Поздравляем с 9 мая!
   
Телефон: 8-800-350-22-65
Напишите нам:
WhatsApp:
Telegram:
MAX:
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9:00 до 21:00 Нск (с 5:00 до 19:00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 15(353)

Рубрика журнала: Педагогика

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6

Библиографическое описание:
Тухтаров А.М. АҒЫЛШЫН ТІЛІН МЕҢГЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2026. № 15(353). URL: https://sibac.info/journal/student/353/412459 (дата обращения: 10.05.2026).

АҒЫЛШЫН ТІЛІН МЕҢГЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ

Тухтаров Азиз Мирзаевич

студент, педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті,

Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы

Бектурсынова Эльмира Мадияровна

научный руководитель,

ғылыми жетекші, пед.ғыл. маг. М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті,

Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы

АННОТАЦИЯ

Бұл мақалада ағылшын тілін меңгеру үдерісінде жасанды интеллектті қолданудың тиімділігі ғылыми тұрғыдан қарастырылады. Зерттеу барысында студенттердің оқылым, жазылым және тыңдалым дағдылары талданып, жасанды интеллект құралдарының тілдік құзыреттілікті дамытудағы дидактикалық әлеуеті айқындалады. Сонымен қатар, оқу үдерісінде жасанды интеллектті тиімді қолданудың әдістемелік негіздері ұсынылады.

 

Кілтті сөздер: Жасанды интеллект, оқылым, тыңдалым, жазылым, чат – боттар, педагогика саласы.

 

Жасанды интеллект ағылшын тілін оқыту мен үйрету саласында қай бағыттарда қолданылады және оны қолданудың артықшылықтары қандай? «Жасанды интеллект және ағылшын тілін үйрету: жүйелі әдебиет шолу (Artificial Intelligence and English Language Teaching: A Systematic Literature Review)»  атты мақаласында Др Хелен Кромптон, Др Адам Эдметт, Ниназ Ичапория (2022) зерттеуінде ағылшын тілін оқыту мен үйрету саласында жасанды интеллектіні қолданудың бес негізгі бағыты бар деп көрсетеді.[2] Атап айтқанда: айтылым, жазылым және оқылым дағдылары, педагогикалық үдерісті қолдауда, сондай-ақ білім алушылардың өзін-өзі реттеу дағдылары. Осы бағытардың ішінен мен тыңдалым, жазылым және оқылым дағдыларына тоқталып кеткім келеді.

Айтылым саласында жасанды интеллектіні қолдануға қатысты зерттеулерде анықталған жалғыз дағды — дыбыстау (Pronunciation) болды. Айтылымды оқытуға қатысты анықталған келесі бағыт педагогикамен, яғни оқыту әдістерімен байланысты болды. Бұл ретте жасанды интеллект әңгімелесу серіктесі, тілдік жаттықтырушы және мультимодальды құрал ретінде қолданылған. Мысалы, Duolingo, Cake, HelloTalk, ELSA Speak секілді түрлі платформалар бар. Кәзіргі таңда кеңінен қолданыста жүрген ChatGPT платформасында ағылшын тілін жаттықтыра алады. Жазу дағдысында жасанды интеллект (ЖИ) қолданудың екі бағыты – ол сөздік қорды дамыту және грамматиканы жетілдіру. ЖИ аталған дағдыны дамыту барысында жоғары деңгейде көмек береді. Ол үшін жасанды интеллекті «дайын жауап беретін құрал» емес, «үйрететін көмекші» ретінде қолдана алған тіл үйренушіге жақсы нәтиже береді. Мысалы, 2009 жылы Максим Литвин, Алекс Шевченко және Дмитро Лидер “Grammarly” онлайн платформасын құрды. Құрылтайшылардың идеясы — адам жазған мәтінді автоматты түрде талдап, грамматика, орфография, стиль, тон және мәтін құрылымы бойынша нақты ұсыныстар беру болатын. ChatGPT, Google Gemini секілді ЖИ платформаларына түрлі сұрақтар қою арқылы жазылым дағдысын жақсартуға болады. Берілген жауаптарды салыстыруға болады. Эссе жазу барысында жоспар құру көмек береді. Грамматиканы тереңірек меңгеруге болады. «Бұл неге қате?», «Екеуінің айырмашылы неде?» деген секілді түрлі сұрақтар қою арқылы түзету жүргізуге болады. Бірақ келесіде көрсетілген қателіктерді жібермеу керек. Олар:

  • ЖИ мәтінді толықтай көшіріп алу,
  • Түсіндірмеге мән бермеу, жақсылап оқымау,
  • Тапсырманы толықтай ЖИ-ге орындату.

Оқу дағдысы (reading skill) – ЖИ арқылы ағылшын тілін үйренуде қолданылатын дағдылардың бір түрі. Бірақта сөйлеу (speaking) және жазу (writing) секілді кеңінен таралмаған. Бұл дағдыда басты назарға аудартын – сөздік қорды дамыту болып табылады. Педагогикада қолдану барысында тек ойын тәсілі маңызды. Атап айтсақ Duolingo, Quizlet.

Ағылшын тілін оқу және үйренуде, жасанды интеллекті қолданудың қандай қиыншылықтары бар? Ең бірінші жоғарыда көрсетілген ChatGPT секілді чат-боттарға оқушылар мен студенттер тәуелді болу қаупі. Сонымен қатар, чат-боттарды жиі қолданудың әсері, қарапйым тапсырмаларды шешу дағдысынан айырылу қаупі бар. Келесі мәселе ЖИ нәтижелерінің сапасы мен дәлдігі. Оқытушылар ЖИ нәтижесін үнемі қадағалап түзетіп отыру қажет. Үшінші бізде қаралатын мәселе диджитал теңсіздік (Digital divide) Барлық студенттерде құрылғы, тұрақты интернет немесе AI платформаларына қолжетімділік бірдей емес. Бұл білім алу мүмкіндіктерінің теңсіздігін тудырады. Және соңғы маңызды мәселелердің бірі – этикалық мәселелер. Бұл жасанды интеллекке көп сенім білдіру адам арасындағы қарым – қатынасқа әсер етеді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. https://qazsaq.kz/primenenie-iskusstvennogo-intellekta-na-urokah-anglijskogo-yazyka/
  2. Artificial intelligence and English language teaching: A systematic literature review. Dr Helen Crompton Dr Adam Edmett Neenaz Ichaporia. 2023. – б 4-13.