Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 15(353)
Рубрика журнала: Математика
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6
ОҚУШЫЛАРҒА МАТЕМАТИКА ЕСЕПТЕРІН ШЕШУДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ КЕЙБІР ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
АҢДАТПА
Мақалада жалпы орта мектептерінде «Математика» пәнінің факультатив сабақтарын оқыту кезінде білімді заман талабына сай жасанды интеллектінің кейбір құралдарын қолдану арқылы оқушыларға пәнді тереңірек түсіндіре алудың теориялық негіздері мен ерекшеліктері қарастырылған. Математиканы оқытуда қолданылатын құралдар нақтыланған. Жасанды интеллектінің математика факультатив сабақтарын оқытуға арналған инструменттері қарастырылған. Мектеп математика курсындағы факультатив сабақтарды өткізу әдістері жазылған. Жасанды интеллект құралдарының шарықтау шегіндегі функцияларының өзгерістері көрсетілген. Қазақстандағы жасанды интеллект мысалдары келтірілген, дәстүрлі білім беру мен заманауи білімнің айырмашылықтары жазылған. Тақырып аясында ғылыми зерттеу жұмысын жасау кезінде жасанды интеллект тақырыбының әдебиеттеріне талдаулар, сынақтар мен анкета жүргізу әдістері қолданылды. Зерттеулер нәтижесінде оқулықтардың артықшылықтары айқындалды. Жасанды интеллект инструменттерін қолданып балаларға есептерді түсіндіру үшін бірнеше мысалдар жасалынды. Мұғалімдерге тақырып аясындағы сауалнамалар жүргізілді.Сауалнаманың нәтижесінде жасанды интеллектіні оқу бағдарламасына енгізу тиімді екендігі анықталды.
Түйін сөздер: «Математика» пәні, факультатив сабақтар, жасанды интеллект, орта мектеп оқушылары, эксперимент, технология.
Қазіргі қоғамда мектеп оқушыларын өз бетінше жасанды интеллектінің құралдарын тиімді пайдалануға үйрету ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сол себепті біз оның тиімді тұстарын қауіптілігімен қоса отырып талдап, қолдануымыз керек. Әлемге танымал психофизиолог, Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Александр Каплан жасанды интеллектінің ең қауіпті мүмкіндігін, яғни, оның адамның орнына шешім шығаруы әбден мүмкін деген тұжырымға келген.
Қазіргі кезде, қай салада болмасын, заманның ағымына байланысты дамыған, заманауи құралдарды қолдануға сұраныс жоғарылап келеді. Сол үшін де қазіргі заманда жасанды интеллектпен танысу жұмыстарын оқушылар арасында жүргізу өзекті мәселе болып қаралуда.
Соңғы уақыттарда жасанды интеллектіні адам қызмет ететін барлық салаларда, соның ішінде білім беру жүйесінде кірістіріліп жүргендігін жиі естиміз. Бұл зерттеу жұмысында жасанды интеллектінің не екендігін және ол қоғам мен білімнің дамуына қандай үлес қосатындығын анықтауға тырысамыз. Жалпы алғанда, нейрондық желі – бұл едәуір көп ақпараттарды, деректер базасын және қойылған интеллектуалды тапсырмаларды шешу жолдарын ұсына алатын жасанды интеллектіні қамтитын математикалық модель. Нейрожелілердің негізгі қасиеті – олар арнайы Machine learning IT маманының қатысуынсыз өз бетінше оқи алады [2, 3, 4].
Математика оқушылардың аналитикалық ойлауын, логикасын және мәселелерді шешу дағдыларын дамытатын пән болғандықтан мектептік бағдарламаларда ең негізгі пәндердің бірі болып саналады. Орта және жоғарғы сынып оқушылары үшін математика алгебра, геометрия және анализ бастамалары сияқты абстрактті ұғымдарды тереңінен түсінуді талап ететін күрделірек пәнге айналады. Сол себепті, көптеген зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, көбіне оқушылар осы күрделі тақырыптарды меңгеру барысындағы пайда болған мәселелер негізінде пәнді үйрену мотивацияларын жоғалтып, нәтижесінде академиялық үлгерімдерінің төмендеуіне алып келеді.
Дәстүрлі түрде білім беру әрқашан құнды болғанымен өзінің кемшіліктері де бар. Мысалы, көп оқушысы бар сыныптарда мұғалім әр балаға жеке көңіл бөлуге уақыты да, мүмкіндігі де жете бермейді. Бұл бір баланың келесі тақырыпқа өтуі үшін жеткілікті білім ала алмауына, ал бір баланың мүлде тақырыптан артта қалып қалуына әкеледі. Сондықтан қазіргі дамыған заманда балаға сапалы әрі ыңғайлы білім беру үшін заманауи технологияларды дұрыс жағынан қолдана алу өте маңызды рөл атқарады.
ЖИ соңғы жылдары білім беру технологияларын дамыту бағытындағы негізгі құралға айналып отыр. Математиканы оқытуда ЖИ-тіні оқу процесін персонализациялауы үшін және де мұғалімдердің кейбір жұмыстарының орындалу тиімділігін арттыру мақсатында мықты құрал ретінде пайдалана аламыз. Мысалы, ЖИ әр оқушының білім деңгейін ескере отырып жеке тапсырмаларды бейімдей алады, оқушылардың қосымша көңіл бөлу керек тұстары мен жетістіктерін талдап беріп отырады.
Қазақстандық ғалымдардың да назарын аудартқан ЖИ тақырыбы туралы бірнеше газеттерде, журналдарды жарық көрді. Мысалы, Егемен Қазақстан журналының бір басылымында жарық көрген математик Асқар Жұмаділдаевтың ЖИ туралы ойы келесідей болды:
"Математика – бұл кез келген технологиялық процестің негізі. Логикалық ойлаусыз және фундаменталды білімсіз жасанды интеллектті дамыту мүмкін емес." [8] Асқар Жұмаділдаев ЖИ математиканы оқытуда қолдану күрделі есептердің шешімін оңай табуға және нақты ғылымға қызығушылықты арттыруға көмек беретін құрал деп атады.
Сондай ақ келесідей Нұрлан Сейтқазиннің ойы бар: "ЖИ тек математиканы шешуде көмек беріп қана қоймай, оқушылардың креативті ойлауын дамыта алады". Ол ЖИ оқушының осал тұстарын анықтап білуге және жекелеген тәжірибе ұсыну үшін оқытушыға көмек беретіндігін нақтылай түсті.
2019-2020 жылдар заманауи технологиялардың дами түскен кезеңі деп айта аламыз. ЖИ құралдары біздің әлемімізде ресми 1956 жылдан бері пайда болса да, осы жылдарға дейін қатты дами қоймады. 2019 жылы жалпы әлемге енгізілген карантиннің салдарынан барлық жұмысшылар, оқытушылар, тіпті оқушы-студенттер өз сабақ-жұмыстарын онлайн жүргізді. Осы себептен де ЖИ құралдары біздің өмірімізге тереңінен ене бастады.
Осы аталған ЖИ құралдары математика қосымша сабақтарын өтуде мұғалімнің уақытын біршама үнемдеп, оқушыларға тиімді сабақ өту мүмкіндігін тудыра алады. Бағдарлама бойынша сабақ уақытында біз оқулықтағы берілген тапсырмалармен бірге аталған құралдарды үйренетін болсақ, бағдарламадан артта қалып қоюымыз әбден мүмкін. Сондықтан да мұндай қосымша білім беруді факультатив сабақтарында қолданғанымыз абзал.
Қорытынды
Математика есептерін шешуде оқушыларға жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын қолдану оқыту жүйесінде жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл технологиялар оқушыларға тек күрделі есептерді шешуде ғана көмектесіп қоймай оқушылардың математикалық түсініктерін терең түсінуге көмек береді, логикалық ойлауын және өзіндік оқытуды дамытады.
ChatGPT, Wolfram Alpha, Photomath және ұқсас жасанды интеллекттерді қолдану оқушыларға есептердің қадамдық жауабын алуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе жаңа тақырыптарды түсінуде қиналатын оқушылар үшін тиімді: оқушылар кез келген уақытта түсіндірмені ашып көре алады, материалдарды қайталай алады, қателерін түзеп білімдерін бекітеді.
Сондай-ақ ЖИ оқушылардың деңгейлеріне адаптация жасай отырып әр түрлі қиындықтағы есептерді оқушылар үшін жеке дайындап береді. Мұндай тәсіл жеке даралап оқытуды жеңілдетеді.
ЖИ құралдарын дұрыс педагогикалық сүйемелдесе ол баланың ойлау қабілетін алмастыра алмайды, керісінше ынталандырады. Мәселен, оқытушы ЖИ құралы арқылы алынған жауапты оқушының өз жауабымен салыстыруын сұрап, айырмашылықтарын анықтай алады. Осылайша, оқушы жауапты көшіріп қана қоймай, оны талдап, критикалық ойлауын дамыта алады.
Бірақ та, кейбір қауіптерді ескеру қажет. Оқытушының қадағалауынсыз ЖИ қолдану оқушылардың технологияларға тәуелділігін арттырып, оқушының өзіндік ойлауын қысқартуға алып келеді. Сондықтан, оқыту жүйесіне бұл технологияны ақылды түрде жүйелеп қосу маңызды. ЖИ мұғалімді алмастырушы емес, оның көмекшісі және оқушылардың белсенділігін бақылауға көмек беретін құралы болуы керек.
Жасанды интеллект сізді емес, сіз жасанды интеллектіні басқарыңыз. ЖИ жасап берген жұмысқа нүкте қоятын өзіңіз.
Әдебиеттер тізімі:
- Тоқаев Қ.-Ж. К. Цифрландыру – бұл жай ғана үрдіс емес, бұл – прогрестің негізгі факторы // Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы. – Астана, 2022 ж. 28 қыркүйек
- Фирсов М. В., Филатова О. Н., Гущин А. В. Опережающее обучение навыкам будущего (Future Skills) посредством разработки компьютерных тренажеров и цифровых ассистентов с искусственным интеллектом //Известия Балтийской государственной академии рыбопромыслового флота: психолого-педагогические науки. – 2020. – №. 3. – С. 11-16.
- Филатова, О.Н. Применение нейросетей в профессиональном образовании / О.Н. Филатова, М.Н. Булаева, А.В. Гущин // Проблемы современного педагогического образования. – 2022. - №77-3. – С.243-245.
- Markova, S.M. University modernization in the conditions of industrialization of production and intelligent machines / S.M. Markova, S.A. Tsyplakova, E.P. Sedykx, O.N. Filatova, A.V. Khizhnaya // Lecture Notes in Networks and Systems. – 2021. –T.200. – P.940-947.
- Albert Chun-Chen Liu, Oscar Ming Kin Law. Artificial Intelligence Hardware Design. - Hoboken: Wiley, 2021. – P. 233.
- Hwang Tu. Usage ChatGPT. – Pedadogy and Psechology, 2023. – P. 39-47.
- Воложанин С. С. Применение искусственного интеллекта / С. С. Воложанин // Язык в сфере профессиональной коммуникации : сборник материалов международной научно-практической конференции преподавателей, аспирантов и студентов (Екатеринбург, 28 мая 2020 г.). — Екатеринбург : ООО «Издательский Дом «Ажур», 2020. — С. 492-499.
- Жұмаділдаев А. Алгебрадағы Асқар асуы. – Астана: Егемен Қазақстан, 2016. – 18 б.

