Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 14(352)
Рубрика журнала: Филология
Скачать книгу(-и): скачать журнал
АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СИНТАКСИСТІК БАЙЛАНЫСУ ФОРМАЛАРЫ
Грамматиканың синтаксис саласының қарастыратын негізгі мәселелері сөз тіркесі мен сөйлем олардың құрылымы мен түрлері сөз тіркесі мен сөйлемдегі сөздердің байланысу амалдары мен формалары. Сөз тіркесі жөнінде жүйелі зерттеулердің қалыптасып дамығанына көп болған жоқ.Сөз тіркесі грамматиканың объектісіне жатады. Грамматикада болғанда ол морфология мен синтаксистің арасындағы осы екеуін жалғастыратын басқыш болып табылады.
Тәжірибеде сөз тіркесі синтаксистік талдау оңай болып көрінгенмен,мұны жете тану жағы әлі жеткіліксіз.Көп реттерде біз сөйлем мүшелерімен ғана байланысты қарайтындай ыңғайды жиі кездестіреміз. Аталған мәселелерді жеке, нақтылы бір тілге қатысты жан-жақты қарастыру грамматиканың жалпы теориясынын, міндетіне емес, жеке бір тілдің грамматикасының (оның синтаксис саласының) міндетіне енетіндігі ескеріліп, бұл кітапта, оның алдына қойған мақсаты мен міндетіне орай, сөз тіркесі мен сөйлемге тән басты белгілер, олардың құрылымы мен лингвистикалық табиғатына қатысты жалпы теориялық мәселелер сөз болады.
Сөз тіркесі жөнінде жүйелі зерттеулердің қалыптасып дамығанына көп болған жоқ. Сөз тіркесі грамматиканың объектісіне жатады. Грамматикада болғанда ол морфология мен синтаксистің арасындағы осы екеуін жалғастыратын басқыш болып табылады.
Сөз тіркесі — мағыналық жақтан да, грамматикалық жақтан да өз ара байланыста, бірлікте болатын, толық мағыналы кемінде екі сөздің тіркесі. Сөз тіркесінің сыңарларының арасындағы байланыс сөздің бөлшектерінің арасындағы байланыстан анағұрлым еркінірек болады. Алайда, бұл еркіндік сөз тіркесінің мағыналық және синтаксистік бүтіндігін бұзатындай дәрежеде болмауға тиіс. Мысалы, сөз тіркесінің сыңарларының арасында ұзақ кідіріс (пауза) жасалса немесе ол сыңарлардың арасына бірнеше сөздер енсе, сөз тіркесінің бірлігі, тұтастығы бұзылуы мүмкін. Сөз тіркесінің сыңарларының арасында да, сөздің (мейлі жалаң сөз болсын, мейлі күрделі сөз болсын) бөлшектерінің арасында да байланыс бар, бірақ сөздің (соның ішіңде күрделі сөздің де) бөлшектерінің арасындағы байланыс сөз тіркесінің сыңарларының арасындағы байланыстан басым да, бекем де болады. Осыған орай, жалаң сөз де, күрделі сөз де сөйлеу кезінде жасалмай, даяр тұрған единица ретінде сөз тіркесінің немесе сөйлемнің құрамына емін-еркін енсе, синтаксистік сөз тіркесі белгілі бір үлгілер (модельдер), формулалар бойынша сөйлеу кезінде жасалады. Осылай болғандықтан, оның құрамындағы сыңарлар ыңғайына қарай басқа бір сыңарлармен ауыстырыла алады.
Сөз бен еркін сөз тіркесі тілдің номинативті құралдарының қатарына енгенімен, бұл екеуінің номинативті сипаты бірдей емес. Біріншіден,— сөз дара ұғымның атауы болса, еркін сөз тіркесі кемінде екі ұғымның бірақ бір-біріне қатысты, өз ара байланысты ұғымдардың атауы; екіншіден,-жоғарыда аталып өткендей, сөз затты, құбылысты, сапа-белгіні немесе іс-әрекетті бір-біріне қарым-қатынасынсыз, жеке-дара күйінде атаса, еркін сөз тіркесі оларды бір-бірімен байланысында атайды; үшіншіден,— сөз сөйлеу кезінде тілде бұрыннан бар, қалыптасқан, даяр тұрған атау болса, еркін сөз тіркесі даяр тұрған, бұрыннан бар атау емес, сөйлеу кезінде толық мағыналы сөздердін тіркесуінен жасалатьгн, олардың мағыналық және грамматикалық бірлігінен пайда болатын тіркестер ретінде ұғынылады, анығырақ айтқанда, сөз тіркестері номинативті сипатқа бұрыннан жасалып қойған, даяр тұрған единицалар ретінде емес, сөздердің тілдің грамматикалық заңдары брйынша тіркесуі арқылы ие болады.
Тіл білімінде, жоғарыда аталып өткеніндей, еркін сөз тіркестері «сөйлем құрамында және сөйлем арқылы» тілдің коммуникативті құралдарының қатарына енеді дейтін пікір бар. Сөз тіркесі сөйлем құрамында белгілі бір затты немесе белгілі бір сапаны атап қана қоймайды, сөздердің бір-бірімен байланысуының синтаксистік амалдары (құралдары) арқылы заттың аты мен сапаның аты тіркескенде, зат белгілі бір сапаны иеленуші ретінде сипатталады да, олардың тізбегінен жасалғаң сөз тіркесі сол зат туралы белгілі бір хабар ретінде танылады.
Әдебиеттер тізімі:
- Аханов К.А. "Грамматика теориясының негіздері", - Алматы: Мектеп, 1972 жыл, 177-195 бет
- Гуревич В.В., "Теоритическая грамматика английского языка", - Москва: Наука, 2004, 160-161 бет
- Под редакцией С.П.Балашова, "Теоритическая грамматика английского языка", - Ленинград: 1983, 118 бет
- Шаукенұлы Қ., "Синтаксис", - Алматы: Арыс, 2004, 7-40 бет
- Ағманов Е., "Қазақ тілінің тарихи синтаксисі", Алматы: Мектеп, 1986
- Балақаев М, Сайрамбаев Т., - "Қазіргі қазақ тілі", Алматы: Білім, 2004, 29 - 40 бет
- Царев П.В. - "Продуктивное именное словообразования в современном английском языке", Москва, 1984, 28 - 46 бет

