Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 5(91)

Рубрика журнала: История

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2

Библиографическое описание:
Сандыбаев С.Ө. ОСМАНДЫҚ ТҮРКИЯНЫҢ БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСҚА КІРУ ПРОЦЕСІ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2020. № 5(91). URL: https://sibac.info/journal/student/91/170496 (дата обращения: 25.11.2024).

ОСМАНДЫҚ ТҮРКИЯНЫҢ БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСҚА КІРУ ПРОЦЕСІ

Сандыбаев Санат Өтепбергенұлы

магистрант, Тарих, археология және этнология факультеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

Қазақстан, Алматы

Бірінші дүниежүзілік соғыстың басында Османдық Түркияда аса ауыр ішкі саяси жағдай қалыптасты. Құлдыраған экономикасымен, триумвирлердің саяси құмарларымен қалжыраған Осман империясы германдық монополистер мен соғысқұмарларының қолында болды. Жастүрік көшбасшылары кайзерлік Германиямен әскери-саяси одаққа сүйене отырып, түрік-османдардың басшылығында барлық түркі халықтарын біріктіру идеясын да ойластырып жүрді.

Түркия жағдайы Балқан мемлекеттерінің дилеммасымен анықталды; ерте ме, кеш пе олар одақтастар ретінде бір тарапты таңдауы қажет болды. Түрік флотының құрамына жалған енгізілген "Гебен" және "Бреслау" корабльдерінің қолбасшысы адмирал Вильгельм Сушон Түркияның соғысқа кіруіне басты түрткі болған адам болып есептеледі. [1, 52-б.] Ыстамбұлдағы Германия әскери миссиясының басшысы Лиман фон Сандерстің тағайындалуы туралы да қысқаша айту керек, өйткені дәл осы жағдай бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында соңғы халықаралық дағдарысты тудырды. Лиман фон Сандерс тағайындау туралы шарттың мәтіні Балқандағы әскери іс-қимылдар кезінде дайындалды. 1913 жылдың қазанында кайзер, герман әскери инстанциялары, сыртқы істер ведомствосы және Түркия Министрлер Кеңесі келісім-шарт жобасын мақұлдады. Жастүріктер билігі неміс милитаристерінің және герман әскери басшылығының мүдделеріне толық жауап берді. Стамбулдан батысқа қарай барлық қорғаныс сызығына жаңа бекіністер салу және Босфорда артиллериялық қару орнату, сондай-ақ бүкіл түрік артиллериясын қайта қаруландыру керек еді.

Ресей үкіметі 1913 жылдың қарашасында Ыстамбұлда бірінші артиллериялық корпус қолбасшысына Лиман фон Сандерс тағайындауына қарсы ұжымдық демаршты қабылдау ұсынысымен Франция мен Ұлыбританияға жүгінді. Француз үкіметі бұл ұсынысқа оң көзімен қараса да, Британия ресейлік бастамаға қарсы шықты. Ол басты мақсат - немістерді Ыстамбұлдан алыстату жүзеге асырылмайтынын айтты. 13 желтоқсанда Ресей, Франция, Ұлыбритания елшілері Осман империясы үкіметінің басшысына Лиман фон Сандерске ұсынылған құқықтар туралы мәселемен жүгінді. Олар Түркияның бұғаздары мен Константинополь билігіне қол сұғылмайтынына үміт білдірді. Алайда, бұл мәлімдеме ұлы уәзрге қажетті әсер етпей, ол кез келген ымырадан бас тартты [2, 185-б.].

Германияның ашық қолдауына қарамастан, Осман империясы соғыстың алғашқы 3 айында Антанта елдері Түркия сұлтанының бейтараптығына мүдделі деп үміттене отырып, бейтараптықты формальды түрде сақтады. Бұл үміттер ақталмағаннан кейін, Германиямен жасырын әскери одақ 1914 жылдың 2-тамызында жасалды.

Ресейлік және шетелдік тарихнамада 1914 жылғы 2 тамыздағы әскери конвенцияны Ыстамбұлдың Берлин диктатына толық және түпкілікті бағынудың және Түркияның әлемдік соғысқа тікелей тартылуның құралы ретінде ұсыну үрдісі қалыптасты. 2 тамыздағы түрік-герман конвенциясы өте қысқа және жалпыланып, конвенция 8 тармақты қамтыды. Олардың біреуі өзара уағдаластық бойынша ғана жариялануы мүмкін келісімнің құпия сипатын көздеген. В. И. Шереметтің пікірінше, бұл құпиялылық бірнеше ойластырылған, өйткені 1-бапта Түркияның австро-серб қақтығысында бейтараптық жағдайын қарастырған болатын, ал 2-бапта бәрін өз орнына қойды. Ресей қақтығысқа араласатын болса және сол арқылы Германия Австро-Венгрияның алдында өз борышын орындау қажеттілігін пайда болған жағдайда, бұл қажеттілік Түркия үшін де бірдей күшке ие болатын еді.

Келесі екі 3 және 4-баптар формальды түрде 2-баптың ымырасыздығын жұмсарту керек болды. Әскери іс-қимылдар кезінде Германия Түркияның билігіне әскери миссияны ұсынуға, сондай-ақ оны түрік әскери министрінің тікелей бағынысына қоюға міндеттелді. Германия Осман империясының тұтастығын қарулы күшпен қорғауға міндеттелді (4 бап). Конвенцияның қолданылу мерзімі 1918 жылғы 31 желтоқсанға дейін белгіленген. Егер келісілген тараптардың бірі әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін 6 ай бұрын оның күшін жою туралы мәлімдемесе, келісім алдағы 5 жылға созылатын болады (5, 6-баптар) [3, 122-б.].

Энвер паша – әскери одақтың бас сәулетшісі, жастүріктер өздерінің сыртқы және ішкі проблемаларын шешу үшін қажет болатын 1920 жылдардың ортасына дейін шамамен 10 жыл терін төкті. Неғұрым ұтысты жағдайда Германия болды. Оңтүстік-Шығыс Еуропада, Африкада, Шығыс Анатолиядағы бұғаздар, ресурстар, плацдармдар, сонымен қатар неміс кеңесшілерімен миллиондаған әскер, осының барлығы қажетті сәтте Герман – Түрік конвенциясына қол қойғаннан кейін Герман генералдық штабының қол астында болуы тиіс еді.

Осман империясының соғысқа әскери қатысуы туралы сұрақ әлі ашық болып тұрған кезде, жастүріктер ғасырлар бойы елдің экономикалық және саяси тәуелсіздігін шектеп жатқан капитуляциялық режимді жою арқылы ел ішіндегі өзінің саяси позицияларын нығайтуды шешті. Түркияның үкіметі сол сәтті пайдаланып, Антантадан нейтралитетке айырбас ретінде капитуляциялық режимді жоюды талап етті. Англияның, Францияның және Ресейдің елшілері олардың үкіметтерінің экономикалық саладағы күрделі режимді ішінара жоюмен келісетінін, бірақ құқықтық салада осы проблеманы шешу үшін уақыт әлі келген жоқ деп мәлімдеген. 29 тамыз күні барлық 3 елдің елшілері ұлы уәзірмен кездесіп, түрік бейтараптығының одақтық державаларының бірлескен кепілдігін және Түркиямен капитуляциялар туралы мәселені достық талқылауға дайындығын қайталады. 31 тамыз күні түрік тарапы орыс дипломатына 3 державаның осы бірлескен мәлімдемесін жариялау қажеттігі туралы мәлімдеген болатын. Бұл мәселелерді талқылау қыркүйек айының басында Түркия мен Антанта елдері арасындағы қатынастардың шиеленісуіне алып келді. Түрік министрлерінің отырысында капитуляция режимін толық жою туралы шешім қабылданды. 8 қыркүйекте министрлер кеңесі тиісті жарлықты жариялап, 9 қыркүйекте жоғары порттың шетел елшіліктеріне нотаны жіберді, онда Түркияның капитуляциялық режимі әкелген апаттар көрсетілген және 1914 жылдың 1 қазанынан бастап бұл режимді және одан туындайтын артықшылықтар мен шетелдіктер үшін артықшылықтарды жою үшін жастүріктер үкіметінің нақты шешімі туралы айтылған.

Жастүріктердің прогермандық бөлігі - соғыс жақтастары және ұстамдылар тобы - бейтараптықтың жақтастары бұл шешімді капитуляциялық режимнен құтылу әрекеті ретінде бағалап, сонымен бірге олар оған әртүрлі көзқараспен қарады. Біріншісі Франциямен қарым-қатынастың одан әрі шиеленісуін және Германиямен одан да жақындауын күтті, екіншісі қоғамдық пікірді тыныштандыруға тырысып, Түркия Еуропаны қамтыған соғыста бейтараптықты сақтаған жағдайда ұтысты болуы мүмкін деп мәлімдеген. Жастүріктер үкіметі қабылданған шешімді жүзеге асыру үшін бірқатар шаралар қабылдады. 20 қыркүйек күні кедендік тарифтердің өзгеруі туралы сұлтандық ираде жарияланып, оның негізгі мазмұны мыналар: егер тауарлардан бұрын олардың құнының 8 және 11% мөлшерінде баж алынатын болса, 1914 жылдың 1 қазанынан бастап – 11 және 15% алынатын болды. 13 қазандағы сұлтандық ираде Осман империясы мен шетелдіктер арасындағы қарым-қатынасты ретке келтіру мақсатында "ескі міндеттемелерді жою туралы уақытша заңды" орнатты. Заңның кіріспе бөлігі юрисдикция саласындағы капитуляция режимін жоюды негіздеді. 17 қазандағы жаңа сұлтандық ираде шетел бодандарының істерін қараған консулдық соттарды жойды. Осылайша, "уақытша заң" шетел мемлекеттеріне және олардың бодандарына капитуляция режимі берген бірқатар маңызды артықшылықтарды жойды. Бұл шаралар жастүріктердің прогермандық бөлігінің, Германияның және Австро-Венгрияның дәмеленуіне қарамастан  Антанта елдерінің күрт қарсылығына тап болды. Германияның билеуші элиталары капитуляция режимін ликвидациялауды Түркияға оның Германия жағында соғысқа қатысу орнына сый ретінде берілуі қажет деп қарастырды. Бірақ Осман империясы бұған соғысқа кіргенге дейін, бейтарап кезінде қол жеткізді және өз күштерімен Германияға Түркияны соғысқа тарту құралдарының бірінен айырды. Сондай-ақ, Герман дипломаттары Түркия бұл қадамды Германиядан жасырып, Антантамен жасалған келісім-шарт арқылы жүргізіді деп деп күдіктенді. Сондықтан Германия мен Австро-Венгрияның елшілері Антанта мен Италияның Жоғары портқа ұсынған наразылық нотасына қосылды.

Өз нотасында державалар Түркияның бір жақты баптарын айыптап, оның капитуляцияны жою туралы шешімін мойындамау туралы мәлімдеген. Олар Осман империясындағы капитуляциялық режим оның ішкі ісі емес, халықаралық шарттардың нәтижесі екенін дәлелдеуге тырысты.

Капитуляцияларды жою туралы заң жарияланғаннан кейін құрылған ережені талқылай отырып, министрлер кеңесі, егер державалар экономика және қаржы саласындағы осы салдардан туындайтын барлық салдарымен капитуляциялардың күшін жоюды мойындайтын болса, юрисдикция саласындағы капитуляцияны жоюды уақытша доғара тұруды қаулы етті. Келіссөздердің жалғасы нәтижесіз болды. Елшілер капитуляцияларды толық сақтауды талап етіп, баж, пошта және телеграф мәселелерінде шегініс жасауға ниет білдірмеді. Экономикалық және қаржылық салалардағы капитуляцияларды жою туралы заңға қарсы Франция болса, ал юрисдикция мәселесінде Англия қарсы болды. Капитуляцияларды жою туралы заңды жаңа басталған әлемдік соғыс жағдайында жастүріктер үкіметі шығарғандықтан, шетел державалары Түркияға қарсы қуғын-сүргінге бара алмай, наразылықпен және осы заңды мойындаудан бас тартумен шектелді. Түркия болса Орталық державалар мен Антанта елдері арасындағы империалистік қайшылықтарды пайдалануға тырысты. Бірақ, сайып келгенде, Түркия ештеңе жеңген жоқ, оның Антантамен қарым-қатынасы одан да шиеленісе түсті. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қабылданған капитуляциялық режимнің күшін жою туралы заң шын мәнінде нақты күшке ие болған жоқ және жастүріктердің қолында тек саяси-насихат құралы ғана болды [4, 238-240-бб.]

Германиямен әскери одақ Осман империясын басталған соғыста оның жағына шығуға міндеттеді. Соғыс басталғаннан кейін бірнеше аптадан соң түрік әскери флоты іс жүзінде герман әскери миссиясының бақылауына қойылды. 1914 жылдың 2 тамызында мобилизвация туралы бұйрық шығарылып, жүздеген мың адам әдеттегі еңбектен үзілді. 3 күн ішінде жұмылдыру пункттеріне 20-дан 45 жасқа дейінгі барлық ер адамдар келуге міндетті болып, 1 миллионнан астам адам өз тіркеу пункттеріне барды.

Германия жастүріктер триумвиратына қысымды күшейтті және герман - орыс және герман – француз әскери іс-қимыл театрларында герман армиясының алғашқы сәтсіздіктерінен соң  түрік армиясына Антанта елдеріне қарсы әскери іс-қимылдарын ашуды талап етті. Оқиғаларды жеделдету үшін неміс әскері түріктердің әскери министрі Энвер пашаның келісімімен Қара теңізге кіріп, орыс қара теңіздік порттарына шабуыл жасалды. 29 қазан негізсіз сылтаумен Одесса, Севастополь, Феодосия және Новороссийсканы бомбалау басталды. Бұл бейтараптықты өрескел бұзу Ресей тарапынан жедел реакцияға алып келіп, 1914 жылы 29 қазанда Осман империясына қарсы соғыс жариялады [5, 159-б.]. Джон Террейн атап өткендей "осы уақытта Түркия тағдырының болашағы анықталды". Ең алдымен Ресейге қарсы бағытталған түріктердің әскери қимылдары Ұлыбритания империясы үшін алаңдаушылық тудырды, өйткені бұл оның құрамындағы мұсылман халқына әсер етуі мүмкін деп ойлады. Өз кезегінде Түркия 11-қарашада Британия мен Францияға қарсы соғыс жариялады.

 

Әдебиеттер:

  1. Дж. Террейн. Великая война: первая мировая – предпосылки и развитие, М.: 2004 г.Г.З.
  2. Мировые войны ХХ века - Сборник статей. Отв. редактор Г.Д. Шкундин. кн. 1: Первая мировая война: исторический очерк, М.: 2002 г.
  3. В.И. Шеремет. Босфор: Россия и Турция в эпоху первой мировой войны, М.: 1995 г.
  4. Алиев. Турция в период правления младотурок, М.: 1972 г.
  5.  М.А. Гасратян, С.Ф.Орешкова, Ю.А.Петросян. Очерки по истории Турции, М.: 1993 г.

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.