Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 24(44)

Рубрика журнала: История

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7

Библиографическое описание:
Кулбекова Н.К. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚТАР МЕН ШЕШІЛУ ЖОЛДАРЫ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2018. № 24(44). URL: https://sibac.info/journal/student/44/125993 (дата обращения: 23.04.2024).

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚТАР МЕН ШЕШІЛУ ЖОЛДАРЫ

Кулбекова Нишанкул Кожабековна

2 курс магистранты Археология және этнология мамандығының Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың

Қазақстан​

«Ұлт» ұғымына қатысты сын пікірлердің туындауына байланысты қазіргі саяси тəжірибеде сандық құрамына, мəдениеттің, тілдің даму сатысына, мемлекеттің жəне шекараның болуына қарамастан, «халық» деген ұғым кең қолданыс тапты. Бұл дегеніміз ұлттар, этникалық топтар,   елдер- барлығы бірдей саяси-құқық мəртебесіне ие болады. Одақ тарап,тәуелсіздігімізді алған соң ,орыс тілді жұртшылықтың Ресейге жер аударуының салдарынан Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Ата Заңында этнократиялық бағыт саяси-шекаралық бағытпен алмастырылды.

Ұлттың этникалық моделінен азаматтық моделге көңіл аударылды. Осы уақыттан бастап Қазақстан Республикасының субъектісі «қазақстандық халық» болып есептелінеді. 1995 жылдың Ата Заңында жалпы азаматтық ұстанымдар, этникалық ұстанымдарға қарағанда, бірінші орында тұр. Заңнамада ұлттық немесе діни партиялардың құрылуына тыйым салынды. 1995 жылдың Конституциясы ұлт- мемлекет негізін салып, қазіргі демократияның түсінігін қалыптастырды. Қазақстандық қоғамның бірлігі идеясы Қазақстан Республикасының егемендігінің жəне тəуелсіздігінің саяси негізі болып табылады.

Көптеген философтардың, саясаттанушылардың жəне саясаткерлердің пікірі бойынша, көпэтникалық қоғамда бірегей ұлтты қалыптастыру мүмкін емес. Өйткені адамдардың этникалық бірегейлілігі мемлекеттік бірігейліліктен жəне өзге этникалық топтардың өкілдерінен жоғары бағаланып тұр. Олардың ойы бойынша, Қазақстанда тек бір ғана ұлт бар. Оның құрамын қазақ ұлты құрайды. Ал қалған халықтар Қазақстанда диаспора болып саналады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының ұлттық идеясы қазақтың ұлттық идеясы, немесе ұлттық қазақ идеясы, болып табылады.  Осы бағыттың нəтижесінде тамырлы этнос қоғамда жəне ғылымда «титулдық ұлт» деген атаққа ие болады. Ұлттық сұрақ бойынша əдебиетте бұндай бағытты «ұлттың этномəдени түсінігі» деп атайды.

Өзге ұстанымды қолдайтын адамдардың ойынша, ұлттық идея көп этникалық мемлекетте тек бір халықтың идеясы бола алмайды. Қазақстанда ұлттық идея жалпы ұлттық болуы тиіс. Бұл идея адамдардың этникалық топтасуына қарамастан, мемлекетіміздің барлық азаматтарын біріктіруге арналған. Тұтас халықтың жалпы негізі қазақстандық азаматтылық болып табылады. Қазіргі этносаясаттануда аталмыш бағыт «азаматтық ұлт» деп аталады. Бүгінгі таңда ұлттық идеяны түсіндіруде осы екі бағыт басты болып саналады.

Жоғарыда  аталған  көпэтникалық  қоғамдағы бірегейлік туралы пікірлерді талдағанда  ескере кететін жайттардың бірі, этномəдени жəне азаматтық бағыттарда ұлттық идеяны түсіндіру барысында қарама-қайшылықтар бар. Осы   себептен қазіргі мемлекеттердің алдында келесі сұрақ туындап отыр: ұлттың жəне ұлттық идеяның азаматтық пен этномəдени бағыттарының арасында жатқан қарама-қайшылықтардың шешілу жолын табу.

Əр түрлі мемлекеттердің ұлттық құрылысының тəжірибесінің көрсетуі бойынша осы қайшылықтарды шешу барысында «немесе-немесе» бағытынан «жəне-жəне» принципі кең қолданыс тапты. Қазақстанның жалпы ұлттық идеясының қалыптасу жолында ұлт түсінігінің аталмыш екі бағыты — азаматтық жəне этномəдени — қолданылуы тиіс [1].

«Қазақстанда осы екі концепциялардың арасындағы қайшылықтар қалай шешімін табады?» деген сұрақ туындайды. Доминантты қазақ этносында тұтас халықты азаматтық қоғамда қалыптастыру. Осы ұлтты қалыптастыратын тəсілді белгілі этносаясаттанушы Энтони Смит «доминантты этнос» моделі деп атайды [2].

Қазақстанда мультиэтникалық қоғам ретінде ұлттың этномəдени жəне азаматтық концепцияларының екеуі де объективтік қажеттілік ретінде жүзеге асырылуда. Егер де аталмыш концепциялардың біреуі объективті бағаланбаса, онда еліміздің ұлттық кеңістігіне зиянды əсер тиеді.

Азаматтық ұлт идеясының қажеттілігі:

Біріншіден, қоғамның тұрақтылығына жəне ішкі қауіпсіздігіне жол ашады. Азаматтық ұлттың этникааралық ұжым ретінде қалыптасуы этникалық топтарды қайшылықтарын жұмсартып, азайтуға мүмкіндік береді.

Екіншіден, Қазақстанда азаматтық ұлтты қалыптастыру барлық қазақстандықтардың бірегейлілігіне жақсы жақтан əсер етеді. Олардың этникалық топтасуына қарамастан, барлығы Қазақстан Республикасын өзінің елі, Отаны деп санайды.

Үшіншіден, Қазақстандағы азаматтық ұлттың қалыптасуының нəтижесі  пісіп-жетілген азаматтық қоғам болуы тиіс. Азаматтық ұлт жəне азаматтық қоғам бір-бірімен тығыз байланысты жəне бір-бірінсіз өмір сүре алмайды [3].

Этномəдени концепциясының қажеттілігі:

Біріншіден: мемлекет құрушы қазақ этносында қазақстандық халықтың ұлттық құрылысының моделі туындаса, онда өз-өзімен азаматтық ұлттық құрамында айрықша орны айқындалады.

Екіншіден: біздің еліміздегі қалыптасып келе жатқан конституциондық бекітілген халықтың сипатын есепке алу қажет.Мəселе мынада — қазақстандық халықты өзінің тарихи қалыптасқан əлеуметтік формасы бойынша эмигранттық ұлт қатарына жатқызуға болмайды (мысалы, Америкада, Австралияда жəне əлемнің кейбір елдерінде). Қазақстанда ұлттың этникалық жəне тарихи алғышарттары мен тамырлары анық жəне айқын көрініп тұр. Бұл қазақтарға тікелей қатысы бар. Осы этнотарихи аспект қазақстандық халықтың даму жолындағы жалпы ұлттық сипатқа ие болуы тиіс.

Үшіншіден:этномəдени аспект Қазақстанның жалпы ұлттық идеясының əдіснамалық концепциясын құруында орасан зор орын алады. Бұл концепция ұлттық идеяға конструктивтік, шығармашылық көзбен қарауға мүмкіндік береді. Біздің ойымызша, ұлттың азаматтық концепциясында конструктивтік бағытты да тым асырудың қажеті жоқ [4].

Кеңес заманынан кейінгі қазақстандықтардың өзіндік бірегейлілік үдерісі бүгінгі күнге дейін аяқталды деп айтуға болмайды. Еліміз болашақта өзінің тарихи қалыптасып келе жатқан ұлттық келбетін сақтап қана қоймай, сонымен қатар тең құқылы дəрежеде өзге елдермен жаһандану үдерісіне кіруі қажет.

 

Əдебиеттер тізімі:

  1. Айталы А. Ұлттану. -Алматы, 1998. -154 б.3-с
  2. Бурбаев Т.Қ. Қазақ менталитетінің даму ерекшеліктері. -Астана, 2005. 287 б.
  3. Сарсенбаева З.Н. Этнос и ценности. -Алматы, 2009. 235б. 5-с
  4. Қолумбаев. Б.Е., М.М.Шуматова Ұлттық бірегейлік тəуелсіздіктің сыртқы көрінісі ретінде // Қарағанды университеті  хабаршысы. 2013 жыл https://articlekz.com 2-с

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.