Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 15(353)
Рубрика журнала: Филология
ЦИФРЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДА ТІЛДІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ТІЛДЕРІ НЕГІЗІНДЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
TRANSFORMATION OF LANGUAGE IN THE CONTEXT OF DIGITAL COMMUNICATION: A COMPARATIVE ANALYSIS BASED ON ENGLISH AND CHINESE
Tastybai Zhuldyzai Bakytbekkyzy
Student, Department of Foreign Languages, E.A. Buketov Karaganda National Research University,
Republic of Kazakhstan, Karaganda
Mukanova Darina Yergaliyevna
Scientific supervisor, Master’s Degree in Humanities, E.A. Buketov Karaganda National Research University,
Republic of Kazakhstan, Karaganda
АҢДАТПА
Ғылыми мақала ағылшын және қытай тілдеріне сәйкес тілдің трансформациясын зерттеуге арналған салыстыруды ұсынады. Ғалымдардың көзқарастарына негізделе отырып, интернет мәтіндерінің лексикалық, графикалық және прагматикалық аспектілері зерттеліп, зерттеудің бірінші бөлімінде кейбір талдаулар жасалған. Қазіргі цифрлық коммуникация тілдің жылдамдылығын арттырып, жаңа сөздердің қысқартулардың, цифрлық кодтардың жіне эмодзи мен графика сияқты мультимодальды элементтердің қалыптасуына ықпал ететіні ділелденген.
ABSTRACT
This research article presents a comparative study of language transformation in English and Chinese.Based on the perspectives od scholars, the lexical, graphical, and pragmatic aspects of internet texts are examined, and several analyses are conducted in the first sectiob of the study. It is demonstrated that modern digital communication accelerates language development and contributes to the emerhence of new words, abbreviations, digital codes, as well as multimodal elements such as emojis and gifs.
Түйінді сөздер:, ағылшын тілі, қытай тілі, цифрлық коммуниикация, лексикалық трансформация, тіл эволюциясы.
Keywords: English language, Chinese language, digital communication, lexical transformation, language evolution.
Кіріспе: “Коммуникация” түсінігінде ғалымдар әртүрлі мағына береді. Біреулері оны технологияның дамуымен байланыстырса, біреулері оны 'индустриалды революциямен байланыстырады. Америкалық ғалымдар Дефлер М.Л мен Болл-Рокич С.Дж коммуникацияны: ‘өркениетеің негізінде сауатты жазу және саналы түрде коммуникация жасай білу қабілеті жатыр және бұл дабыл қағу, сөйлеу, хат, баспа ісі коммуникацияның дамуын ажырата білу дәуірі болып табылады.’ – деп есептейді[1]
Тіл – қоғамдық құбылыс. Сондықтан оның тарихы мен дамуы қоғамның тарихы мен дамуына байланысты болады. Тілдің фонетикасында, лексикасында, грамматикасында әртүрлі өзгерістер жасалып, тіл ұдайы даму күйінде болады. Мысалға алатын болсақ, басқа елден енген сөздер ауысып келуі мүмкін; лексикологияда кейбір ескірген сөздер шығып, оның орнына жаңа сөздер қосылып немесе оның мағынасы ауысып отырады [1, 15-17б]. Нәтижесінде, цифрлық ортадағы өзгерістер тікелей тілдің өзгеруіне әкеледі.
Қазіргі жаһандану дәуірінде цифрлық технологиялар адамзат өмірінің барлық саласына енгізілген. Әсіресе коммуникация жүйесі түбегейлі өзгеріске ұшырап, ғаламтор кеңістігі коммуникацияның ең негізгі алаңына айналды. Әлеуметтік-желілер, ғаламторлар, онлайн-платформалар, неше түрлі мессенджерлер арқылы жүзеге асырылатын қарым-қатынас жаңа тілдік формаларды қалыптастырды. Лингвист Д.Кристал интернет тілін жаңа коммуникативтік кеңістік ретінде қарастырады, ал С. Херринг компьютерлік коммуникацияны жазбаша жіне ауызша тілдің аралас формасы ретінде сипат береді. [2; 3]
Зерттеу объектісі: Интернет саласының қоғамдық және жеке тұлғалық және танымал сәйкестікті қалыптастырудағы рөлі, қазіргі заманғы құндылықтар мен стереотиптер. Бұл саала әртүрлі қызығушылықтары бар адамдарды біріктіруге және жаңа мәдени тенденциялардың өсуіне себеп болуға жаңа мүміндіктер ұсынады. Осы тұрғыда зерттеу ағылшын және қытай тілдеріндегі цифрлық коммуникацияны қолдану арқылы коммуникацияның тілдік эволюциясына және оның сипаттамаларына назар аударады.
Зерттеудің теориялық мақсаты: Интернет бүкіл әлемдегі адамдарға бір-бірімен дереу байланысу мүмкіндігін береді. Тіл, әрине, цифрлық коммуникацияның дамуымен өзгереді. Цифрлық коммуникация туралы талқылаулар көптеген ғалымдардың, соның ішінде Норман Фрэйлоудың еңбектерінде қамтылған, ол әлеуметтік факторлар тілдік өзгерістердің негізінде жатыр деп дәлелденген. Н.Фрэклоу өз еңбегінде былай деп жазып кеткен болатын: «тілді қолданудың қасиеттерін шектеуге болатын түсінік жоқ, әлеуметтік құрылым – таптар мен басқа боптар арасындағы әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік формациядағы формулировкалар тәсілдері және т.б. және ол оның өсуі мен өзгеруіне әсер етуі мүмкін.» [5]
Зерттеудің практикалық мақсаты: Ағылшын және қытай тілдері әлемдік коммуникацияда үстемдік ететн позицияны білдіреді. Интернет ортасында бұл тілдер цифрлық кодтар, жаңа лексика-грамматикалық бірліктер және графикалық символдар түрінде қабылданған. Зерттеу барысында тілдің цифрлық коммуникация контекстіндегі өзгерісі бірнеше деңгейде байқалды. Лексикалық деңгейде сөздік өзгерді – ‘LOL, OMG, IDK’ ағылшын мессенджерлерінде кеңінен қолданылады, ал сандық код «520; 88; 666» қытай мессенджерлерінде танымал. Қытай тілінде иероглифтер мен латын графикасы біріктірілген. Бұл әдіс ақпаратты жылдам пернетақтада теруге және оны дереу жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл онлайн коммуникацияның сипаттамаларына байланысты, яғни қазіргі уақытта дамыған цифрлық құралдарға негізделген коммуникация тез және аз орындалады. Д.Кристалдың көзқарасы бойыншағ интернет тілі жаңа коммуникациялық орта болып табылады және оның қысқалыққа назар аударуы ерекше. Морфология және синтаксис деңгейінде бұл жағдайды қарастырғанда, ағылшын тіліндегі «are yoi coming?» сөйлемі «u coming?» болып өзгеріске ұшырады. Қытай тіліндегі грамматикалық бөлшектер (了;吗) жиі түсіп қалады. Сол сияқты, «你吃了吗?» сөйлемінде «了;吗» бөлшектері жоқ, сондыөтан тек «你吃?» болып қалады. С.Херринг айтқандай, бұл тұрғыда жасалған өзгерістер гибридті компьютерлік коммуникацияның бір түрі болып табылады, өйткені ол жазбаша және ауызша тілді араластыруға мүмкіндік береді[3]. Эмоциялық ресурстар ретінде эмодзилерді, стикерлерді және басқа да визуалды көрсеткіштерді қолдану практикалық және визуалды мағыналар үшін ерекше маңызға ие болды. Қытайлық коммуникацияда ағылшын лексикасын қолдану да белгілі. Ли Вэй бірнеше тілді бір тілдік-коммуникативтік контекст ретінде қолдануды сипаттайтын транслингвизм моделән түсіндіреді [7].
Зерттеу нәтижелері практикаға қатысты үлкен маңызға ие. Біріншіден, оны тіл үйрету әдістемесінде қолдануға болады. Студенттер әлеуметтік желіден жазбаша үлгілер алады. Оларға қазіргі қысқартулар мен эмодзилерді қолдану ережелері немесе білімі, сондай-ақ осы ерекшеліктерді дұрыс пайдалану таныстырылады; бұл олардың қазіргі жастар арасында коммуникативтік қабілеттері үшін пайдалы деп санайды, сондықтан оларды ілгерілету үшін. Екінші жағынан, аударма саласында ол аудармашыларға бірнеше кодты ауыстыру және визуалды белгілерді дұрыс түсініп, аударуға мүмкіндік береді[4]. Медиа коммуникация және маркетинг зерттеулері саласының аспектілері бойынша жазу және басып шығару саласындағы тілдік трансформация тілдің әлеуметтік пайдаланушылар мен клиенттерге тиімді таралуына мүмкіндік береді. Эмодзилерді, стикерлерді және қысқартуларды дұрыс пайдалану клиенттерге жетудің негізгі құралдарынығ бірі болып табылады. Сонымен қатар, сандық коммуникация зерттеулері әлеуметтік және мәден зерттеулерге де үлес қосады; тілдің эволюциялықпроцестерін және көтілді зерттеулерді зерттеу арқылы біз әлеуметтік желілердегі үрдістерді күте аламыз.
Қорытынды: Ақырында , мұнда ұсынылған жұмыстың үлестері сандық лингвистика және жасанды интеллект үшін пайдалы. Ағылшын және қытай тілдерінің лингвистикалық мәдени сипаттамалары әртүрлі болғанымен, сандық коммуникацияның әсерінен екі тілде де тілдің қысқаруы және ықшамдалуы процесі байқалады. Осылайша, эмодзилер мен графикалық белгілерді, суық әріптер мен жылы суреттерді, дауыстық хабарламаларды және қызықты стикерлерді жіберуге болады. Бұл интернет, тілдің функционалдық шекараларын кеңейтеді. Бұл талдаудың нәтижелері ағылшын және қытай тілдерінде ең көп таралған қысқартулар, акронимдер және ауызеі сөйлеу белгілері қолданылатынын көрсетеді. Бұл ақпараттың жылдам таралуымен байланысты. Сондай-ақ, графикалық элементтер, мысалы, эмодзилер, стикерлер, бас әріптер және әріптердің қайталануы мәтіндегі эмоцияны арттыратыны анықталды. Тілдік трансформация зерттеулері тек теориялық маңызға ие емес, сонымен қатар белгілі бір салалар мен практикалық қолданбаларға қолдануға болатын сандық коммуникацияның саласы болып табылады.
Әдебиеттер тізімі:
- Жармакин О. Тіл біліміне кіріспе: оқу құралы. – 2007. – 256б.
- De Fleur M.L., Ball-Rokeach S.J. Theories of Mass Communication. – New York-London: Longman. 1989. – 8p.
- Crystal D. Internet Linguistics: A student guide. – London: Routledge, 2011. – 192p.
- Herring S. Computer Discourse Analysis. – London: Longman, 1995. – 240p.
- Norman F. Discourse and social change. – London: Routledge,1992. – 259p.
- Crystal D. Language and the Internet. – Cambridge, 2006. – 304p.
- Li Wei. Translanguaging as a Practical Theory of Language. // Applied Linguistics. – Oxford: Oxford University Press, 2018. – 9-30p.

