Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 21(65)

Рубрика журнала: Технические науки

Секция: Биотехнологии

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6

Библиографическое описание:
Амангелдина М.Е. Фитокомпоненттер қосылған емдік қасиеті бар жақпа май өндіру технологиясы // Студенческий: электрон. научн. журн. 2019. № 21(65). URL: https://sibac.info/journal/student/65/143931 (дата обращения: 29.03.2024).

Фитокомпоненттер қосылған емдік қасиеті бар жақпа май өндіру технологиясы

Амангелдина Мадина Ерланқызы

1 курс магистранты, Фармацевтикалық өндіріс технологиясы, «Ұлттық медицина университеті»

Казахстан, г. Алматы

Түйіндеме. Мақалада фитокомпонеттер қосылған емдік қасиеті бар жақпа май өндіру. Оның құрамын табу,технологиясын өндіру және физика химиялық қасиеттерін зерттеу.

 

Кілттік сөздер: Косметикалық құрал,фитокомпонеттер,жақпа майдың құрамы, жақпа май технологиясы

 

Косметология және фармакология сияқты екі ғылымның қиылысында жаңа салауатты бағыт пайда болды - адамның денсаулығын сақтауға және жайлы өмір сүруге бағытталған зерттеулердің, дамудың және инновациялық өнімді құрудың осы негіздерін негіздейтін космецевтика.Бұл терминді алғаш рет 1961 жылы Р.Ридом ұсынған,бірақ оның айқын бағыты тек қана соңғы он жылда ғана танымал болды.

Косметикалық құрал бұл-емдік әсері бар көп құрамды табиғи өнімнен жасалатын косметикалық препарат. Профессиналдық дәрежеде жасалған соңғы жылдардағы косметикалар фармацевтика және косметология өнеркәсібінің заманауи жоғары теxнологиялық жабдықтарымен жасалады. Қазіргі заманауи косметология жинақталған тариxи мәліметтерге сүйене отырып,орасан зор білімді талап етеді. Көптеген ғасырлар бойы косметикалық кемшіліктердің себебін анықтау үшін білім алынған және сол кемшіліктерді анықтау үшін әр түрлі емдеу,алдын алу әдістері мен құралдары ұсынылған. Косметикалық құралдар: сезімтал теріні жақсарту,ылғалдандыру,беттегі секпілден,УФ сәулеленуден сақтауға,целлюлиттен арылтуға,қартаю процесін баяулатуға көмектеседі.

Жас тері жасушаларында эластин мен коллагеннің көп мөлшері болады. Біртіндеп жас үлкейген сайын бұл заттардың саны азайып тері ылғалдылығын  жоғалтады. Коллагенмен байытылған жас эпидермис сұйықтықтың жетіспеушілігіне ұшырамайды. Жас кезде қартаюға қарсы крем, тіпті алдын-алу үшін де қажет емес. Теріні тұрақты ылғалдандырып отыру қажет онсыз әжімдер пайда болады. Қарапайым ылғалдағыш кремдер тиімсіз . Оны жас кезден белсенді қолдану керек. Қартаю процесін баяулату үшін арнайы қартаюға қарсы құралдарды пайдалану қажет.

Құрамында жүзім жемісінің сығындысы бар косметикалық құрал жараларды жылдам сауықтыруға, әжімдерді тегістеуге, дене серпімділігін қамтамасыз етуге және терінің қабынуын болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл крем теріге керемет тонус беріп және өңдейді.Дәрілік құралдардың арасында өсімдік майлары ерекше орын алады. Өсімдік майларының антиоксиданттық қасиеттері еркін радикалды тотығудан туындаған бірқатар ауруларды емдеуге және алдын алуға мүмкіндік береді.Соңғы жылдары ғалымдардың ерекше қызығушылығы күшті антиоксиданттық әсері бар жүзім тұқымының майы зерттеу болып отыр.

Терінің жай күйіне кері әсерін тигізбес және мембраналық клеткаларды ынталандыру үшін косметикалық құралдардың құрамына антиоксиданттар,органикалық қышқылдар,дәрілік өсімдік экстрактары бар биологиялық белсенді заттар қосылады.

Косметика тәжірибесінде қолданылатын 2 биологиялық белсенді заттардың ішінде ерекше орынды өсімдіктерден алынатын табиғи өнімдер алады. Ұзақ эволюция процесінен биологиялық белсенді заттардың әсерінен өсімдіктердің косметологияда құндылықтары артты. Косметология тәжірибесінде құрамында каротиноидтары,флавоноидтары,фитонцидтары,эфир майлары бар және қабынуға қарсы,жараны жазатын,микробқа қарсы басқа да әсер беретін өсімдіктер түрі кеңінен қолданылады. Жиі емдік косметикалық құралдарды дайындау кезінде құрамында қоректік заттары бар(сәбіз, өрік, құрма, шырғанақ, итмұрын, кокос, манго және т. б.), қабынуға қарсы заттар (шайқурай, қырмызы, жолжелкен, шалфей, өгейшөп, алтей, мыңжапырақ, жөке, самырсын, аир, алоэ, түймедақ пен т. б.), илік заттар(лапчатка, змеевик, емен және т. б.), сергітетін заттар (женьшень, элеутерококк, құлмақ, қызғылт радиола және т. б.), ағартқыш заттар (лимон, қарақат, бүлдірген, ақжелкен және т. б.) бар тітіркендіргіш әсерінен (сарымсақ, аир, қалақай, жуа, қызыл жгучий бұрыш және т. б.), бояғыш әсерінен (жеміс-жидектердің грек жаңғағы, жаңғақтар, кофе, рубарб және т. б.)

Косметика тәжірибесінде өсімдіктер жаңа піскен түрінде,кепкен өсімдік шикізатын сумен оқшаулау түрінде, спиртпен оқшаулау түрінде(экстракт,сығынды) ,маймен, пропиленгликольмен,  көмірқышқыл газымен оқшауланған түрде кездеседі. Оқшаулау қасиеті экстрагент түріне байланысты өзгереді. Кейінгі кезде фармацевтика ғылымында Жаңа жүзім қосылған препараттар шығып жатыр ,көбінесе жүзім майы,жүзім сығындысы бар биологиялық белсенді заттар тағам өнеркәсібінде,дерматология мен косметология ғылымында әр түрлі крем,жақпа май,гель,эмульсиялар және тағы басқа заттар кездеседі. Біздің республикамызда осы уақытқа дейін жергілікті  жүзім тұқымының сорттарының өндірілуі мен олардан дәрілік заттар алу  көзі ретінде пайдалану мүмкіндігі зерттелмеген. Осыған орай жүзім тұқымының майын өндіру технологиясы және жүзім майы қосылған препараттар өндіру  фармацевтикалық ғылымының өзекті міндеті болып отыр.

Ең бір ертеден келе жатқан және көп тараған косметикалық форма крем болып саналады.

Зерттеудің мақсаты-фитокомпоненттер қосылған емдік қасиеті бар жақпа майдың құрамын таңдау мен өндіру технологиясы болып табылады.

Өсімдік тектес заттарды косметикалық тәжірибеде қолдану яғни құрамында жүзім жемісінің майы қосылған жақпа майдың құрамын тауып және өндіру технологиясын табуға қызығушылық туады.Жақпа майдың құрамына біз жүзім жемісінің майын қостық. Ертеде жүзім майын тек техникалық жағдайда және әртүрлі бояғыштар мен химиялық өндірісте қолданған.

Ғалымдардың ғылыми тәжірибелік зерттеулерінің арқасында соңғы жылдары жүзім майының қолдану аясын кеңейтіп,қазір оны тағам өнеркәсібінде,диабетикалық тағамдарда,медицина саласында және косметикалық өндірісте қолданады. Жүзім майының биологиялық құндылығы оның құрамындағы биологиялық белсенді заттары,яғни биофлованоидтар мен витаминдерге байланысты. Бұдан басқа оның құрамына май қышқылдары мен цитокинин,аукин және рутин бар.

Жүзім майы құрамында проантоцианидин- бос радикалды тотығудан,бос радикалдарды біріктіретін антиоксидант бар. Бос радикалды тотығу барлық биологиялық процестерге тыныс алу жолдарына электрондарды тасымалдауға, простогландиндерді синтездеуге, катехоламин матаболизміне,фагоцитоз,дәрілік препараттар метаболизміне әсер береді. Жүзім жемісінің майы гепатопротекторлы және бүйрекке оң әсерін береді. Көптеген зерттеулер көрсеткендей жүзім майы ақуызда потологиялық ақаудың ,көмірқышқыл және май алмасуда,токсикалық гепатитті дамытпайды. Жүзім майыныңқұрамында мембрана фосполипидіне , қанықпаған май қышқылдарын тежеуге әсер беретін қалпына келтіретін қасиет беретін витамин Е бар. Жүзім майы құрамында  тонус көтеретін және зат алмасуды қалыптастыратын қанық жасыл түс беретін хлорофилл пигменті бар және жүзім майы онкологиялық ауруларды туындауына жол бермейді.

Косметикалық кремнің құрамында басты рольды біркелкілік әсер беретін зат атқарады. Ол біркелкілік әсер беретін заттың технологиялылығын,теріге қандай әсер беретіндігін қарау керек. Косметикалық тәжірибеде әртүрлі негізгі заттан тұратын (липофильді, гидрофильді, эмульсионды ) болып келеді.

Тағам өнеркәсібінде жүзім жемісі,жүзім қабықшасы сияқты артық қалдықтар қалады. Осы артық қалған заттардан химия өнеркәсібінде препарат және биологиялық белсенді заттар алуға болады. Химия өнеркәсібінде жүзім сығындысы мен жүзім майы екіншілік шикізат ресурсынан алынады. Емдік косметикалық құралдардың биологиялық белсенді рольдер әсерін әртүрлі функция атқаратын көмекші заттар атқарады. Көмекші заттар еріткіш, беттік белсенді заттар, консерванттар,антиоксиданттар,ылғалдандырғыш және т.б қызмет атқарады. Косметикалық өнімдердің ассортименті алуан түрлі.

Қазіргі кезде эмульсиялық негізде жасалған жақпа майлар көп кездеседі. Эмульсия негізіндегі жақпа май алу үшін оның құрамына липофильді құрамды заттар:какао майы, вазелин, майлар, эмульгатор ретінде Твин-80,дистильденген моноглициридтер,Т2 эмульгаторы,лецитин,сусыз ланолин алынады. Біздің жақпа майымыз жүзім жемісінің майлы экстрактарына липофильды негіздегі заттар,эмульгатор мен суды қосатын 4 фазадан тұрады.

Таңдалған эмульгаторларды қоса отырып,5 құрамдағы жақпа май дайындалды. Олар өздерінің қасиеттеріне тән әртүрлі жұмсақ консистенсиалы болды. Косметикалық тәжірибеде эмульсиялық негіздегі гидрофильді құрамды яғни жартылай синтетикалық және жоғары молекулярлы синтетикалық заттар,табиғи полисаxаридті және ақуызды гельдер дайындауға болады. Дайындалған жақпа майды органолептикалық және физико-xимиялық көрсеткіштерін: центрифугалау кезіндегі коллоидты тұрақтылығын, термостабильділігін, PH және басқа көрсеткіштерін тексердік. Органолептикалық көрсеткіштерінен сыртқы түрі,түсін ақ қағазға біртекті қылып жағып тексердік. Сыртқы түрі мен түсін анықтағаннан кейін оның иісін анықтадық. Каллоидтылыгын және термостабильділігін центрифугалау кезінде майлы және сулы фазаға бөліну әдісімен тексердік. Бұл тексеру кезінде сулы фазаға бөлінген жоқ және майлы фаза 0,5 см асқан жоқ. Сутек көрсеткішті сутек сорынғысында жүргіздік, оның PH 5,4 тен 6,9 дейінгі көрсеткішті көрсетті. Алынған көрсеткіштер рұқсат етілген нормаларға сай болды.

Кремнің ыңғайлылығы мен теріге жағылу жеңілдігі құрылымдық меxаникалық сипаттамалары мен биологиялық белсенді заттардың жақпа майдан босап шығуына әсер етеді. Зерттелген эмульсионды негіздердің ішінен органолептикалық және физико-xимиялық қасиеттер нәтижесін ескере отырып,жақпа майдың негізгі құрамына липофильды құрамды эмульгатор Т2 алдық. Жүргізілген теxнологиялық зерттеулер жаңа перспективалы әртүрлі фитокомпоненттер қосылған емдік профилактикалық әсердегі жақпа майлар өндіруде пайдаланады.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. ГОСТ Р 52343-2005. Косметикалық кремдер.
  2. Дмитрук, С.И. Фармация және медициналық косметология. - М .: Медициналық ақпараттық агенттік ЖШС, 2007. - 184 б.
  3. Красный, И.М. Медициналық және косметикалық өнімдер / И.И. Краснюк, Г.В. Михайлова, Е.Т.Чижова, Эд. И.Каснюк. - М.: «Академия» баспа орталығы, 2006. - 240 бет.
  4. Соколов, С.Я. Фитопатерапия және фитофармакология: дәрігерлерге арналған нұсқаулық / С Я Соколов. - М.: Медициналық ақпарат агенттігі, 2000. - 976 б.
  5. Косметикалық ақауларды емдеу және алдын-алу құралдары. Фармация ассортименті // Жаңа дәріхана. - 2004 ж.

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.