашаның басшылығымен әзірленген және герман әскери мамандарымен мақұлданған Кавказ майданындағы түрік операциялар жоспары түрік әскерлерін Батума ауданы мен Иран әзірбайжандары арқылы флангтерден Кавказға басып кіруді жүзеге асыруды көздеді. Түріктер өз есептеулері бойынша 1915 жылдың басында-ақ барлық Закавказьені басып алып, орыс әскерлерін шегіндіреміз деп ойлады.

Кавказ майданындағы әскери әрекеттер 1914 жылдың 19 қазанында басталып,  орыс әскерлері түріктердің басым күштерінің қысымымен шегіне бастады және түріктер Артвин және Ардануч қалаларын алды. Шабуылдарды жалғастыра отырып, түрік әскерлері Саракамыш ауданында орыстардың Кавказ әскерінің бас күштеріне соққы беру үшін Карсқа шығуға ұмтылды.

Қараша айында Эрзурумнан басталған Түркияның Кепрей операциясының барысында ірі күштермен ресейлік авангардқа шабуыл жасады. Алдымен шайқас ауыспалы табыспен жүрді, бірақ нәтижесінде орыстар түріктерге ауыр жеңіліс әкеліп, үшінші түрік әскерінің басты күштері кері қайтарылды. Сұлтан қолбасшылығы жаңа шайқасты бастауға шешім қабылдап, түрік әскерлері Эрзурумнан шабуыл жасап, Ресей әскерінің басты тылдық базасы - Сарыкамыш темір жол станциясын басып алуға тырысты.

Саракамыш операциясы (1914 жылдың 12 желтоқсаны – 1915 жылдың 7 қаңтары аралығында) 11 – ші түрік корпусының фронттан және тоғызыншы және оныншы түрік корпусымен ресейлік позициялардың солтүстігін флангпен айналуымен басталды. Жеңіске сенімді және еркін жүріп келе жатқан түріктер қарлы тауларда адамдардың көп бөлігін жоғалтты, бірақ Сарыкамышқа кірді. Алайда ресейлік қолбасшылық майданнан әскерлердің көп санын алып, тәуекелге барды және Сарыкамыш соңғы темір жол станциясына оларды тылға жіберді. Түрік жаяу әскерінің қарлы таулардан шабуылдары сәтсіз болды. Шабуылдаушы түріктерді толық талқандау күтіп тұрды, тоғызыншы корпусытың қалдық әскері қоршалып, тұтқындалып, оныншы корпус артқа шегінуге мүмкіндік алды [2, 188-б.]. Саракамыш шайқасынан кейін және 1917 жылдың аяғына дейін Кавказ фронты орыс армиясының жағында қалды.

Енді біз түрік әскерінің Синай майданындағы іс-қимылдарын қарауға тырысамыз. Соғыстың бірінші кезеңінде 4-түрік әскері Джемал паша қолбасшылығымен герман – түрік келісіміне сәйкес Суэц каналын басып алу үшін Синай майданында шабуылға дайын болды, осылайша олар Ұлыбританияның Шығыстағы заңды иеліктерімен байланыстарын әлсіреткісі келді.

Г. З. Әлиевтің пікірінше, бұл операция Мысырда, Магриб елдерінде герман - түрік әсерін нығайта отырып, арабтардың Антанта елдеріне қарсы "қасиетті соғысқа" кіруін қамтамасыз етуі тиіс болатын. Бірақ түрік-герман қолбасшылығы осы міндетті орындау үшін жеткілікті күш пен құралдарға ие болған жоқ. Алиевтін мәліметтеріне сәйкес, арнаны қорғаған 35 мың әскердің және біріккен ағылшын – француз Жерорта теңізі флотына қарсы Түркия тек 20 мың адамды ғана қоя алды. Синай түбегінің құмды шөл даласы арқылы 13 күндік өткелден кейін жолсыз және судың болмауы жағдайында жеткілікті қаражат болмаған төртінші әскер 1915 жылдың 27 қаңтарында канал ауданына шықты. Бірақ ағылшынның қарсыласуын кездестіріп, 3 мың адамды жоғалтып, 3 ақпан айында шегіне бастады [1, 244-б.]. Түрік қолбасшылығы Суэц каналына бірінші шабуылдың сәтсіздігін орын алмастыру мақсатында саналы шегінумен түсіндірді.

1915 жылдың көктемінде түрік армиясының жағдайы Месопотамия майданында да нашарлады. Осы уақытқа қарай Ирак толығымен ағылшынның бақылауына өтті [2, 189-б.]. 1915-1916 жылдар аралығында түрік армиясының әскери әрекеттері негізінен қорғаныс сипатында болды.

Түркияның Сарыкамыштағы жеңілісі Антанта елдерінің одақтастары үшін бұғаздар аймағындағы әскери іс-қимылдар үшін қолайлы әскери-саяси фонды жасады. Дарданелла 1915 жылдың 25 ақпанында ағылшын-француз эскадрасының қуатты бомбардировкасына ұшырады, бірақ түрік қолбасшылығы алдағы операция туралы агентура арқылы мәлімет алғандықтан, ол маңызды мәнге ие болған жоқ. В. И. Шереметтің мәліметтері бойынша, Дарданелл қорғанысына Лиман фон Санедерс басқарған 5-әскер шоғырланды, осы әскердің құрамына 1 және 2 Фракиялық әскерлердің ең жауынгерлік қабілетті бөліктері енгізілді. Түрік армиясының 3-әскер бөлігін Батыс Анатолийге қайта орналастыруға талпыныс болжалды, бірақ олар Кавказдағы шайқастардан өте әлсізденіп, Энвер паша Дарданеллада Антантаның жойқын жеңілісін жасау жоспарынан бас тартты. Түрік армиясының жағдайы тек қорғаныс соғысын жүргізуге мүмкіндік берді. 1915 жылдың 18 наурызында ағылшындардың Дарданеллаға басып кіруінің бірінші әрекеті түрік жағалаулық батареясының дәл атылған оқтарымен қайтарылды. Тек қана 1915 жылдың сәуірінің нәтижесімен ағылшындар үлкен шығынмен ғана Дарданелдің еуропалық жағасындағы плацдармын басып алса, француздар азиялық жағасын алды. Ауыр позициялық шайқас шілде айынан басталып, 1915 жылдың желтоқсан айының соңына дейін жалғасты. 1915 жылдың 9 қаңтарына қараған түні одақтастар түрік жағалауларынан кетті [3, 134-б.]. Бұл операцияға баға бере отырып, В. И. Шеремет бұл Осман империясының жаңа тарихындағы ең қантөгісті жауынгерлік операциялардың бірі екенін атап өтті. Оның пікірінше, бірінші дүниежүзілік соғыс тарихы үшін оның маңызы үлкен емес, бірақ ол Түркияның жаңа тарихында маңызды орын алады, себебі осыдан бастап Түркияның болашақ ұлттық-республикалық армиясының негіздері қалыптаса бастайды.

Біз қарастырып отырған түрік армиясының екінші кезеңінде Месопотам майданында сәтті болды. 4-түрік әскері 1915 жылдың желтоқсанның басында Кут әл - Амарайда маңында генерал Таусендтың ағылшын әскерін қоршады. Ағылшынның барлық әрекеті нәтиже бермеді. 1916 жылдың 29 сәуірінде 5 ай қарсылықтан кейін оқ-дәрілер мен азық-түліктің қоры таусылғанда, ағылшын гарнизоны капитуляцияланды [2, 190-б.].

Соғыстың осы кезеңінде Шығыс майдандағы орыс әскерлерінің шабуыл операциялары жүргізілді. 1915 жылдың жазында орыс әскері Оңтүстік Әзірбайжанда шабуылға көшіп, сол жылдың соңында Эрзурум бағытында шабуылды күшейтті және оны басып алды. Түрік әскері 1916 жылдың 3 ақпанында 100 шақырымға шегініп, кейін 5 сәуірде орыс әскерлері Трабзонды басып алды. Эрзурум мен Трабзонды басып алу соғыс қимылдарының барысына үлкен әсер етті және Түркияны Стамбул ауданынан шығыс майданына әскерлердің бір бөлігін көшіруге мәжбүр етті [3, 140-б.].

1916 жылдың жазында генерал Джемал пашаның 4-ші әскері Суэц каналының ауданына екінші рет шабуыл жасауға әрекет етті, бірақ бұл жолы да сәтсіздікке ұшырады.

Осылайша, 1915 жылдың сәуірінен 1916 жылға дейінгі кезең Түркияға сәтсіз аяқталды. Түркия Кавказ майданына қосымша әскерлерді жөнелтуде үлкен қиындықтарға тап болды. Елдің ішкі ресурстары таусылып, елдің экономикалық және қаржылық құлдырауы, майдандағы жағдайдың нашарлауы, армиядағы ішкі оппозиция сепараттық келісімді жақтаушылардың пайда болуына ықпал етті.

 

Әдебиеттер:

  1. Г.З. Алиев. Турция в период правления младотурок, М.: 1972 г.
  2. Мировые войны ХХ века - Сборник статей. Отв. редактор Г.Д. Шкундин. кн. 1: Первая мировая война: исторический очерк, М.: 2002 г.
  3. В.И. Шеремет. Босфор: Россия и Турция в эпоху первой мировой войны, М.: 1995 г.

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.